Жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 304 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11306 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 483 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 07.12.2018 № 483 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Көмірсутегі шикізаты, көмір және уран бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Көмірсутегі шикізаты, көмір және уран бөлігінде жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйеге жолдануын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін;

      4) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен жұмыс күн он күн кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментке осы тармақтың 2) және 3) тармақшылармен көзделген мағлұмат орындау туралы енгізілсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Энергетика министрі

В.Школьник

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________Ә. Исекешев

      2015 жылғы "____" ___________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 8 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 304 бұйрығына
1-қосымша

"Көмірсутегі шикізаты, көмір және уран бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Көмірсутегі шикізаты, көмір және уран бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызмет Министрлікпен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады;

      2) www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут.

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – көмірсутегі шикізаты, көмір және уран бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлiгі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.

      Портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамның қолымен және мөрімен расталады.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының өтініші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан соң демалыс және мереке күндеріне сәйкес келсе, өтінішті қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхаты бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алуға өтiнiші (еркiн нысанда);

      жер қойнауын пайдалану құқығы кепiл шартының түпнұсқасы;

      сенiмхатсыз қол қоюға құқығы бар көрсетілетін қызметті алушының бiрiншi басшысын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының мүдделерiн бiлдiретiн адамға берiлетiн сенiмхат.

      порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алуға өтiнiшінің (еркiн нысанда) электрондық көшірмесі;

      жер қойнауын пайдалану құқығы кепiл шартының электрондық көшірмесі;

      сенiмхатсыз қол қоюға құқығы бар көрсетілетін қызметті алушының бiрiншi басшысын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының мүдделерiн бiлдiретiн адамға берiлетiн сенiмхаттың электрондық көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жеке басын растайтын құжаттар, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мағлұматтарды "электронды үкімет" шлюзі арқылы сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошта арқылы) – өтініштің көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады.

      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күн ішінде қаралады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.energo.gov.kz Министрлік интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы бар жағдайда мемлекеттік қызметті электронды түрде портал арқылы алуына мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz Министрлік интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 304 бұйрығына
2-қосымша

"Көмірсутегі шикізаты, көмір және уран бөлігінде жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Көмірсутегі шикізаты, көмір және уран бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызмет Министрлікпен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады;

      2) www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут.

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – көмірсутегі шикізаты, көмір және уран бөлігінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларға келісімшарттың бет жағындағы тіркеу мөртабаны.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.

      Портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының өтініші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан соң демалыс және мереке күндеріне сәйкес келсе, өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхаты бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алуға өтiнiші (еркiн нысанда);

      2) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшарттың түпнұсқасы;

      3) сенiмхатсыз қол қоюға құқығы бар көрсетілген қызметті алушының бiрiншi басшысын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының мүдделерiн бiлдiретiн адамға берiлетiн сенiмхат.

      порталға:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алуға өтiнiшінің (еркiн нысанда) электрондық көшірмесі;

      2) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшарттың электрондық көшірмесі;

      3) сенiмхатсыз қол қоюға құқығы бар көрсетілетін қызметті алушының бiрiншi басшысын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының мүдделерiн бiлдiретiн адамға берiлетiн сенiмхаттың электрондық көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жеке басын растайтын құжаттар, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мағлұматтарды "электронды үкімет" шлюзі арқылы сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде сақталатын заңмен қорғалатын құпия мағлұматтарды қолдануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошта арқылы) – өтініштің көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма – қол қабылданады.

      Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады.

      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.energo.gov.kz Министрлік интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы бар жағдайда мемлекеттік қызметті электронды түрде портал арқылы алуына мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz Министрлік интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады