"Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 22 мамырдағы № 321 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 маусымда № 11247 тіркелді

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 44-4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережелерін іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормалары мен оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 2 мамырда № 7613 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген елдер бөлімінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы көлемін анықтау үшін шығыстар нормаларында:
      1-тармақ:
      реттік нөмірі 40 келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«

40.

Қазақстан Республикасы*

450 АҚШ долларына балама сомадан артық емес

500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес

-


-

-

-

-

                                                                  »;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Ескерту: Қазақстан Республикасында тілдік курстардан өту үшін».
      2.1, 2.2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.1. Визаны ресімдеу, ұзарту (консулдық жинақ), виза (консулдық жинақты) ресімдеу үшін Елшіліктің талабы бойынша міндетті қызметтер;
      шетелдің жоғары оқу орындарына 5-тен (бестен) аспайтын сауалнама нысанын ресімдеу және беру;
      қабылдаушы елдің уәкілетті органдарында және шетелдің жоғары оқу орындарында стипендиаттардың тіркелуі;
      шет тілін білу деңгейін анықтауға бір тестілеуді, академиялық оқуды, тағылымдамадан өтуді қоса алғанда, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша өтуі қажет болған жағдайда тілдік курстарға;
      академиялық оқуға түсу үшін шетелдік жоғары оқу орындарының талаптары бойынша бір реттен көп емес дайындықтың академиялық және техникалық деңгейін анықтау бойынша пәндік емтихандарын тапсыру;
      стипендиаттың академиялық оқуға, тілдік курстарға түсу кезінде, сондай-ақ тілдік дайындық, академиялық оқу, тағылымдама процесінде қажетті шетелдің жоғары оқу орындарының, тағылымдамалар өткізуді жүзеге асыратын шетелдік ұйымның (бұдан әрі - шетелдік ұйым), тілдік курстардың (бұдан әрі - тілдік мектептер) талаптары бойынша міндетті қызметтер;
      тілдік курстардан өту, академиялық оқу, тағылымдамадан өту елдерінің және/немесе шетелдің жоғары оқу орнының, тілдік мектептің, шетелдік ұйымның талаптары бойынша міндетті медициналық тексеріс;
      стипендиаттың банктік карточкасын шығару, әрекет ету мерзімінің аяқталуы бойынша оны қайта шығару және оған қызмет көрсету;
      шетелдің жоғары оқу орындарының, тілдік мектептер немесе шет мемлекеттердің уәкілетті органдары айқындайтын шетелдік ұйымдардың (бұдан әрі - шетелдік әріптестер) стипендиаттың үлгерімі (трансткрипт), шетелдік студенттерге арналған жазатайым жағдайлардан, аурудың кенеттен туындауынан медициналық сақтандыруы туралы ресми құжаттар ұсыну шығыстарының нормалары, шетелдік әріптестердің стипендиаттың академиялық оқуын, тілдік курстарын, тағылымдамасын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындауына байланысты шығыстар.
      Шығыстарды төлеу растау құжаттарының негізінде нақты шығыстар бойынша жүргізіледі.
      «2.2. Қазақстан Республикасындағы тұратын жерінен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалғаннан кейін академиялық оқу/тілдік курстардан/тағылымдамадан өту орнына дейінгі шығыс нормалары, академиялық оқуы немесе тілдік курстан, тағылымдамадан өту басталғанға дейін күнтізбелік 15 күннен ерте емес және тілдік курстарды, академиялық оқуды аяқтағаннан немесе тағылымдамадан өткеннен кейін күнтізбелік 15 күннен кеш емес, ал академиялық оқуы 1 (бір) оқу жылынан ұзақ болған жағдайда, Қазақстан Республикасында тұратын жерінен оқитын жеріне дейін оқудың әрбір оқу жылы басталғанға дейін күнтізбелік 15 күннен ерте емес және оқуының әрбір оқу жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік 15 күннен кеш емес кері бағытта жол жүру, сондай-ақ академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан оқу орнынан және Қазақстан Республикасында визаны ресімдеу не ұзарту қажет болған жағдайда кері қайтуға жол жүру шығыстары нормалары.
      Шығыстарды төлеу жүк тасымалына ақы төлеусіз растау құжаттарының негізінде нақты шығыстар бойынша жүргізіледі:
      1) Қазақстан Республикасы ішінде жол жүру бойынша - тікелей қатынайтын әуе және теміржол көлігін пайдаланғаны үшін (Қазақстан Республикасына келген сәттен бастап тұратын жеріне дейін/тұратын жерінен Қазақстан Республикасынан шығатын сәтіне дейін күнтізбелік 5 күннен аспауы қажет) - купе вагоны (дивандары төмен орналасқан, қозғалысын өзгертуге болатын жұмсақ креслолары бар 2 орындық вагондарды (СВ), сондай-ақ «Турист» және «Бизнес» класындағы жүрдек поездарды қоспағанда) тарифынан жоғары емес, сол жердегі қолданыстағы жол жүру құны бойынша тас жол және қара жол бойынша автокөлікті (таксиді қоспағанда) пайдаланғаны үшін;
      2) Қазақстан Республикасынан тыс жерге жол жүру бойынша - үнемділік класы бойынша тікелей қатынайтын әуе көлігін пайдаланғаны үшін, теміржол көлігін пайдаланғаны үшін (жол жүру уақыты күнтізбелік 5 күннен аспауы қажет), сол жердегі қолданыстағы жол жүру құны бойынша тас жол және қара жол бойынша автокөлікті (таксиді қоспағанда) пайдаланғаны үшін.
      Ескерту:
      Стипендия аудару стипендиаттың нақты тұрған жерінің шығыстар нормалары бойынша жүргізіледі. Егер стипендиат тілдік курстар, академиялық оқу (практика, зерттеу немесе бекітілген оқу жоспарында көзделген басқа жұмыс) уақытында «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалған елден ерекшеленетін елде, штатта немесе қалада болса, есептеу елдер бөлінісінде шығыстар нормаларының бекітілген тізімінде болған жағдайда, стипендиаттың нақты тұратын жеріндегі елдің бекітілген нормативі бойынша жүргізіледі. Норматив болмаған жағдайда, есептеу тағайындаған ел бойынша жүргізіледі.
      «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлеріне оқу еліндегі тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомасын аудару кезеңі шетелдің жоғары оқу орнының/білім беру ұйымының академиялық күнтізбесіне, шақыру хатына (алғаш рет шығатындар үшін), студенттік визаны тіркеу туралы иммиграциялық емес нысандарға (DS-2019, 1-20), тағылымдамадан өтудің бекітілген бағдарламасына, бекітілген жеке оқу жоспарына (академиялық оқуын жалғастыруға шығатындар үшін) сәйкес, оқу елінде нақты оқу/тағылымдамадан өту/ тілдік курстар, бірақ оқу/тағылымдамадан өту/тілдік курстар ұйымдастыруға шартпен белгіленген мерзімнен аспайтын кезеңі болып табылады.
      Оқу елінде тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомасын аудару әрбір күнтізбелік айға толық көлемде есептеледі.
      Академиялық оқу кезеңінде оқу материалдарын сатып алу шығыстарының сомасын аудару бекітілген оқу жоспарына сәйкес жылына екі рет жүргізіледі, тілдік курстардан және тағылымдамадан өту кезеңіне ай сайын жүргізіледі.
      Тұруға, тамақтану мен оқу әдебиеттерін сатып алуға стипендия есептеу және төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген нормаларға сәйкес ведомость құру күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша жүргізіледі. Тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомасын төлеу алдағы айдың 25-інен бастап ағымдағы айдың 5-іне дейін жүргізіледі.
      «Бакалавриат» бағдарламасы бойынша оқу процесінде, жоғары арнаулы білім алу, клиникалық ординатурада, аспирантурада оқу үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің оқу әдебиеттерін сатып алу бойынша шығыстар нормалары 2012 жылға дейін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысатын стипендия иегерлеріне қолданылады.»;
      Магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін) арналған үлгілік шартта:
      2.2-тармақтың 2.2.6-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.2.6. Стипендиатқа, кепіл берушіге (кепілдік берушіге), ата-анасына (қорғаншысына) және/немесе Жұмыс берушіге Стипендиаттың осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы хабарлауға, сондай-ақ Стипендиат осы Шарттың талаптарын орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, Стипендиат және/немесе кепіл беруші (кепілдік беруші) ұсынған осы Шарт бойынша Стипендиаттың міндетемелерін орындауды қамтамасыз етуіне өндіріп алу шарасын қолдануға құқылы.».
      2.3-тармақтың 2.3.4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.3.4. Стипендиаттың оқу орнында оқуын басталғаннан кейінгі күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде Оқу орны белгілеген міндетті практикасын және/немесе тағылымдамасын көрсете отырып, Орталыққа оку жоспарын бекіту үшін ұсынуға.
      Оқу жоспарын құру кезінде оқу орны жүктемені толық жинамауға рұқсат беретін соңғы семестрді қоспағанда, толық жүктемемен студенттің (full-time student) мәртебесін ұстану үшін қажетті сандағы кредитті жинауға.
      Орталықта ұсынылған оқу жоспарына ескертулер болған жағдайда оларды алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Орталыққа түзетілген оқу жоспарын қайта бекіту үшін ұсынуға.
      Бекітілген оку жоспарына 1.2-тармағына сәйкес оқу мерзімдерін ұлғайтуды және қосымша қаржы шығындарын тудыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      Орталыққа оқу жоспарының оқу мерзімдерін ұлғайтуға және қосымша қаржы шығындарына әкеп соқпайтын өзгерістері туралы оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде хабарлауға.»;
      2.3-тармақтың 2.3.19-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.3.19. Бекітілген оқу жоспарына сәйкес оқудың толық курсын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасына оралған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Орталыққа оқуын аяқтағаны туралы өтінішті ұсынуы. Сондай-ақ Оқу орны белгілеген үлгі бойынша осы Шарттың тармағында көрсетілген мамандық бойынша магистр дәрежесі тағайындалғаны туралы не резидентураны аяқтағаны туралы құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармаларын оны алғаннан кейін 10 күн ішінде, сондай-ақ диссертациялық/дипломдық жұмыс бағаларын көрсете отырып, қорытындысын қоса алғанда, оқуының барлық кезеңіне транскрипт ұсынуы. Оқу орны белгілеген шарттар бойынша көрсетілген құжаттарды ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, Орталыққа уақытылы тапсырмау себебі мен тиісті құжат Оқу орнының мөрімен және академиялық куратордың қолымен куәландырылған растама хаты ұсынылатын мерзімі көрсетілген жазбаша өтінішті ұсынуы қажет.».
      2.3-тармақтың 2.3.25-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.3.25. Стипендиат осы шартқа қосымша келісімді және кажет болған жағдайда өтеу туралы келісімді шешім қабылданған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жасасу арқылы оған жеке қатысты Республикалық комиссияның, «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімінде көрсетілген барлық, оның ішінде шығыстардың қажетті сомасын өтеу бойынша талаптарды орындауға міндетті.
      Жоғарыда көрсетілген комиссияның шешімдерін орындамаған жағдайда, Республикалық комиссияның Стипендиатты стипендия тағайындалған күннен бастап жұмсалған шығыстарды өтеу шартымен «Болашақ» стипендиясынан айыру туралы мәселелерді қарауына бастамашылық жасауға.».
      Рhd докторы, бейіні бойынша (маман даярлауға жұмыс берушінің тапсырысын ұсынған мемлекеттік қызметшілер, ғылыми, педагог қызметкерлер арасынан) доктор дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға арналған үлгілік шартта:
      1.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1.2. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Республикалық комиссия) отырысының 20__жылғы «___»______ хаттамасының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20__жылғы «___»______________ №________ қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу конкурсының нәтижелері бойынша Орталық Стипендиаттың ___________________________________________________________________
(оқу елінің, оқу орнының атауы)(бұдан әрі - Оқу орны) докторантура бағдарламасы бойынша____________________________________________
                         (мамандық атауын көрсетіңіз) бойынша:
      Қазақстан Республикасында тілдік курстардан өту мерзімі Стипендиаттың Оқу орнында оқуын бастаған күнінен бастап_____ айдан аспайды (ағылшын тілін оқу үшін);
      шетелде тілдік курстардан өту мерзімі Стипендиаттың Оқу орнында оқуын бастаған күнінен бастап______айдан аспайды;
      Стипендиаттың Оқу орнында оқуын бастаған күнінен бастап, академиялық оқудан өтудің____________семестр/триместр мерзімі, барлығы_____жыл______ ай кезеңдерінен тұратын «Болашақ» стипендиясы бойынша оқудың жалпы________ жыл мерзімімен (тілдік курстар мен академиялық оқу арасындағы кезеңді қоспағанда) оқуын ұйымдастырады.».
      2.2-тармақтың 2.2.6-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.2.6. Стипендиақа, кепіл берушіге (кепілдік берушіге), ата-анасына (қорғаншысына) және/немесе Жұмыс берушіге Стипендиаттың осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы хабарлауға, сондай-ақ Стипендиат осы Шарттың талаптарын орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, Стипендиат және/немесе кепіл беруші (кепілдік беруші) ұсынған осы Шарт бойынша Стипендиаттың міндетемелерін орындауды қамтамасыз етуіне өндіріп алу шарасын қолдануға құқылы.».
      2.3-тармақтың 2.3.4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.3.4. Стипендиаттың оқу орнында оқуын бастағаннан кейінгі күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде Оқу орны белгілеген міндетті практикасын және/немесе тағылымдамасын көрсете отырып, Орталыққа оқу жоспарын бекіту үшін ұсынуға.
      Оқу жоспарын құру кезінде Оқу орны жүктемені толық жинамауға рұқсат беретін соңғы семестрді қоспағанда, толық жүктемемен студенттің (full-time student) мәртебесін ұстану үшін қажетті сандағы кредитті жинауға.
      Орталықта ұсынылған оқу жоспарына ескертулер болған жағдайда оларды алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Орталыққа түзетілген оқу жоспарын қайта бекіту үшін ұсынуға.
      Бекітілген оқу жоспарына 1,2-тармаққа сәйкес оқу мерзімдерін ұлғайтуды және қосымша қаржы шығындарын тудыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      Орталыққа оқу жоспарының оқу мерзімдерін ұлғайтуға және қосымша қаржы шығындарына әкеп соқпайтын өзгерістері туралы оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде хабарлауға.»;
      2.3-тармақтың 2.3.7-тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Оқу сабақтарына қатысуға, тапсырмалардың барлық түрлерін оқу ұйымы белгілеген мерзімде орындауға, тестілердің, емтихандардың барлық түрлерін және тілдік курстардан өту бағдарламасында көзделген өзге де бақылау түрлерін уақытылы тапсыруға.»;
      2.3-тармақтың 2.3.19-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.3.19. Бекітілген оқу жоспарына сәйкес оқудың толық курсын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасына оралған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Орталыққа оқуын аяқтағаны туралы өтінішті ұсынуы. Сондай-ақ Оқу орны белгілеген үлгі бойынша осы Шарттың 1.2-тармағында көрсетілген мамандық бойынша магистр дәрежесі тағайындалғаны туралы не резидентураны аяқтағаны туралы құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармаларын оны алғаннан кейін 10 күн ішінде, сондай-ақ диссертациялық/дипломдық жұмыс бағаларын көрсете отырып, қорытындысын қоса алғанда, оқуының барлық кезеңіне транскрипт ұсынуы. Оқу орны белгілеген шарттар бойынша көрсетілген құжаттарды ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, Орталыққа уақытылы тапсырмау себебі мен тиісті құжат Оқу орнының мөрімен және академиялық куратордың қолымен куәландырылған растама хаты ұсынылатын мерзімі көрсетілген жазбаша өтінішті ұсынуы қажет.».
      2.3-тармақтың 2.3.22-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.3.22. Стипендиат осы шартқа қосымша келісімді және қажет болған жағдайда өтеу туралы келісімді шешім қабылданған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жасасу арқылы оған жеке қатысты Республикалық комиссияның, «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімінде көрсетілген барлық, оның ішінде шығыстардың қажетті сомасын өтеу бойынша талаптарды орындауға.
      Жоғарыда көрсетілген комиссияның шешімдерін орындамаған жағдайда, Республикалық комиссияның Стипендиатты стипендия тағайындалған күннен бастап жұмсалған шығыстарды өтеу шартымен «Болашақ» стипендиясынан айыру туралы мәселелерді қарауына бастамашылық жасауға.».
      Магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға арналған (мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, жоғары оқу орындарының түлектері, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін) үлгілік шартта:
      1.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1.2. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Республикалық комиссия) отырысының 20___жылғы «____»_____________ хаттамасының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20___жылғы «___»_________ №_______қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес жүргізілген «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу конкурсының нәтижелері бойынша Орталық Стипендиаттың_________________
_____________________________________________________________________
                  (оқу елі)
_____________________________________________________________________
(бұдан әрі - Оқу орны)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(академиялық (ғылыми) дәрежені және мамандық атауын көрсетіңіз) бойынша:

      Қазақстан Республикасында тілдік курстардан өту мерзімі Стипендиаттың Оқу ұйымында оқуын бастаған күнінен бастап айдан аспайды (ағылшын тілін оқу үшін);
      шетелде тілдік курстардан өту мерзімі Стипендиаттың Оқу Ұйымында оқуын бастаған күнінен бастап_______айдан аспайды;
      Стипендиаттың Оқу орнында оқуын бастаған күнінен бастап, академиялық оқудан өтудің______семестр/триместр мерзімі, барлығы_______жыл______ай кезеңдерінен тұратын «Болашақ» стипендиясы бойынша оқудың жалпы_______жыл,________ай мерзімімен (тілдік курстар мен академиялық оқу арасындағы кезеңді қоспағанда) оқуын ұйымдастырады.
      2.1-тармақтың 2.1.8-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.1.8.Стипендиат академиялық оқуға орналастырылған шетелдің жоғары оқу орындары осы Шарттың 2.3.2-тармағына сәйкес оқуға қабылдаудан бас тартқан немесе Стипендиат академиялық оқуға орналасу бойынша жұмыс жүргізбеген жағдайда, Республикалық комиссияның қарауына «Болашақ» стипендиясынан айыру туралы мәселені бастамашылық жасауға міндетті.».
      2.2-тармақтың 2.2.7-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.2.7. Стипендиатқа, кепіл берушіге (кепілдік берушіге), ата-анасына (қорғаншысына) және/немесе Жұмыс берушіге Стипендиаттың осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы хабарлауға, сондай-ақ Стипендиат осы Шарттың талаптарын орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Стипендиат және/немесе кепіл беруші (кепілдік беруші) ұсынған осы Шарт бойынша Стипендиаттың міндетемелерін орындауды қамтамасыз етуіне өндіріп алу шарасын қолдануға құқылы.».
      2.3-тармақтың 2.3.4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.3.4. Орталықтың тиісті сауалы ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде 5 (бес) оқу орнынан аспайтын академиялық оқуға орналастыру үшін Орталыққа преференс-нысандарды ұсынуға.».
      2.3-тармақтың 2.3.8-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.3.8. Стипендиаттың оқу орнында оқуын бастағаннан кейінгі күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде Оқу орны белгілеген міндетті практикасын және/немесе тағылымдамасын көрсете отырып, Орталыққа оқу жоспарын бекіту үшін ұсынуға.
      Оқу жоспарын құру кезінде Оқу орны жүктемені толық жинамауға рұқсат беретін соңғы семестрді қоспағанда, толық жүктемемен студенттің (full-time student) мәртебесін ұстану үшін қажетті сандағы кредитті жинауға.
      Орталықта ұсынылған оқу жоспарына ескертулер болған жағдайда оларды алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Орталыққа түзетілген оқу жоспарын қайта бекіту үшін ұсынуға.
      Бекітілген оқу жоспарына 1.2-тармаққа сәйкес оқу мерзімдерін ұлғайтуды және қосымша қаржы шығындарын тудыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      Орталыққа оқу жоспарының оқу мерзімдерін ұлғайтуға және қосымша қаржы шығындарына әкеп соқпайтын өзгерістері туралы оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде хабарлауға»;
      2.3-тармақтың 2.3.11-тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Оқу сабақтарына қатысуға, тапсырмалардың барлық түрлерін оқу ұйымы белгілеген мерзімде орындауға, тестілердің, емтихандардың барлық түрлерін және тілдік курстардан өту бағдарламасында көзделген өзге де бақылау түрлерін уақытылы тапсыруға.»;
      2.3-тармақтың 2.3.23-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.3.23. Бекітілген оқу жоспарына сәйкес оқудың толық курсын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасына оралған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Орталыққа оқуын аяқтағаны туралы өтінішті ұсынуы. Сондай-ақ Оқу орны белгілеген үлгі бойынша осы Шарттың тармағында көрсетілген мамандық бойынша магистр дәрежесі тағайындалғаны туралы не резидентураны аяқтағаны туралы құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармаларын оны алғаннан кейін 10 күн ішінде, сондай-ақ диссертациялық/дипломдық жұмыс бағаларын көрсете отырып, қорытындысын қоса алғанда, оқуының барлық кезеңіне транскрипт ұсынуы. Оқу орны белгілеген шарттар бойынша көрсетілген құжаттарды ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, Орталыққа уақытылы тапсырмау себебі мен тиісті құжат Оқу орнының мөрімен және академиялық куратордың қолымен куәландырылған растама хаты ұсынылатын мерзімі көрсетілген жазбаша өтінішті ұсынуы қажет.».
      2.3-тармақтың 2.3.26-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.3.26. Стипендиат осы шартқа қосымша келісімді және қажет болған жағдайда өтеу туралы келісімді шешім қабылданған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жасасу арқылы оған жеке қатысты Республикалық комиссияның, «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімінде көрсетілген барлық, оның ішінде шығыстардың қажетті сомасын өтеу бойынша талаптарды орындауға.
      Жоғарыда көрсетілген комиссияның шешімдерін орындамаған жағдайда, Республикалық комиссияның Стипендиатты стипендия тағайындалған күннен бастап жұмсалған шығыстарды өтеу шартымен «Болашақ» стипендиясынан айыру туралы мәселелерді қарауына бастамашылық жасауға.»;
      Тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шартта:
      1.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1.2. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Республикалық комиссия) отырысының 20___жылғы «___»_________ хаттамасының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20____жылғы «____»_________ №_____ қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін стипендияға үміткерлерді іріктеу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес жүргізілген «Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеу конкурсының нәтижелері бойынша Орталық Стипендиаттың
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тағылымдамадан өтетін ұйымның, елдің атауын көрсетіңіз)
(бұдан әрі - шетелдік ұйым)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                 (мамандық атауын көрсетіңіз)
      тілдік курстар мен тағылымдамадан өтудің басталуы арасындағы кезеңді қоспағанда, «Болашақ» стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтудің жалпы________ай мерзімімен ғылыми тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады, Қазақстан Республикасында ағылшын тілі курстарынан өту мерзімі________айдан аспайды, шетелде тілдік курстардан (ағылшын тілінен басқа) өту мерзімі айдан аспайды.
      2.2-тармақтың 2.2.4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Стипендиатқа, кепіл берушіге және/немесе Жұмыс берушіге Стипендиаттың осы Шарттың талаптарын орындамағаны туралы хабарлауға, сондай-ақ Стипендиат осы Шарттың талаптарын орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда осы Шарт бойынша Стипендиаттың және/немесе кепіл берушілердің қарыз сомаларын өндіріп алу шарасын қолдануға құқылы.»;
      2.3-тармақтың 2.3.4-тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен жазылсын:
      «2.3.4. Шетелдік ұйым белгілеген мерзімдерде Шетелдік ұйым мен Жұмыс беруші бекіткен тағылымдамадан өту бағдарламасында көзделген іс-шаралардың барлық түрлерін орындауға.
      Тағылымдамадан өту бағдарламасының іс-шаралары орындалмаған жағдайда, Шетелдік ұйым белгілеген, бірақ тағылымдамадан өтудің жалпы мерзімінен аспай кемшіліктерді жоюға.
      Оқу сабақтарына қатысуға, тапсырмалардың барлық түрлерін оқу ұйымы белгілеген мерзімде орындауға, тестілердің, емтихандардың барлық түрлерін және тілдік курстардан өту бағдарламасында көзделген өзге де бақылау түрлерін уақытылы тапсыруға.»;
      2.3-тармақтың 2.3.18-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.3.18. Стипендиат осы шартқа қосымша келісімді және қажет болған жағдайда өтеу туралы келісімді шешім қабылданған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жасасу арқылы оған жеке қатысты Республикалық комиссияның, «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімінде көрсетілген барлық, оның ішінде шығыстардың қажетті сомасын өтеу бойынша талаптарды орындауға міндетті.
      Жоғарыда көрсетілген комиссияның шешімдерін орындамаған жағдайда, Республикалық комиссияның Стипендиатты стипендия тағайындалған күннен бастап жұмсалған шығыстарды өтеу шартымен «Болашақ» стипендиясынан айыру туралы мәселелерді қарауына бастамашылық жасауға.»;
      2.5-тармақтың 2.5.2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.5.2. Стипендиатты Орталықтан Стипендиат тағылымдамадан өтуді аяқтағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде мамандығына сәйкес жұмысқа қабылдауға.»;
      Резидентурада оқу үшін оқуды ұйымдастыруға (өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін) арналған үлгілік шартта:
      1.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1.2. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Республикалық комиссия) отырысының 20___жылғы «___»__________ хаттамасының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20__жылғы «___»________ №_____ қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес жүргізілген «Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеу конкурсының нәтижелері бойынша Орталық Стипендиаттың________________________________________
             (оқу елінің, оқу орнының атауы) (бұдан әрі - Оқу орны)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(академиялық (ғылыми) дәржесін және мамандық атауын көрсетіңіз) бойынша:
      Қазақстан Республикасында тілдік курстардан өту мерзімі Стипендиаттың Оқу орнында оқуын бастаған күнінен бастап_______айдан аспайды (ағылшын тілін оқу үшін);
      шетелде тілдік курстардан өту мерзімі Стипендиаттың оқу ұйымында оқуын бастаған күнінен бастап______айдан аспайды;
      Стипендиаттың Оқу орнында оқуын бастаған күнінен бастап, академиялық оқудан өтудің_______семестр/триместр мерзімі, барлығы______жыл________ай кезеңдерінен тұратын «Болашақ» стипендиясы бойынша оқудың жалпы______жыл,_____ай мерзімімен (тілдік курстар мен академиялық оқу арасындағы кезеңді қоспағанда) оқуын ұйымдастырады..»;
      2.1-тармақтың 2.1.7-тармақшасы алынып тасталсын.
      2.2-тармақтың 2.2.6-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.2.6. Стипендиатқа, кепіл берушіге (кепілдік берушіге) және/немесе ата-анасына (қорғаншысына) Стипендиаттың осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы хабарлауға, сондай-ақ Стипендиат осы Шарттың талаптарын орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, Стипендиат және/немесе кепіл беруші (кепілдік беруші) ұсынған осы Шарт бойынша Стипендиаттың міндетемелерін орындауды қамтамасыз етуіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алу шарасын қолдануға құқылы.»;
      2.3-тармақтың 2.3.1-тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен жазылсын:
      «2.3.1. Осы Шарттың 2.1.2-тармақшасына сәйкес Орталық белгілеген мерзімдерде Республикалық комиссияның шешімі бойынша тілдік курстардан өту үшін шығуға.
      Оқу сабақтарына қатысуға, тапсырмалардың барлық түрлерін оқу ұйымы белгілеген мерзімде орындауға, тестілердің, емтихандардың барлық түрлерін және тілдік курстардан өту бағдарламасында көзделген өзге де бақылау түрлерін уақытылы тапсыруға.».
      2.3-тармақтың 2.3.5-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.3.5. Стипендиаттың оқу орнында оқуын бастағаннан кейінгі күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде Оқу орны белгілеген міндетті практикасын және/немесе тағылымдамасын көрсете отырып, Орталыққа оқу жоспарын бекіту үшін ұсынуға.
      Оқу жоспарын құру кезінде оқу орны жүктемені толық жинамауға рұқсат беретін соңғы семестрді қоспағанда, толық жүктемемен студенттің (Full-time student) мәртебесін ұстану үшін қажетті сандағы кредитті жинауға.
      Орталықта ұсынылған оқу жоспарына ескертулер болған жағдайда оларды алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Орталыққа түзетілген оқу жоспарын қайта бекіту үшін ұсынуға.
      Бекітілген оқу жоспарына оқу мерзімдерін ұлғайтуды және қосымша қаржы шығындарын тудыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді. Орталыққа бекітілген оқу жоспарына оқу мерзімдерін ұлғайтуды және қосымша қаржы шығындарын тудыратын өзгерістер туралы хабарлауға.
      Орталыққа оқу жоспарының оқу мерзімдерін ұлғайтуға және қосымша қаржы шығындарына әкеп соқпайтын өзгерістері туралы оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде хабарлауға.»;
      2.3-тармақтың 2.3.20-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.3.20. Бекітілген оқу жоспарына сәйкес оқудың толық курсын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасына оралған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Орталыққа оқуын аяқтағаны туралы өтінішті ұсынуы. Сондай-ақ Оқу орны белгілеген үлгі бойынша осы Шарттың 1.2-тармағында көрсетілген мамандық бойынша магистр дәрежесі тағайындалғаны туралы не резидентураны аяқтағаны туралы құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармаларын оны алғаннан кейін 10 күн ішінде, сондай-ақ диссертациялық/дипломдық жұмыс бағаларын көрсете отырып, қорытындысын қоса алғанда, оқуының барлық кезеңіне транскрипт ұсынуы. Оқу орны белгілеген шарттар бойынша көрсетілген құжаттарды ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, Орталыққа уақытылы тапсырмау себебі мен тиісті құжат Оқу орнының мөрімен және академиялық куратордың қолымен куәландырылған растама хаты ұсынылатын мерзімі көрсетілген жазбаша өтінішті ұсынуы қажет.».
      2.3-тармақтың 2.3.26-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.3.26. Стипендиат осы шартқа қосымша келісімді және қажет болған жағдайда өтеу туралы келісімді шешім қабылданған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жасасу арқылы оған жеке қатысты Республикалық комиссияның, «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімінде көрсетілген барлық, оның ішінде шығыстардың қажетті сомасын өтеу бойынша талаптарды орындауға міндетті.
      Жоғарыда көрсетілген комиссияның шешімдерін орындамаған жағдайда, Республикалық комиссияның Стипендиатты стипендия тағайындалған күннен бастап жұмсалған шығыстарды өтеу шартымен «Болашақ» стипендиясынан айыру туралы мәселелерді қарауына бастамашылық жасауға.».
      Phd докторы, доктор бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін) арналған үлгілік шартта:
      1.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1.2. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Республикалық комиссия) отырысының 20 жылғы «__» _______ хаттамасының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20__жылғы «_____»____________№_______қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес жүргізілген «Болашақ» стипендиясына тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу конкурсының нәтижелері бойынша Орталық Стипендиаттың ____________________________
(оқу елінің, оқу орнының атауы) (бұдан әрі - Оқу орны) докторантура бағдарламасы бойынша________(мамандық атауын көрсетіңіз) бойынша:
      Қазақстан Республикасында тілдік курстардан өту мерзімі Стипендиаттың Оқу орнында оқуын бастаған күнінен бастап__________айдан аспайды (ағылшын тілін оқу үшін);
      шетелде тілдік курстардан өту мерзімі Стипендиаттың Оқу орнында оқуын бастаған күнінен бастап_________айдан аспайды;
      Стипендиаттың Оқу орнында оқуын бастаған күнінен бастап, академиялық оқудан өтудің___________ семестр/триместр мерзімі, барлығы_______жыл____ай кезеңдерінен тұратын «Болашақ» стипендиясы бойынша оқудың жалпы____жыл мерзімімен (тілдік курстар мен академиялық оқу арасындағы кезеңді қоспағанда) оқуын ұйымдастырады.»;
      2.1-тармақтың 2.1.7-тармақшасы алынып тасталсын.
      2.2-тармақтың 2.2.6-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Стипендиатқа, кепіл берушіге (кепілдік берушіге) және/немесе ата-анасына (қорғаншысына) Стипендиаттың осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы хабарлауға, сондай-ақ Стипендиат осы Шарттың талаптарын орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, Стипендиат және/немесе кепіл беруші (кепілдік беруші) ұсынған осы Шарт бойынша Стипендиаттың міндетемелерін орындауды қамтамасыз етуіне өндіріп алу шарасын қолдануға құқылы.»;
      2.3-тармақтың 2.3.1-тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен жазылсын:
      «2.3.1. Орталық белгілеген мерзімдерде оқытуды ұйымдастыру және Стипендиаттың шарттық міндеттемелерін орындауын бақылау үшін қажетті құжаттарды Орталыққа ұсынуға, сондай-ақ денсаулық жағдайы, үлгерімі, ата-анасы, тұратын жері, байланыс деректері туралы тек қана шынайы мәліметтерді ұсынуға.
      Оқу сабақтарына қатысуға, тапсырмалардың барлық түрлерін оқу ұйымы белгілеген мерзімде орындауға, тестілердің, емтихандардың барлық түрлерін және тілдік курстардан өту бағдарламасында көзделген өзге де бақылау түрлерін уақытылы тапсыруға.»;
      2.3-тармақтың 2.3.5-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.3.5. Стипендиаттың оқу орнында оқуын бастағаннан кейінгі күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде Оқу орны белгілеген міндетті практикасын және/немесе тағылымдамасын көрсете отырып, Орталыққа оқу жоспарын бекіту үшін ұсынуға.
      Оқу жоспарын құру кезінде оқу орны жүктемені толық жинамауға рұқсат беретін соңғы семестрді қоспағанда, толық жүктемемен студенттің (Full-time student) мәртебесін ұстану үшін қажетті сандағы кредитті жинауға.
      Орталықта ұсынылған оқу жоспарына ескертулер болған жағдайда оларды алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Орталыққа түзетілген оқу жоспарын қайта бекіту үшін ұсынуға.
      Бекітілген оқу жоспарына оқу мерзімдерін ұлғайтуды және қосымша қаржы шығындарын тудыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді. Орталыққа бекітілген оқу жоспарына оқу мерзімдерін ұлғайтуды және қосымша қаржы шығындарын тудыратын өзгерістер туралы хабарлауға.
      Орталыққа оқу жоспарының оқу мерзімдерін ұлғайтуға және қосымша қаржы шығындарына әкеп соқпайтын өзгерістері туралы оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде хабарлауға.».
      2.3-тармақтың 2.3.19-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.3.19. Бекітілген оқу жоспарына сәйкес оқудың толық курсын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасына оралған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Орталыққа оқуын аяқтағаны туралы өтінішті ұсынуы. Сондай-ақ Оқу орны белгілеген үлгі бойынша осы Шарттың 1.2-тармағында көрсетілген мамандық бойынша магистр дәрежесі тағайындалғаны туралы не резидентураны аяқтағаны туралы құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармаларын оны алғаннан кейін 10 күн ішінде, сондай-ақ диссертациялық/дипломдық жұмыс бағаларын көрсете отырып, қорытындысын қоса алғанда, оқуының барлық кезеңіне транскрипт ұсынуы. Оқу орны белгілеген шарттар бойынша көрсетілген құжаттарды ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, Орталыққа уақытылы тапсырмау себебі мен тиісті құжат Оқу орнының мөрімен және академиялық куратордың қолымен куәландырылған растама хаты ұсынылатын мерзімі көрсетілген жазбаша өтінішті ұсынуы қажет.».
      2.3-тармақтың 2.3.26-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.3.26. Стипендиат осы шартқа қосымша келісімді және қажет болған жағдайда өтеу туралы келісімді шешім қабылданған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жасасу арқылы оған жеке қатысты Республикалық комиссияның, «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімінде көрсетілген барлық, оның ішінде шығыстардың қажетті сомасын өтеу бойынша талаптарды орындауға.
      Жоғарыда көрсетілген комиссияның шешімдерін орындамаған жағдайда, Республикалық комиссияның Стипендиатты стипендия тағайындалған күннен бастап жұмсалған шығыстарды өтеу шартымен «Болашақ» стипендиясынан айыру туралы мәселелерді қарауына бастамашылық жасауға.».
      2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.С. Исмагулова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым
      министрінің м.а.                              Т. Балықбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады