Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 534 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11320 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 140/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 14.04.2020 № 140/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 25.07.2019 № 175/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мына:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.04.2020 № 143/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.04.2020 № 143/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына көшірмелерін жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағындағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________________Е. Досаев

      2015 жылғы 12 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 534 бұйрығына
1-қосымша

"Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 11.06.2018 № 98/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 25.07.2019 № 175/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Аэроғарыш комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 03.01.2018 № 1/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 11.06.2018 № 98/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      лицензия беру кезінде – 7 (жеті) жұмыс күні;

      лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап, екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 03.01.2018 № 1/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 11.06.2018 № 98/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 25.07.2019 № 175/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тарту туралы жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 03.01.2018 № 1/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес:

      1) лицензияны бергені үшін – 186 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);

      2) лицензияны қайта ресімдегені үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы АЕК мөлшеріне қарай лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейлі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзінің көмегімен (бұдан әрі - ЭҮТШ) портал арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 03.01.2018 № 1/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерден басқа, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 03.01.2018 № 1/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:

      1) лицензия алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымды бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 және 5-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымды бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы, ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе жолданады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 03.01.2018 № 1/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;

      2) лицензиялық алым енгізілмеген;

      3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      4) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;

      5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;

      6) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздер болып табылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 25.07.2019 № 175/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 11.06.2018 № 98/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 12-кіреберіс, 349-кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына, не көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жіберіледі.

      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы қабылданады.

      Шағымның қабылдағанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, түскен шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпарат бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы қолжетімді.

      Шағымды портал арқылы жолдаған кезде "жеке кабинеттен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жолданады, не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.06.2017 № 114/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 25.07.2019 № 175/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдана алады.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 11.06.2018 № 98/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.mdаi.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.06.2017 № 114/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 03.01.2018 № 1/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефоны: 8 (7172) 74-25-82, Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.06.2017 № 114/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Ғарыш кеңістігін пайдалану
саласындағы қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Лицензияны алуға арналған жеке тұлғаның өтініші

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 25.07.2019 № 175/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _____________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияны беруіңізді сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы

      ____________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елдімекені, көше атауы,

      үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта ___________ Тел/Факс ____________ Банк шоты _________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елдімекені, көше атауы,

      үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ___ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Жеке тұлға ______________ _____________________________________

                        (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________

  "Ғарыш кеңістігін пайдалану
саласындағы қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

Лицензияны алуға арналған заңды тұлғаның өтініші

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 25.07.2019 № 175/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________________________________

                        (лицензиардың толық атауы)

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның БСН болмаған жағдайда –

      шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН)

      Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияны беруіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы__________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,

      елдімекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта _______ Тел/Факс _________ Банк шоты ____________

                  (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      __________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елдімекені, көше атауы,

      үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ___ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Басшы ______________ _________________________________________

                        (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________

  "Ғарыш кеңістігін пайдалану
саласындағы қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
нысан

Мәліметтер нысаны

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 03.01.2018 № 1/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) үшін:

      1. Лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімінің және тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы туралы ақпарат:

      1) мамандығы және біліктілігі _______________________________________;

      2) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі туралы дипломның нөмірі және берілген күні _________________________________;

      шетелдік ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау бойынша мәлімет__________________________________;

      3) білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні _______________;

      4) жұмыс орны ___________________________________________________;

      5) кезеңі, атқаратын лауазымдары ___________________________________;

      6) жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмірі мен күні және/немесе еңбек шартының нөмірі және күні ____________;

      7) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген күні және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ оқу курсының тақырыбы (болған жағдайда) ________________________________________________________________;

      2. Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы туралы ақпарат:

      1) техникалық-өндірістік базаны сатып алу-сату немесе сыйға тарту немесе мүліктік жалға алу (жалдау) немесе ақысыз пайдалану немесе сенімгерлік басқару немесе тапсыру туралы шарттың нөмірі__________________________;

      2) техникалық-өндірістік базаның немесе үй-жайдың орналасқан жері ________________________________________________________________;

      3) шарт жасасқан күн ______________________________________________;

      4) шарт кіммен жасалды ___________________________________________;

      5) арнайы зертханалық немесе стендтік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы паспортының нөмірі және күні ___________________;

      6) паспорт берген орган ___________________________________________;

      7) жабдықтың тағайындалуы _______________________________________;

      8) сертификаттың нөмірі, күні, берген орган, салыстырып тексеру (калибрлеу) туралы сертификаттың қолданыс мерзімі (болған жағдайда) ______________;

      3. Бекітілген техникалық жобаның болуы туралы ақпарат:

      1) техникалық жобаның атауы ______________________________________;

      2) жобаның негізгі мақсатының қысқаша мазмұны ______________________;

      3) технологиялық процестің сипаттамасы _____________________________;

      4) өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ ______________;

      5) техникалық жобаны кім бекіткен ___________________________________;

      6) техникалық жобаның бекітілген күні ________________________________.

      2. Заңды тұлғалар үшін:

      1. Ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы туралы ақпарат:

      1) мамандығы және біліктілігі _______________________________________;

      2) жоғары білімі туралы дипломның нөмірі және берілген күні ____________;

      3) жоғары білімі туралы диплом берген оқу мекемесінің атауы _____________;

      4) жұмыс орны ___________________________________________________;

      5) лауазымы _____________________________________________________;

      6) ұйымның орналасқан жері _______________________________________;

      7) жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмірі мен күні және/немесе еңбек шартының нөмірі және күні

      ________________________________________________________________;

      8) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген күні және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ оқу курсының тақырыбы (болған жағдайда) ________________________________________________________________.

      2. Штатта тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың кемінде 10% болуы туралы ақпарат:

      1) штаттық кесте бойынша мамандардың жалпы саны (бірлік) ____________;

      2) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандар саны __________________________________________________;

      3) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), олардың мамандықтары және біліктілігі ___________________________________________________;

      4) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның жұмыс орны ___________________________________________;

      5) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның лауазымы _____________________________________________;

      6) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмірі және күні және/немесе еңбек шартының нөмірі мен күні ________________________________________________________________;

      7) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген күні және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның оқу курсының тақырыбы (болған жағдайда) _______________________________________________________.

      3. Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы туралы ақпарат:

      1) техникалық-өндірістік базаны сатып алу-сату немесе сыйға тарту немесе мүліктік жалға алу (жалдау) немесе ақысыз пайдалану немесе сенімгерлік басқару немесе тапсыру туралы шарттың нөмірі _______________________;

      2) техникалық-өндірістік базаның немесе үй-жайдың орналасқан жері ________________________________________________________________;

      3) шарт жасасқан күн ______________________________________________;

      4) шарт кіммен жасалды ___________________________________________;

      5) арнайы зертханалық немесе стендтік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы паспортының нөмірі және күні ___________________;

      6) паспорт берген орган ______________________________________________;

      7) жабдықтың тағайындалуы ________________________________________;

      8) сертификаттың нөмірі, күні, берген орган, салыстырып тексеру (калибрлеу) туралы сертификаттың қолданыс мерзімі (болған жағдайда)

      ________________________________________________________________.

      4. Бекітілген техникалық жобаның болуы туралы ақпарат:

      1) техникалық жобаның атауы ________________________________________;

      2) жобаның негізгі мақсатының қысқаша мазмұны _______________________;

      3) технологиялық процестің сипаттамасы _____________________________;

      4) өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ ______________;

      5) техникалық жобаны кім бекіткен __________________________________;

      6) техникалық жобаның бекітілген күні ________________________________.

  "Ғарыш кеңістігін пайдалану
саласындағы қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша

Лицензияны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 25.07.2019 № 175/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________________

                        (лицензиардың толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға

      20___ жылғы " " ________ № ____________, _______________ берілген,

      (лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)

      лицензияны мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі _______

      2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______

      3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі _______

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"

      Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда,

      лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар"

      класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін объектілерді

      көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы

      _____________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елдімекені, көше атауы,

      үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта _______ Тел/Факс _________ Банк шоты _________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елдімекені, көше атауы,

      үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Жеке тұлға ____________ _______________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

  "Ғарыш кеңістігін пайдалану
саласындағы қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
5-қосымша

Лицензияны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 25.07.2019 № 175/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _____________________________________________________________

                        (лицензиардың толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның БСН болмаған жағдайда –

      шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН)

      Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға

      20___ жылғы " " ___________ № ____________, ______________________ берілген,

      (лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)

      лицензияны мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):

      бірігу ____ қайта құру ____ қосылу ____ бөліп шығару ____ бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"

      Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші

      тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша

      берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін объектілерді көрсете отырып,

      объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы_______________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, БСН,

      заңды тұлғаның БСН болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының

      немесе өкілдігінің БСН)

      Электрондық пошта _______ Тел/Факс _________ Банк шоты __________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      _______________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,

      елдімекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Басшы ______________ __________________________________________

                        (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 534 бұйрығына
2-қосымша

"Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.04.2020 № 143/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады