Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.10.2020 № ҚР ДСМ-118/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 109) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша), меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау субъектілері:
1) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
2) медициналық ұйымдардың мамандарын, оның ішінде медициналық емес білімі бар мамандарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйретсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Т.Дүйсенова |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 380 бұйрығына қосымша |
Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы
№ | Атауы | Саны |
1. | Зарарсыздандырылған бинт | 2 дана |
2. | Зарарсыздандырылмаған бинт | 2 дана |
3. | Мақта | 1 қаптама |
4. | Зарарсыздандырылған қолғап № 7-8 | 6 дана |
5. | Лейкопластырь | 1 қаптама |
6. | Жгут | 1 дана |
7. | Этил спирті 70% | 1 құты |
8. | Груша (сілекейді сору үшін) | 1 дана |
9. | Зарарсыздандырылған шпатель (ауыз қуысын ашуға арналған) | 1 дана |
10. | Амбу қабы | 1 дана |
11. | Тонометр | 1 дана |
12. | Фонендоскоп | 1 дана |
13. | Валидол 0,06 г | 1 қаптама |
14. | Нитроглицирин 0,005 | 1 қаптама |
15. | Аммиак ертіндісі 10% | 1 құты |
16. | Эпинефрин | 1 қаптама |
17. | Иод ертіндісі 5% | 1 құты |