"Монетарлыққа жататын қызметті айқындау туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы № 153 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 80 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11296 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3996 тіркелген «Монетарлыққа жататын қызметті айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы № 153 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      1-тармақтың жиырма жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «ақша-кредит саясаты, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, макропруденциялық реттеу, халықаралық және (немесе) өңірлік қаржы орталықтарын құру және дамыту, валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелеріне байланысты қызметті іске асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатып алу, сондай-ақ көрсетілген мәселелер бойынша консультанттар мен кеңесшілердің қызметін сатып алу.».
      2. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын және исламдық қаржыландыруды дамыту департаменті (Нургалиев Е.Б.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Ж. Құсайыновқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетов



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады