Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қарашадағы № ҚР ДСМ-187/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 қарашада № 21617 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары бекітілсін.

      2. "Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 419 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11542 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 шілдеде) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 9 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-187/2020 бұйрығына
қосымша

Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.11.2023 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 54) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау ұйымдарының келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бірыңғай дистрибьютор – Кодекстің 247-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – Бірыңғай дистрибьютор);

      2) келісімшарттық фракциялау – Қазақстан Республикасының халқын қан препараттарымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында дайындалған қан плазмасын шетелдік өндірушінің зауыттарында плазмалық қан препараттарын өндіру үшін шетелге жіберу;

      3) плазма – арнаулы элементтер өлшенген қанның сұйық бөлігі;

      4) плазма дайындаушылар – қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары;

      5) плазмалық қан препараттары – қан плазмасын өңдеу кезінде алынған құрамында биологиялық заттар бар препараттар;

      6) плазманы негізгі дайындаушы – Қазақстан Республикасының қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы;

      7) фракционатор – плазмалық қан препараттарын өндіруші зауыт.

2-тарау. Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібі

      3. Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимылды мынадай ұйымдар жүзеге асырады:

      1) плазма дайындаушылар;

      2) фракционатор;

      3) Бірыңғай дистрибьютор.

      4. Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібі және өзара іс-қимыл кезеңдерін іске асыру мерзімдері:

      1) плазманы дайындаушылар келісімшарттық фракциялау шеңберінде плазмалық қан препараттарын беру шарты жасалатын жылдың алдындағы жылдың бірінші қарашасына дейінгі мерзімде (бұдан әрі – жоспарлау жылы) плазманы негізгі дайындаушыға плазманы дайындаудың жоспарланатын көлемі туралы ақпарат жібереді;

      2) плазманы негізгі дайындаушы жоспарлау жылының бірінші желтоқсанына дейінгі мерзімде Бірыңғай дистрибьюторға плазмалық қан препараттарын кейіннен өндіру үшін плазма дайындаудың дайындығы туралы ақпарат жібереді;

      3) плазманы дайындаушылар жыл сайын фракционатормен плазманы беру шартын жасасу үшін плазманың өзіндік құнын айқындайды;

      4) фракционатор Бірыңғай дистрибьютор мен фракционатор арасындағы келісімшарттық фракциялау шеңберінде плазмалық қан препараттарын өндіруге және берудің ұзақ мерзімді шарт негізінде плазма дайындаушылармен плазманы беру шартын жасасады және плазманы дайындау және сақтау шарттарын бағалауды ұйымдастырады;

      5) фракционатор елінің уәкілетті органы "Қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатураларын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттерін құю қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-140/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21478 болып тіркелген) сәйкес қан компоненттерін дайындау және сақтау қағидаттарын сақтау бөлігінде плазма дайындаушыларды бағалауын жүргізеді;

      6) плазманы дайындаушылар келесі жылға плазмалық препараттарды өндіру және жеткізу үшін плазманы дайындауды қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады