"Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 280 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20217 болып тіркелді

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. "Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларында:

      3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) көлік құралын бастапқы тіркеу - Қазақстан Республикасының аумағында алғаш жүзеге асырылатын, көлік құралын мемлекеттік тіркеу.

      Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу көлік құралын бастапқы тіркеу болып табылмайды;".

      3-тармақ 17) тармақшамен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) МТНБ телнұсқасы - бұл белгіленген тәртіппен тіркелген көлік құралына МТНБ орнына берілетін МТНБ;".

      3-тармақ 18) тармақшамен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) жеткізуші - мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындаушы ретінде әрекет ететін жеке және (немесе) заңды тұлға;";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көлік құралдарын тіркеу, тіркеуге өзгерістер енгізу, есептен шығару кезінде барлық қажетті деректер БАЖ-ға енгізіледі. Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерден келген көлік құралдарын тіркеген кезде КҚТК-ның ерекше белгілерінде жазба көрсетіледі: Ресей Федерациясынан - РФ КҚ, Армения Республикасынан - АР КҚ, Беларусь Республикасынан - БР КҚ, Қырғыз Республикасынан - Қырғыз Республикасы КҚ";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және/немесе олардың Қазақстан Республикасында тіркелген өкілеттіктері, консулдық мекемелері қызметкерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің көлік құралдарын, сондай-ақ КҚ мұрагерлікке берілген жағдайда құқықтық мирасқордың (мұрагердің) ерік білдіруі бойынша мұрагер автомобильдерге және автобустарға 2,8 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК), мотокөлік пен тіркемелер үшін 1,4 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлегеннен кейінгі жағдайды қоспағанда, бұрын пайдалануда болған, оның ішінде жоғары сұраныстағы МТНБ-ларды өзге көлік құралдарының иелеріне беруге жол берілмейді.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Жеңіл автомобильдің немесе автобустың шанағын, жүк автомобилінің шассиін ауыстырған, оның ішінде басқа модельге (модификацияға) ауыстырған жағдайда, КҚТК-ге көлік құралының бұрынғы шығарылған жылы, маркасы, моделі жазылады. КҚТК-нің "Ерекше белгiлер" деген бағанына тиісті өзгерістің күні көрсетiлiп, "Шанақ ауыстырылды" деген жазба жасалады. Рамасын немесе негізгі шанағын ауыстырған кезде Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 Шешімімен бекітілген, "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентімен жекелеген көлік құралы үшін көзделген сызба бойынша сәйкестікті бағалау жүргізіледі.".

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Кәдеге жаратуға жататын көлік құралы осы Қағидалардың 16-тармағының 2), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде есептен шығарылады. КҚТК мен МТНБ көлік құралын есептен шығару орны бойынша тапсырылады.

      Кәдеге жаратылатын көлік құралының КҚТК, МТНБ болмаған кезде көлік құралының иесі жазбаша нысанда оларды жоғалту мән-жайларын көрсетеді. Бұл ретте ІІО-ның ақпараттық ресурстары бойынша тексеру жүзеге асырылады.

      Кәдеге жаратуға жататын көлік құралын тіркеу есебінен алғаннан кейін оның иесіне "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ жұмыскері Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес кәдеге жаратуға (ақаулы) жататын көлік құралын есептен шығару туралы анықтама береді.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Соттар, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік кіріс органдары не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен басқа да органдар меншік құқығын өзгерту бойынша тыйымдар немесе шектеулер енгізген көлік құралын есептен шығару, сондай-ақ МТНБ телнұсқасын беру тиісті органдар берген және көрсетілген тыйымдардың немесе шектеулердің жоқ екені туралы куәландыратын құжаттар ұсынылғаннан кейін не сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі. Тіркеу әрекеттеріне тыйым салулар немесе шектеулер тиісті органдар (ұйымдар) берген құжаттар (сот органдарының қаулылары, шешімдері, ұйғарымдары, кепіл (кепіл билеттері) және лизинг шарттары және т.б.) келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, БАЖ-ға қойылады немесе алынады.".

      5-тараумен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. "Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралын тіркеу туралы куәліктер және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі;

      69. Мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері (тіркеу орны) бар жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) Мемкорпорацияның филиалдары немесе "электрондық үкімет" порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 8-тармағына сәйкес құжаттар пакетін ұсынады, онда мемлекеттік қызметтерді ІІО аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартында баяндалған.

      70. Көлік құралдары (бұдан әрі - КҚ) жеке тұлғаларға олардың тұрғылықты жерінің тұрақты тіркелген орны бойынша тіркеледі. Заңды тұлғаларға көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу олардың тіркелген заңды мекенжайына сәйкес, ал филиалдар мен өкілдіктерге оларды тіркеу орны бойынша жүргізіледі.

      71. КҚ-ны есептен шығаруды қоспағанда, мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік баждар мен алымдар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес төленеді.

      72. Құжаттар пакетін қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) Мемкорпорация арқылы:

      Мемкорпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының деректерін және баждар мен алымдарды төлеу, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген, көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауы, көлік құралына салық төлеу, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тарту туралы қаулының және (немесе) айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелері арқылы орындалуы туралы мәліметтерді тексереді, 20 минут ішінде қажетті құжаттар пакетін қабылдайды, қабылданған құжаттардың электронды көшірмелерін жасайды, электрондық өтінішті қалыптастырады, электрондық-цифрлық қолтаңба қояды, актіні қағаз тасымалдағышта басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен сәттен бастап иесінің және көлік құралының іздестіруде (шектеулер, тыйым салулар) болуы мәніне оларды тексереді, толтырылу дұрыстығына сканерленген құжаттарды электрондық өтініммен салыстырады, 15 минут ішінде өтінімді бекіту немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Қалыптастырылған өтінім 5 минут ішінде онлайн-режимде көрсетілетін қызметті берушіге бекітуге түседі, бекітілген жағдайда өтінім жеткізушінің принтеріне автоматты түрде келіп түседі және КҚТК 5 минут ішінде басып шығарылады.

      Иесінің деректері немесе оның көлік құралының деректері, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады және тиісті шаралар қабылдау үшін ақпаратты аумақтық ІІО бөлінісіне дереу береді.

      Дайындалған КҚТК-ны жеткізуші 5 минут ішінде Мемкорпорацияның қызметкеріне құжаттарды беру секторына береді.

      Дайындалған КҚТК мен берілген МТНБ-ларды Мемкорпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (КҚ иесіне) немесе сенімхат негізінде әрекет ететін оның өкіліне (жеке тұлғалар үшін нотариаттық куәландырылған) жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша бұрынғы КҚТК, МТНБ (олар болған жағдайда) тапсырған кезде береді.

      Мемкорпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушылардан қабылдаған және көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру үшін негіз болған құжаттар сканерленеді және көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша номенклатуралық іске тігіледі, сандық тәртіппен нөмірленеді, Мемкорпорация филиалының басшысы қол қояды және қағаз түрінде Мемкорпорация филиалында 3 жыл, электронды түрде Мемкорпорацияның серверінде тұрақты негізде сақталады.

      Қағидалардың 72-тармағының 1) тармақшасында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған деп есептеледі.

      2) ЭҮП арқылы жүгінген кезде құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 60 минутты құрайды.

      Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет "бір өтініш" қағидаты бойынша композиттік болып табылады, ол кезде көлік құралын есептен шығару және тіркеу жүргізіледі:

      көрсетілетін қызметті беруші жолданған өтінімді қабылдайды, иесін және көлік құралын олардың іздестіру базасында болуы мәніне тексереді және 20 минут ішінде көлік құралын есептен шығаруға арналған өтінімді бекіту туралы немесе тіркеу бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      көрсетілетін қызметті беруші көлік құралы есептен шығарылғаннан кейін көлік құралының жаңа иесін оның іздестіру базасында болуы мәніне тексереді және 20 минут ішінде көлік құралын жаңа иесіне тіркеуді бекіту туралы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      бекітілген өтінім КҚТК шығару үшін принтерге автоматты түрде жіберіледі және 5 минут ішінде КҚТК дайындалады. КҚТК дайындалғаннан кейін автоматты режимде 5 минут ішінде "электрондық үкімет" порталы арқылы: бұрынғы иесіне КҚ-ның есептен шығарылғаны туралы, жаңа иесіне дайындалған КҚТК мен берілген МТНБ орналасқан жері туралы хабарлама жеткізіледі;

      - хабарламаны алған кезде көрсетілетін қызметті алушы (КҚ-ның жаңа иесі) Мемкорпорацияға жүгінеді, Мемкорпорацияның қызметкері 10 минут ішінде бұрынғы КҚТК-ны, МТНБ-ны қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыға немесе жеке басты куәландыратын құжатты ұсынғаннан кейін сенімхат негізінде әрекет ететін оның өкіліне (жеке тұлғалар үшін нотариаттық куәландырылған) жаңа МТНБ мен КҚТК береді.

      Қағидалардың 72-тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған деп есептеледі.

      73. КҚ есепке қоймай, есептен шығару бойынша, сондай-ақ рама немесе тірек шанақты ауыстыру кезінде электронды түрдегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет ЭҮП арқылы ұсынылмайды.".

      6-тараумен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемкорпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

      74. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемкорпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемкорпорация басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, ЭҮП арқылы электронды түрде, не көрсетілетін қызметті берушінің, ІІМ немесе Мемкорпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе ІІМ-нің кеңсесінде қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемкорпорация қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемкорпорация басшысының атына беріледі.

      Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның Мемкорпорацияда қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошта мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның - оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, ІІМ-нің немесе Мемкорпорацияның атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, ІІМ-нің немесе Мемкорпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электрондық өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол өңдеу (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.".

      7-тараумен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. "Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі.

      75. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) Мемкорпорацияның филиалдары немесе "электрондық үкімет" порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес "Көлік құралы үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес құжаттар пакетін ұсынады, онда мемлекеттік қызметтерді ІІО аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Мемкорпорацияның құжаттарын қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      76. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз және элекронды түрде.

      77. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің (бұдан әрі - МТНБ) телнұсқасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе нотариаттық расталған сенімхаттың негізінде әрекет ететін оның өкіліне беріледі.

      78. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 615-бабына сәйкес көлік құралының МТНБ телнұсқасын беру үшін мемлекеттік баж: саны 2 бірлік МТНБ телнұсқасын беру үшін - 2,8 АЕК, саны 1 бірлік - 1,4 АЕК құрайды.

      Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар немесе "электрондық үкімет" порталының төлем шлюзі арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен төленеді.

      79. Мемкорпорацияда құжаттарды қабылдау кезінде:

      1) Мемкорпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының деректерін және тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы баждар мен алымдарды төлеу туралы мәліметтерді тексереді, 20 минут ішінде қажетті құжаттар пакетін қабылдайды, электрондық өтінішті қалыптастырады, электрондық-цифрлық қолтаңба қояды және көрсетілетін қызметті алушыға Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;

      2) уәкілетті органның қызметкері өтінімді қабылдайды, иесін (көрсетілетін қызметті алушыны) және КҚ-ны олардың іздестіруде болуы мәніне тексереді, 20 минут ішінде өтінімді бекіту немесе телнұсқалар беру бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      3) өтінішті алған кезде уәкілетті органның қызметкері Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес МТНБ телнұсқасын дайындауға арналған жиынтық өтінімге МТНБ деректерін енгізеді және жұмыс уақытының соңына дейін Жеткізушіге МТНБ телнұсқасын дайындауға өтінімді жолдайды;

      4) уәкілетті органда Жеткізушіден МТНБ қабылдауды материалдық жауапты адам оларды алған күні Жеткізуші жүкқұжатының, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТНБ қабылдау актісінің негізінде жүзеге асырады;

      5) уәкілетті органның материалдық жауапты адамы қабылдау күні дайындалған МТНБ телнұсқасын 11-қосымшаға сәйкес жүкқұжат бойынша Мемкорпорацияға береді;

      6) Мемкорпорация қызметкері 10 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға МТНБ телнұсқасын береді.

      80. Құжаттарды "электрондық үкімет" порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы қабылдаған кезде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы ЭҮП-де электрондық-цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі - ЭЦҚ) белсендендіреді, барлық деректемелік деректерді толтырады, ЭҮТШ арқылы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі - Салық кодексі) белгіленген баж салығын төлеуді жүргізеді және өтінімге ЭЦҚ қояды;

      2) уәкілетті органның қызметкері өтінімді қабылдайды, олардың іздестіруде болуы мәніне иесі (көрсетілетін қызметті алушы) мен КҚ-ны тексереді, 20 минут ішінде өтінімді бекіту немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.".

      8-тармақпен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемкорпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

      81. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемкорпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемкорпорация басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, ЭҮП арқылы электронды түрде, не көрсетілетін қызметті берушінің, ІІМ-нің немесе Мемкорпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ІІМ-нің кеңсесінде шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемкорпорация қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемкорпорация басшысының атына беріледі.

      Қолма-қол, сонымен қатар пошта арқылы келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның Мемкорпорацияда қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошта мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның - оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, ІІМ-нің немесе Мемкорпорацияның атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, ІІМ-нің немесе Мемкорпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электронды жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол өңдеу (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.".

      осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-қосымшалармен толықтырылсын.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларында:

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Практикалық емтихан тиісті санаттардағы көлік құралдарымен жарақталған және жүргізу нәтижелерін автоматты түрде есептейтін мамандандырылған құрылғылармен жабдықталған автоматтандырылған автодромда жүзеге асырылады.

      Автоматтандырылған автодром болмаған және ол бұзылған жағдайларда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарында практикалық емтиханды емтихан комиссиясы қабылдайды.

      Практикалық емтиханды қабылдау жөніндегі емтихан комиссиясы кемінде үш адамнан тұрады:

      1) жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның қызметкері (комиссияның төрағасы, комиссия мүшелері);

      2) оқу, кәсіби бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың өкілі (комиссия мүшелері);

      3) Мемкорпорацияның жұмыскері (комиссия мүшелері).

      Емтихан комиссиясының құрамына емтихан тапсыратын топты дайындауды жүзеге асырған оқытушыны немесе автомобиль жүргізу бойынша өндірістік оқыту шеберін енгізуге жол берілмейді.".

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Теориялық емтихан тапсыру кезінде үш нашар баға алған жағдайда және практикалық емтихан тапсыру кезінде үш нашар баға алған жағдайда, "А", "В" санаттарындағы, "А1", "В1" санаттарындағы көлік құралдарын басқару құқығын алуға өз бетінше даярлықтан өткен жүргізушіге үміткерлер одан әрі емтихандар тапсыруға соңғы емтихан өткізілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін жіберіледі.

      Практикалық емтихан тапсыру кезінде үш теріс баға алған кезде теориялық емтихан нәтижелері автоматты түрде жойылады.";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Жүргізуші куәліктері Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелген адамдарға Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы берген жеке басты куәландыратын құжаттың негізінде беріледі.";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Жүргізуші куәлігін ауыстыруға байланысты оны алу үшін адам осы Қағидалардың 77-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және бұрын берілген жүргізуші куәлігін, ал тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен кезде сауалнамалық деректері өзгергенін растайтын құжатты ұсынады;

      "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде - осы Қағидалардың 77-тармағының 2), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар сканерленген нысанда ұсынылады, ал тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен кезде сауалнамалық деректері өзгергенін растайтын құжатты ұсынады.

      Бұл ретте, мемлекеттік баж төлемін "электрондық үкімет" порталының төлем шлюзі арқылы жүргізуге болады.

      77-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжат жарамдылық мерзімі аяқталуына байланысты жүргізуші куәлігін ауыстырған жағдайда ұсынылады.".

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Жүргізуші куәлігін оның жоғалуына байланысты алу үшін тұлға осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      77-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжат жарамдылық мерзімі аяқталуына байланысты жүргізуші куәлігін ауыстырған жағдайда ұсынылады.".

      4-тараумен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. "Жүргізуші куәліктерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі.

      104. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі Қағидаларға 14-қосымшаның 8-тармағына сәйкес ұсынылады:

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет алу үшін жүгінген кезде:

      1) Мемкорпорацияға, көрсетілетін қызметті алушыға электрондық кезек талоны беріледі.

      Кезек күту уақыты 20 минут.

      Мемкорпорацияның қызметкері 10 минут ішінде құжаттар пакетін қабылдайды, мемлекеттік баж салығы төленгенін, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тарту туралы қаулының және (немесе) айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалғанын, көлік құралын басқару құқығынан айырудың (тоқтатудың), медициналық қарсы көрсетпелердің жоқ екенін мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық ресурстары бойынша тексереді, көрсетілетін қызметті алушыны суретке түсіреді, электронды өтінішті қалыптастырады және осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтініш бланкісін қағаз тасымалдағышта басып шығарады;

      электронды өтінішке Мемкорпорация қызметкерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Заңнамада көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы емтихан тапсыру және теориялық даярлық деңгейін, сондай-ақ практикалық жүргізу дағдыларын тексеру үшін Мемкорпорациядағы емтихан сыныбына жіберіледі;

      теориялық емтиханды тапсыру рәсімі арнайы жабдықталған сыныпта компьютерлік тестілеу арқылы 40 минут ішінде өткізіледі;

      көрсетілетін қызметті алушы теориялық емтихан нәтижелері бойынша теріс баға алған кезде Мемкорпорацияның қызметкері теориялық емтихан нәтижелерінің бағасымен көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қайтарады және көрсетілетін қызметті алушыны теориялық білім деңгейін қайта тексеру күні туралы хабардар етеді (ЖК алғашқы беру кезінде 7 күннен кейін);

      көрсетілетін қызметті алушы теориялық емтихан нәтижелері бойынша оң баға алған кезде көрсетілетін қызметті алушы көлік құралын практикалық жүргізу бойынша емтихан өткізу жолымен практикалық даярлық деңгейін тексеруге жіберіледі, мемлекеттік қызметті көрсету уақыты практикалық емтихан тапсырылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Маршрутта практикалық жүргізу бойынша емтиханның ұзақтығы 20 минут болуы тиіс;

      көрсетілетін қызметті алушы практикалық емтихан нәтижелері бойынша теріс баға алған кезде Мемкорпорацияның қызметкері практикалық емтихан нәтижелерінің бағасымен көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қайтарады және көрсетілетін қызметті алушыны практикалық білім деңгейін қайта тексеру күні туралы хабардар етеді (ЖК алғашқы беру кезінде 7 күннен кейін);

      көрсетілетін қызметті алушы практикалық емтихан нәтижелері бойынша оң баға алған кезде қалыптастырылған өтінім онлайн-режимде көрсетілетін қызметті берушіге 5 минут ішінде (келіп түскен өтінімдер ағынының техникалық шығындарын ескере отырып) бекітуге түседі;

      көрсетілетін қызметті беруші (ІІМ Полиция департаменті Процессингтік орталығының қызметкері) тұлғаны (көрсетілетін қызметті алушыны) оның іздестіруде болуы мәніне тексереді, толтырылу дұрыстығына сканерленген құжаттарды электроны өтініммен салыстырады, 15 минут ішінде өтінімді бекіту немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      бекітілген өтінім жеткізушінің принтеріне автоматты түрде келіп түседі, онда 5 минутқа дейінгі уақыт ішінде КҚТК басып шығарылады;

      тұлғаның деректері іздестіру базасында болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады және тиісті іс-шаралар қабылдау үшін ақпаратты аумақтық ІІО бөлінісіне дереу береді;

      дайындалған ЖК-ны жеткізуші Мемкорпорация қызметкеріне құжаттарды беру секторына береді - 5 минут;

      Мемкорпорацияның қызметкері дайындалған КҚТК мен жасалған МТНБ-ны 10 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға береді.

      Қағидалардың 104-тармағының 1) тармақшасында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған деп есептеледі.

      Мемкорпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушылардан қабылдаған және жүргізуші куәлігін беру үшін негіз болған құжаттар сканерленеді және көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша номенклатуралық іске тігіледі, сандық тәртіппен нөмірленеді, Мемкорпорация филиалының басшысы қол қояды және қағаз түрінде Мемкорпорация филиалында 3 жыл, электронды түрде Мемкорпорацияның серверінде тұрақты негізде сақталады.

      2) ЭҮП арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі - ЭЦҚ) белсендендіреді, ЖК айырбастау бойынша деректемелік деректерді толтырады және ЭЦҚ қол қояды.

      көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы куәландырылған электрондық құжат нысанында хабарлама жіберіледі;

      төленбеген айыппұлдардың бар-жоғын, Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесі бойынша адамның көлік құралдарын басқаруға жарамдылығын автоматты түрде тексергеннен кейін өтінім уәкілетті органға келіп түседі;

      уәкілетті органның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыны оның іздестіруде болуы мәніне тексереді және 15 минут ішінде шешім қабылдайды;

      өтінім бекітілгеннен кейін Мемкорпорацияда автоматты түрде ЖК басып шығарылады - 5 минутқа дейін;

      көрсетілетін қызметті алушының Мемкорпорацияға жүгінуі бойынша, дайындалған жүргізуші куәлігі көрсетілетін қызметті алушы бұрынғы ЖК-ны тапсырғаннан кейін 10 минут ішінде беруге жатады.

      Қағидалардың 104-тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған деп есептеледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе нотариаттық куәландырылған сенімхат негізінде әрекет ететін оның өкіліне беріледі.

      105. Мемкорпорацияда және порталда мемлекеттік бажды төлеу "электрондық үкімет" порталының төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызмет электронды кезек тәртібінде, жылдам қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

      5-тараумен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

      106. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемкорпорация басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, ЭҮП арқылы электронды түрде не көрсетілетін қызметті берушінің, ІІМ немесе Мемкорпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ІІМ-нің кеңсесінде шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемкорпорация қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемкорпорация басшысының атына беріледі.

      Қолма-қол, сонымен қатар пошта арқылы келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның Мемкорпорацияда қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошта мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның - оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, ІІМ-нің немесе Мемкорпорацияның атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, ІІМ-нің немесе Мемкорпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электронды жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол өңдеу (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      107. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.".

      осы бұйрыққа 8, 9, 10-қосымшаларға сәйкес 12, 13, 14-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (М.Қ. Баймұқашев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 280 бұйрығына
1-қосымша
  "Көлiк құралының
сәйкестендіру нөмірі бойынша
көлік құралдарының жекелеген
түрлерiн мемлекеттiк тiркеу
және есепке алу қағидаларына
5-қосымша

"Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1

көрсетілетін қызметті берушінің атауы

ІІМ аумақтық бөліністері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) Мемлекеттік корпорация;
2) www.​egov.​kz ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорация арқылы - 90 минут
ЭҮП арқылы - 60 минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз/электронды.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1) КҚ тіркеген кезде - КҚТК, МТНБ;
2) КҚ-ны есептен шығару кезінде - есептен шығару туралы белгімен КҚТК;
3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақтан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1) КҚ тіркеген кезде - Салық кодексінің 615, 553-баптарына сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген кеңейтілген міндеттемелерді орындауы;
2) КҚ есептен шығарған кезде - төлемсіз;

7

Жұмыс кестесі

1) Мемкорпорация - демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 09-00-ден бастап сағат 20-00-ге дейін түскі үзіліссіз жүзеге асырылады;
2) ЭҮП - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сағат 18.00-ден соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемкорпорацияға жүгінген кезде:
1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі - Салық кодексі) белгіленген баждар мен алымдарды төлеу.
Бастапқы тіркеу үшін алымдарды төлеуден дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар және (немесе) оның өкілдіктері, Қазақстан Республикасында тіркелген консулдық мекемелер, Қазақстан Республикасында акккредиттелген, "Дипломатиялық қатынастар туралы" 1961 жылғы Вена конвенциясына және "Консулдық қатынастар туралы" 1963 жылғы Вена конвенциясына сәйкес артықшылықтары мен иммуниттері бар қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері босатылады;
көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген кеңейтілген міндеттемелерді орындауы;
3) техникалық құжат;
4) МТНБ, КҚТК және/немесе кері әкету міндеттемесімен Қазақстан Республикасына уақытша әкелінген көлік құралдарының тіркеу құжаттары;
5) заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлінісіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы адамның мөрі болуы тиіс болса, осы ұйымның мөрімен куәландырылған (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) бұйрығы (өкімі);
6) көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжат, оларға:
- кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (кеден декларациясы, кедендік кіріс ордері), уақытша кіргізген жағдайларда кері шығару туралы міндеттеме) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа);
- орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысы хабарламасының сот растаған көшірмелері қоса берілген атқару парағы; - азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған мәмілелер шарттары, куәліктер, мүлікті мұрагерлікке алу құқығы туралы құжаттар;
7) Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (бұдан әрі - 018/2011 КО ТР) 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті: - жеке тұлғалар Кеден одағы/Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - КО/ЕЭО) бірыңғай кеден аумағына өз қажеттіліктері үшін әкелетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде; - көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан көп уақыт өткен жағдайда, бұрын КО/ЕЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкелінетін көлік құралдарын заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеген кезде;
- жеке және заңды тұлғалар айналымға шығарылғанға дейін конструкциясына жеке тәртіппен өзгерістер енгізілген, сериялық өндіріс жағдайындағы; немесе сериялық өндірістен тыс жеке тәртіппен құрастыру жиынтығынан немесе жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын; немесе бұрын мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілгендер қатарынан айналымға шығарылған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
8) пайдаланудағы және қайта жабдықталуына байланысты Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тіркелген көлік құралын мемлекеттік тіркеген кезде 018/2011 КО ТР 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті;
9) 018/2011 КО ТР 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көлік құралының түрін мақұлдауды, көлік құралы шассиінің түрін мақұлдауды: - көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан аз уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүшелері болып табылмайтын елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
- жеке және заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүше елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде ұсынылады; 10) жеке басты куәландыратын құжаттар, мекенжай анықтамасы туралы, заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтама немесе куәлік туралы, баждар мен алымдар төленгені туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген кезде), мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын көлік құралына салық төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
ЭҮП:
1) деректемелік деректерді толтыру;
2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі - Салық кодексі) белгіленген баждар мен алымдарды төлеу, көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген кеңейтілген міндеттемелерді орындауы расталады.
3) сканерленген техникалық құжат;
4) Қазақстан Республикасына кері әкету туралы міндеттемемен әкелінген көлік құралының КҚТК және/немесе тіркеу құжаттарының, МТНБ-ның сканерленген көшірмелері, олардың түпнұсқалары тапсыруға жатады;
5) заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлінісіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы адамның мөрі болуы тиіс болса, осы ұйымның мөрімен куәландырылған (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) сканерленген бұйрығы (өкімі);
6) көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын сканерленген құжат, оларға:
- кедендік ресімдеуден өтуін растайтын құжаттар (кеден декларациясы, кедендік кіріс ордері), уақытша кіргізген жағдайларда кері шығару туралы міндеттеме;
- сот куәландырған орындалуы тиіс сот шешімінің, қаулысының, мемлекеттік органның әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасының көшірмелері қоса берілген атқару парағы;
- азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
7) 018/2011 КО ТР 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы сканерленген куәлікті:
- жеке тұлғалар КО/ЕЭО бірыңғай кеден аумағына өз қажеттіліктері үшін әкелетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
- көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан көп уақыт өткен жағдайда, бұрын КО/ЕЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкелінетін көлік құралдарын заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеген кезде;
- жеке және заңды тұлғалар айналымға шығарылғанға дейін конструкциясына жеке тәртіппен өзгерістер енгізілген, сериялық өндіріс жағдайындағы немесе сериялық өндірістен тыс жеке тәртіппен құрастыру жиынтығынан немесе жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын немесе бұрын мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілгендер қатарынан айналымға шығарылған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
8) пайдаланудағы және қайта жабдықталуына байланысты Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тіркелген көлік құралын мемлекеттік тіркеген кезде 018/2011 КО ТР 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сканерленген куәлікті;
9) 018/2011 КО ТР 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша:
көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан аз уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүшелері болып табылмайтын елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан кем уақыт өткен жағдайда, КО/ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын КҚ заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеген кезде;
КО/ЕАЭО мүше елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын заңды және жеке тұлғалар мемлекеттік тіркеген кезде көлік құралының түрін мақұлдауды, көлік құралы шассиінің түрін мақұлдауды.
Жаңа МТНБ мен КҚТК алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға: жеке басты куәландыратын құжатты ұсынады, сондай-ақ бұрынғы КҚТК мен МТНБ (олар болған жағдайда) тапсырады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, өтініштер қабылдаудан, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Құжаттарды қабылдау кезінде Мемкорпорация қызметкері:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкім) бар;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулыларды және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы Нұсқаманы оларды орындағанға дейін ұсынады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
1) ) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкім) бар;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.
6) КҚ пайдалануға тыйым салулар мен шектеулердің болуы;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген адамның көлік құралдарын тіркеу органына жүгінуі;
8) иесі (немесе оның өкілі) және (немесе) көлік құралы іздестіруде болған жағдайда;
9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулыларды және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы Нұсқаманы оларды орындағанға дейін ұсынады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электронды нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті" арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 77 77 телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) www.​mvd.​kz интернет-ресурсында;
2) www.​gov4с.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 280 бұйрығына
2-қосымша
  "Көлiк құралының
сәйкестендіру нөмірі бойынша
көлік құралдарының жекелеген
түрлерiн мемлекеттiк тiркеу
және есепке алу қағидаларына
6-қосымша
Нысан

Құжаттарды қабылдау туралы

      қолхат _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетіледі)

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы немесе олардың өкілдері)

      Қабылданған құжаттардың тізбесі:

      1. ______________________________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________________________

      3. ______________________________________________________________________________

      4. ______________________________________________________________________________

      5. ______________________________________________________________________________

      6. ______________________________________________________________________________

      7. ______________________________________________________________________________

      8. ______________________________________________________________________________

      9. ______________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қабылдады: ___________________________ /__________/ ______________________________

      Мемкорпорация қызметкері (қолы) (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))

      ____ жылғы "__" ________

      Берілген уақыты мен күні: ___ сағ. ___ мин.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 280 бұйрығына
3-қосымша
  "Көлiк құралының
сәйкестендіру нөмірі бойынша
көлік құралдарының жекелеген
түрлерiн мемлекеттiк тiркеу
және есепке алу қағидаларына
7-қосымша
  нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының

      2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2) тармақшасына сәйкес

      __________________________

      (мекенжайын көрсету)

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттар тізбесін, атап айтқанда: жоқ құжаттардың атауы:

      1. ________________________________________;

      2. ________________________________________;

      3. _____________________________ толық ұсынбауыңызға байланысты

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету)

      мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әр тарап үшін біреуден 2 данада жасалды.

      ________________________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)

      Алдым: ___________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 280 бұйрығына
4-қосымша
  "Көлiк құралының
сәйкестендіру нөмірі бойынша
көлік құралдарының жекелеген
түрлерiн мемлекеттiк тiркеу
және есепке алу қағидаларына
8-қосымша
  нысан

"Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

ІІМ аумақтық бөліністері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) Мемкорпорация;
2) www.​egov.​kz ЭҮП арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорация арқылы Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары үшін 5 жұмыс күні, облыстар мен Шымкент қаласы үшін 15 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз/ электронды.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

МТНБ телнұсқасы

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақтан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

2 дана - 2,8 АЕК
1 дана - 1,4 АЕК

7

Жұмыс кестесі

1) Мемкорпорация - еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 09-00-ден бастап сағат 20-00-ге дейін.
2) ЭҮП - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сағат 18.00-ден соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) МТНБ үшін баж төлеу;
3) бұрынғы МТНБ болған кезде ол телнұсқа берген кезде тапсыруға жатады;
ЭҮП:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЭҮП-де электрондық-цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі - ЭЦҚ) белсендендіреді, оның атына берілген МТНБ-ны таңдап, барлық деректемелік деректерді толтырады;
2) МТНБ үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген баждар мен алымдарды төлеуді, оның ішінде ЭҮТШ арқылы төлеуді жүргізеді.
3) бұрынғы МТНБ болған кезде ол телнұсқа берген кезде тапсыруға жатады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, өтініштерді қабылдаудан бас тарту үшін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік корпорация:
1) тиісті өтінімді қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған немесе толық көлемде ұсынбаған, сондай-ақ оқылмайтын, қарындашпен орындалған, түзетулері, қосып жазылулары, сызылған сөздері, сондай-ақ ескертілмеген түзетулері бар құжаттарды ұсынған;
2) көлік құралы меншік иесінің мүдделерін білдіруге өкілеттігі жоқ адам Мемкорпорацияға жүгінген;
3) ақпараттық жүйелерде мемлекеттік баж төленгені туралы мәліметтер болмаған; 4) жүгінген адамда айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулы және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама болған жағдайда, оларды орындағанға дейін мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдамайды және өтінімді қалыптастырмайды.
Көрсетілетін қызметті беруші:
1) көлік құралдарын пайдалануға тыйым салулар мен шектеулер болған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризм мен экстремизді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген адам көлік құралдарын тіркеу органына жүгінген;
3) иесі (немесе оның өкілі) және (немесе) көлік құралы іздестіруде болған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электронды нысанда және Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы ала алады.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 280 бұйрығына
5-қосымша
  "Көлiк құралының
сәйкестендіру нөмірі бойынша
көлік құралдарының жекелеген
түрлерiн мемлекеттiк тiркеу
және есепке алу қағидаларына
9-қосымша
  нысан

      Бекітемін __________________ПД ӘПБ бастығы

      (бөліністің атауы)

      __________________________________

      (атағы, (қолы), (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))

      20 __ жылғы "___"___________

20 __ жылғы "___"___________ мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің телнұсқаларын дайындауға және жеткізуге жиынтық өтінім

№ р/с

МТНБ типі

Литер-Серия

Алғашқы нөмір

Соңғы нөмір

Дана саны

1

2

3

4

5

6

      уәкілетті органның қызметкері _____________________________________________________

      (лауазымы, қолы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 280 бұйрығына
6-қосымша
  "Көлiк құралының
сәйкестендіру нөмірі бойынша
көлік құралдарының жекелеген
түрлерiн мемлекеттiк тiркеу
және есепке алу қағидаларына
10-қосымша
  нысан

Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қабылдау актісі

      20__ жылғы "__" __________. _____________________ (елді-мекен)

      Жеткізуші өкілінің қатысуымен уәкілетті адам

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))

      ________________________________________________________________________________

      (Жеткізушінің атауы, заңдық мекенжайы, БСН)

      20__ жылғы "__" __________ № ___________ жүкқұжат бойынша келіп түскен МТНБ-ны

      қабылдауды жүргізді. Орамды ашқан кезде:

      ________________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________ анықталды.

      (МТНБ-лар типі, сериясының литерін көрсетіп саны бойынша санамаланады, оның ішінде:

      жарамсыз, жетіспейтін, артық МТНБ санамаланады) Қабылдау актісі үш (төрт) данада

      жасалады және: 1 дана - уәкілетті адамға; 2 дана - Жеткізушіге; 3 дана - ПД ҚҚЕБ-ге, ІІМ

      Байқоңыр қаласындағы Өкілдігіне берілді.

      Жеткізушінің өкілі __________________________________________ ___________________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда),                  қолы)

      Осы актіде аталған барлық құндылықтар менің қатысуыммен тексерілді, актіге дұрыс енгізілді

      және мен қабылдадым.

      Уәкілетті органның материалдық жауапты адамы ______________________ лауазымы,

      Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)

      20__ жылғы "__" __________.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 280 бұйрығына
7-қосымша
  "Көлiк құралының
сәйкестендіру нөмірі бойынша
көлік құралдарының жекелеген
түрлерiн мемлекеттiк тiркеу
және есепке алу қағидаларына
11-қосымша
нысан

      Жіберуші ______________________________

      Алушы _______________________________

      Кім арқылы_______________________________

      Сенімхат бойынша __________________________

20__ жылғы "__" __________ №_____ жүкқұжат

№ р/с

МТНБ телнұсқасының типі

МТНБ, реттік нөмірі, сериясы

Саны

Бағасы, тг

Сомасы, тг

1

2

3

4

5

6

1






Жиыны:






      Жіберді _____________(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) __________ /қолы/

      Алды _____________(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) __________ /қолы/

      МО.                                    М.О.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 280 бұйрығына
8-қосымша
  "Көлiк құралының
сәйкестендіру нөмірі бойынша
көлік құралдарының жекелеген
түрлерiн мемлекеттiк тiркеу
және есепке алу қағидаларына
12-қосымша
  нысан

Құжаттарды қабылдау туралы № қолхат

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетіледі)

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы

      немесе олардың өкілдері)

      Қабылданған құжаттардың тізбесі:

      1. ______________________________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________________________

      3. ________________________________________________________________________________

      4. ______________________________________________________________________________

      5. ______________________________________________________________________________

      6. ______________________________________________________________________________

      7. ______________________________________________________________________________

      8. ______________________________________________________________________________

      9. ______________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қабылдады: __________________________________ /____________/ ____________________

      Мемкорпорация қызметкері (қолы) (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))

      ____ жылғы "__" ________

      Берілген уақыты мен күні: ___ сағ. ___ мин.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 280 бұйрығына
9-қосымша
  "Көлiк құралының
сәйкестендіру нөмірі бойынша
көлік құралдарының жекелеген
түрлерiн мемлекеттiк тiркеу
және есепке алу қағидаларына
13-қосымша
  нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

      20-бабының 2) тармақшасына сәйкес __________________________

      (мекенжайын көрсету)

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет

      стандартында көзделген құжаттар тізбесін, атап айтқанда: жоқ құжаттардың атауы:

      1. ________________________________________;

      2. ________________________________________;

      3. _____________________________ толық ұсынбауыңызға байланысты

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету)

      мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әр тарап үшін біреуден 2 данада жасалды.

      ________________________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация немесе ІІО қызметкерінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)

      Алдым:

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 280 бұйрығына
10-қосымша
  "Көлiк құралының
сәйкестендіру нөмірі бойынша
көлік құралдарының жекелеген
түрлерiн мемлекеттiк тiркеу
және есепке алу қағидаларына
14-қосымша
  нысан

"Жүргізуші куәліктерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

ІІМ аумақтық бөліністері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) Мемкорпорация;
2) ЭҮП арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорация арқылы - 120 минут
ЭҮП арқылы - 60 минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз/электронды.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жүргізуші куәлігі

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақтан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

ЖК үшін мемлекеттік баж - 1,25 АЕК

7

Жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорация - еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 09-00-ден бастап сағат 20-00-ге дейін түскі үзіліссіз жүзеге асырылады;
2) ЭҮП - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сағат 18.00-ден соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
2) медициналық анықтама мен оның көшірмесі;
3) мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат;
4) курстарды аяқтағаны туралы куәлік пен оның көшірмесі (өзіндік даярлық жағдайларын қоспағанда) ұсынылады.
ЭҮП:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЭҮП-де электрондық-цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі - ЭЦҚ) белсендендіреді, барлық деректемелік деректерді толтырады;
2) медициналық анықтаманың сканерленген көшірмесі;
3) мемлекеттік баж төлемі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, өтініштер қабылдаудан, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік корпорация:
1) тиісті өтінімді қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған немесе толық көлемде ұсынбаған, сондай-ақ оқылмайтын, қарындашпен орындалған, түзетулері, қосып жазылулары, сызылған сөздері, сондай-ақ ескертілмеген түзетулері бар құжаттарды ұсынған;
2) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіруге өкілеттігі жоқ адам Мемкорпорацияға жүгінген;
3) ақпараттық жүйелерде мемлекеттік баж төленгені туралы мәліметтер болмаған; 4) жүгінген адамда айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулы және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама болған жағдайда, оларды орындағанға дейін мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдамайды және өтінімді қалыптастырмайды.
Көрсетілетін қызметті беруші:
1) көлік құралдарын басқаруға тыйым салулар мен шектеулер болған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризм мен экстремизді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген адам көлік құралдарын тіркеу органына жүгінген;
3) иесі (немесе оның өкілі) іздестіруде болған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электронды нысанда және Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы ала алады.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 280 бұйрығына
11-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 22 мамырда № 11112 болып тіркелді.

      2. "Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 473 бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 9 маусымда № 11293 болып тіркелді.

      3. "Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 13 ақпандағы № 924 бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылы 14 ақпанда № 18308 болып тіркелді.

      4. "Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 74 бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13348 болып тіркелді.

      5. "Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 242 бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылы 28 сәуірде № 16842 болып тіркелді.

      6. "Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 473 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 383 бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылы 8 мамырда № 18634 болып тіркелді.

      7. "Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 473 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 75 бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13318 болып тіркелді.

      8. "Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 473 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 20 маусымдағы № 460 бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылы 26 маусымда № 17121 болып тіркелді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады