"Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-2/130 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 11-4/137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 сәуірде № 20479 болып тіркелді

      "БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-2/130 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11240 болып тіркелді, 2015 жылғы 25 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 53-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларының 41-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      аталған бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Есепке қою";

      2, 3, 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Балаларды есепке қою үшiн асырап алушылар, не болмаса олардың сенім білдірген адамдары (бұдан әрі - өтініш беруші), Министрлікке мынадай құжаттар ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған балаларды есепке қою туралы өтiнiштің екі данасы;

      2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған балаларды есепке алудың жеке карточкасының екі данасы;

      3) ішкi iстер органдарының шетелде тұрақты тұруға шығу туралы рұқсат жазбасы бар, шетелдіктердің асырауына берілген балаға - Қазақстан Республикасының азаматына (бұдан әрі - бала) берілген Қазақстан Республикасының азаматы паспортының түпнұсқасы;

      4) баланы асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттары (жеке басын сәйкестендіру және салыстырып-тексеруі үшін);

      5) баланың 3,5 х 4,5 сантиметр көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосуретi;

      6) баланың туу туралы куәлiгi (салыстырып-тексеруі үшін);

      7) шетелдіктердің баланы асырап алуы туралы өтінішін қанағаттандыру туралы, сотпен куәландырылған, сот шешімі (салыстырып-тексеруі үшін).

      "Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (қыздарды) есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 2-1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қамтылған.

      Балаларды есепке қою осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      3. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды толтыру кезінде толық емес деректер ұсынылған және/немесе құжаттардың толық емес топтамасы немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар тапсырылған жағдайда балаларды есепке қою құжаттарын қабылдау жүзеге асырылмайды және өтініш берушіге құжаттарды қабылдаудан бас тартылғаны туралы қолхат беріледі.

      Жіберілген кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттар жалпы негізде қайта ұсынылады.

      4. Өтініш беруші осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда Министрліктің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Осы Қағидалардың 2-тармағының 3), 4), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелері істі қалыптастыру үшін екі данада жасалынады.

      Осы Қағидалардың 2-тармағының 4), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар өтініш берушіге қайтарылады.

      Өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанының расталуы, оның қабылданған күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыттың көрсетілуімен Министрліктің кеңсесінде тіркелгені туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады.

      Министрліктің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері бес жұмыс күннің ішінде қабылданған құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және балаларды есепке қоюды жүзеге асырады немесе өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Есепке қойылғаннан кейін осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжат өтініш берушіге кері қайтарылады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Балаларды есепке қоюдан мынадай негіздер бойынша бас тартылуы мүмкін:

      1) өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;

      2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.";

      мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "6-1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңы) 5-бабы 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес Министрлік мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      6-2. Министрліктің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрлік басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Мемелкеттік қызметті көрсететін Министрліктің атына тікелей келіп түскен өтініш берушінің шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа шағымдана алады.".

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің балаларды бақылауды жүзеге асыруы";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Балалардың тұрғылықты орнын өзгерту";

      осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес 1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 2-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес 2-1 қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
М. Тілеуберді

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
2020 жылғы 23 сәуірдегі
№ 11-4/137 Бұйрыққа
1-қосымша
  Шетелдіктер асырап алған
Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын
балаларды Қазақстан
Республикасының Сыртқы істер
министрлігінде есепке қою және
Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемелерінің
бақылауды жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігіне
азамат/ша (тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда),
азаматтығы)
___________________________
___________________________
мекенжайы және телефон
нөмірі:_____________________
___________________________

Баланы есепке қою туралы өтiнiш

      20__ жылғы "___"__________ №___________ __________________ сот шешімінің

      негiзiнде менiң ұлымды/қызымды Қазақстан Республикасының азаматын/шасын есепке

      алуыңызды сұраймын.

      Бала туралы мәлiметтер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні мен

      жерi):_____________________________________________ паспорт № _______________

      берген мекеме __________ берілген күні - қолданылу мерзімі ______________________,

      _______________________ мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасында тұратын

      ________________________________________ кіруге және тұруға рұқсаты бар.

      Қазақстан Республикасында баланың келесі жақын туыстары тұратынын хабарлаймын

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және мекенжайы):__________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мен асырап алған

      бала_______________________ кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн (18 жас) Қазақстан

      Республикасының азаматтығын сақтайтындығы және консулдық лауазымды адам баланың

      тұрмыс жағдайы мен тәрбиесiнiң сәйкестiгiн тексеру мақсатында баланы асырап алушыларға

      кез келген уақытта баруға құқығы бар екендiгi маған белгiлi.

      __________________________ тұрғылықты жері өзгерген жағдайда, кетерден 10 (он)

      жұмыс күн бұрын:________________________ мекенжайында орналасқан Қазақстан

      Республикасының шет елдегі мекемесiне хабарлаймын.

      20___ жылғы "___" ____________                        _____________________

      (өтiнiш берушiнің қолы)

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
2020 жылғы 23 сәуірдегі
№ 11-4/137 Бұйрыққа
2-қосымша
  Шетелдіктер асырап алған
Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын
балаларды Қазақстан
Республикасының Сыртқы істер
министрлігінде есепке қою және
Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемелерінің
бақылауды жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі


3,5х4,5
фотосуретке
арналған
орын



      Балаларды есепке алудың жеке карточкасы

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда): _____________________

      (асырап алғаннан кейінгі)

      2. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда): _____________________

      (асырап алғанға дейінгі)

      3. Жынысы: _______________________________________________________________

      4. Туған жылы және жері:____________________________________________________

      5. Паспорттың сериясы мен нөмірі _____________ қашан және кім берді _____________

      6. Шетелге кетер алдындағы Қазақстандағы тұрғылықты жері (тіркелген

      жері)___________________________________________________________________________

      7. Сот шешімі: _____________________________________________________________

      (нөмірі, күні және жері)

      8. Асырап алушылар (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      1) Асырап алған әкесі:_______________________________________________________

      2) Асырап алған анасы: ______________________________________________________

      9. Тұратын елдегі мекенжайы және телефон нөмірі: ______________________________

      10. Туу туралы куәлік:_______________________________________________________

      (деректер)

      11. Қазақстан Республикасындағы жақын туыстары: _____________________________

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мекенжайы

      12. Консулдық есепке алу немесе есептен шығару туралы белгі:____________________

      20___ жылғы "___" _______________

      Қолы ___________________

      (қызметтік белгілер үшін)

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
2020 жылғы 23 сәуірдегі
№ 11-4/137 Бұйрыққа
3-қосымша
  Шетелдіктер асырап алған
Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын
балаларды Қазақстан
Республикасының Сыртқы істер
министрлігінде есепке қою және
Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемелерінің
бақылауды жүзеге асыру
қағидаларына
2-1-қосымша
  Нысан

"Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (қыздарды) есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

жеке тұлғаның (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған күннен бастап - 5 (бес) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу (паспортқа қосымша бет) немесе дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-дан 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған www.mfa.gov.kz.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) балаларды есепке қою туралы өтiнiштің толтырылған екі данасы;
2) балаларды есепке қою жеке карточкасының толтырылған екі данасы;
3) ішкi iстер органдарының шетелде тұрақты тұруға шығу туралы рұқсат жазбасы бар, шетелдіктердің асырауына берілген балаға - Қазақстан Республикасының азаматына (бұдан әрі - бала) берілген Қазақстан Республикасының азаматы паспортының түпнұсқасы;
4) баланы асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттары (жеке басын сәйкестендіру және салыстырып-тексеруі үшін);
5) баланың 3,5 х 4,5 сантиметр көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосуретi;
6) баланың туу туралы куәлiгi (салыстырып-тексеруі үшін);
7) шетелдіктердің баланы асырап алуы туралы өтінішін қанағаттандыру туралы, сотпен куәландырған, сот шешімі (салыстырып-тексеруі үшін).

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекетік қызметі көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі - 1414, 8 800 080 7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады