Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.10.2020 № ҚР ДСМ-121/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 88-бабының 5-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер және тәртібін көрсету қағидаларын;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер корсету көлемі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Денсаулық сақтау және | |
әлеуметтік даму министрі | Т. Дүйсенова |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 368 бұйрығына 1-қосымша |
Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға барынша
дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және
емдік медициналық қызметтер көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 88-бабының 5-1-тармағына сәйкес босқындарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында баспана іздеп жүрген адамдарға профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.
2. Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға медициналық көмек барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.
3. Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға медициналық көмек көкірек қуысын флюорографиялық зерттеп-қарауды, қанды зерттеуді (қан мен несептiң жалпы талдауы, АИТВ – инфекциясына несептiң жалпы талдауы) жүргізумен жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексеріп-қарау жүргізуді қамтиды.
4. Босқындарды, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға екпе "Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 бекітілген қаулысымен профилактикалық екпеге сәйкес өткізіледі.
5. Босқындардан, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдардан "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 89) тармақшасына сәйкес бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесінде көзделген аурулардың белгілері анықталған жағдайда науқасты анықтаған денсаулық сақтау ұйымы тез арада мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметіне "Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен улануларды тіркеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 706 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5908 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы халқының арасындағы инфекциялық, паразиттік аурулардың жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу ережесінің 2-тармағына сәйкес хабарлама жібереді.
6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға медициналық көмек көрсету үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын айқындайды және оларға босқындарды, сондай-ақ пана іздеген адамдарды бекітуді қамтамасыз етеді.
7. Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін айқындалған денсаулық сақтау ұйымдарының координаттары ақпарат үшін босқындардың, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдардың шоғырлану орындарына жіберіледі.
8. Медициналық көмекті ұсыну қажет болған кезде босқын, сондай-ақ пана іздеп жүрген адам тұрғылықты (орналасқан) жеріндегі ұйымның медицина қызметкерін ескертеді. Медицина қызметкері шұғыл жағдайда жедел, кезек күттірмейтін көмек ұсыну үшін жедел медициналық жәрдем шақырады, одан басқа босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға медициналық көмек ұсынуға жауапты жергілікті атқарушы органдар айқындаған денсаулық сақтау ұйымдарын хабардар етеді.
9. Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға медициналық көмек көрсету стандарттарына және диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес көрсетіледі.
10. Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға жедел медициналық көмек шұғыл көрсетілімдер бойынша медициналық көмек көрсетуді, пациенттерді көрсетілімдері бойынша медициналық ұйымдарға жеткізуді қамтиды.
11. Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға медициналық көмек:
1) жедел медициналық жәрдемді;
2) мыналарды:
медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі – МСАК);
медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі – КДК) қамтитын амбулаториялық-емханалық көмекті;
3) уәкілетті орган айқындайтын ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланған саны шеңберінде МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасымен, шұғыл көрсетілімдер бойынша - жолдаманың болу-болмауына қарамастан көрсетілетін стационарлық медициналық көмек;
4) МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын көмекті;
5) қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту;
6) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 96 "Халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуі тиіс санаттарының тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10576 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес халықтың санатына арналған паллиативтік көмек және мейіргер күтімін қамтиды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 368 бұйрығына 2-қосымша |
Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға барынша
дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және
емдік медициналық қызметтер көрсету көлемі
Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға тегін негіздегі медициналық көмек "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне (бұдан әрі – ТМККК), "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 77) тармақшасына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың ТМККК алуын қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.