Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 4-4/258 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 шілдеде № 11706 тіркелді.

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.01.2024 № 16 бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрдің
міндетін атқарушы
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы " "

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Е. Досаев

      2015 жылғы " "

  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы
  министрінің
  міндетін атқарушының
  2015 жылғы 26 наурыздағы
  № 4-4/258 бұйрығымен
  бекітілген

Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағалары

      Ескерту. Бағалары жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.01.2024 № 16 бұйрығымен.

Карантиндік объекті түрі

Техника түрі (бүріккіш техника түрін таңдау карантиндік организмдердің даму ерекшеліктерін, залалданған алаңдарды, химиялық өңдеу жөніндегі жұмыстардың тиімді және уақтылы жүргізілуін ескере отырып жүргізіледі)

1 (бір) гектарды өңдеу бағасы

қосылған құн салығынсыз баға, теңге

қосылған құн салығымен баға, теңге

1

2

3

4

5

1.

Бақша дақылдарының қауын шыбыны секілді карантиндік зиянкестері

Желдеткішті немесе арқаға ілінетін бүріккіштер

4649,19

5207,09

2.

Оңтүстік америкалық қызанақ күйесі (ашық топырақта)

Арқаға ілінетін бүріккіштер

19649

22006,88

3.

Оңтүстік америкалық қызанақ күйесі (жабық топырақта)

Арқаға ілінетін бүріккіштер

23244

26033,28

4.

Жемісті дақылдардың бактериялық күйігі

Желдеткішті бүріккіштер

5781

6474,72

5.

Арамшөптердің карантиндік түрлері:
жатаған (қызғылт) кекіре, жусан жапырақты ойраншөп, көп жылдық ойраншөп; арам сояулар

Штангалы, желдеткішті немесе арқаға ілінетін бүріккіштер

2219,87

2486,25

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады