Кәсіптік даярлықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 404 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11449 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.12.2020 № ҚР ДСМ-249/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-1 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кәсіптік даярлықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2015 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және әлеуметтік


даму министрі

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы № 404
бұйрығымен бекітілген

Кәсіптік даярлықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы
мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын және біліктілікке сәйкестігін растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың, соның ішінде, шетел мамандары мен Қазақстан Республикасының шегінен тыс білім алған тұлғалардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілікке сәйкестігін растау (бұдан әрі – Бағалау) тәртібін анықтайды. Бағалауды уәкілетті органмен аккредиттелген ұйым жүргізеді (бұдан әрі – бағалау бойынша ұйым).

      2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер мен ұғымдар пайдаланылады:

      1) өңірлік симуляциялық орталықтар (бұдан әрі – ӨСО) – өңірлердегі денсаулық сақтау мамандарын үздіксіз кәсіби дамыту және бағалау үшін базаны ұсыну мақсатында, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша құрылған мемлекеттік медициналық колледждердің құрылымдық бөлімшелері;

      2) апелляциялық комиссия – үміткерлердің апелляциялық өтініштерін қарау үшін бағалау жөніндегі ұйым қызметкерлері мен тәуелсіз сарапшылар қатарынан бағалау жөніндегі ұйыммен құрылатын комиссия;

      3) білім бағалау – денсаулық сақтау саласындағы тиісті мамандық бойынша үміткердің теориялық білім деңгейін анықтау;

      4) дағды – алынған білімнің жиынтығымен қамтамасыз етілетін және жаттығулар арқылы қалыптасқан, іс-қимылды орындаудың меңгерілген әдісі; бірнеше қайтара қайталау жолымен автоматизмге дейін жеткізілген іс-қимыл;

      5) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау үшін бағалау (сертификаттауға бағалау) – клиникалық практикаға (пациенттермен жұмысқа) рұқсат беру үшін медицина қызметкерлерінің клиникалық мамандықтарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілетін мамандардың білімін бағалау рәсімі;

      6) денсаулық сақтау саласындағы біліктілік санатын беру мақсатындағы бағалау (мамандардың біліктілікке сәйкестігін растауды бағалау) – мамандардың біліктілік деңгейін анықтау немесе растау мақсатында, мамандардың білімін және практикалық дағдыларын бағалау рәсімі;

      7) клиникалық станция – әр түрлі симуляциялық жабдықтарды (манекендер, фантомдар, муляждар, автоматтандырылған виртуалдық моделдер, интерактивті оқытатын компьютерлік бағдарламалар, аудио-бейне материалдар) қолдана отырып және (немесе) стандартталған пациенттердің қатысуымен мамандардың клиникалық білімдері мен дағдыларын бағалауға арналған жеке жарақтандырылған үй-жай (бөлме не секция);

      8) маман – кәсіби медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар және медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

      9) симуляциялық жабдықтар – шынайы жағдайларға барынша жақындатылған стандартталған жағдайларда, клиникалық жағдайларды модельдеуге мүмкіндік беретін құрылғылар, құралдар, аппаратуралар;

      10) симуляциялық технологиялар – автоматты түрде қайталанатын іс-қимылдарды әзірлеуді, клиникалық және басқа да жағдайларды, соның ішінде, нақты жағдайға барынша жақындастырылған шұғыл жағдайларды модельдеуде негізделген барабар шешімдерді жедел қабылдауды қамтитын, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың дағдыларын бағалаудың және оқытудың заманауи технологиялары;

      11) стандартталған пациент – науқасты шынайы бейнелеуге оқытылған (оның шағымдарын, психоэмоционалдық жағдайын келтіретін, қандай да бір клиникалық жағдайды жоғарғы дәрежеде сахналауға қабілеті бар), шарт қатынастарының шеңберінде маманның коммуникативтік дағдыларын бағалау үшін тартылатын жеке тұлға;

      12) практикалық дағдыларды бағалау – үміткердің практикалық дағдыларды меңгеру деңгейін оларды көрсету процесінде анықтау;

      13) тіркеу картасы – бағалау кезеңін, күнін және уақытын көрсететін, әр үміткерді есепке алуға арналған жеке карта;

      14) үміткер – Бағалаудан өтуге үміткер маман.

      3. Бағалаудан өту үшін үміткерлердің өтінішін қабылдау бағалау жөніндегі ұйыммен жүзеге асырылады.

      4. Бағалаудың оң нәтижесі денсаулық сақтау мамандарына уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласының мамандары үшін мемлекеттік органның ведомствосымен және оның аумақтық бөлімшелерімен сертификаттауды жүргізу және біліктілік санатын беру үшін негіз болып табылады.

      5. Бағалау мемлекеттік немесе орыс тілінде үміткердің талғамы бойынша жүргізіледі.

      6. Бағалау нәтижесі Қазақстан Республикасының аумағында берілген күнінен бастап бір жыл бойы қолданылады.

2. Сертификаттауға бағалауды ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі

      7. Сертификаттауға бағалау орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін, сонымен қатар кадрларды қайта даярлаудан өткен және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған адамдар үшін жүргізіледі.

      8. Сертификаттауға бағалау тестілеу түрінде автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен жүргізіледі.

      9. Сертификаттауға бағалауға тіркелу үшін үміткерлер мыналарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

      2) білім туралы құжаттардың көшірмелерін және салыстыру үшін түпнұсқаларын;

      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткер сауалнамасын;

      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.

      10. Өтініш пен сауалнаманың нысандары бағалау бойынша ұйымның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      11. Тіркелу рәсімі аяқталғаннан кейін үміткерге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сертификаттауға бағалаудан өтуге тіркелу картасы беріледі.

      12. Тестілеуге арналған үй-жай бейнекамералармен жарақтандырылады.

      Тестілеуді өткізу объективтілігі жағдайлардың, уақыттың, нәтижелерді есептеудің, мәтіндер мазмұнының стандарттылығымен қамтамасыз етіледі.

      13. Үміткерлер тіркелу картасын және жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен жағдайда тестілеуге жіберіледі.

      14. Тестілеуге арналған үй-жайға кіру (шығу) бағалау бойынша ұйымның жауапты тұлғасының рұқсатымен жүзеге асырылады.

      15. Үміткерлер тіркелу картасында көрсетілген уақытта тестілеуге арналған үй-жайларда болады.

      16. Тестілеу басталғанға дейін бағалау бойынша ұйымның қызметкері:

      1) үміткерлерге тестілеу тәртібі туралы нұсқама береді;

      2) дербес компьютерлермен жабдықталған тестілеуге арналған үй-жайда жұмыс істейтін пайдаланушылар үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықпен үміткерлерді таныстырады.

      17. Тестілеу кезінде үміткерлердің сөйлесуіне және тестілеу өткізіліп отырған үй-жайдан шығып кетуіне, компьютердің аппараттық конфигурациясына өзгерістерді енгізуіне болмайды.

      Үміткер талаптарды бұзған жағдайда тестілеу өткізіліп отырған үй-жайдан шығып кетеді, тестілеу нәтижесі жарамсыз деп танылады.

      18. Тест тапсырмаларын әзірлеуді және оларды жыл сайын жаңартуды бағалау бойынша ұйым жүзеге асырады. Бағалау бойынша ұйым тест сұрақтарын бекітеді.

      Барлық үміткерлерге арналған тест тапсырмаларының сұрақтары бағалау бойынша ұйымның ресми сайтында орналастырылады.

      19. Бір мамандық бойынша және бір үміткерге арналған тест тапсырмаларының жалпы саны 50 сұрақты құрайды. Тестілеу уақыты – 75 минут.

      Тестілеуден өтудің шекті деңгейі сұрақтардың жалпы санынан кемінде 50 %-дан аса (25-тен аса дұрыс жауап) құрайды.

      20. Тестілеуден өтуге берілген уақыт аяқталғанда, бағдарлама автоматты түрде жабылады.

      21. Тестілеу нәтижесіне компьютерлік бағдарламамен автоматты түрде есеп жүргізіледі.

      22. Тестілеу нәтижесі үміткерге тестілеу аяқталғаннан кейін бірден беріледі.

      23. Тестілеу нәтижесі осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттауға бағалау нәтижесіне енгізіледі.

      24. Сертификаттауға бағалау тестілеуден сәтті өткен жағдайда өтті деп есептеледі.

      Бағалаудан өту нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) "расталды";

      2) "расталмады".

      25. Үміткерді қайта тестілеу алдыңғы тестілеу кезінен бастап кемінде үш жұмыс күнінен кейін бірдей бағдарлама бойынша, осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш пен сауалнама ұсынылғаннан кейін жүргізіледі.

      26. Қайта тестілеуден өтпеген үміткерлер 216 сағат көлемінде мамандық бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін тестілеуді тапсыруға жіберіледі.

3. Мамандардың біліктілікке сәйкестігін растауды бағалауды
ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі

      27. Мамандардың біліктілікке сәйкестігін растауды бағалау медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін өткізіледі.

      Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мамандардың біліктілікке сәйкестігін растауды бағалауға тіркелу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі.

      28. Тіркелу рәсімі аяқталғаннан кейін үміткерге осы Қағидаларға 5-қосымшағасәйкес Бағалаудан өтуге тіркелу картасы беріледі.

      29. Клиникалық практикамен айналысатын жоғары және орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі медициналық білімі бар мамандар үшін мамандардың біліктілікке сәйкестігін растауды бағалау мына кезеңдерден тұрады:

      1) тестілеу;

      2) практикалық дағдыларды бағалау.

      Жоғары және орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілікке сәйкестігін растауды бағалау тестілеу түрінде жүргізіледі.

      30. Тестілеуді бағалау бойынша ұйымның қызметкері осы Қағидалардың 2-бөлімімен көзделген ұқсас тәртіпте өткізеді.

      31. Тестілер үміткер өтініш берген біліктілік санатына байланысты күрделілік дәрежесі бойынша ерекшелінеді.

      Тестілеуден өтудің шекті деңгейі:

      бірінші санатқа - 60%-дан 100%-ға дейін;

      екінші санатқа - 70%-дан 100%-ға дейін;

      жоғары санатқа - 80%-дан 100%-ға дейін құрайды.

      32. Тестілеу нәтижесі үміткерге тестілеу аяқталғаннан кейін бірден беріледі.

      33. Тестілеу нәтижесі мамандардың біліктілікке сәйкестігін растауды бағалау нәтижесіне осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізіледі.

      34. Тестілеуден өту үшін шекті деңгейге жетпеген үміткер практикалық дағдыларды бағалау кезеңіне жіберілмейді.

      35. Практикалық дағдыларды бағалау кезеңінен өтпеген жағдайда үміткер осы бағалаудан қайта өтуге алдындағы бағалаудан өткен күнінен бастап бір ай өткен соң жіберіледі. Бұл ретте, осы үміткер тестілеудің нәтижелерін көрсете отырып, тестілеуден қайта өтуден босатылады.

      36. Тестілеуден өткен жағдайда үміткер тіркелу картасында көрсетілген уақытта практикалық дағдыларды бағалауға жіберіледі.

      37. Практикалық дағдыларды бағалау ӨСО практикалық базасын тарта отырып, бағалау бойынша ұйымы өткізеді.

      38. Практикалық дағдыларды бағалау бойынша ұйым бекіткен бағдарламалар бойынша емтихан комиссиясы өткізеді. Емтихан комиссиясының құрамы тақ санынан, бірақ әр станция бойынша кемінде үш мүшеден тұрады.

      Емтихан комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10735 болып тіркелген) Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттелген тәуелсіз сарапшылар тартылады. Емтихан комиссиясы бағалау бойынша ұйымның бұйрығымен бекітіледі.

      39. Практикалық дағдыларды бағалау кандидаттың мыналардан:

      екінші санатқа – 5 клиникалық станциядан;

      бірінші санатқа – 6 клиникалық станциядан;

      жоғары санатқа – 8 клиникалық станциядан өтуін қамтиды.

      40. Практикалық дағдыларды бағалау үшін клиникалық станциялардың тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшамен анықталады.

      41. Практикалық дағдыларды бағалау әрбір үміткерді бейне-аудио жазу жүйесін пайдалана отырып, жүргізіледі. Жазбалар архивтелінеді және бағалаудан өткен сәттен бастап кемінде күнтізбелік 30 күн бойы сақталады.

      42. Үміткердің әр клиникалық станциядан өту нәтижесі өтініш берілген санатқа сәйкес балдық жүйе бойынша бағаланады. Үміткер практикалық дағдылардың кемінде 90 % дұрыс орындаған жағдайда станциядан "өтті" деп есептеледі.

      Үміткердің әр клиникалық станциядан өту уақыты 10 минутты құрайды.

      Бағалаудың басталуын және аяқталуын дыбыстық сигнал көрсетеді. Дыбыстық сигналдан кейін үміткерлер клиникалық станцияға кіріп, комиссияға өзінің іс-қимылдарын түсіндіре отырып, білімдері мен дағдыларын көрсетеді.

      Егер үміткер станциялардың бірінде қойылған міндеттерді орындауды мерзімінен бұрын аяқтаса, сақталған уақыт үзіліс ретінде пайдаланылады және келесі станциядан өту уақытына қосылмайды.

      Практикалық дағдыларды бағалау нәтижесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мамандардың біліктілікке сәйкестігін растауды бағалау нәтижесіне енгізіледі.

      Егер үміткер клиникалық станциялардың бірінде "расталмады" деген шешім алса, келесі клиникалық станцияға үміткер жіберілмейді және бағалаудан "өтпеді" деп танылады.

      Жалпы бағалаудан өту үшін үміткер әр станциядан "расталды" деген шешіммен өтуі тиіс.

      43. Бағалаудың екі кезеңінен (тестілеу және практикалық дағдыларды бағалау) сәтті өткен жағдайда үміткер біліктілік санатын беру үшін бағалаудан өтті деп танылады.

      Бағалаудан өту нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) "расталды";

      2) "расталмады".

      44. Мамандардың біліктілікке сәйкестігін растауды бағалаудан кейін бір жұмыс күн ішінде бағалау бойынша ұйым үміткерге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мамандардың біліктілікке сәйкестігін растауды бағалау нәтижесін береді.

      45. Практикалық дағдыларды бағалаудан өтпеген үміткерлерге алдыңғы бағалау кезінен бастап он жұмыс күнінен ерте емес, осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш пен сауаланама ұсынылғаннан кейін қайта өтуге болады.

      46. Мыналарды қайта тапсырмаған үміткерлер:

      тестілеуді, 216 сағат көлемінде мамандық бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін тестілеуді тапсыруға жіберіледі.

      практикалық дағдыларды, 54 сағат көлемінде симуляциялық технологиялар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан қосымша өткеннен кейін тапсыруға жіберіледі.

4. Апелляциялық комиссия

      47. Бағалау нәтижелеріне шағымдану туралы апелляциялық өтініш (бұдан әрі – өтініш) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағымдану себептерін негіздей отырып, емтихан комиссиясының хатшысына беріледі.

      48. Өтінішті үміткер Бағалау нәтижелерін алған күнінен бастап күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей береді.

      49. Емтихан комиссиясының хатшысы кандидаттың өтініші мен емтихан материалын (тестілеу нәтижелері бойынша апелляция үшін – тест сұрақтарын жауаптарымен; практикалық дағдыларды бағалау нәтижелері бойынша апелляция үшін – практикалық дағдыларды бағалаудың бейне және аудиожазбаларын) апелляциялық өтінішті тіркеу күніннен бастап екі күннен кешіктірмей апелляциялық комиссияға жібереді.

      50. Апелляциялық комиссия бағалау бойынша ұйымның базасында ұйым қызметкерлерінің және аккредиттелген тәуелсіз сарапшылардың арасынан құрылады.

      Сараптама жүргізуге аккредиттелген тәуелсіз сарапшыларды тарту "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 14-бабына сәйкес бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      51. Бағалау нәтижелерін қарау үшін апелляциялық комиссия құрамы бағалау бойынша ұйым қызметкерлерінің, өтініш берілген мамандықтарға сәйкес бейінді мамандардың арасынан құрылады.

      52. Апелляциялық комиссиялардың дербес құрамдары жыл сайын бағалау бойынша ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      53. Апелляциялық комиссия мүшелерінің жалпы саны кемінде 5 адамды құрайды.

      54. Апелляциялық өтініш апелляциялық комиссия отырысында қаралады, ол осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешім шығарады.

      55. Апелляциялық комиссия бағалау бойынша ұйымда өтініш тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде өтінішті қарау жөнінде отырыс өткізеді.

      56. Апелляциялық комиссияның шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса құқылы деп есептеледі. Дауыс беру нәтижелері апелляциялық комиссия мүшелерінің көп дауысымен айқындалады.

      57. Апелляциялық комиссия шешімінің көшірмесі оны қарағаннан кейін келесі жұмыс күні үміткерге беріледі.

5. Қорытынды ереже

      58. Бағалау жұмыс берушінің қаражаты, үміткердің қаражаты және өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады.

      59. Бағалау бойынша ұйым бағалау нәтижелерінің дерекқорын қалыптастырады және тоқсан сайын талдайды.

      60. Бағалау нәтижесін жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда үміткерге осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес бағалау бойынша ұйым басшысының атына өтініш берілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде телнұсқа беріледі.

  Кәсіптік даярлықты бағалау
және денсаулық сақтау саласындағы
мамандардың біліктілікке сәйкестігін
растау қағидаларына
1-қосымша

      нысан

      ________________________ басшыға

      (бағалау бойынша ұйымның атауы)

      ________________________________

      ________________________________

      ________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты бар

      болған жағдайда)

      ________________________________

      (мамандығы)

Өтініш

      Сізден, маған________мамандығы бойынша ____________________үшін (маман сертификаттауынан өту және денсаулық сақтау саласында біліктілік санатын иелену үшін (қажеттісін жазыңыз) кәсіптік даярлығымды бағалаудан өткізіп, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілікке сәйкестігімді дәлелдеуіме рұқсат беруіңізді сұраймын.

  Күні
Үміткер қолы
Кәсіптік даярлықты бағалау
және денсаулық сақтау саласындағы
мамандардың біліктілікке сәйкестігін
растау қағидаларына
2-қосымша

      нысан

Үміткер сауалнамасы
I. Жалпы мәліметтер

Тегі





Аты




Әкесінің аты

(бар болған жағдайда)




Туған күні

жыл



ай



күн











Жасы




Ұлты




Жынысы

ер



әйел




Азаматтығы




Ұялы телефоны

+7




Жұмыс телефоны




Электронды пошта

мекенжайы




Жеке куәлік

мәліметтері



берген

мекеме



II. Медициналық немесе фармацевтикалық білім

Оқу орнының атауы мен орналасқан жері

Түскен жылы

Бітірген жылы

Қай мамандық бойынша білім алды

Оқу орнын аяқтағанда қандай біліктілік алды, диплом немесе жеке куәлік № көрсету

1.






2.






3.






Интернатура, резидентура, клиникалық ординатура өткендігі
туралы мәлімет

Оқу орнының атауы мен орналасқан жері

Түскен жылы

Бітірген жылы

Қай мамандық бойынша білім алды

Оқу орнын аяқтағанда қандай біліктілік алды, жеке куәлік № көрсету

1.






2.






3.






Соңғы 5 жылдағы біліктілікті арттыру және қайта даярлау курсы

Цикл атауы

Өткен жылы

Сағат саны

Өткен орны, сертификат №

1.





2.





3.





4.





5.





III. Соңғы 5 жылдағы еңбек қызметі

Жұмыс орны

Лауазымы

Лауазымда болған уақыты

1.




2.




3.




4.




5.





Бағалау рәсімінен өтуі



алғашқы рет



қайта


      қосымша _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Ескертпе: Толтырылған сауалнаманы бағалау бойынша ұйымға тіркелу күні өткізу керек.

  Кәсіптік даярлықты бағалау
және денсаулық сақтау саласындағы
мамандардың біліктілікке сәйкестігін
растау қағидаларына
3-қосымша

      нысан

Сертификаттауға бағалаудан өтуге тіркелу картасы



суреті


Үміткердің сәйкестендіру нөмірі _______________

Тестілеуден өту:

Күні__________, уақыты _____________

  Кәсіптік даярлықты бағалау
және денсаулық сақтау саласындағы
мамандардың біліктілікке сәйкестігін
растау қағидаларына
4-қосымша

Сертификаттауға бағалаудың нәтижесі

      Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________________________________________________________

      Өтініш берілген мамандық_____________________________________________

      Тестілеу нәтижесі _____ дұрыс жауаптардың саны (____%).

      Бағалау нәтижесі________________. _____________

      күні

Төраға _________________

(қолы)

_______________________________

тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  М.О.
Кәсіптік даярлықты бағалау
және денсаулық сақтау саласындағы
мамандардың біліктілікке сәйкестігін
растау қағидаларына
5-қосымша

      нысан

Мамандардың біліктілікке сәйкестігін растауды бағалаудан өтуге
тіркелу картасы



суреті


Үміткердің сәйкестендіру нөмірі _______________

1-кезеңнен өту (тестілеу):

Күні__________, уақыты _____________

2-кезеңнен өту (практикалық дағдыларды бағалау):

Күні__________, уақыты _____________

  Кәсіптік даярлықты бағалау
және денсаулық сақтау саласындағы
мамандардың біліктілікке сәйкестігін
растау қағидаларына
6-қосымша

Мамандардың біліктілікке сәйкестігін растауды бағалаудың
нәтижесі

      Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      _____________________________________________________________________

      Өтініш берілген мамандық ____________________________________________

      Өтініш білдірген біліктілік санаты___________________________________

      1-кезең. Тестілеу нәтижесі _____ дұрыс жауаптардың саны (____%).

      2-кезең. Практикалық дағдыларды бағалау (балл, %) бойынша:

      1-станция. ______________________________________ (балл, %)

      2-станция. ______________________________________ (балл, %)

      3-станция. ______________________________________ (балл, %)

      4-станция. ______________________________________ (балл, %)

      5-станция. ______________________________________ (балл, %)

      6-станция. ______________________________________ (балл, %)

      7-станция. ______________________________________ (балл, %)

      8-станция. ______________________________________ (балл, %)

      Мамандардың біліктілікке сәйкестігін растауды бағалау

      нәтижесі________________. _____________

      күні

Төраға _________________

(қолы)

_______________________________

тегі, аты, әкесінің аты (бар

болған жағдайда)


      М.О.

  Кәсіптік даярлықты бағалау
және денсаулық сақтау саласындағы
мамандардың біліктілікке сәйкестігін
растау қағидаларына
7-қосымша

Бағалау үшін Практикалық дағдыларды бағалау үшін клиникалық
станциялардың тізбесі

Мамандардың білім деңгейі

Біліктілік санатына бағалауды өткізу үшін

клиникалық станциялар тізбесі

екінші

бірінші

жоғары

Жоғары медициналық білім

1. Жоғары тыныс алу жолдарының түйнелісі кезінде жедел жәрдем көрсету.

2. Жарақат кезінде жедел жәрдем көрсету.

3. Жүрек тоқтау кезінде жедел жәрдем көрсету.

4. Жіті коронарлы синдромды диагностикалау.

5. Коммуникативті дағдыларды бағалау.

1. Жоғары тыныс алу жолдарының түйнелісі кезінде жедел жәрдем көрсету.

2. Жарақат кезінде жедел жәрдем көрсету.

3. Жүрек тоқтау кезінде жедел жәрдем көрсету.

4. Жіті коронарлы синдромды диагностикалау.

5. Коммуникативті дағдыларды бағалау.

6. Зерттеулердің зертханалық-құралдық әдістерін интерпретациялау.

1. Жоғары тыныс алу жолдарының түйнелісі кезінде жедел жәрдем көрсету.

2. Жарақат кезінде жедел жәрдем көрсету.

3. Жүрек тоқтау кезінде жедел жәрдем көрсету.

4. Жіті коронарлы синдромды диагностикалау.

5. Коммуникативті дағдыларды бағалау.

6. Зерттеулердің зертханалық-құралдық әдістерін интерпретациялау.

7. Тері жамылғысының тұтастығының зақымдалуы кезінде жедел көмек көрсету.

8. Шок кезінде жедел жәрдем көрсету.

Орта медициналық білім

1. Жүрек тоқтау кезінде жедел жәрдем көрсету.

2. Жарақат кезінде жедел жәрдем көрсету.

3. Парентеральді инъекциялар техникасы.

4. Жараны алғашқы өңдеуді және таңуды өткізу.

5. Медициналық әрекеттерді түсіндіру бойынша комуникативті дағдыларды бағалау.

1. Жүрек тоқтау кезінде жедел жәрдем көрсету.

2. Жарақат кезінде жедел жәрдем көрсету.

3. Парентеральді инъекциялар техникасы.

4. Жараны алғашқы өңдеуді және таңуды өткізу.

5. Медициналық әрекеттерді түсіндіру бойынша комуникативтік дағдыларды бағалау.

6. Шок кезінде жедел жәрдем көрсету.

1. Жүрек тоқтау кезінде жедел жәрдем көрсету.

2. Жарақат кезінде жедел жәрдем көрсету.

3. Парентеральді инъекциялар техникасы.

4. Жараны алғашқы өңдеуді және таңуды өткізу.

5. Медициналық әрекеттерді түсіндіру бойынша комуникативтік дағдыларды бағалау.

6. Шок кезінде жедел жәрдем көрсету.

7. Сыртқы қан кетуді тоқтату.

8. Аурудың алдын алу бойынша коммуникативтік дағдыларды бағалау.

  Кәсіптік даярлықты бағалау
және денсаулық сақтау саласындағы
мамандардың біліктілікке сәйкестігін
растау қағидаларына
8-қосымша

      нысан

      Апелляциялық комиссия

      төрағасы

      ____________________________________

      (бағалау ұйымының атауы)

      ____________________________________

      ____________________________________

      ____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

      ____________________________________

      (мамандығы)

Апелляциялық өтініш

      Бағалау нәтижесімен (тестілеу/практикалық дағдылар мен іскерлігі),

      (қажеттісін сызу)

      келіспеймін, себебі:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Осыған байланысты менің өтінішімді Апелляциялық комиссия отырысында қарап, осы мәселе бойынша шешім қабылдауыңызды сұраймын.

  Күні
Үміткердің қолы
Кәсіптік даярлықты бағалау
және денсаулық сақтау саласындағы
мамандардың біліктілікке сәйкестігін
растау қағидаларына
9-қосымша

Апелляциялық комиссияның шешімі

      Үміткердің № __ "__" _____ 201__ ж. аппеляциялық өтінішін қарау барысында

      _____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Қаулы етеді

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Күні

      Апелляциялық комиссия төрағасы мен

      мүшелерінің қолы

  Кәсіптік даярлықты бағалау
және денсаулық сақтау саласындағы
мамандардың біліктілікке сәйкестігін
растау қағидаларына
10-қосымша

      нысан

      _______________________________ басшысына

      (бағалау бойынша ұйымның атауы)

      _________________________________________

      _________________________________________

      _________________________________________

      ______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ______________________________________________

      (мамандығы)

Өтініш

      Кәсіптік даярлық және денсаулық сақтау саласындағы маманның біліктілігін растайтын бағалау нәтижесінің жоғалуына байланысты Сізден маған телнұсқаны беруге рұқсат етуіңізді сұраймын.

      Себебі көрсетілсін ________________________________.

      Күні

      Үміткердің қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады