Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 376 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11454 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 143 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 15.04.2020 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

      2) Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

      3) "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      4) Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

      5) Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

      6) Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

      7) Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216; 23.05.2017 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.04.2018 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2019 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. "Электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 192 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9556 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
В. Школьник

  Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 376 бұйрығына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 376 бұйрығына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 376 бұйрығына
3-қосымша

"Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.04.2018 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11130 болып тіркелген) "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет), Комитеттің аумақтық бөлімшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 13.09.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру, энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын ескертулермен беру, не Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттармен қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұранысы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі маманы көрсетілетін қызметті алушының берген құжаттарын Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкестігін тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын, және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы өтінішті қабылдаудан бас тартады. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған және мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, өтінішті қабылдайды және тіркейді - 15 минут ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысын айқындауы - 1 күнтізбелік күн ішінде;

      3) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесі басшысының көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындауы және оған құжаттарды қарастыруға беруі - 1 күнтізбелік күн ішінде;

      4) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының әзірлік паспортын беру үшін қажетті талаптарға сәйкестігіне және Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздердің бар болуына талдауды жүзеге асырады, тиісті қорытынды жасайды және осы қорытындыны көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына келісуге енгізеді - күнтізбелік 11 күн ішінде;

      5) жауаты орындаушының қорытындысын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісуі және осы қорытындыны комиссиясының қарауына енгізуі - 1 күнтізбелік күн ішінде;

      6) көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының жауапты орындаушының қорытындысын қарауы және комиссия отырысының қорытындысы бойынша қабылданған шешімді көрсете отырып, хаттамаға қол қоюы. Көрсетілетін қызметті алушы әзірлік паспортын алу үшін қажетті талаптарға сәйкес болғанда, жауапты орындаушы әзірлік паспортының жобасын, ал көрсетілетін қызметті алушының әзірлік паспортын алу үшін қажетті талаптарға сәйкес емес және Стандарттың 10-тармағында қарастырылған негіздер бар болған жағдайда - әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы шешу жобасын дайындайды - 2 күнтізбелік күн ішінде;

      7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы - 1 күнтізбелік күн ішінде;

      8) көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін порталда орналастыру - 3 күнтізбелік күн ішінде.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2019 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Келесі рәсімді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) өтінішті тіркеу немесе өтінішті қабылдаудан бас тарту;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарары;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының қарары;

      4) көрсетілетін қызметті алушының әзірлік паспортын алу үшін қажетті талаптарға сәйкес немесе сәйкес еместігі туралы қорытындысы;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының виза-келісімі;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы отырысының хаттамасы, әзірлік паспортының жобасы немесе әзірлік паспортын беруден бас тарту жобасы;

      7) қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі;

      8) порталда орналастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі маманы көрсетілетін қызметті алушының берген құжаттарын Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкестігін тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі маманы өтінішті қабылдаудан бас тартады. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған және мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, өтінішті қабылдайды және тіркейді - 15 минут ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысын айқындайды - 1 күнтізбелік күн ішінде;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды және оған құжаттарды қарастыруға береді - 1 күнтізбелік күн ішінде;

      4) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының әзірлік паспортын беру үшін қажетті талаптарға сәйкестігіне талдауды жүзеге асырады және тиісті қорытынды жасайды және осы қорытындыны көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына келісуге енгізеді - күнтізбелік 11 күн ішінде;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы жауапты орындаушының қорытындысын келіседі және осы қорытындыны көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының қарауына енгізеді - 1 күнтізбелік күн ішінде;

      6) көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының жауапты орындаушының қорытындысын қарауы және комиссия отырысының қорытындысы бойынша қабылданған шешімді көрсете отырып, хаттамаға қол қоюы. Көрсетілетін қызметті алушының әзірлік паспортын алу үшін қажетті талаптарға сәйкес болғанда, жауапты орындаушы әзірлік паспортының жобасын, ал қызмет алушының әзірлік паспортын алу үшін қажетті талаптарға сәйкес емес және Стандарттың 10-тармағында қарастырылған негіздер бар болған жағдайда - әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы шешу жобасын дайындайды - 2 күнтізбелік күн ішінде;

      7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды - 1 күнтізбелік күн ішінде.

      8) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты атқарушысы порталға орналастырады - 3 күнтізбелік күн ішінде.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2019 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылдар тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      9. Осы регламентте мемлекеттік қызмет көрсету процесінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қарастырылмаған.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде жүгіну тәртібінің және рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші рәсімдерінің (іс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы;

      1 - рәсім - көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің логинді және парольді қызметті көрсету үшін порталға енгізуі (авторизация процесі);

      1 - шарт - логин мен пароль арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген жұмыскері туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;

      2 - рәсім - көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарламаны порталда қалыптастыру;

      3 - рәсім - көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің осы мемлекеттік қызмет регламентінде көрсетілген қызметті таңдауы, экранға қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;

      2 - шарт - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) бар - жоғын тексеру;

      4 - рәсім - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЗТ МДҚ-да болмауына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама жасау;

      5 - рәсім - сұрау нысанын құжаттардың қағаз түрінде болуы туралы белгісі бөлігінде толтыру және көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау нысанына бекітуі;

      6 - рәсім - сұрауды порталда тіркеу және көрсетілетін қызметті порталда өңдеу;

      3 - шарт - көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының әзірлік паспортын алу үшін қажетті талаптарға сәйкестігін және Стандарттың 10-тармағында қарастырылған негіздер бар болуын тексеруі;

      7 - рәсім - әзірлік паспортын алу үшін қажетті талаптарға және Стандарттың 10-тармағында қарастырылған негіздерге сәйкес келмеуіне байланысты сұралған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

      8 - рәсім - көрсетілетін қызметті алушының әзірлік паспортын алу үшін қажетті талаптарға сәйкес болған жағдайда әзірлік паспортының жобасын қалыптастыру;

      9 - рәсім - электронды құжатты көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электронды цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі - ЭЦҚ) қолдана отырып қалыптастыру.

      2) көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі және рәсімдер (іс - қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:

      1 - рәсім - көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігі арқылы жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

      2 - рәсім - көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының парольді (авторизация рәсімі) енгізу рәсімі;

      1 - шарт - порталда тіркелген тұтынушы туралы деректердің дұрыстығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН/БСН) мен пароль арқылы тексеру;

      3 - рәсім - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты порталдың авторизациядан бас тарту туралы хабарлама жасауы;

      4 - рәсім - көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау нысанына қажетті құжаттарды электронды түрде қосу арқылы сұрау нысанына қоса толтыру (деректерді енгізуі);

      5 - рәсім - көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

      2 - шарт - порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімде жоқтығын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;

      6 - рәсім - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығын расталмауына байланысты сұратылған көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама жасау;

      7 - рәсім - қызмет көрсетуге арналған сұраудың толтырылған (енгізілген деректерді) нысанын көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);

      8 - рәсім - электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) порталда тіркеу және порталда сұрауды өңдеу;

      9 - рәсім-көрсетілетін қызметті алушының әзірлік паспортын алу үшін қажетті талаптарға сәйкес болуын көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;

      10 - рәсім - көрсетілетін қызметті алушының порталда жасалған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуы.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары бірізділігінің толық сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшада мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

  "Энергия өндіруші және энергия
беруші ұйымдарға күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы



  "Энергия өндіруші және энергия
беруші ұйымдарғакүзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

"Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2019 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



  Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 376 бұйрығына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 376 бұйрығына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 376 бұйрығына
6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаның күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 376 бұйрығына
7-қосымша

      Ескерту. 7-қосымшаның күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 376 бұйрығына
8-қосымша

"Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2019 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген "Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11130 болып тіркелген) (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет стандарты) сәйкес www.egov.kz, www.elіcense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: хаттама (электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өту нәтижесі және электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын беру) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуы негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы және оларды орындаудың бірізділігі, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімше бөлігінде барлық рәсімдерден (іс-қимылдардан) өту кезеңдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тіркеу номері мен күнін бере отырып құжаттарды қабылдауы және тіркеуі және тіркелген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 15 (он бес) минут ішінде жіберу.

      Өтініш сағат 18:30-дан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарар салуы және өтініш пен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысына қарауына 1 (бір) сағаттың ішінде жіберу;

      3) жауапты құрылымдық бөлімше басшысының жауапты орындаушыны 1 (бір) сағат ішінде анықтауы;

      4) өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелген сәттен бастап жауапты орындаушының 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарауы және толықтығын тексеруі;

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

      Құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға тестілеуден өтудің күні мен уақыты көрсетілген біліміне біліктілік тексеруден өту туралы хабарлама жолданады.

      5) біліміне біліктілік тексеруді құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтініш тіркелген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінің ішінде жүргізу;

      6) хаттаманы жолдау (электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуге біліктілік тексеруден өту нәтижесі және электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын беру) біліміне біліктілік тексеру жүргізілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) тіркелген өтініш және кіріс нөмірі мен күні көрсетілген құжаттар;

      2) қойылған бұрыштама және көрсетілетін қызметті берушінің анықталған жауапты құрылымдық бөлімшесі;

      3) жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысымен анықталған жауапты орындаушы;

      4) қаралған құжаттар топтамасы: өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап немесе тестілеуден өту күні, уақыты мен орны көрсетілген білімін біліктілік тексеруден өту туралы хабарлама;

      5) біліміге біліктілік тексеру жүргізу;

      6) хаттама (электр энергетикасы саласында техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуге біліктілік тексеруден өту нәтижесі және электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын беру).

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде реттік тіркеу нөмірін бере отырып, келіп түскен құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) сағат ішінде өтінішті және құжаттарды жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына береді;

      3) жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы 1 (бір) сағат ішінде жауапты орындаушыны анықтайды;

      4) жауапты орындаушы өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын қарайды және тексереді;

      5) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде білімге біліктілік тексеру жүргізу;

      6) жауапты орындаушы білімге біліктілік тексеру жүргізілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттаманы (электр энергетикасы саласында техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуге біліктілік тексеруден өту нәтижесі және электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын беру) жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігі, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің өтініш беруі және көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) бірізділік тәртібінің сипаттамасы:

      1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті порталда таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен пішіндік талаптарын ескере отырып, толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде қоса тіркеуі;

      2-процесс – порталда электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрануын) тіркеу және сұрау салуды порталда өңдеу;

      3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталға берген өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің басшысынан жауапты орындаушыға дейін нұсқау беру рәсімі;

      1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттардың толықтығын қарауы және тексеруі;

      4-процесс – өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастыру;

      5-процесс – мемлекеттік қызметті көрсету күні, уақыты мен орны көрсетілген хабарламаны қалыптастыру;

      2-шарт – көрсетілетін қызметті алушы хабарламада көрсетілген мерзімде келген кезде:

      6-процесс - көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып қалыптастырылады.

      3-шарт - көрсетілетін қызметті алушы хабарламада көрсетілген мерзімде келмеген кезде:

      7-процесс – көрсетілетін қызметті алушы келмей қалу себебін (ауыру, іссапар, еңбек демалысы, оқу орындарында оқу) растайтын құжатты тіркей отырып, өтінішті кері қайтарады;

      8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының білімін біліктілік тексеруден өтпеді деп есептелетін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы.

      Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.

  "Электр қондырғыларының
техникалық жай-күйін және
оларды пайдалану қауіпсіздігін
бақылау үшін электр және жылу
энергиясын өндіруді, беруді
жүзеге асыратын ұйымдар
басшыларының, мамандарының
техникалық пайдалану
қағидалары мен қауіпсіздік
техникасы қағидаларын білуіне
біліктілік тексеру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша

"Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



  "Электр қондырғыларының
техникалық жай-күйін және
оларды пайдалану қауіпсіздігін
бақылау үшін электр және жылу
энергиясын өндіруді, беруді
жүзеге асыратын ұйымдар
басшыларының, мамандарының
техникалық пайдалану
қағидалары мен қауіпсіздік
техникасы қағидаларын білуін
біліктілік тексеру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша

Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады