Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2015 жылғы 8 мамырдығы № 154 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда № 11377 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 138 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 28.06.2024 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ереженің 20-тармағы 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының ерекше үй-жайларына арналған

      алаңдардың заттай нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Әкімшілік жұмыс департаментінің Жоспарлау және қаржы-шаруашылық басқармасы:

      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін;

      3) осы бұйрықтың іске асырылуын тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға

Қ. Қожамжаров

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі


___________ Б. Сұлтанов


2015 жылғы 12 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 154
бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл органдарының ерекше үй-жайларына арналған
алаңдардың заттай нормалары

Үй-жайдың атауы

Өлшем бірлігі

Үй-жайдың алаңы


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық

аппараты

1

Қару-жарақ, оқ-дәрілерді, жарылғыш

заттарды, арнайы және химиялық

құралдарды сақтауға арналған үй-жай

1 аттестатталған қызметкерге

шаршы м.

0,2 дейін

2

Кезекші бөлімді орналастыруға арналған үй-жай

шаршы м.

36 дейін

3

Ұсталған адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай

шаршы м.

18 дейін

4

Тергеудегілерден жауап алуды жүргізуге арналған кабинет

шаршы м.

18 дейін

5

Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай

шаршы м.

36 дейін

6

Құпиялық белгісі бар құжаттармен және картотекамен жұмыс істеуге және сақтауға арналған үй-жай

шаршы м.

56 дейін

7

Полиграфиялық зерттеу жүргізуге арналған кабинет

шаршы м.

20 дейін

8

Консультациялық орталық

шаршы м.

75 дейін

9

Физикалық дайындық үй-жайы

шаршы м.

400 дейін


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық

бөлімшелері

1

Қару-жарақ, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай

1 аттестатталған қызметкерге

шаршы м.

0,2 дейін

2

Кезекші бөлімді орналастыруға арналған үй-жай

шаршы м.

40 дейін

3

Ұсталған адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай

шаршы м.

25 дейін

4

Тергеудегілерден жауап алуды жүргізуге арналған кабинет

шаршы м.

35 дейін

5

Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай

шаршы м.

40 дейін

6

Құпиялық белгісі бар құжаттармен және картотекамен жұмыс істеуге және сақтауға арналған үй-жай

шаршы м.

50 дейін

7

Полиграфиялық зерттеу жүргізуге арналған кабинет

шаршы м.

30 дейін

8

Физикалық дайындық үй-жайы

шаршы м.

225 дейін


      Ескерту: жоғарыда көрсетілген тиістілік нормалары мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарында ерекше үй-жайлардың бар болуына байланысты анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады