БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11523 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жол активтері сапасының ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы";
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Жол активтері сапасының ұлттық орталығы жұмыстары мен материалдарының сапасына сараптама жүргізуді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.";
Жол активтері сапасы ұлттық орталығының автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 36) тармақшасына сәйкес әзірленді және Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының автомобиль жолдарының жұмыстары мен материалдарының сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасы жол қызметінің барлық субъектілеріне қолданылады.
3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авторлық қадағалау – сәулет немесе қала құрылысы туындыларының авторын (авторларын) қоса алғанда, әзірлеушілер жүзеге асыратын құрылыс жобасының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі автордың құқықтылығы;
2) Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы (бұдан әрі – Орталық) –жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, жол активтерін басқару, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру жөніндегі функциялар, сондай-ақ автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу, жаңа технологияларды енгізу және тәжірибелік учаскелерді қолдау жөніндегі функциялар жүктелген, автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарамағындағы заңды тұлға;
3) жұмыс жүргізу объектілері – автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау объектілері, сондай-ақ мердігер шарты мен кепілдікті кезең шеңберінде жүзеге асырылатын жобалық және техникалық құжаттама құрамына кіретін объектілер;
4) тапсырыс беруші – автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;
5) техникалық қадағалау – орындалған жұмыстың сапасын, мерзімін, құнын, қабылдап алынуын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық сатысында құрылысты қадағалау;
6) уәкілетті орган – автомобиль жолдары бойынша уәкілетті мемлекеттік орган.
4. Сараптаманың мақсаты жобаның, техникалық құжаттаманың, мердігерлік шарттар мен нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын сақтай отырып, жолдар мен құрылыстардың конструкциялық элементтерінің, материалдардың, жұмыс жүргізу технологиясының жарамдылығын белгілеу болып табылады.
2-тарау. Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру тәртібі
5. Сараптама осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамасына сәйкес Тапсырыс беруші мен Орталық арасындағы сараптама жүргізуге арналған шарт негізінде жүзеге асырылады.
6. Сараптама нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес сараптаманың нақты емес нәтижелерін болдырмайтын, сараптама жүргізу үшін қолайлы климаттық жағдайлар кезінде жүзеге асырылады.
7. Сараптама жүргізу мақсатында Орталық 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сараптама жүргізудің жоспар-кестесін (бұдан әрі – жоспар-кесте) әзірлейді, ал тапсырыс беруші бекітеді.
8. Жоспар-кесте Тапсырыс берушінің және Орталықтың интернет-ресурстарында орналастырылады.
9. Жоспарлы сараптама міндетті түрде жоспар-кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
10. Жоспардан тыс сараптама:
1) Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталықтың сараптамасының теріс корытындылары болуы кезінде;
2) қылмыстық істі жүргізетін органның, тергей судьясының қаулысы бойынша және уәкілетті органның тапсырмасы және/немесе келісімі бойынша;
3) жұмыс технологиясының ақаулары, бұзылуы және/немесе жұмыс жүргізу объектілерінде сапасыз материалды қолдану туралы растайтын материалдарды қоса бере отырып, жеке немесе заңды тұлғалардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.
11. Орталық сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде:
1) сертификатталған, тексерілген және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген аспаптарды, жабдықты және өлшеу құралдарын қолдану арқылы қолданыстағы салалық нормативтік-техникалық құжаттармен регламенттелген сынақтар мен өлшеу әдістеріне сәйкес сараптама жүргізеді;
2) сараптаманы қысқа мерзімді сынақтар үшін 10 (он) жұмыс күні ішінде және ұзақ мерзімді сынақтар үшін 35 (отыз бес) жұмыс күні ішінде қорытындысын шығара отырып жүргізеді;
3) жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша қорытындыны Тапсырыс берушіге және Мердігерге жібереді;
4) Сараптама қорытындысына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша Тапсырыс беруші шара қолданбаған жағдайда, тиісті шаралар қолданылу үшін уәкілетті органды және/немесе "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәулет-құрылысты бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік органды хабардар етеді.
12. Орталық сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде:
1) сараптама жүргізу мақсатында жұмыс жүргізу объектілерінде кедергісіз бола алады;
2) жобалық, техникалық және атқарушылық құжаттамасымен танысады.
13. Тапсырыс беруші сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде:
1) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген жоспар-кестені бекітеді;
2) сараптама жүргізу кезеңінде мердігер, техникалық қадағалау және мүдделі адамдар өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді;
3) Орталықтың жұмыс жүргізу объектілеріне кіруін қамтамасыз етеді;
4) жобалық, техникалық және атқарушылық құжаттамаларды береді;
5) сараптама қорытындыларында көрсетілген бұзушылықтарды жою бойынша мердігерді бақылайды;
6) мердігерлік шартқа сәйкес сараптаманың теріс қорытындысын алған сәттен бастап мердігерге ықпал ету шараларын қолданады;
7) мердігер сараптама қорытындысына сәйкес бұзушылықтар мен ақауларды жою нәтижелері бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде Орталықты жазбаша түрде хабардар етеді және қайта сарптама жүргізуге бастамашылық жасайды.
8) Орталықпен бірлесіп жоспар-кестеге түзетулер енгізеді;
9) сараптама қорытындысымен танысады;
10) қайта сараптама жүргізу үшін өтінім береді.
14. Мердігер сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде:
1) Орталықтың сараптама жүргізу үшін жұмыс жүргізу объектісіне кіруін қамтамасыз етеді;
2) сараптама жүргізу кезеңінде Орталыққа жобалық, техникалық және атқарушылық құжаттамаларын береді;
3) сараптама қорытындыларына сәйкес Орталық анықтаған бұзушылықтар мен ақауларды жою жөнінде іс-шараларды жүргізеді;
4) сараптама қорытындысымен танысады;
5) тапсырыс беруші мен Орталықты жазбаша түрде хабардар ету арқылы қайта сараптама жүргізуге бастамашылық етеді.
15. Сараптама қорытындылары:
1) жұмыс жүргізу объектісінің атауын;
2) тапсырыс берушінің, мердігердің, техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асырушы адамдардың атауын;
3) іс-шараларды және сараптаманы жүргізу күні мен мерзімдері көрсетіліп сараптама негіздерін;
4) регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес ресімделген сараптама қорытындыларын;
5) сараптаманың тікелей орындаушысының және оның басшысының электрондық цифрлық қолтаңбалары.
16. Сараптама жүргізілетін параметрлердің тізбесі автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау немесе жөндеу саласындағы нормативтік құжаттармен, сондай-ақ осы Қағидалардың ережелерін және тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартта осы Қағидалардың ережелерін ескере отырып белгіленген техникалық ерекшеліктерді ескере отырып, мердігерлік шартпен белгіленеді.
Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Сараптама жүргізудің жоспар-кестесі
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
р/с | Объектінің атауы | қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | қараша |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | |||
Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сараптама қорытындысы
1. Жұмыс жүргізу объектісінің атауы: ____________________________________
____________________________________________________________________
2. Тапсырыс берушінің атауы: __________________________________________
3. Мердігерді атауы: __________________________________________________
4. Техникалық қадағалаудың атауы: _____________________________________
5. Авторлық қадағалаудың атауы: _______________________________________
6. Негізгі сарапшылар: _________________________________________________
7. Сараптама нәтижелері: ______________________________________________
8. Сараптама қорытындысы: ___________________________________________
Орталық филиалының басшысы
________________________________ ____________________________
(қолы, мөр орны(бар болған жағдайда) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
Сараптама орындаушысы
__________________________________ ____________________________
(қолы, мөр орны(бар болған жағдайда) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)