Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесін және медициналық көмектің көлемін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-121/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 қазанда № 21407 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 83-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдарға медициналық көмектің көлемі бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 9 қазаны
№ ҚР ДСМ-121/2020 бұйрығына
1- қосымша

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесі

Реттік саны

Аурулардың атауы

Аурулардың халықаралық жіктелуі бойынша коды

1

Дифтерия

А 36

2

Қызылша

Б 05

3

Қызамық

Б 06

4

Көкжөтел

А 37

5

Скарлатина

А 38

6

Жел шешегі

Б 01

7

Эпидемиялық паротит

Б 26

8

А, В, С Паратифтері

А 01.1; А 01.2; А01.3

9

Полиомиелит

А 80

10

Менингококк инфекциясы

А 39

11

Тырысқақ

А 00

12

Іш сүзегі

А 01.0

13

Туберкулез (қақырық жағындысының туберкулез микобактериясының болуына екі рет конверсиясына қол жеткізгенге дейін бактерио бөлетін өкпе туберкулезі; науқастың өміріне қауіп төндірмейтін жағдайға қол жеткізгенге және қақырық жағындысының туберкулез микобактериясының болуына екі рет конверсиясына қол жеткізгенге дейін туберкулездің жіті үдемелі түрлері (менингит, милиарлық туберкулез))

А 15-А 19

14

Психикалық және мінез-құлық (аурулар) бұзылушылықтары

F00-99

15

Күйдіргінің өкпелік түрі

A 22

16

Оба

А 20

17

Вирустық геморрагиялық қызбалар

А 90-А99

18

Сары қызба

А 95

19

А, Е вирустық гепатиттері

В 15,16,17

20

Безгек

В 50-54

21

Вирустың жаңа субтипінен туындаған адам тұмауы

J10.0-J11.8

22

Ауыр жіті респираторлық синдром (АЖРС)

U04

23

Коронавирусная инфекция

U07.1

  бұйрығына
2- қосымша

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдарға көрсетілетін медициналық көмектің көлемі

Реттік саны

Медициналық қызметтің
коды

Медициналық қызметтің атауы

Медициналық көмектің көлемі

Консультациялық қабылдау

1

A02.001.000

Терапевт

Жылына 2 рет

2

A02.002.000

Педиатр

Жылына 1 рет

4

A02.013.000

Хирург

Жылына 1 рет

5

A02.020.000

Инфекционист

Жылына 1 рет

6

A02.023.000

Офтальмолог

Жылына 1 рет

7

A02.012.000

Гастроэнтеролог

Жылына 1 рет

8

A02.014.000

Оториноларинголог

Жылына 1 рет

9

A02.016.000

Пульмонолог

6-айда 2 рет

10

A02.046.000

Психиатр

6-айда 2 рет

11

A02.074.000

Рентгенолог (2 рентгенограммны оқу)

6-айда 2 рет

Зертханалық диагностика

12

B03.401.003

Экспресс әдіспен қан құрамындағы жалпы холестеринді анықтау

Жылына 1 рет

13

B03.335.003

Экспресс әдіспен қан құрамындағы глюкозаны анықтау

Жылына 1 рет

14

B02.111.002

Жасаушылардың 3-сынабының дифференциалдық сыныбы бар талдаушыта қаның жалпы талдауы

Жылына 1 рет

15

B01.077.001

Несепті қол әдісімен жалпы клиникалық зерттеу (несепті жалпы талдау)

Жылына 1 рет

16

B01.054.001

Қақырықты талдауышта бактериологиялық зерттеу БҚ қолмен жасау әдісімен

Жылына 1 рет

Ультрадыбыстық және Рентгенологиялық диагностика

17

C03.008.004

Кешенді ультрадыбыстық диагностика (бауыр,өт жолдары,ұйқы безі, көк бауыр, бауыр)

Жылына 1 рет

18

C03.019.005

Кеуде құысы ағзасының шолу Рентгенографиясы (1 проекциясы)

6-айда 2 рет

19

C02.020.000

Электроэнцефалография

Жылына 1 рет

  бұйрығына
3- қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 194 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11317 болып тіркелді, 2015 жылғы 23 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).

      2. "Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсету қағидаларын мен көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 368 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11409 болып тіркелді, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).

      3. "Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15572 болып тіркелді, 2017 жылғы 28 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).

      4. "Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 194 бұйрығындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11317 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланған) 2-тармаққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № ҚР ДСМ-62 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 23 мамырдағы № 18637 болып тіркелді, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде жарияланды).

      5. "Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 194 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № ҚР ДСМ-18/2020 бұйрығы. (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 20 наурызда № 20143 болып тіркелді Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде жарияланды).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады