Патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбелерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-2/490 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11479 болып тіркелді.

      "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 06.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 06.06.2024 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Султанов

      2015 жылғы 29 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 4-2/490 бұйрығына
1-қосымша

Патент қабілеттілігі және шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 06.06.2024 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Дақылдың атауы

Латынша атауы

1

2

3

1-тарау. Дәнді дақылдар

1.

Егістік қарақұмық

Fagopyrum esculentum Moench

2.

Жүгері

Zea mays L.

3.

Жалаңаш дәнді сұлы

Avena nudа L.

4.

Егістік сұлы

Avena sativa L.

5.

Кәдімгі тары

Panicum miliaceum L.

6.

Жұмсақ бидай

Triticum aestivum L.

7.

Қатты бидай

Triticum durum Desf

8.

Тургидум бидайы

Triticum turgidum L.

9.

Егістік күріш

Oryza sativa L.

10.

Дақылдық қара бидай

Secale cereale

11.

Дәнді құмай жүгері

Sorghum bicolor (L.) Moench

12.

Тритикале

Triticosecale

13.

Жаздық арпа

Hordeum vulgare L.

2-тарау. Дәнді-бұршақты дақылдар

14.

Егістік асбұршақ

Pisum sativum L. sensu lato

15.

Дақылдық ноқат

Cicer arietinum L.

16.

Кәдімгі үрмебұршақ

Phaseolus vulgaris L.

17.

Дақылдық жасымық

Lens culinaris Medik

3-тарау. Майлы дақылдар

18.

Ақ қыша

Sinapis alba

19.

Көгілжім қышасы

Brassica juncea (L.) Czern. et Coss.in Czern

20.

Майлы зығыр

Linum usitatissimum L. var. intermedia Vav. et. Ell.

21.

Біржылдық күнбағыс

Helianthus annuus L.

22.

Рапс

Brassica napus L. ssp. Oleifera (Metzg.) Sinsk.

23.

Бояулы мақсары

Carthamus tinctorius L.

24.

Дақылдық соя

Glycine max (L.) Merr

4-тарау. Көкөніс және бақша дақылдары

25.

Кәдімгі қарбыз

Citrullus lanatus (Thund.) Matsum. et.​Nakai

26.

Кәдімгі қауын

Cucumis melo L.

27.

Ақ қауданды қырыққабат

Brassica oleracea L. convar. capitata L. Alef. var.​

28.

Қызыл қауданды қырыққабат

Brassica oleracea L.​convar. capitata (L.) Alef. var. rubra L.) Thell.

29.

Савой қырыққабаты

Brassica oleracea L. convar. capitata (L.) Alef. var. sabauda L.

30.

Түсті қырыққабат

Brassica oleracea L.​convar botrytis (L.) Alef.var. botrytis L

31.

Картоп

Solanum tuberosum L.

32.

Асханалық сәбіз

Daucus carota L.

33.

Шалғам

Raphanus sativus L. var. oleiformis Pers

34.

Шалқан

Brassica rapa L.

35.

Асханалық қызылша

Beta vulgaris L. ssp. vulgaris var. conditiva Alef.

36.

Ірі жемісті асқабақ

Cucurbita maxima Duch.

5-тарау. Техникалық дақылдар

37.

Қант қызылшасы

Beta vulgaris L. ssp. Vulgaris var.​alt​issi​ma Doell

6-тарау. Талшықты дақылдар

38.

Мақта

Gossypium L.

7-тарау. Мал азықтық дақылдар

39.

Ақбас түйежоңышқа

Melilotus albus Medik.

40.

Еділ түйежоңышқасы

Melilotus wolgicus Poir.

41.

Сарыбас түйежоңышқа

Melilotus officinalis (L.) Desr.

42.

Тісті түйежоңышқа

Melilotus dentatus (Waldst. et Kit.) Pers.

43.

Тар жапырақты еркекшөп

Agropyron desertorum (Fisch. ex Link) Schult

44.

Кең жапырақты еркекшөп

Agropyron pectiniforme Roem. et. Schult.

45.

Қылтанақсыз арпабас

Bromus inermis Leyss.

46.

Тік арпабас

Bromus arvensis L

47.

Жоңышқа

Medicago L.

48.

Судан шөбі

Sorghum ×drummondii (Steud.) Millsp. & Chase

49.

Эспарцет

Onobrychis viciifolia Scop

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 4-2/490 бұйрығына
2-қосымша

Патент қабілеттілігі және шаруашылықта пайдалылығы өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 06.06.2024 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Дақылдың атауы

Латынша атауы

1

2

3

1-тарау. Дәнді-бұршақты дақылдар

1.

Маш

Vigna radiata (L.) 

2.

Егістік ноғатық

Lathyrus sativus L.

2-тарау. Майлы дақылдар

3.

Кәдімгі үпілмәлік

Ricinus communis L.

4.

Күнжіт

Sesamum indicum L.

5.

Егістік арыш

Camelina sativa (L.)

3-тарау. Көкөніс дақылдары

6.

Көкөніс насыбайгүлі

Ocimum basilicum L.

7.

Баялды

Solanum melongena L.

8.

Асханалық тарна

Brassica napus L. var napobrassica (L) Rchb

9.

Жіңішке жапырақты қос қатар

Diplotaxis tenuifolia (L.) DC.

10.

Кәді

Cucurbita pepo L. var. giraumonas Duch.

11.

Жапырақты қырыққабат

Brassica oleracea L. var . sabellica L.

12.

Пекин қырыққабаты

Brassica rapa L. subsp. pekinensis (Lour.) Hanelt

13.

Кориандр

Coriandrum sativum L.

14.

Батун пиязы

Allium fistulosum L.

15.

Порей пиязы

Allium porrum L.

16.

Басты пияз

Allium сера L.

17.

Шалот пиязы

Allium ascalonicum L.

18.

Мангольд

Beta vulgaris L. ssp. vulgaris var. flavescens DC. f. crispa

19.

Кәдімгі қияр

Cucumis sativus L.

20.

Егістік ботташық

Pastinaca sativa L.

21.

Самсар

Cucurbita pepo L. var. melopepo L.

22.

Бұршаққынды бұрыш

Capsicum annum L. var. grossum (L.) Sendt.

23.

Бұйра ақжелкен

Petroselinum crispum (Mill.) Nym. Ex. A.​W.​Hill

24.

Рауғаш

Rheum L.

25.

Шалғам

Raphanus sativus L.

26.

Жапырақты салат

Lactuca sativa L.

27.

Дақылдық балдыркөк

Apium graveolens L.

28.

Спаржалық қырыққабат (брокколи)

Brassica oleracea L. var. italica Plenck

29.

Қызанақ

Solanum lycopersicum L. var. lycopersicum

30.

Хош иісті аскөк

Anethum graveolens L.

31.

Сарымсақ

Allium sativum L.

32.

Шпинат

Spinacia oleracea L.

33.

Қымыздық

Rumex L.

4-тарау. Техникалық дақылдар

34.

Көксағыз

Taraxacum kok-saghyz L. E. Rodin.

35.

Темекі

Nicotiana tabacum L.

5-тарау. Азықтық дақылдар

36.

Шашақты гүлтәжі

Amaranthus paniculatus L.

37.

Түлкімасақ

Astragalus valpinus

38.

Түлкі тәрізді таспашөп

Astragalus alopecias Pall.

39.

Бадам таспашөбі

Astragalus amygdalinus

40.

Шарағал таспашөбі

Astragalus globicepsBunge

41.

Буассье шытыршығы

Isatis tinctoria L.

42.

Далалық сиыржоңышқа

Vicia villosa Roth.

43.

Егістік сиыржоңышқа

Vicia sativa L

44.

Байкал самалдығы

Polygonum divaricatum L.

45.

Жима тарғақ

Dactylis glomerata L.

46.

Жапырақсыз жүзгін

Calligonum aphyllum (Pall.) Gürke

47.

Ақ қабық жүзгін

Calligonum Leucocladum

48.

Медуза басы тәріздес жүзгін

Calligonum caput-medusae.

49.

Тікен қанатты жүзгін

Calligonum acanthopterum

50.

Қызылқұм жүзгіні

Calligonum Kzyl-kymi

51.

Ұсақ жемісті жүзгін

Calligonum microcarpum

52.

Кәдімгі жүзгін

Calligonum commune

53.

Түкті сабақты жүзгін

Calligonum eriopodum

54.

Лессинг қараматауы

Camphorosma lessingii

55.

Қамысты қосбас

Phalaris arundinacea

56.

Күйреуік

Salsola orientalis S.​G.​Gmel

57.

Шалғындық беде

Trifolium pratense L.

58.

Жатаған беде

Trifolium repens L

59.

Шығыс көктікені

Galega orientalis Lam.

60.

Көпжемісті көкпек

Atriplex policara

61.

Елекшөпті қияқ

Psathyrostachys juncea Fisch. Nevski

62.

Түбірлі селдірек

Deschampsia cespitosa (L.) P. Beauv.

63.

Айыр пышан

Lotus corniculatus L

64.

Могар

Setaria italica L. ssp. mocharium Alf.

65.

Шалғындық қоңырбас

Poa pratensis L.

66.

Кәдімгі қоңырбас

Poa trivialis L.

67.

Көк шұнақ бетеге

Festuca sulcata (Hack.)

68.

Қызыл бетеге

Festuca rubra L.

69.

Шалғындық бетеге

Festuca pratensis Huds.

70.

Қой бетеге

Festuca ovina L.

71.

Түрлі жапырақты бетеге

Festuca heterophylla Lam.

72.

Қамысты бетеге

Festuca arundinacea Schreb.

73.

Өркенді суоты

Agrostis stolonifera L.

74.

Боз жусан

Artemisia terrae-albae Krasch.

75.

Жатық жусан

Artemisia glabella Kar. & Kir.

76.

Ащы жусан

Artemisa halophilа

77.

Тұран жусаны

Artemisa turanica

78.

Африкалық тары

Pennisetum glaucum L.R. Br.

79.

Жатаған изен (изен, шыбықот)

Kochia prostrata (L.) Schrad

80.

Көгентамырсыз бидайық

Agropyrum tenerum Vessey

81.

Даур бидайығы

Elymus dahuricus Turcz. ex Griseb. Nevski.

82.

Сібір бидайығы

Clinelymis sibiricus L. Nevski

83.

Көкшіл бидайық

Thinopyrum intermedium (Host)

84.

Буданды үйбидайық

Lolium hybridum

85.

Көпжылдық үйбидайық

Lolium perenne L.

86.

Бір жылдық үйбидайық

Lolium multiflorum Lam. var. westerwoldicum Wittm.

87.

Ақ сексеуіл

Haloxylon рersicum

88.

Қара сексеуіл

Haloxylon aphyllum (Minkw.)

89.

Азықтық қызылша

Beta vulgaris ssp. vulgaris var alba DC

90.

Қарабарқын (шеркез)

Salsola rihteri Karel

91.

Сыпыртқылы құмай жүгері

Sorghum technicum Roshev.

92.

Қышабас

Brassica rapa subsp. silvestris (Lam.) Janch.

93.

Теріскен

Krascheninnikovia Gueldenst.

94.

Эверсман теріскені

Krascheninnikovia eversmanniana (Stschegl. ex Losinsk.) Grubov

95.

Шалғындық атқонақ

Phleum pratense L.

96.

Жералмұрт

Helianthus tuberosus L.

97.

Жеркүнбағысы

Helianthus tuberosus x H.​annus L.

98.

Турнепс

Brassica rapa L. var rapa (L.) Thell

99.

Тұт көбелегі

Bombyx mori L.

100.

Шоған

Salsola subaphylla C.A. Mey

101.

Қонақ

Setaria italica (L.)subsp. maxima Alef.

102.

Тұт ағашы

Morus L.

103.

Күңгірт қызылкүрең

Echinacea purpurea L. Moench

6-тарау. Жеміс-жидек дақылдары және жүзім

104.

Кәдімгі өрік

Prunus armeniaca L.

105.

Кәдімгі беже

Cydonia oblonga Mill

106.

Жүзім

Vitis L.

107.

Кәдімгі шие

Prunus cerasus L.

108.

Құс шиесі

Prunus avium L.

109.

Биік көкжидек

Vaccinium Corymbosum L

110.

Кәдімгі көкжидек

Vaccínium uliginósum

111.

Кәдімгі анар

Punica granatum L.

112.

Кәдімгі алмұрт

Pyrus communis L.

113.

Қожақат

Rubus L. subg. Rubus

114.

Көк үшқат

Lonicera caeruléa L.

115.

Бүлдірген

Fragaria L.

116.

Кәдімгі інжір

Ficus carica L.

117.

Кәдімгі қарлыған

Ribes uva-crispa L.

118.

Кәдімгі таңқурай

Rubus idaeus L.

119.

Шырғанақ

Hippophae L.

120.

Кәдімгі шабдалы

Prunus persica (L) Batsch

121.

Шетен

Sorbus L.

122.

Шие қара өрігі (алша)

Prunus cerasifera Ehrh.

123.

Үй қара өрігі

Prunus domestica L.

124.

Ақ қарақат

Ribes niveum Lindl.

125.

Қызыл қарақат

Ribes rubrum L.

126.

Қара қарақат

Ribes nigrum L.

127.

Қара жидек

Vaccínium myrtíllus L.

128.

Үй алмасы

Malus domestica (Suckow) Borkh.

7-тарау. Гүлді-сәндік дақылдар

129.

Сүмбілшаш

Hyacinthus L.

130.

Баршынгүл

Gladiolus L.

131.

Құртқашаш

Iris L.

132.

Канна

Canna L.

133.

Клематис

Clematis L.

134.

Лилей

Hemerocallis L.

135.

Лалагүл

Lilium L.

136.

Нәркес

Narcissus L.

137.

ІІІұғынық

Paeonia L.

138.

Раушангүл

Rosa L.

139.

Дәрілік түймедақ

Matricaria chamomilla (L.)

140.

Жұпаргүл

Syringa L.

141.

Тагетес

Tagetes L.

142.

Қызғалдақ

Tulipa L.

143.

Кәдімгі шилен

Zizipfus sativa Gaerth

144.

Түймежапырақ

Phacelia tanacetifolia Benth

145.

Фрезия

Freesia Eckl. ex Klatt

146.

Бақытгүл

Chrysanthemum L.

147.

Үлпет

Zinnia L.

8-тарау. Жаңғақ жемісті дақылдар

148.

Бадам

Prunus dulcis (Mill.)

149.

Грек жаңғағы

Juglans regia L.

150.

Орман жаңғағы

Corylus avellana L.

9-тарау. Орман ағаштары

151.

Салпыншақ қайың

Betula pendula Roth

152.

Павловния

Paulоwnia

153.

Кәдімгі қарағай

Pinus sylvestris L.

10-тарау. Тропикалық және субтропикалық дақылдар

154.

Банан

Musa acuminatа Colla, Musa x paradisiaca L.

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады