Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 28.09.2016 № 809 бұйрығымен.
«Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысының 16-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсыну және оларды зерделеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 321 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 7231 тіркелген, 2011 жылы 2 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасының министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсыну және оларды зерделеу ережесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасының министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсыну және оларды зерделеу ережесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасының министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсыну және оларды зерделеу ережесінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасының министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсыну және оларды зерделеу ережесі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсынудың осы ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторинг жүргізу ережесіне сәйкес әзірленді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – орталық мемлекеттік органдар) қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің (бұдан әрі – жергілікті мемлекеттік органдар) тізбесін әділет органдарының зерделеуі «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеусіз қолдануға жол бермеу мақсатында жүргізіледі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уәкілетті органдар Тізбелерді осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күніне қарай мынадай тәртіппен ұсынады:
орталық мемлекеттік органдар және олардың ведомстволары - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне;
жергілікті мемлекеттік органдар – аумақтық әділет органдарына.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Әділет органдары бұзушылықтар анықталған жағдайда әділет органдарына «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 457, 462 баптарымен, сондай-ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 14, және 24 баптарымен ұсынылған өкілеттіктерді ескере отырып, тиісті ықпал ету шараларын қабылдайды.»;
қосымшаның жоғары оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы министрлерінің
және орталық мемлекеттік органдардың,
олардың ведомстволарының өзге де
басшыларының қабылданған бұйрықтарының,
орталық мемлекеттік органдардың,
Орталық сайлау комиссиясының қаулылары,
мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ
әкімдіктердің қаулыларының және
әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет
органдарына ұсыну және оларды зерделеу
ережесіне қосымша».
2. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді, ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет Министрі Б. Имашев