Пациенттер құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсаттарында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 390 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 маусымда № 11439 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-335/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.12.2020 № ҚР ДСМ-335/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Пациенттер құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсаттарында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және әлеуметтік


даму министрі

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 390 бұйрығымен
бекітілген

Пациенттер құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсаттарында
медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау
құралдарын, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарын, фото-,
бейнеаппаратураларды қолдану қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Пациенттер құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсаттарында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6-1) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес оларды қолдану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) анықтама-ақпараттық үй-жайлар – әдістемелік ақпарат кабинеттері, анықтама беру бөлімі;

      2) жеке гигиена үй-жайы – әжетханалар, ванналар, душ бөлмелері;

      3) мамандандырылған медициналық ұйымдар – наркологиялық, психиатриялық және туберкулезге қарсы ұйымдар;

      4) техникалық құралдар (ТҚ) – техникалық бақылау құралдары, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптары, фото-, бейнеаппаратуралар;

      5) үй-жайлардың аумағы – дәліздер, тіркеу орнымен вестибюль, дәріхана дүңгіршегі, арба қоятын жер, келушілер мен қызметкерлер үшін киім ілетін жер, анықтама-ақпараттық үй-жайлар, қабылдау бөлімшесінде амбулаториялық-емханалық ұйымның ақылы қызметтерге ақшаны қабылдау кассасының үй-жайы және стационарлық көмек көрсететін ұйымның шығару үй-жайы.

      3. ТҚ қолдану бұл объективті шындықты білу үшін болып жатқан іс-қимылдарды, оқиғаларды, фактілерді белгілеу мақсатында ТҚ пайдалануды білдіреді.

      4. ТҚ ішкі және сыртқы болып бөлінеді:

      1) ішкі ТҚ медициналық ұйымдардың үй-жайларына орнатылады;

      2) сыртқы ТҚ бақыланатын аумақты толық қамтуға мүмкіндік беретін қашықтықтағы аумақтың периметрі бойынша орнатылады.

      5. Бақылау объектілері:

      1) медициналық ұйым аумағындағы үй-жайдағы азаматтар;

      2) медициналық ұйымда емделуде жүрген пациенттер;

      3) медициналық ұйымның аумағы мен үй-жайы болып табылады.

      6. ТҚ орналасқан жерлерде "Объекті бейнебақыланады" деген жазумен маңдайша орнатылады.

2. Денсаулық сақтау ұйымдарында техникалық бақылау
құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото-,
бейнеаппаратуралардың орналасуы

      7. ТҚ орналасуы (бір немесе бірнеше жерде) белгіленген аумақты бақылаумен мүмкін болатын қамтудың және іс-қимылды белгілеудің қажеттілігімен айқындалады.

      8. ТҚ амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда орнатылады:

      1) жалпы үй-жайдың аумағында;

      2) емдеу-диагностикалық бөлімше, травматологиялық пункт, жедел медициналық жәрдем бөлімшесі, әйелдер консультациясы, дәріхана, стоматологиялық бөлімше, күндізгі стационар орналасқан медициналық ұйымдардың дәліздерінде орнатылады.

      9. ТҚ стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда:

      1) жалпы үй-жайдың аумағында;

      2) патологоанатомиялық бөлімшені, дәріханаларды, ас дайындау қызметін, қызметтік үй-жайларды, клиникалық кафедралардың үй-жайларын қоса алғанда басқа құрылымдық бөлімшелердің дәліздерінде орнатылады.

      10. ТҚ перинаталдық орталықтарда, перзетханаларда, босандыру бөлімшелерінде, жүкті әйелдерді, босанатын және босанған әйелдерді қабылдау үй-жайларына, жаңа туған нәрестелердің патологиясы және туа біткен даму ақаулары бар балалар үшін бөлімшелердің үй-жайларында орнатылады.

      11. ТҚ мамандандырылған медициналық ұйымдарда:

      1) жалпы үй-жайдың аумағында;

      2) медициналық ұйымның қабылдау бөлімшесінде;

      3) наркологиялық ұйымдарда алкогольден мас болу сараптамасын, психиатриялық ұйымдарда амбулаториялық және стационарлық сараптама жүргізу үшін үй-жайларды қоса алғанда емдеу-диагностикалық бөлімшелер орналасқан үй-жайлардың дәліздерінде орнатылады.

      12. Жеке гигиена үй-жайларында, ем-шара және манипуляциялық кабинеттерде, операциялық блоктарда ТҚ орнатуға рұқсат етілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады