Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік келісімді бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 390 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 маусымда № 11246 тіркелді.

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік келісім бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 28 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 20 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 390 бұйрығымен
бекітілген

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
үлгілік келісім

      ____________________ 20__ жылғы "__"________________

      (қол қойылған қала) (жасалған күні)

      Бұдан әрі "уәкілетті орган" деп аталатын

      ____________________________________________________________атынан

      (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы

      уәкілетті органның атауы)

      ______________________________________________негізінде әрекет

      ететін (ереже немесе бұйрықтың)

      _________________________________________________________________,

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.А.)

      бұдан әрі "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың

      жергілікті атқарушы органы" деп аталатын

      ____________________________________________________________атынан

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті

атқарушы органы)


      ______________________________________________негізінде әрекет ететін

      (қаулы, шешім, өкім)

      _________________________________________________________________

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.А.)

      және бұдан әрі "Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі" деп

      аталатын

      ____________________________________________________________атынан

      (мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы)

      ______________________________________________негізінде әрекет ететін

      (жарғы, сенімхат, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу

      (қайта тiркеу) туралы анықтама,

      жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік)

      __________________________________________________________________,

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.А.)

      бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы осы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.

      1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру есебінен бес жыл ішінде кемінде жиырма бес пайыз көлемінде өнім бірлігіне меншікті энергия тұтынуды төмендету бойынша міндеттемелер қабылдауы осы Келісімнің мәні болып табылады.

      2. Осы Келісімді жасасатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды беруге міндетті, оның қорытындысы бойынша өнім бірлігіне шаққандағы энергия тұтынудың үлестік процентіне тең немесе он бес проценттен асатын энергия үнемдеу әлеуеті айқындалған.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Келісімді жасасқан Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі:

      1) уәкілетті органға жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау есебінен өнім бірлігіне шаққандағы үлестік энергия тұтынуды кемінде он бес пайызға төмендету туралы мәліметтерді және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында айқындалған, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында айқындалған қаржы қаражатын игеру туралы есепті ұсыну энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің қорытындылары;

      2) осы Келісімді жасасқан кезден бастап бес жыл ішінде энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру есебінен өнім бірлігіне меншікті энергия тұтынуды он бес пайызға төмендетуге қол жеткізуге;

      3) осы Келiсiмнiң шартын орындамаған жағдайда, тиісті жергілікті бюджетке "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының Кодексiнің 495-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша есептелетін қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем сомасын Қазақстан Республикасы Салық кодексінің көрсетілген бабының 9-тармағының екінші бөлігінің ережесін ескермей төлеуге, сондай-ақ осы Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі үшін қоршаған ортаға эмиссия үшін жоғарылатылмаған төлем мөлшерлемесін жергілікті уәкілетті орган бекіткен сәттен бастап қоршаған ортаға эмиссия үшін жоғарылатылмаған төлем мөлшерлемесін белгілеу есебінен үнемделген қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем сомасын тиісті жергілікті бюджетке төлеуге;

      4) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгін арттыру туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және осы Келiсiмнің шарттарын сақтауға міндетті.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Уәкілетті орган:

      1) осы Келiсiмде көзделген Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің мiндеттемелердi орындау мониторингін жүргізуге;

      2) осы Келiсiмнiң шарттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің орындауын бақылауды жүзеге асыруға;

      3) осы Келісімнің шартын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің бұзғаны туралы салық органын хабардар етуге;

      4) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мамандарының оқуына жәрдем көрсетуге міндетті.

      5. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы:

      1) осы Келісімде көзделген шарттарды сақтау;

      2) осы Келiсiм шеңберінде тек қана объектілер бойынша осы Келiсiмді жасасқан субъекті үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем мөлшерлемесін көтермеу туралы мәселені жергiлiктi өкiлеттi органдардың қарауына ұсынуға міндетті.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі:

      1) мемлекеттік органдарға энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ақпаратты уәкілетті органнан алуға құқылы.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Өзара келісім бойынша Тараптардың осы Келісімге жазбаша нысанда қосымша келісімдер жасасу арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар.

      8. Келісімнің қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Егер бұл форс-мажорлық мән-жайлардың, яғни осы Келісім шарттарының орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына әкеп соққан еңсерілмейтін күш мән-жайларының (дүлей апат немесе болжауға немесе алдын алуға болмайтын өзге де мән-жайлар) салдары болып табылса, тараптар осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Форс-мажор жағдайында, зардап шеккен Тарап екінші Тарапты форс-мажор оқиғасы туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.

      10. Заңды тұлға түрінің және/немесе Тараптардың ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі шарттың қолданылуын тоқтатпайды және Тараптар Келісімді бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті құқықтық мұрагерлерге өтеді. Бұл ретте Тараптар құқықтық мәртебесінің, орналасқан жерінің және өзге де деректемелерінің өзгергені туралы 3 күн мерзімде бірін-бірі жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.

      11. Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін және бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде ___ түпнұсқа данада жасалды.

      12. Осы Келісім оған тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және ___ жыл (кемінде бес жыл) ішінде қолданыста болады.

      Тараптардың мекенжайы мен деректемелері:

      _____________________ ________________________ ____________________

      _____________________ ________________________ ____________________

      _____________________ ________________________ ____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады