Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 405 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11473 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.02.2016 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесі, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануға жолдануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін  Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі                  Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ___________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 28 мамыр

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 27 мамырдағы  
№ 405 бұйрығымен бекітілген

Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесі,
мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.12.2015 № 755 (2015 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі); 20.01.2016 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

СЭҚ ТН коды

Тауардың атауы1

Өлш. бір.

Тауарларға қатысты кедендік баж мөлшерлемесі

Кедендік баждың қолданылу мерзімі

Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкетілетін2

ЕСАШ-ға қатысушы елдерге әкетілетін3

1

2

3

4

5

6

2709 00 900 94

Шикі мұнай

-

40 доллар

40 доллар

2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін

2710 12

Жеңіл дистилляттар мен өнімдер

-

168,88 доллар

168,88 доллар

тұрақты

2710 19 110 0,
2710 19 150 0,
2710 19 210 0,
2710 19 250 0,
2710 20 290 0

Орташа дистилляттар

-

168,88 доллар

168,88 доллар

тұрақты

2710 19 42,
2710 19 460 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар

-

168,88 доллар

168,88 доллар

1 тоннасына
200 евро
15 ақпаннан – 15 қазанға дейін

2710 20 110 0,
2710 20 150 0,
2710 20 900 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар: өзге де мақсаттар үшiн

-

60 доллар

60 доллар

1 тоннасына
200 евро
15 ақпаннан – 15 қазанға дейін

2710 19 310 0,
2710 19 350 0,
2710 19 480 0,
2710 20 190 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар

-

60 доллар

60 доллар

тұрақты

2710 19 510 1,
2710 19 510 95 -
2710 19 550 9

Ауыр дистилляттар: сұйық отындар

-

60 доллар

60 доллар

тұрақты

2710 19 620 1 -
2710 19 680 9,
2710 20 310 1,
2710 20 310 9,
2710 20 350 1,
2710 20 350 9,
2710 20 370 1,
2710 20 370 9,
2710 20 390 1,
2710 20 390 9

Ауыр дистилляттар: сұйық отындар:
өзге де мақсаттар үшiн;
Мазуттар

-

60 доллар

60 доллар

1 тоннасына 15 евро
15 мамырдан – 15 тамызға дейін

2710 19 710 0,
2710 19 750 0,
2710 19 820 0,
2710 19 840 0,
2710 19 860 0,
2710 19 880 0,
2710 19 920 0,
2710 19 940 0,
2710 19 980 0

Жағармайлар: өзгелері

-

60 доллар

0

тұрақты

2710 91 000 0,
2710 99 000 0

Қалдық мұнай өнімдері

-

60 доллар

0

тұрақты

2712 90 990 0

Өзгелері

-

60 доллар

0

тұрақты

2713 20 000 0,
2713 90 100 0,
2713 90 900 0

Мұнай битумы; битуминозды жыныстылардан алынған мұнайды немесе мұнай өнімдерін өңдеуден қалған өзге де қалдықтар

-

60 доллар

60 доллар

1 тоннасына 15 евро 15 қазаннан – 15 сәуірге дейін

2715 00 000 0

Битум қоспалары

-

15 %

0

тұрақты

4101

Ірі қара малдың (буйволдарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың түгі бар немесе түксіз, бүлінген немесе бүлінбеген, өңделмеген терілері

дана

1 тоннасына 500 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

тұрақты

4102

Қойлардың немесе қозылардың (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың жүні бар немесе жүнсіз, бүлінген немесе бүлінбеген, өңделмеген терілері, осы топқа 1в ескертпемен алынып тасталғандардан басқа

дана

1 тоннасына 500 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

тұрақты

4103

Түкті немесе түксіз (буланған немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе басқа әдіспен консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген немесе одан әрі өңдеуге ұшырамаған), бөлінген немесе бөлінбеген өңделмеген өзге де терілер, осы топтағы 1б немесе 1в ескертпемен алынып тасталғандардан басқа

дана

1 тоннасына 500 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

тұрақты

5101

Кард немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн:

-

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

тұрақты

5102

Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, биязы немесе қылшықты, жануарлар қылы:

-

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

тұрақты

5103

Иіру қалдықтарын қоса алғанда, бірақ түтілген шикізатты қоспағанда, жануарлар жүнінің немесе биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары:

-

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

тұрақты

5104 00 000 0

Жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан жасалған түтілген шикізат

-

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

тұрақты

7204

Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құйма металдары (шихталық құймалар)

-

15 %, бірақ 1 тоннасына 15 евродан кем емес

15 %, бірақ 1 тоннасына 15 евродан кем емес

2016 жылғы 30 қарашаны қоса алғанға дейін

7302

Темір жол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын, қара металдардан жасалған бұйымдар: рельстерді біріктіруге немесе бекітуге арналған рельстер, жанама рельстер және тісті рельстер, ауыстырылатын рельстер, қатаң қиылысу айқастырмалар, ауыстырылатын штангалар және өзге де көлденең қосылғыштар, шпалдар, түйіспе жапсырмалар және төсемдер, сыналар, тірек тақталар, ілмекті рельс бұрандамалары, төсемдер мен кергіштер, тұғырлар, жақтаулар және өзге де бөлшектер

-

20 %, бірақ 1 тоннасына 20 евродан кем емес

20 %, бірақ 1 тоннасына 20 евродан кем емес

тұрақты

7404 00

Мыс қалдықтары мен сынықтары

-

30 %, бірақ 1 тоннасына 330 евродан кем емес

30 %, бірақ 1 тоннасына 330 евродан кем емес

тұрақты

7601

Өңделмеген алюминий:





7601 20

- алюминий қорытпалары:





7601 20 100

- - бастапқы:





7601 20 100 1

- - - авиациялық қозғалтқыштарды жасау үшін

-

15 %, бірақ 1 тоннасына 100 евродан кем емес

15 %, бірақ 1 тоннасына 100 евродан кем емес

тұрақты

7601 20 100 9

- - - өзгелері, алюминий-бериллий лигатурасынан басқа

-

15 %, бірақ 1 тоннасына 100 евродан кем емес

15 %, бірақ 1 тоннасына 100 евродан кем емес

тұрақты


- - қайталама:





7601 20 910 0

- - - құйма немесе сұйық түрдегі

-

3 %, бірақ 1 тоннасына 22 евродан кем емес

3 %, бірақ 1 тоннасына 22 евродан кем емес

тұрақты

7602 00

Алюминий қалдықтары мен сынықтары

-

15 %, бірақ 1 тоннасына 100 евродан кем емес

15 %, бірақ 1 тоннасына 100 евродан кем емес

тұрақты

86076

Теміржол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктері

-

20 %, бірақ 1 тоннасына 15 евродан кем емес

20 %, бірақ 1 тоннасына 15 евродан кем емес

тұрақты

8607 19 100 1

Жиналған немесе бөлшектелген түріндегі білігі; дөңгелектер және оның бұрын пайдаланылған бөлшектері

-

5 %

5 %

тұрақты

      Ескертпе:
      1 Кедендiк әкету баж мөлшерлемелерін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген. <5> сілтемеде көзделген жағдайлар бағынбайды.
      2 Еуразиялық экономикалық одағына (бұдан әрі – ЕАЭО) кіретін елдерді және Қазақстан Республикасының кедендік әкету бажын төлеуден босату көзделген еркін сауда аймағы туралы екіжақты және көпжақты келісім жасалған елдерді қоспағанда.
      3 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында жасалған Еркін сауда аймағы туралы шарт пен 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы Хаттама күшіне енген елдер.
      4 Осы бұйрықпен белгіленген шикі мұнайға кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері:
      1) олар 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған және міндетті салықтық сараптамадан өткен, шикі мұнайға кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне;
      2) олар роялти төлеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар әкететін шикі мұнайды қоспағанда, шикі мұнайға кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) болып табылмайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне қатысты қолданылмайтыны.
      5 Кедендік әкету бажын төлеуден босатылатын ауыр дистиллятталған сұйық отынды қоспағанда.
      6 Өзіне қатысты кедендік құннан 0% кедендік әкету бажының мөлшерлемесі қолданылатын ЕАЭО СЭҚ ТН 8607 19 100 9 кодын қоспағанда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады