Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 238 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 маусымда № 11467 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 322 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 10.07.2020 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік қызмет туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

      2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

      3) ресми жаряланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын;

      4) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне ұсынсын.

      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі И. Тасмағамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 27 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 238 бұйрығына 1-қосымша

"Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери
қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан
объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес
еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "64615 әскери бөлімі" республикалық мемлекттік мекемесінің (бұдан әрі – РММ), "01826 әскери бөлімі" РММ-ның іс жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Қызмет алушы құжаттар пакетін ұсынған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) 15 (он бес) күнтізбелік күн;

      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін барынша жол берілген күту уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет алушыға қызмет көрсетуге барынша жол берілетін уақыт – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.

      8. Қызмет берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейінгіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

      Өтініші қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      9. Қызмет алушы (немесе оның сенімхаты бойынша өкіл) қызмет берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:

      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

      санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аккредиттелген зертханалары жүргізген сынақтар (зерттеулер) хаттамалары.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктерді немесе анықтамалары, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктерді қызмет алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден өзі алады.

      Өтінішті қабылданғаны туралы растау осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес талон болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі: шағым қызмет берушінің басшылығы атына немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы атына мынадай мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 14-үй.

      Шағым жазбаша түрде пошта арқылы немесе жұмыс күндері қолма-қол қызмет берушінің іс жүргізу бөлімшесі арқылы беріледі.

      Шағымда:

      жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;

      заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Өтінішке қызмет алушы қол қоюға тиіс.

      Шағымның қабылданғаны туралы растау қызмет берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Қызмет берушінің мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қызметті алушыға пошта арқылы немесе қызмет ұсынушының іс жүргізуінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдануына болады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып,
қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында ораластырылған: www.mod.gov.kz.

      13. Анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында ораластырылған: www.mod.gov.kz, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414.

  "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
әскери қалашықтары мен оқу-жаттығу орталықтары
аумағында орналасқан объектілердегі мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және
гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі)
туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

      нысан

      ______________________________________

      басшының Т.А.Ә. (ол бар болған кезде)

      ______________________________________

      ҚР ҚМ бөлімшесінің атауы

      Кімнен ___________________________________

      өтініш берушінің Т.А.Ә. (ол бар болған кезде)

      ______________________________________

      өтініш берушінің тұрғылықты мекенжайы

      ______________________________________

      өтініш берушінің байланыс телефон

Өтініш

      Сізден________________________________________________________

      (аудан, көше, үй, пәтер)

      мекенжайы бойынша орналасқан_________________________________________

      _____________________________________________________________________

      тексеруіңізді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруіңізді

      сұраймын, объектінің мақсатты тағайындалуы___________________________

      _____________________________________________________________________

      _______________________________________

      қолы, жылы, күні, айы

      Қосымша (құжаттар көшірмесі):

      1.

      2.

      3.

  "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
әскери қалашықтары мен оқу-жаттығу орталықтары
аумағында орналасқан объектілердегі мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және
гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі)
туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Талон

      1. Сұрау салуға қабылданған күні мен нөмірі

      _____________________________________________________________________

      2. Сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі

      3. Қоса берілген құжаттар саны мен атауы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Құжаттарды беру күні (уақыты) және орны

      5. Құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған қызметкердің

      Т.А.Ә. (ол бар болған кезде), қолы, байланыс телефондары _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 238 бұйрығына 2-қосымша

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери
қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан
объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "64615 әскери бөлімі" республикалық мемлекттік мекемесі (бұдан әрі – РММ), "01826 әскери бөлімі" РММ іс жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Қызмет алушы құжаттар пакетін ұсынған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) 15 (он бес) күнтізбелік күн;

      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін барынша жол берілген күту уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет алушыға қызмет көрсетуге барынша жол берілетін уақыт – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.

      8. Қызмет берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейінгіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      9. Қызмет алушы (немесе оның сенімхаты бойынша өкіл) қызмет берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:

      1) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді орналастыру және құрылыс жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

      объектіні орналастыруға және құрылысқа арналған жобалау құжаттамасы;

      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктер немесе анықтамалар, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктер;

      2) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді қайта қалпына келтіру, күрделі жөндеу жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

      объектілерді қайта қалпына келтіруге немесе күрделі жөндеуге арналған жобалау құжаттамасы;

      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктер немесе анықтамалар, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктер;

      3) қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың жол берілген шекті шығарындылары мен жол берілген шекті төгінділері, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму нормативтік құжаттамаларының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

      қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың жол берілген шекті шығарындылары мен жол берілген шекті төгінділері, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму жөніндегі жобалар және нормативтік құжаттама;

      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктер немесе анықтамалар, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктер;

      4) жерүсті және жерасты сумен жабдықтау көздерінің, су қоймаларының санитариялық қорғау аймағын (бұдан әрі – СҚА) белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

      СҚА белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасы, оның ішінде гидрогеологиялық зерттеу және сулар сапасының қорытындысы;

      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктер немесе анықтамалар, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктер;

      5) санитариялық-қорғалған аймақтарды белгілеу және түзету жөніндегі құжаттамалар жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

      санитариялық-қорғалған аймақтарды белгілеу және түзету жөніндегі жоба;

      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктер немесе анықтамалар, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктер;

      6) әскери қалашықтарды салудың бас жоспарлары, әскери қалашықтарды салуды жоспарлау жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

      әскери қалашықтарды салудың бас жоспары, әскери қалашықтарды салуды жоспарлау жобалары;

      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктер немесе анықтамалар, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктер.

      Өтінішті қабылданғаны туралы растау осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес талон болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі: шағым қызмет берушінің басшылығы атына немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы атына мынадай мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 14-үй.

      Шағым жазбаша түрде пошта арқылы немесе жұмыс күндері қолма-қол қызмет берушінің іс жүргізу бөлімшесі арқылы беріледі.

      Шағымда:

      жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;

      заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Өтінішке қызмет алушы қол қоюға тиіс.

      Шағымның қабылданғаны туралы растау қызмет берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Қызмет берушінің мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қызметті алушыға пошта арқылы немесе қызмет ұсынушының іс жүргізуінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдануына болады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында ораластырылған: www.mod.gov.kz, мемлекеттік қызметті көрсету бойынша бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414.

  "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында
орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық
қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

      нысан

      ______________________________________

      ҚР ҚМ бөлімшесінің атауы

      ______________________________________

      басшының Т.А.Ә. (ол бар болған кезде)

      Кімнен ___________________________________

      өтініш берушінің Т.А.Ә. (ол бар болған кезде)

      ______________________________________

      мекенжайы (БЖН, БСН)

      ______________________________________

      өтініш берушінің байланыс телефоны

Өтініш

      Сізден_________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жобаның атауы)

      _____________________________________________________________________

      жобалау құжаттамасына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама

      жүргізуді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді

      сұраймын.

      Қолы, жылы, күні, айы

      Қосымша (құжаттар көшірмесі):

      1.

      2.

      3.

  "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында
орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Талон

      1. Сұрау салуға қабылданған күні мен нөмірі

      _____________________________________________________________________

      2. Сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Қоса берілген құжаттар саны мен атауы _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Құжаттарды беру күні (уақыты) және орны

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған қызметкердің Т.А.Ә. (ол бар болған кезде), қолы, байланыс телефондары

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады