Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11623 тіркелді.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 60) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 15.09.2020 № 221 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Коса беріліп отырған Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________Ә. Исекешев

      2015 жылғы 17 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 9 маусым

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/153 бұйрығымен
бекітілген

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 15.09.2020 № 221 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 9-бабының 60) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргізуге рұқсат беру (бұдан әрі–мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 24.03.2022 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жануарларды интродукциялау – жануарлар түрлерінің дарақтары бұдан бұрын мекендемеген таралу аймақтарынан (таралу облыстары) тыс олар үшін жаңа жерлерге оларды әдейі немесе кездейсоқ тарату;

      2) жануарларды реинтродукциялау – жануарлар түрлерінің дарақтарын бұрынғы мекендеу орындарына әдейі қоныстандыру;

      3) жануарларды будандастыру – шаруашылықта пайдалы озық белгілері немесе қасиеттері бар дара нұсқаларды алу мақсатында жануарлардың алуан түрлерінің немесе тұқымдарының дара нұсқаларын шағылыстыру;

      4) мемлекеттік қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі.

2-тарау. Рұқсат беру тәртібі

      4. Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беруге өтінім (бұдан әрі - өтінім) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесі:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім;

      2) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге арналған биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Өтінім беру кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 24.03.2022 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге қарауға жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 24.03.2022 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат қалыптастырады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталып, көрсетілетін қызметті берушінің жауабы теріс болған кезде көрсетілетін қызметті беруші дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректер енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, кімнің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалынады, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Жануарларды
интродукциялауды,
реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(уәкілетті органның толық
атауы)
____________________________
(заңды тұлғаның атауы не жеке
тұлғаның
____________________________
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
____________________________
(мекенжайы, телефон және факс
нөмірі)
____________________________
(бизнес-сәйкестендіру
нөмірі/жеке
сәйкестендіру нөмірі)

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беруге өтінім

      Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге (қажеттісінің астын сызу) рұқсат беруді сұраймын.

      Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды

      жүргізудің мақсаты _________________________________________________

      Жануар түрі _______________________________________________________

      Жануардың саны мен салмағы ________________________________________

      Жануардың жынысы ________________________________________________

      Жануардың жасы ___________________________________________________

      Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды

      жүргізудің мерзімі __________________________________________________

      Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды

      жүргізу ауданы _____________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және теріс мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш берілген күн 20____жылғы "___" ________________

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), электрондық цифрлық қолтаңба

  Жануарларды
интродукциялауды,
реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 24.03.2022 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру не уәжді бас тарту. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзілі ссағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушіге өтінімі;
2) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге арналған биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасы-ның заңнамасы белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректер (мәліметтер) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидамен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Рұқсаттың қолданылу мерзімі бір күнтізбелік жыл.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ-сы болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Жануарларды
интродукциялауды,
реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат

Уәкілетті орган ведомствосының деректемелері мемлекеттік тілде
Уәкілетті орган ведомствосының деректемелері орыс тілінде
_______________________ жүргізуге рұқсат №______
Берілген күні: (берілген күні)
(Көрсетілетін қызметті алушының атауы)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшесі инспекциясы Сіздің ________________ жүргізуге рұқсат беруге қатысты № (өтінім нөмірі) өтінімізге сәйкес (өтінім берілген күн) мынаны хабарлайды (мәтін) ____________________________



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады