Мұнай өнімдерін әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 437 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 шілдеде № 11654 болып тіркелді

      «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 10-бөлімінің 7-қосымшасына және 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, Қазақстан Республикасы мұнай өнімдерінің ішкі нарығында мүлдем жетіспеушілікті және бағаның өсуін болдырмау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасынан тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан тұрмыстық пеш отынынан басқа жеңіл дистилляттар мен өнімдерді (СЭҚ ТН ЕЭО коды 2710 12), орташа дистилляттарды, керосиндi, газойлдарды, дизель отынын (СЭҚ ТН ЕЭО коды 2710 19 110 0 – 2710 19 290 0, 2710 19 350 0 – 2710 19 480 0, 2710 20 110 0 – 2710 20 190 0) және өзге мұнай өнімдерін (СЭҚ ТН ЕЭО коды 2710 20 900 0) әкетуге алты ай мерзiмге тыйым салу енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы хабардар етуді;
      2) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабардар етуді;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігін белгіленген тәртіппен:
      осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгендігі туралы Еуразиялық экономикалық комиссиясын хабардар ету;
      осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараларды Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы басқа мемлекеттердің қолдануы туралы ұсыныстарды Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына енгізу қажеттілігі туралы хабардар етуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      5) осы бұйрықты алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      6) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      7) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                        В. Школьник

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      _____________ Е. Досаев
      2015 жылғы 30 маусым

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрінің М.а.
      _____________ А. Теңгебаев
      2015 жылғы 25 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады