Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 531 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 шілдеде № 11787 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.12.2020 № ҚР ДСМ-274/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.07.2016 № 596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 176-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидалары, мерзімдері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.07.2016 № 596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2015 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 531 Бұйрығымен
бекітілген

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2020 № ҚР ДСМ-27/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидалары, мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Кодексiнің 176-1-бабының 4-тармағына (бұдан әрі – Кодекс), 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабына сәйкес әзірленген және орта, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары медициналық және фармацевтикалық бiлiмi бар адамдарға кәсiптiк медициналық және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыруға бiлiктiлiк санаттарын беру тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) біліктілік санатын беру туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) – тиісті біліктілік санатын беруді растайтын құжат;

      2) лауазымды тұлға – Денсаулық сақтау ұйымының басшысы немесе басшының міндетін атқарушы тұлға;

      3) маман-Медициналық және фармацевтикалық білімі бар денсаулық сақтау саласындағы қызметкер;

      4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау (бұдан әрі – Бағалау) – маман біліктілігінің Денсаулық сақтау саласындағы кәсіби стандарт талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін білім мен дағдыларды бағалау рәсімі;

      5) үміткер– нақты мамандық бойынша біліктілік санатын беру туралы куәлік алуға үміткер маман.

      3. Осы Ережеге сәйкес куәлік беру нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік санатын бере отырып, олардың біліктілік деңгейін айқындау мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық, фармацевтикалық білімі бар мамандар, сондай-ақ кадрларды қайта даярлаудан өткен және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған адамдар үшін жүргізіледі.

2-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санаттарын беру тәртібі

      4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлік беруге өтініштерді қабылдау (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) үміткерден www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің тиісті аумақтық департаменттері (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетеді.

      Үміткерлер куәлік алу үшін құжаттарды қолда бар куәліктің не 2015 жылғы 9 қазанға дейін берілген біліктілік санаты берілетін маман сертификатының қолданыс мерзімі өткенге дейін үш ай бұрын тапсырады.

      Жоғары мәлімделген санатқа куәлікті алу үшін маман қолданыстағы куәлігін (біліктілік санаты берілетін маман сертификатын) алған күннен бастап 3 (үш) жыл өткеннен кейін жіберіледі.

      5. Біліктілік санатын беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 404 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11449 болып тіркелген) Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау қағидаларында белгіленген тәртіппен жүргізілетін Бағалаудың оң нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.

      Бағалаудың теріс нәтижесін алған үміткерлер куәлік алуға жіберілмейді.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.

      7. Қызмет беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Үміткер жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ұсынылған құжаттардың толықтығы құжаттар тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде тексеріледі.

      8. Куәлікті алу үшiн үміткер мынадай құжаттарды ұсынады:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлік қолымен (ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      2015 жылға дейін оқуды бітірген үміткерлер үшін жоғары, орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі медициналық білімі туралы диплом;

      мәлімдеген мамандық бойынша интернатураны, резидентураны, клиникалық ординатураны бітіргені туралы құжаттардың электрондық көшірмелері (олар болған жағдайда);

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 тіркелген) бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесіне сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) медициналық білім алған үміткердің білімі туралы құжаттарын тану және (немесе) нострификациялау туралы құжат;

      мәлімдеген мамандық бойынша қайта даярлау туралы куәліктің электрондық көшірмесі (бар болса);

      мәлімделген мамандық бойынша соңғы 5 жыл ішіндегі біліктілігін арттыру туралы куәлік;

      мәлімделген мамандық бойынша қолданыстағы куәлік не біліктілік санаты берілетін маман сертификаты (бар болса);

      клиникалық практикамен айналысатын адамдарға клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.

      Орта медициналық білім беру ұйымдарын бітірген және атқаратын лауазымдарына жіберілген үміткерлер куәлік алу үшін:

      1) 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "Мейірбике ісі" мамандығы бойынша "Мейірбике ісі", "Емдеу ісі", "Акушериялық іс" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Мейірбике ісі" мамандығы бойынша соңғы бес жыл ішінде біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;

      "Емдеу ісі" мамандығы бойынша "Емдеу ісі", "Акушериялық іс" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Емдеу ісі" мамандығы бойынша соңғы бес жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;

      "Акушериялық іс" мамандығы бойынша "Акушериялық іс", "Емдеу ісі", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Акушериялық іс" мамандығы бойынша соңғы бес жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;

      2) 2012 жылғы қыркүйекке дейін "Зертханалық диагностика" мамандығы бойынша атқаратын лауазымдарына жіберілген адамдар "Зертханалық диагностика", "Акушериялық іс", "Емдеу ісі", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Зертханалық диагностика" мамандығы бойынша соңғы бес жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады.

      "Гигиена және эпидемиология", "Стоматология" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі, "Мейірбике ісі", "Емдеу ісі", "Акушериялық іс", "Зертханалық диагностика", "Фельдшер-лаборант", "Гигиена, санитария және эпидемиология" "Санитариялық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі бар адамдар, медицинаық қызметке 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен және құжаттарды тапсыру кезінде мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз еңбек өтілі бар адамдар мәлімделген мамандық бойынша куәлік алуға жіберіледі.

      Шет тілінде берілген құжатқа қосымша мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аударма данасы қосымша ұсынылады.

      9. "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша оқуды 1998 жылдан кейін және "Шығыс медицинасы" мен "Стоматология" мамандықтары бойынша оқуды 2006 жылдан кейін бітірген адамдар үшін клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 5-тармағына сәйкес интернатураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру туралы құжатты ұсыну болып табылады.

      "Емдеу ісі", "Педиатрия" және "Шығыс медицинасы" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім беру ұйымдарын 2014 жылға дейін бітірген, Номенклатурада көзделген клиникалық мамандықтар бойынша сертификат алуға үміткерлер адамдар интернатура, клиникалық ординатура немесе резидентура мамандығы мәлімделген мамандыққа сәйкес келмеген кезде "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – № 691 бұйрық) Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) оқу сағатының ұзақтығын көрсете отырып мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлаудан өткені туралы құжатты ұсынады.

      Медициналық, оның ішінде клиникалық қызметке 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен және құжаттарды тапсыру кезінде мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз жұмыс өтілі бар адамдарға осы мамандық бойынша қайта даярлаудан өту талап етілмейді.

      Жоғары медициналық білім беру ұйымдарында оқуды 2013 жылдан кейін бітірген, "Интернатурада және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген) Резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесінде (бұдан әрі – Клиникалық мамандардың тізбесі) көзделген клиникалық мамандықтар бойынша сертификат алуға үміткер адамдар үшін клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты Заңның 22-бабының 3-тармағына сәйкес резидентураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру туралы құжат ұсыну болып табылады.

      Үміткерлер осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген құжаттарды электрондық көшірмелер түрінде береді.

      Үміткер барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті "жеке кабинетінде" тапсырған кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Тиісті мамандық бойынша бірінші, жоғары санат берілген куәліктің қолданысы мәлімделген мамандық бойынша қатарынан үш рет бірінші, жоғары санат алған адамдар үшін мерзімсіз болып табылады.

      Тиісті біліктілік санаты берілетін мерзімсіз (тұрақты мерзімге) куәлік алу үшін мамандарға мынадай құжаттар қажет:

      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін құжаттарды тапсыру кезінде соңғы бес жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша кемінде 2016 сағат көлемінде біліктілігін жоғарылатуы туралы куәлік;

      бұрын алынған тең мәнді үш куәліктің не бірінші немесе жоғары біліктілік санаты берілетін сертификаттардың көшірмелері.

      11. Жоғары немесе бірінші санат берілетін мерзімсіз куәлік мамандарға берілген санаттардың арасы 12 айдан асатын үзіліс болмаған жағдайда беріледі.

      Бірінші, жоғары санат берілетін мерзімсіз куәлік қолданыстағы куәліктің немесе маман сертификатының мерзімі өткенге дейін үш ай бұрын, бірақ куәлік немесе маман сертификатының қолданыс мерзімі өткен күннен бастап 1 жылдан кешіктірмей қоса берілген растау құжаттарының негізінде беріледі.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші келесі мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады:

      2015 жылдан кейін жоғары, орта (техникалық және кәсіптік), орта білім медициналық білімін бітірген үміткерлердің білімі туралы;

      білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен адамдар үшін тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстырғаны немесе некеге отырғаны туралы немесе некені бұзу туралы;

      мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау.

      Жоғары медициналық білімі бар үміткерлер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген) Медицина және фармацевтика мамандықтарының Номенклатураның (бұдан әрі - Номенклатура) 1 және 2-тарауларында көрсетілген мамандықтар бойынша куәлік алу үшін "Гигиена және эпидемиология" мамандығын қоспағанда, интернатурада, клиникалық ординатурада, резидентурада оқуды (жоғарғы оқу орнында оқуды бітіргеннен кейін интернатура, резидентураны бітіруді көздемейтін мамандықтар бойынша) және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлау (мамандану) циклын бітіргенін растайтын құжаттарды ұсынады.

      Үміткерлер "Гигиена және эпидемиология" мамандығын қоспағанда, Номенклатураның 3 және 4-тарауларында көрсетілген мамандықтар бойынша куәлікті алу үшін орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі медициналық білімді және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлауды (мамандануды) не "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімді, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттыруды растайтын құжаттарды ұсынады.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Куәлік беру туралы шешім құжаттарды тіркеген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен ресімделеді.

      14. Куәлікті алу кезінде мыналар ескеріледі:

      1) мамандарға бейінді мамандықтар бойынша біліктілігін жоғарылатудан өтуге рұқсат етіледі, бұл ретте мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылату сағаттарының саны жалпы көлемнің 50 %-нан кем болмауы тиіс;

      2) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты маманның клиникалық қызметінде үзіліс болған жағдайда негізгі мамандығы бойынша еңбек өтіліне мемлекеттік қызметте болған уақыты да қосылады;

      3) денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылар болып табылатын мамандарға мамандығының бейіні бойынша еңбек өтіліне тәуелсіз сарапшы ретінде аккредиттелген кезден бастап сараптамалық қызметінің өтілі қосылады;

      4) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметшілер болып табылатын, денсаулық сақтау саласындағы кәсіподақтарда (бірлестіктерде) жұмыс істейтін, "қоғамдық денсаулық сақтау/әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру", "денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша санат алуға үміткер мамандардың еңбек өтіліне денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі, денсаулық сақтау саласындағы кәсіподақтағы еңбек өтілі де саналады;

      5) медициналық ұйымдардың басшылары болып табылатын, клиникалық мамандық бойынша санат алуға үміткер мамандардың клиникалық мамандық бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілі болған жағдайда ұйым басшысы лауазымындағы еңбек өтілі есептеледі;

      6) "Мейірбике ісі" мамандығы бойынша куәлік алуға үміткер мамандардың осы мамандық бойынша еңбек өтіліне фельдшер және акушер лауазымындағы еңбек қызметі де саналады;

      7) "жалпы дәрігерлік практика" мамандығы бойынша куәлік алуға үміткер мамандардың осы мамандық бойынша еңбек өтіліне терапевт, жасөспірімдер терапевті, педиатр лауазымындағы еңбек қызметі саналады;

      8) "терапия" және "педиатрия" мамандықтары бойынша куәлік алуға үміткер мамандардың осы мамандық бойынша еңбек өтіліне жалпы практика дәрігері лауазымындағы еңбек қызметі саналады;

      9) жалпы практика дәрігері лауазымына кіріскен мамандарға "терапия (жасөспірімдер терапиясы)", "педиатрия" мамандығы бойынша қолданыстағы біліктілік санаты оның қолданыс мерзімі өткенге дейін сақталады.

      10) "онкология және балалар гематологиясы" мамандығы бойынша куәлік алуға үміткер мамандардың осы мамандық бойынша еңбек өтіліне "онкология" және "гематология" мамандықтары бойынша дәрігер лауазымындағы еңбек қызметі саналады.

      15. Денсаулық сақтау саласындағы біліктілік санатын беру өлшемшарттары:

      1) мыналар:

      құжаттарды беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілі, сондай-ақ мәлімделген мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру;

      біліктілігінің екінші санатқа сәйкестігін бағалаудың оң нәтижесі;

      құжаттарды беру кезінде соңғы бес жыл ішінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда және білім беру ұйымдарында, соның ішінде шетелдік ұйымдарда жалпы 108 сағат көлемінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқанын куәландыратын құжат болған кезде мамандарға екінші біліктілік санаты беріледі;

      2) мыналар:

      құжаттарды беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша кемінде алты жыл еңбек өтілі, сондай-ақ мәлімделген мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру;

      біліктілігінің бірінші санатқа сәйкестігін бағалаудың оң нәтижесі;

      құжаттарды беру кезінде соңғы бес жыл ішінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда және білім беру ұйымдарында, соның ішінде шетелдік ұйымдарда жалпы 162 сағат көлемінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқанын куәландыратын құжат болған кезде мамандарға бірінші біліктілік санаты беріледі;

      3) мыналар:

      құжаттарды беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша кемінде он жыл еңбек өтілі, сондай-ақ мәлімделген мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру;

      біліктілігінің жоғары санатқа сәйкестігін бағалаудың оң нәтижесі;

      құжаттарды беру кезінде соңғы бес жыл ішінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және білім беру ұйымдарында, соның ішінде шетелдік ұйымдарда жалпы 216 сағат көлемінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқанын куәландыратын құжат болған кезде мамандарға жоғары біліктілік санаты беріледі.

      16. Куәлік Қазақстан Республикасының аумағында қызмет берушінің басшысымен оны беру туралы шешім шығарған күннен бастап бес жыл ішінде қолданыста болады. Осы мерзiм өткеннен кейiн куәліктің қолданыс мерзімі тоқтатылады.

      17. Қайтарып алған жағдайда, маман куәлікті қайтарып алғаннан кейін мәлімделген мамандық бойынша өткен жалпы көлемі кемінде 216 сағаттық біліктілікті жоғарылату курстарынан қосымша өткенін растайтын құжаттарын ұсынады.

      18. Куәлікті беруден бас тарту үшін:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін үміткердің ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      2) үміткердің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) үміткерге қатысты мәлімделген мамандығы бойынша медициналық қызметке тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;

      4) үміткерге қатысты соттың заңды күшіне енген үкімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса негіз болып табылады.

      19. Қызмет беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізеді.

3-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті қайтарып алу тәртібі

      20. Куәлікті қайтарып алуды қызмет беруші мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша:

      лауазымды тұлғада:

      1) күнтізбелік бір жыл ішінде тексеру нәтижелері туралы актілермен дәлелденген жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін ұйымдастыруға бес немесе одан да көп негізделген өтініштер;

      2) мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат) және/немесе денсаулық сақтау ұйымы қызметінің тиісті түріне лицензиясы жоқ маманның клиникалық практикамен он және одан да көп айналысу жағдайы болған жағдайларда;

      маманда:

      1) күнтізбелік бір жыл ішінде мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша актілермен дәлелденген жеке және заңды тұлғалардың маманның көрсеткен медициналық көмегінің сапасына үш немесе одан да көп негізделген өтініштер болған;

      2) күнтізбелік бір жыл ішінде мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша актілермен дәлелденген жеке және заңды тұлғалардың маманның көрсеткен фармацевтикалық көмегінің сапасына үш немесе одан да көп негізделген өтініштер болған;

      3) маман куәлік алу кезінде мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша анықталған жалған ақпарат бергені туралы фактіні анықтау;

      4) сертификаты жоқ маманның клиникалық практикамен айналысу жағдайлары болғанда.

      21. Осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген жағдайларды өз өздігінен анықтаған куәлікті берген қызмет беруші осындай жағдай анықталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде куәлікті кері қайтарып алу туралы бұйрық (еркін нысан) шығарады.

      22. Куәлікті қайта алу үшін, бірақ оны қайтарып алған мерзімнен алты айдан кешіктірмей маман осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

      23. Біліктілік санаты берілетін сертификаттар, сондай-ақ мамандарға 2015 жылғы 9 қазанға дейін берілген мерзімсіз сертификаттар біліктілік санаты берілетін куәлікке теңестіріледі және онда көрсетілген мерзім өткенге дейін қолданыста болады.

      24. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің, денсаулық сақтау саласында уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган басшысының атына беріледі.

      Шағымдарды қарау мерзімдері тіркелген күннен бастап:

      1) қызметті берушімен – 5 (бес) жұмыс күн;

      2) денсаулық сақтау саласында уәкілетті органмен және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен- 15 (он бес) жұмыс күн.

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мамандарды қоспағанда,
денсаулық сақтау саласындағы
мамандар үшін біліктілік
санатын беру туралы куәлікті
беру және қайтарып алу
қағидаларына
1-қосымша

"Медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

өтініш;
мәліметтер нысаны;
2015 жылға дейін оқуды бітірген үміткерлер үшін жоғары, орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі медициналық білімі туралы диплом;
мәлімдеген мамандық бойынша интернатураны, резидентураны, клиникалық ординатураны бітіргені туралы құжаттардың электрондық көшірмелері (олар болған жағдайда);
Қазақстан Республикасының шегінен тыс медициналық білім алған адамдар үшін білімі туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы куәлік;
мәлімдеген мамандық бойынша қайта даярлау туралы куәліктің электрондық көшірмесі (бар болса);
мәлімделген мамандық бойынша соңғы 5 жыл ішіндегі біліктілігін арттыру туралы куәлік;
мәлімделген мамандық бойынша қолданыстағы куәлік не біліктілік санаты берілетін маман сертификаты (егер бар болса);
клиникалық практикамен айналысатын адамдарға клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.
Орта медициналық білім беру ұйымдарын бітірген және атқаратын лауазымдарына жіберілген адамдар куәлік алу үшін:
1) 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін:
"Мейірбике ісі" мамандығы бойынша "Мейірбике ісі", "Емдеу ісі", "Акушериялық іс" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Мейірбике ісі" мамандығы бойынша соңғы бес жыл ішінде біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;
"Емдеу ісі" мамандығы бойынша "Емдеу ісі", "Акушериялық іс" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Емдеу ісі" мамандығы бойынша соңғы бес жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;
"Акушериялық іс" мамандығы бойынша "Акушериялық іс", "Емдеу ісі", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Акушериялық іс" мамандығы бойынша соңғы бес жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;
2) 2012 жылғы қыркүйекке дейін "Зертханалық диагностика" мамандығы бойынша атқаратын лауазымдарына жіберілген адамдар "Зертханалық диагностика", "Акушериялық іс", "Емдеу ісі", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Зертханалық диагностика" мамандығы бойынша соңғы бес жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады.
"Гигиена және эпидемиология", "Стоматология" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі, "Мейірбике ісі", "Емдеу ісі", "Акушериялық іс", "Зертханалық диагностика", "Фельдшер-лаборант", "Гигиена, санитария және эпидемиология" "Санитариялық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі бар адамдар, медицинаық қызметке 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен және құжаттарды тапсыру кезінде мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз еңбек өтілі бар адамдар мәлімделген мамандық бойынша куәлік алуға жіберіледі.
Шет тілінде берілген құжатқа қосымша қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аударма данасы қосымша ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін үміткердің ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) үміткердің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) үміткерге қатысты мәлімделген мамандығы бойынша медициналық қызметке тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
4) үміткерге қатысты соттың заңды күшіне енген үкімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Үміткердің мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның www.gov.egov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8- 800- 080-7777.

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мамандарды қоспағанда,
денсаулық сақтау саласындағы
мамандар үшін біліктілік
санатын беру туралы куәлікті
беру және қайтарып алу
қағидаларына
2-қосымша
  нысан
  ________________________
____________________________
__________________________
басшысына
(мемлекеттік органның
аумақтық департаментінің
атауы)
кімнен______________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
тұрғылықты мекенжайы,
байланыс
телефоны___________________

Өтініш

      Сізден_______________________________________________________

      (мамандық атауы)

      мамандығы бойынша ____________________ біліктілік санатын беру туралы куәлік беруді сұраймын.

      Мен көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына жауаптымын.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.

      _________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      _________________________________

      (толтырған күні)

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мамандарды қоспағанда,
денсаулық сақтау саласындағы
мамандар үшін біліктілік
санатын беру туралы куәлікті
беру және қайтарып алу
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Мәліметтер нысаны

      1. Біліктілік сәйкестігін растауды бағалау нәтижесі мамандардың бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық сақтау Министрінің және әлеуметтік даму министрлігі 28 сәуір 2015 жылғы № 404 Бағалау ережесін бекіту туралы саласындағы мамандардың біліктілік сәйкестігін растау денсаулық сақтау (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11449 тіркелген).

      1.1. Мәлімделген мамандықтың атауы ____________________

      1.2. Өтініш берілген санатқа сәйкес келеді: екінші, бірінші, жоғары

      (қажеттісінің астын сызу)

      1.3. Бағалау қорытындысын берген Орган _________________________

      1.4. Бағалау қорытындысын алған күні, айы, жылы ____________

      2. Медициналық немесе фармацевтикалық білім (дипломның көшірмесі) білім туралы)

      2.1. Білімі (орта медициналық немесе фармацевтикалық орта білімнен кейінгі медициналық немесе фармацевтикалық білім білімі, жоғары медициналық немесе фармацевтикалық білім)

      2.2. Диплом нөмірі ____________________________________________

      2.3. Диплом сериясы ____________________________________________

      2.4. Білім беру ұйымының толық атауы ______________

      2.5. Оқу елі __________________________________________

      2.6. Түскен жылы __________________________________________

      2.7. Аяқталу жылы ____________________________________________

      2.8. Диплом бойынша мамандығы _________________________________

      2.9. Диплом бойынша біліктілігі __________________________________

      2.10. Білім туралы құжаттарды нострификациялау және/немесе тану (медициналық немесе фармацевтикалық білім алған адамдар үшін) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде: диплом, интернатура, резидентура, клиникалық ординатура, магистратура) білім туралы құжаттарды нострификациялау және/немесе тану)

      Оқу елі _______________________________________________

      Білім беру ұйымының толық атауы ___________________

      Нострификациялау туралы куәлікті берген Орган __________________

      Нострификациялау бұйрығының нөмірі және күні ____________________________

      Нострификацияның тіркеу нөмірі ___________________________

      Нострификациялау куәлігінің берілген күні_______________________

      3. Интернатура, клиникалық өтініш берілген мамандық бойынша ординатуралар, резидентура (мамандар үшін) жоғары медициналық білімі бар) (құжаттың көшірмесі)

      3.1. Интернатура мамандығы ________________________________

      3.2. Түскен жылы __________________________________________

      3.3. Аяқталу жылы ____________________________________________

      3.4. Оқу ұзақтығы _______________________________

      3.5. Оқу көлемі сағат ___________________________________

      3.6. Ұйымның толық атауы __________________________

      3.7. Интернатураның өту орны ____________________________

      3.8. Клиникалық ординатура мамандығы _____________________

      3.9. Түскен жылы __________________________________________

      3.10. Аяқталу жылы ___________________________________________

      3.11. Оқу ұзақтығы ______________________________

      3.12. Оқу көлемі сағат __________________________________

      3.13. Ұйымның толық атауы _________________________

      3.14. Клиникалық ординатурадан өту орны ________________

      3.15. Резидентура мамандығы _______________________________

      3.16. Түскен жылы _________________________________________

      3.17. Аяқталу жылы ___________________________________________

      3.18. Оқу ұзақтығы ______________________________

      3.19. Оқу көлемі сағат __________________________________

      3.20. Ұйымның толық атауы _________________________

      3.21. Өту орны ________________________________________

      4. Бойынша қайта даярлау жөніндегі куәлік туралы мәліметтер (құжаттың көшірмесі))

      4.1. Қайта даярлау бойынша куәліктің нөмірі ____________________

      4.2. Қайта даярлау мамандығы _____________________________

      4.3 оқыту ұйымының атауы ____________________________

      4.4. Оқу көлемі сағат ___________________________________

      4.5. Оқудың басталуы __________________________________________

      4.6. Оқытудың аяқталуы _______________________________________

      5. Куәлік (маман сертификаты) туралы мәліметтер өтініш берілген мамандық бойынша Санат)

      5.1. Бұйрықтың күні мен нөмірі _____________________________________

      5.2. НИКАД нөмірі / тіркеу нөмірі ________________________

      5.3. Берген Орган ___________________________________________

      5.4. Куәліктің (сертификаттың) қолданылу мерзімі) ________________

      5.5. Мамандығы ____________________________________________

      5.6. Біліктілік санаты _______________________________

      6. Клиникалық практикаға жіберу үшін сертификат туралы мәліметтер өтініш берілген мамандық бойынша

      6.1. Бұйрықтың күні мен нөмірі _____________________________________

      6.2. НИКАД нөмірі / тіркеу нөмірі ________________________

      6.3. Берген Орган ___________________________________________

      6.4. Куәліктің қолданылу мерзімі ______________________________

      6.5. Мамандығы ____________________________________________

      7. Осы жұмыс орны туралы мәліметтер __________________________

      7.1. Өтініш берілген мамандық бойынша жұмыс өтілі (жыл, ай, күн) ____

      7.2. Жалпы медициналық, фармацевтикалық өтілі (жыл, ай, күн) __

      7.3. Қазіргі уақытта жұмыс орны ________________________

      7.4. Лауазымы _____________________________________

      7.5. Өтініш берілген мамандық бойынша еңбек қызметі өтініш беру кезінде жүзеге асыру қажет медициналық өтініш берілген мамандық бойынша)

      Қабылдау күні жұмыстан босатылған күні жұмыс орны атқаратын қызметі бұйрықтың № бұйрық шығарылған күні

Қабылданған күні

Жұмыстан босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Бұйрықтың нөмері және шығару күні (жұмысқа қабылдау немесе босату туралы)
















      8. Бойынша соңғы бес жылда біліктілігін арттыру мамандықтар:

      8.1. Біліктілігін арттыру куәлігі туралы мәліметтер мәлімделген мамандық

      ____________________________

      8.2. Біліктілікті арттыру туралы куәліктің нөмірі _____________

      8.3. Цикл атауы _______________________________________

      8.4. Оқыту ұйымының атауы ___________________________

      8.5. Оқудың басталуы __________________________________________

      8.6. Оқытудың аяқталуы _______________________________________

      8.7. Оқу көлемі сағат ___________________________________

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мамандарды қоспағанда,
денсаулық сақтау саласындағы
мамандар үшін біліктілік
санатын беру туралы куәлікті
беру және қайтарып алу
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Біліктілік санатын беру туралы куәлігі

      _____________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)

      _____________________________________________________________________

      (номенклатура бойынша мамандығы)

      мамандығы бойынша___________________________(тиісті) осы бiлiктiлiк

      санатын беру куәлігін алды.

      Оны беру туралы шешiм шығарған мемлекеттiк орган басшысының

      20__ жылғы "___" _____________ № _____ бұйрығы

      Куәлік _____________________________________ мерзімге жарамды

      (5 жыл немесе тұрақты деп көрсету)

      Тiркеу № _______________________________

      Берiлген күнi 20__ жылғы "__"___________

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мамандарды қоспағанда,
денсаулық сақтау саласындағы
мамандар үшін біліктілік
санатын беру туралы куәлікті
беру және қайтарып алу
қағидаларына
5-қосымша
  нысан
  Басшыға____________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы))
от__________________________
  (ЖСН, Тегі, Аты, Әкесінің аты)
(бар болған жағдайда)
көрсетілетін қызметті
алушының)
Тұратын мекен-жайы, байланыс
телефон, Жұмыс орны
____________________________

Өтініш

      Беру туралы мерзімсіз куәлік беруіңізді сұраймын.

      ________________ мамандығы бойынша біліктілік санатын

      ___________________________________________________________________

                        (мамандық атауы)

      1) куәлік (сертификат)) № ________, "күні" "ай" жыл

      мамандықтар __________________________________________________

      (мамандық атауы)

      2) куәлік (сертификат)) № ________, "күні" "ай" жыл

      мамандықтар __________________________________________________

      (мамандық атауы)

      3) куәлік (сертификат)) № ________, "күні" "ай" жыл

      мамандықтар __________________________________________________

      (мамандық атауы)

      Мен көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына жауап беремін.

      Заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісемін ақпараттық жүйелерде қамтылған құпия болып табылады.

      ___________________(көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      ____________________ (Толтыру күні)

  Халықтың санитариялық-
  Эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мамандарды қоспағанда,
денсаулық сақтау саласындағы
мамандар үшін біліктілік
санатын беру туралы куәлікті
беру және қайтарып алу
қағидаларына
6-қосымша
  нысан

Бірінші, жоғары біліктілік санаттарын беру туралы мерзімсіз куәлікті алуға арналған мәліметтердің нысаны

      1. Жұмыс орны туралы мәліметтер _________________________________

      1) мәлімделген мамандық бойынша жұмыс өтілі (жылы, айы, күні) ______

      2) жалпы медициналық өтілі (жылы, айы, күні) ______________________

      3) қазіргі уақыттағы жұмыс орны __________________________________

      4) атқаратын лауазымы __________________________________________

      5) мәлімделген мамандық бойынша еңбек өтілі ______________________

Қабылдау күні

Жұмыстан босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Бұйрықтың нөмері және шығарылған күні (жұмысқа қабылдау немесе босату туралы)






      2. Біліктілік санатын беру туралы бұрын берілген үш куәлік не біліктілік санатын беру туралы маман сертификаттары туралы мәліметтер (куәліктердің, сертификаттардың сканерленген көшірмелері):

      1. №1 куәлік (маман сертификаты)__________________________________

      1) бұйрықтың нөмірі мен күні____________________________________

      2) ӘҚНЖК нөмері/тіркеу нөмері___________________________________

      3) берген орган_________________________________________________

      4) куәліктің қолданыс мерзімі____________________________________

      5) мамандығы__________________________________________________

      6) біліктілік санаты______________________________________________

      2. № 2 куәлік (маман сертификаты)_________________________________

      1) бұйрықтың нөмірі мен күні______________________________________

      2) ӘҚНЖК нөмірі/тіркеу нөмірі____________________________________

      3) берген орган__________________________________________________

      4) куәліктің қолданыс мерзімі______________________________________

      5) мамандығы___________________________________________________

      6) біліктілік санаты_______________________________________________

      3. № 3 куәлік (маман сертификаты)_________________________________

      1) бұйрықтың нөмірі мен күні______________________________________

      2) НИКАД нөмірі/тіркеу нөмірі____________________________________

      3) берген орган__________________________________________________

      4) куәліктің қолданыс мерзімі______________________________________

      5) мамандығы___________________________________________________

      6) біліктілік санаты_______________________________________________

      4. Соңғы 5 жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттыруы (құжаттың сканерленген көшірмесі):

      1) мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттыру куәлігі туралы мәліметтер

      2) біліктілігін арттыру туралы куәліктің нөмірі_______________________

      3) циклдың атауы________________________________________________

      4) оқыту ұйымының атауы________________________________________

      5) оқудың басталуы______________________________________________

      6) оқудың аяқталуы______________________________________________

      7) оқудың сағат бойынша көлемі___________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады