Шетел тасымалдаушыларының және әуе кеңістігін пайдалану қызметтері саласында мемлекеттік көрсетілген қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 530 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11305 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 527 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.10.2019 № 805 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К.Сейдахметов):

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      Е. Досаев _______________

      2015 жылғы 19 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 530 бұйрығына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.10.2019 № 805 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық дамуминистрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-бөлім. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 20 (жиырма) жұмыс күн;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген қызметтерді алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екi) жұмыс күні iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiлерi анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан дәлелдi түрде бас тартады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық түрде (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру не осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуді қарау нәтижесі мемлекеттік қызмет алушының "жеке кабинетіне"көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған құжат форматында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) құжаттарды қабылдаужөндеу жұмыстарының жүргізілуінебайланысты техникалық үзілістердіқоспағандатәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушыҚазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкесжұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кездемемлекеттік қызмет көрсетугеөтінішті қабылдау мен оның нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);

      2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

      9. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызметті алушы мынадай құжаттарды электрондық түрде қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті береді:

      1) шетелдік тасымалдаушы жарғысының электронды көшірмесі;

      2) Қазақстан Республикасындағы шетелдік тасымалдаушының өкілдігі, немесе филиалы туралы ереженің немесе бас агент жарғысының электронды көшірмесі;

      3) Қазақстан Республикасында тиiстi қаржылық жылға жасалған әуежайлық қызмет көрсету шартының, агенттiк шарттардың электронды көшiрмелерi;

      4) шетелдік тасымалдаушы өкілдігінің, немесе филиалының басшысына немесе бас агентке сенімхаттың электронды көшірмесі;

      5) азаматтық әуе кемесін пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасының электронды көшірмесі;

      6) уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасына/нан ұшуларды орындайтын авиажолаушылардың ресімделген және (немесе) брондалған билеттер туралы мәліметтерді ұсыну туралы кепілхаттың электронды көшірмесі;

      7) пайдаланушы куәлігінің және оған байланысты пайдалану ерекшеліктерінің электронды көшірмесі;

      8) Қазақстан Республикасына ұшуларды орындауға жоспарланып отырған барлық әуе кемелерінің тіркеу туралы куәліктерінің электронды көшірмесі. Әуе кемесін экипажбен жалға алу кезінде әуе кемесінің ұшуларына басшылықты жүзеге асыратын пайдаланушыны көрсете отырып, пайдаланушы мемлекеттің азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның келісуі;

      9) Қазақстан Республикасына ұшуларды орындауға жоспарланып отырған барлық ұшақтарының ұшу жарамдылық сертификатының электронды көшірмесі;

      10) шетел тасымалдаушының жолаушылар және үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауаптылығының сақтандыру полисінің электронды көшірмесі;

      11) Қазақстан Республикасына тұрақты рейстерді орындауға шетелдік тасымалдаушыны тағайындалғанын растайтын хаттың электронды көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кезйін көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуғамыналар:

      1) Қағидалардың 9-тармағына сәйкес тізбе бойынша құжаттарды ұсынбау не толық ұсынбау;

      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынылған құжаттарда анық емес мәліметтердің не қолданылу мерзімі өтіп кеткен мәліметтердің (құжаттардың) болуы негіз болып табылады.

3-бөлім. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 75-48-02.

      Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол, немесе "электронды үкімет" веб-порталы арқылы электронды түрде беріледі.

      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қолы қойылады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-бөлім. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.miid.gov.kz интернет-ресурсында ("Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Қазақстан Республикасының
аумағында өз қызметін жүзеге
асыратын шетелдiк
тасымалдаушыларды
аккредиттеу туралы куәлік беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Өтініш

      Сізді шетелдік әуемен тасымалдаушысының аккредиттелуін өткізуді сұраймын

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (ресми және коммерциялық атауы, ерекше болса)

      Авиакомпания туралы мәліметтер:

      1. Меншік нысаны __________________________________________

      2. Құрылған жылы_______________________________________________

      3. Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (нөмірі, кім және қашан берілген)

      4. Банк деректемелері

      __________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (№ есеп/шоты, қор/шоты, микрофинансты мекеме (МФО), банктің атауы және

      орналасқан жері)

      5. Заңды мекен жайы және басқа да деректемелер

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (почталық мекен жайы, телефон, телефакс, телекс, телетайп,

      телеграфтық ж/е телефондықшарттышақырулары, ИКАО, ИАТА, СИТА, АФТН кодтары)

      6._____________________________________________________________

      (кәсіпорынның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда)

      (бұдан әрі - Т.А.Ә)

      7. Қазақстан Республикасына ұшуларды орындауға жоспарланып отырған әуе кемелерінің тізбесі:

Әуе кеменің типі (үлгісі, сериялық номірі)

Тіркеу нөмірі

RVSM бекітуі (пайдаланушының мемлекетімен бекітуі)

EDTO (пайдаланушының мемлекетімен бекітуі)

1







2







3







4







5







      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беремін.

      Ескерту:

      1) ИКАО – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы;

      2) ИАТА – Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы;

      3) СИТА – Халықаралық авиациялық электр байланыс қоғамы;

      4) АФТН - авиациялық тіркелген телекоммуникациялық желісі;

      5) ӘК – әуе кемесі;

      6) RVSM - тік эшелондаудың қысқартылған минимумы;

      7) EDTO – арттырылған уақытпен қосымша әуеайлаққа кетумен ұшуларды жүргізу.

  Қазақстан Республикасында
шетелдік әуемен
тасымалдаушыларды
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті



 

Комитет гражданской авиации Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы
КУӘЛІК / СВИДЕТЕЛЬСТВО
об свидетельства об аккредитации иностранных перевозчиков, осуществляющих свою деятельность на территории Республики Казахстан № __________

      1.______________________________________________________________

      авиакомпанияның атауы/наименование авиакомпании

      _______________________________________________________________

      2. _____________________________________________________________

      заңды мекен-жайы/юридический адрес

      3.______________________________________________________________

      Шетелдік тасымалдаушының орналасқан елі/страна местонахождения иностранного перевозчика

      4. Куәлік 20 __ жылғы "___" __________ берілді

      Свидетельство выдано "___" _____________ 20__

      5. Куәлік 2 жылға дейін жарамды

      Срок действия свидетельства 2 года

      __________________________________________________

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның жауапты тұлғасы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) / ответственное лицо уполномоченного органа в сфере гражданской авиации, фамилия, имя, отчество (при наличии)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 530 бұйрығына
2-қосымша

"Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. "Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.10.2019 № 805 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі не аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні мерзімінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.10.2018 № 685 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.10.2019 № 805 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру (бұдан әрі – рұқсат беру).

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.10.2019 № 805 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі), егер пайдаланушыны тіркеуші мемлекет Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі болса, Қазақстан Республикасының аумағына қонбайтын халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға байланысты өтінімді қоспағанда, жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтері көрсетілген халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат өтінім;

      2) пайдаланушы куәлігінің көшірмелері (болған жағдайда);

      3) әуе кемесін тіркеу туралы куәліктің көшірмелері;

      4) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатының көшірмелері;

      5) үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершілікті сақтандыру полисінің көшірмелері;

      6) жүк құжаттамасының (көрсетілетін қызметті берушінің жеке сұрау салуы бойынша ұсынылады) көшірмесі.

      Пайдаланушы "Әуеде қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулықтар" ИКАО - Doc. 9284-AN/905 басылымында Біріккен Ұлттар Ұйымының тізімі бойынша жіктелуі көрсетілген тізбесі белгіленген бортындағы қауіпті жүкпен халықаралық тұрақты емес ұшуды жүзеге асыру үшін:

      1) әуеде қауіпті жүктерді тасымалдауға байланысты қызметті жүзеге асыру құқығына пайдаланушы сертификатының көшірмелерін;

      2) пайдаланушының немесе жүк жөнелтушінің жүктің оралуы және таңбалануының Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) белгіленген нормалары мен қағидаларына сәйкестігі туралы кепілдік хатының көшірмелерін ұсынады.

      Мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдау болып табылатын азаматтық әуе кемелерінің шетелдік пайдаланушыларының туристік чартерлік рейстері үшін:

      өтінімде көрсетілген рейсті жалға алушының туроператорлық қызмет көрсетуі үшін лицензия көшірмелерін қосымша ұсынады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.10.2019 № 805 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның
лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне
(әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 75-48-02.

      Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымда:

      жеке тұлғаның - тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;

      заңды тұлғаның - атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.10.2019 № 805 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле
отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң www.miid.gov.kz ("Азаматтық авиация комитетi" бөлiмiнiң "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" кiшi бөлiмiнде) интернет-ресурсында орналастырылған.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.10.2019 № 805 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдың "жеке кабинетi", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.

      14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91, мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Халықаралық тұрақты емес
ұшуларды орындауға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
Қосымша
  Нысан

Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат алуға өтінім

      Ескерту. Стандарт қосымшамен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.10.2019 № 805 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Пайдаланушының атауы және толық пошталық мекенжайы: _______________________________________________________________________________.

      2. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) коды және рейс нөмірі: _______________________________________________________________________________.

      3. Әуе кемесінің типі, тіркеу нөмірі және радио арқылы шақыруы: _______________________________________________________________________________.

      4. әуе кемесі тіркелген мемлекет: _____________________________________________.

      5. әуе кемесі командирінің (негізгі және резервтік) тегі, экипаж мүшелерінің саны және олардың азаматтығы: _____________________________________________________________.

      6. Ұшу мақсаты: ___________________________________________________________.

      7. Жолаушылардың (жүктердің) болуы және олардың саны: _______________________.

      8. Жолаушыларды (жүктерді) жөнелту және жеткізу пункттері және аралық отырғызу пункттері: ______________________________________________________________________.

      9. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ұшу бағытындағы әуе трассаларын, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне (кеңістігінен) кіру (шығу) нүктелерін көрсете отырып, әуе кемесі қозғалысының күні, толық авиамаршруты және кестесі:

      __________________________________________________________________________

      10. Жүк жөнелтуші (толық атауы, мекенжайы, телефоны):

      _________________________________________________________________________.

      11. Жүкті алушы (толық атауы, мекенжайы, телефоны):

      _________________________________________________________________________.

      12. Навигациялық және байланыс жабдығының типі: ____________________________.

      13. Бортта шет мемлекеттердің әскери құралымдарының, қару-жарағының және әскери

      техникасының болуы: ______________________________________________________.

      14. әуежайлар және аэронавигация қызметтері үшін болжамды төлем нысандары:

      _________________________________________________________________________.

      15. Лауазымды адамның қолы, телефоны: ______________________________________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады