"Білім туралы құжаттарды ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 21 қарашадағы № 565 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 403 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 шілдеде № 11697 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН :
      1. «Білім туралы құжаттарды ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 21 қарашадағы № 565 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5025 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 4 (1230) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Білім туралы құжаттарды ресімдеу жөніндегі талаптарды бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Білім туралы құжаттарды ресімдеу жөніндегі талаптар бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім туралы құжаттарды ресімдеу жөніндегі нұсқаулықта:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Білім туралы құжаттарды ресімдеу жөніндегі талаптар»;
      123 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Куәліктерді, аттестаттарды, кәсіптік даярлау туралы куәліктерді, дипломдарды және олардың қосымшаларын оқу орны каллиграфиялық жазумен (қара тушьпен немесе қара түсті шарлы қаламмен) немесе баспа жабдығының көмегімен толтырады.
      2. Куәліктердің, аттестаттардың, кәсіптік даярлау туралы куәліктердің, дипломдардың бланкілері (бұдан әрі - бланкілер) және олардың қосымшалары қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
      3. Бланкілер мынадай үлгіде толтырылады:
      1) оқуды аяқтаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) жеке тұлғаны қуәландыратын құжаттағы (немесе оның орнына жүретін құжаттағы) жазуға сәйкес (барыс септігінде).
      2) шетелдік азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) орыс тілді транскрипциядағы ұлттық төлқұжатының деректері бойынша жазылады. Транскрипция оқу орнын аяқтаған адаммен келісілуі тиіс.
      3) «Білім беру ұйымының толық атауы» деген жолда оқу орнының ресми атауы көрсетіледі (табыс септігінде).
      4. Құжаттардың барлық түрлерінің қосымша беттері мен қосымшаларының сериясы мен жеті саннан тұратын нөмірі болады (Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы нөмірленуіне ұқсастық бойынша).»;
      9-тармақ алынып тасталсын;
      10-тармақта:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық атау септігінде көрсетіледі.
      2) Пәндер бойынша бағалар санмен, ал жақшада жазбаша қойылады.»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) аттестаттар, куәліктер бланкілеріне білім беру ұйымының директоры, директордың орынбасары және сынып жетекшісі қол қояды. Мөрге арналып қалдырылған орынға білім беру ұйымының мөрі қойылады.»;
      11-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) «мамандығы бойынша» «кәсіптік оқу бағдарламасын толық меңгерді» деген сөздердің алдында мамандықтың коды жазылады немесе атауы тырнақшада көрсетіледі.»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары дипломдарының, кәсіптік даярлау туралы куәліктердің бланктеріне директор мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қол қояды, дипломның бланкілеріне (дубликатқа ректор, декан және хатшы қол қояды) дипломды беру жылында Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы және оқу орнының ректоры (басшысы), хатшы қол қояды. Мөрге арналып қалдырылған орынға оқу орнының мөрі қойылады. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы төрағасының және жоғары оқу орны ректорының аты-жөні көрсетілмейді.»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Бланкілерге қосымшалар мынадай үлгіде толтырылады:
      1) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық атау септігінде көрсетіледі.
      2) туған күні, айы (санмен), айы (жазбаша) және жылы (төрт таңбалы санмен) көрсетіліп жазылады.
      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының дипломдарының қосымшасында «ТКБ № ________ дипломсыз жарамсыз» деген сөздерден кейін дипломның нөмірі көрсетіледі;
      4) «__________жылдан бастап _______жылға дейін» оқыған уақыты көрсетіледі, одан кейін «_________» колледждің толық атауы көрсетіледі;
      5) «кәсібі, мамандығы бойынша» деген сөздердің алдында тырнақшаның ішінде бас әріппен мамандықтың атауы көрсетіледі;
      6) пәндердің атауы, сағаттардың саны оқу жұмыс жоспарларына сәйкес көрсетіледі. Бағалау бас әріптермен жазылып қойылады – өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық. Пәннің атауы, бағалар грамматикалық ережелерге сәйкес қысқартылуы мүмкін;
      7) барлық пәндерден кейін «Курстық жұмыс» деген жазу жазылады және курстық жұмыс жазылған пән және бағасы көрсетіледі;
      8) пәндердің атауы деген бағанда барлық практикалардың түрлері енгізіледі. Содан кейін «Қорытынды мемлекеттік аттестаттау» деген жазу жазылады, пәндер және әрбір пәнің бағасы көрсетіледі. Егер кешенді емтихан тапсырылса, онда кешенді емтиханға кіретін пәндердің атауы жазылады және бір баға қойылады;
      9) «Бұдан бұрынғы білім туралы құжат» деген сөздерден кейін аталған адамның жоғары оқу орнына қабылдануы негізінде білім туралы құжаттың атауы және оны берген жылы көрсетіледі. Егер бұдан бұрынғы білім туралы құжат шетелде алынған болса, оның мемлекеттік, орыс тіліне аударылған атауы және осы құжатты берген елдің атауы көрсетіледі;
      10) «Бұдан бұрынғы білім туралы құжат» деген сөздерден кейін аталған адамның жоғары оқу орнының магистратурасына (жоғары білім туралы диплом) қабылдануы негізінде даярлықтың немесе мамандық бағытының нақты атауы көрсетілген білім туралы құжаттың атауы және оны берген жылы көрсетіледі. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом қосымшасының екінші бетінде магистрді 2 жылдық мамандандыруға даярлаған пәндер көрсетіледі;
      11) «Түсу сынағы» деген сөздерден кейін егер ол адам түсу сынағынан жоғары оқу орнына түсу үшін өтсе, «өтілді» немесе заңнамалық және нормативтік құжаттарға сәйкес ол адам жоғары оқу орнында түсу сынағынан босатылса, «өтілмеді» деген сөз жазылады;
      12) «түсті» және «оқуды аяқтады» деген сөздердің алдында оқуға түсу жылы мен аяқтау жылы төрт таңбалы санмен, сондай-ақ аталған тұлға түскен оқу орнының толық атауы және аяқтаған оқу орнының атауы көрсетіледі. Сондай-ақ, студент білім алатын басқа да жоғары оқу орындары көрсетілмейді. Егер студент жоғары оқу орнына түскеннен кейін жоғары оқу орнының филиалында оқуды бастаса немесе аяқтаса, жоғары оқу орнының атауынан кейін үтір арқылы филиалдың атауы көрсетіледі. Сондай-ақ, студент білім алатын басқа да жоғары оқу орындары көрсетілмейді;
      13) «Оқытудың нормативтік кезеңі» деген жолда аталған мамандықты оқыту мерзімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес көрсетіледі;
      14) «Оқыту тілі және білімді бақылау» деген жолда «мемлекеттік тіл» немесе «орыс тілі» көрсетіледі;
      15) «Бағыты/мамандығы» деген жолда мамандықтың немесе бағыттың атауы көрсетіледі (қажеттісінің астын сызу);
      16) курстық жұмыстар, қорытынды мемлекеттік емтихандар олардың атауымен және үтір арқылы бағаларды (сынақ) көрсетумен жазылады;
      17) «Практика» деген жолда атауы, апта саны санмен және бағасы жазбаша көрсетіледі. Курстық жұмыстар (жобалар) мен практикалар санына қарай тиісті жазулар келесі бетке пәндер тізімінен кейін жазылады. Бұл кезде «курстық жұмыстар (жобалар)» немесе «практикалар» деген сөздерден кейін «келесі бетте көрсетілген» деген сөздер жазылады;
      18) жоғары оқу орнының, мамандықтың, мамандандырудың, курстық жұмыстың және қорытынды мемлекеттік емтиханның, практикалардың атаулары тырнақшаға алынбайды:
      19) «Бітіруші біліктілік жұмысын орындау және қорғау» деген жолда «тақырыбында», ал магистрлер үшін - «тақырыбында магистрлік диссертация» деген сөздер, тырнақшада бітіру жұмысының тақырыбы, бітіру жұмысын орындау үшін белгіленген апталар саны және бағасы (жазбаша) жазылады.».
      2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.С. Ысмағұлова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Т.О.Балықбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі                  А. Сәрінжіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады