Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 17.05.2019 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендерінің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8890 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 263 (28202) санында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген қосымша әдебиеттер мен сыныптан тыс оқуға және жалпы білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын толықтыруға арналған көркем әдебиеттер тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 159 жолымен толықтырылсын:
"
159 | Менің Отаным – Қазақстан Моя Родина – Казахстан | Айманова И.Б., Герасимова Н.В. | 2015 |
"
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Н. Нюсупов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары осы бұйрықпен білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарын сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Білім және ғылым министрі | А. Сәрінжіпов |