Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 419 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 шілдеде № 11542 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қарашадағы № ҚР ДСМ-187/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.11.2020 № ҚР ДСМ-187/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 107) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оны күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет–ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 419 бұйрығына
Қосымша

Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл жасау
қағидалары туралы

      1. Осы келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты қан препараттарымен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау ұйымдарының келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) келісімшарттық фракциялау – Қазақстан Республикасының халқын қан препараттарымен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының қан қызметі саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында дайындалған қан компоненттерінен плазмалық қан препараттарын шетелдік өндірушінің зауыттарында өндіру үшін қан компоненттері шетелге жіберілген кезде;

      2) қан препараттары - қан компоненттерін өңдеу кезінде алынған дәрілік заттар;

      3) плазманы дайындаушы – тиісті лицензияның негізінде қан дайындауды жүзеге асыратын "Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      5) плазма – арнаулы элементтер өлшенген қанның сұйық бөлігі.

      3. Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл жасауды мынадай ұйымдар жүзеге асырады:

      1) уәкілетті орган;

      2) дайындаушы;

      4. Плазманы дайындаушы есепті жылдың 1 ақпанына дейін уәкілетті органға алдағы үшжылдық кезеңге кейін қан препараттарын өндіруге жататын плазманың көлемідер туралы ақпаратты жолдайды және плазманы дайындауды жоспарлау кезінде өзінің және плазма дайындауға тартырылатын қан қызметінің басқа ұйымдарының нақты өндірістік мүмкіндіктеріне сүйенеді.

      5. Уәкілетті орган есепті жылдың 15 ақпанына дейін өткен үшжылдық кезеңдегі сатып алынған қан препараттары және келесі күнтізбелік жылға тапсырыс берушілердің қажеттіліктері туралы ақпаратты жолдайды.

      6. Уәкілетті орган ұсынған ақпараттың негізінде келісімшарттық фракциялау негізінде өндірілген қан препараттарының көлемі қалыптастырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады