"Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 494 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11510 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 224 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2020 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаменті (Қ.Қ. Аманқұлов) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Р.Т. Жақыповқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаментіне (Қ.Қ. Аманқұлов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы М. Демеуов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 494 бұйрығына
қосымша

"Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 17.06.2019 № 544 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 328 бұйрығымен бекітілген "Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11230 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) көрсетеді.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Көрсетілетін қызметті беруші азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне берілген қорытындылар туралы мәліметті "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті берушінің Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өтінішті, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар мен сынау объектілерін (бұдан әрі – құжаттар пакеті) қабылдау болып табылады.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері сынау зертханасының қызметкерімен бірлесіп, өтінішті, құжаттар пакетін, сынау объектілерін қабылдайды және оларды тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы сынау зертханасының қызметкеріне құжаттар мен сынау объектілерін ұсынады және Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес тізімдеме бойынша тапсырады – 10 (он) минут. Сынау зертханасының қызметкері мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:

      өтініште көрсетілген мәліметтердің шынайылығын тексереді;

      ұсынылған құжаттар мен сынау объектілерінің Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келуін тексереді;

      Стандарттың 10-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады;

      Стандарттың 9-тармағына сәйкес зерттеуге ұсынылған құжаттар мен объектілердің тізімдемесін жасайды.

      Құжаттар мен сынау объектілерінің тізімдемесі көрсетілетін қызметті алушының өтінішіне қоса беріледі.

      Іс жүргізуге жауапты лауазымды адам көрсетілетін қызметті алушыға қабылдаған күн мен уақытты көрсете отырып, құжаттар мен сынау объектілері тізімдемесінің көшірмесін береді – 5 (бес) минут. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді.

      Рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу, сынау зертханасының қызметкері құжаттар пакеті мен сынау объектілерін қабылдаудың күні мен уақытын көрсете отырып, тізімдеме жасайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішпен, құжаттар мен сынау объектілерінің тізімдемесімен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды – 15 (он бес) минут.

      Рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 19 күнтізбелік күні ішінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:

      "Криминалистік талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынау әдістерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10747 болып тіркелген) сәйкес азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігін анықтау үшін сынау жүргізеді;

      алынған сынақ нәтижелерін талдауды жүзеге асырады, азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды жасайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді.

      Рәсімнің нәтижесі – азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындыға қол қояды – 15 (он бес) минут.

      Рәсімнің нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсетудің қол қойылған нәтижесі.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері сынау зертханасының қызметкерімен бірлесіп, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды) және көрсетілетін қызметті алушы сынау үшін ұсынған құжаттар мен криминалистік талаптарға сәйкес келетін және сынау нәтижесінде сыртқы түрін, конструкциясын, жауынгерлік қасиеттерін, техникалық сипаттамаларын өзгертпеген объектілерді береді – 15 (он бес) минут.

      Сынау зертханасының қызметкері азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне берілген қорытындылар туралы мәліметтерді "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      Рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі сынау зертханасының қызметкерімен бірлесіп – өтінішті, құжаттар мен сынау объектілерін қабылдайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлінісінің жауапты орындаушысы – объектілерін сынауды жүргізеді, алынған сынау нәтижелерін талдауды жүзеге асырады, азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды жасайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді.

      Құрылымдық бөліністердің (әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

  "Азаматтық және қызметтік
қарудың және оған
патрондардың криминалистік
талаптарға сәйкестігіне
қорытынды беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша

Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту жүйелілігін сипаттау блог-схемасы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі сынау зертханасының қызметкерімен бірлесіп (15 минут)

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі сынау зертханасының қызметкерімен бірлесіп (15 минут)

Кеңсе қызметкері өтінішті қабылдауды жүзеге асырады;
Сынау зертханасының қызметкері:
құжаттар мен сынау объектілерін қабылдауды;
өтініште көрсетілген мәліметтердің шынайылығын тексеруді;
ұсынылған құжаттар мен сынау объектілерінің Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады;
Стандарттың 9-тармағына сәйкес зерттеуге ұсынылған құжаттар мен объектілердің тізімдемесін жасайды;
Кеңсе қызметкері құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді.

криминалистік сынау бойынша қорытынды және көрсетілетін қызметті алушы сынау үшін ұсынған құжаттар мен криминалистік талаптарға сәйкес келетін және сынау нәтижесінде сыртқы түрін, конструкциясын, жауынгерлік қасиеттерін, техникалық сипаттамаларын өзгертпеген объектілерді береді – 15 (он бес) минут.
Сынау зертханасының қызметкері азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне берілген қорытындылар туралы мәліметтерді "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесіне енгізеді.

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (30 минут)

бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлінісінің жауапты орындаушысына азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды алуға өтінішті қарауға береді

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне (азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды) қол қояды

Мемлекеттік қызметті орындаушы (19 күнтізбелік күні)

ұсынылған объектілердің азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігін анықтау үшін сынау жүргізеді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады