Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 534 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдеде № 11743 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-207/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.11.2020 № ҚР ДСМ-207/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 170-бабының 5-6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында трансплантологиялық көмекті одан әрі дамыту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тіндерді (тіннің бөлігін) және ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) және ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 534 бұйрығына қосымша

Тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.03.2019 № ҚР ДСМ-13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) донорлық стационар – ағзаларды және/немесе тіндерді транспланттау мақсатында ағзаларды мультиағзалық алуға кадаврды дайындау бойынша қызметтер көрсететін денсаулық сақтау ұйымы;

      3) транспланттау орталығы – тіндерді (тіннің бөлігін) және ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және транспланттау бойынша қызметтер көрсететін денсаулық сақтау ұйымы;

      4) транспланттау бригадасы – "Жалпы хирургия" (трансплантология) немесе "Кардиохирургия" мамандығы бойынша сертификаты бар операция жасаушы хирургтан және көмекші хирургтардан, анестезиологтан, операциялық медбикеден, сондай-ақ, басқа мамандардан тұратын медицина персоналы тобы;

      5) тіндер мен жасушалар банкі – кейіннен транспланттау үшін тіндерді (тіннің бөлігін) даярлауды және сақтауды жүзеге асыратын медициналық ұйым, медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі;

      6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ТЖТМҚҮРО) – тиімді ұлттық ағзалық донорлық жүйесін құруды қамтамасыз ететін денсаулық сақтау ұйымы;

      7) реципиенттің өміршеңдігі – ағзаны (ағзаның бөлігін) транспланттаудан кейінгі науқастар тобындағы өмір сүру ұзақтығын көрсететін биостатистикалық көрсеткіш;

      8) транспланттау – тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) организмдегі басқа жерге немесе басқа организмге қондыру, сіңістіру;

      9) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - Қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      10) жоғары технологиялық медициналық қызметтер (бұдан әрі – ЖТМҚ) – диагностика мен емдеудің инновациялық, ресурс қажет ететін және (немесе) бірегей әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін қызметтер.

2-тарау. Ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру тәртібі

      3. Ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және трапспланттау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымының құжаттарын қабылдау мен қарастыру және ұсыныстар беру үшін Қор сараптамалық кеңес құрады.

      4. Ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және трапспланттау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – транспланттау орталығы) төмендегілерге сәйкес келеді:

      1) трансплантология бейініне сәйкес бейінді бөлімшелері, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құрылымдылық бөлімшелері бар (кардиологиялық, пульмонологиялық, нефрологиялық, гепатологиялық және басқа) көп бейінді медициналық ұйымның базасында орналасқан;

      2) ағзалық функциялардың жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу үшін кемінде 10 төсегі бар;

      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қосымша мамандандырылған медициналық жабдықтармен жарақтандырылған;

      4) штатында транспланттау жүргізу үшін кем дегенде екі операциялық бригадасы бар (2 трансплантолог дәрігер, 4 хирург дәрігер, 2 ангиохирург дәрігер, 2 операциялық мейіргер);

      5) транспланттау орталығының мамандары мен көп бейінді медициналық ұйымдардың мамандары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ең төменгі біліктілік сипаттамаларына сәйкес келеді;

      6) медициналық лицензияға "трансплантология" мамандығы бойынша қосымшасы бар.

      5. Ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымы қордың сараптамалық кеңесіне қарауға мынадай құжаттардың тізбесі қоса тіркелген өтінімді жібереді:

      1) ЖТМҚ көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымының кадрлары мен жабдықталуының ұсынылған құжат негізіндегі денсаулық сақтау ұйымының сипаттамасында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігін бағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті аумақтық департаментінің оң қорытындысы;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (куәліктің көшірмесі);

      3) қосымша мамандандырылған жабдықтың тізбесі;

      4) үй-жайдың болуы туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) медицина персоналы туралы мәліметтер (жеке еңбек шарттарының көшірмесі, еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелері, мамандардың сертификаттарының көшірмелері, білімдері туралы, оның ішінде біліктілікті арттырудан өткені туралы құжаттардың көшірмелері);

      6) транспланттау бригадаларын тасу және тіндерді (тіннің бөлігін) және ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тасымалдау үшін мамандандырылған санитариялық автокөліктің болуы туралы мәлімет.

      6. Өтінім Қор кеңсесіне "Қордың сараптамалық кеңесіне арналған" белгісімен, тігілген және нөмірленген түрде, түзетулерсіз және бүлінулерсіз ұсынылады, бұл ретте соңғы беті жетекшінің немесе оның сенімді тұлғасының қолымен куәландырылады және денсаулық сақтау ұйымының мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі.

      7. Өтінім:

      1) осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда;

      2) осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес құжаттар пакеті дұрыс ресімделмеген жағдайда қабылданбайды.

      8. Қордың сараптамалық кеңесі құжаттар пакетін келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінің ішінде қарастырады.

      9. Сараптамалық кеңес:

      1) ұсынылған құжаттардың дәйексіздігі анықталған;

      2) денсаулық сақтау ұйымы осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес келмеген жағдайда теріс қорытынды шығарады.

      10. Теріс қорытынды шығарылған жағдайда қордың сараптамалық кеңесі 3 жұмыс күнінің ішінде ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымына жазбаша бас тартуды жібереді.

      11. Оң шешім қабылдаған жағдайда қордың сараптамалық кеңесі уәкілетті органға Тізбеге енгізу туралы ұсыныспен шешім хаттамасын жібереді.

      12. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қордың сараптамалық кеңесінің ұсыныстары бар құжаттарды уәкілетті органның Медициналық-экономикалық кеңесінің (бұдан әрі – МЭК) қарауына енгізеді.

      13. МЭК келіскен жағдайда денсаулық сақтау ұйымы уәкілетті органның бұйрығымен транспланттау орталықтарының тізбесіне енгізіледі.

      14. Уәкілетті орган бекіткен транспланттау орталықтарының тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      15. Теріс қорытынды шығарылған жағдайда уәкілетті орган 5 жұмыс күнінің ішінде ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі қызметтер көрсетуге үміткер медициналық ұйымға жазбаша бас тарту жібереді.

3-тарау. Транспланттау мақсатында ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) мультиағзалық алуға кадаврды дайындау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру тәртібі

      16. Транспланттау мақсатында ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) мультиағзалық алуға кадаврды дайындау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру үшін қордың сараптамалық кеңесі құрылады.

      17. Қордың сараптамалық кеңесі транспланттау мақсатында ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) мультиағзалық алуға кадаврды дайындау жөніндегі медициналық қызметтерді көрсетуге алғаш рет үміткер денсаулық сақтау ұйымының құжаттарын қабылдау және қарастыруды жүзеге асырады.

      18. Транспланттау мақсатында ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) мультиағзалық алуға кадаверды дайындау жөніндегі медициналық қызмет көрсетуге алғаш рет үміткер денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – донорлық стационар) төмендегілерге сәйкес келеді:

      1) құрамында бейінді бөлімшелері (реанимация, қарқынды терапия, инсульт орталықтары, полижарақаттар) бар көп бейінді медициналық ұйым болып табылады;

      2) бейінді мамандары оқытудан өткен және бас миының өлімін растау бойынша тәжірибелік дағдылары бар.

      19. Транспланттау мақсатында ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) мультиағзалық алуға кадаверды дайындау жөніндегі медициналық қызмет көрсетуге алғаш рет үміткер денсаулық сақтау ұйымы сараптамалық кеңестің қарауына мынадай құжаттардың тізбесі қоса тіркелген өтінімді жібереді:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (куәліктің көшірмесі);

      2) медициналық қызметпен айналысуға лицензияның көшірмесі;

      3) бірінші жетекші бекіткен және ұйым мөрімен куәландырылған ұйымдастырушылық құрылым.

      20. Өтінім Қор кеңсесіне "Қордың сараптамалық кеңесіне арналған" белгісімен, тігілген және нөмірленген түрде, түзетулерсіз және бүлінулерсіз ұсынылады, бұл ретте соңғы беті жетекшінің немесе оның сенімді тұлғасының қолымен куәландырылады және денсаулық сақтау ұйымының мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі.

      21. Өтінім:

      1) осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда;

      2) осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес құжаттар пакеті дұрыс ресімделмеген жағдайда қабылданбайды.

      22. Қордың сараптамалық кеңесі құжаттар пакетін келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінің ішінде қарастырады.

      23. Сараптамалық кеңес:

      1) ұсынылған құжаттардың дәйексіздігі анықталған;

      2) денсаулық сақтау ұйымы осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес келмеген жағдайда теріс қорытынды шығарады.

      24. Теріс қорытынды шығарылған жағдайда қордың сараптамалық кеңесі 3 жұмыс күнінің ішінде транспланттау мақсатында ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) мультиағзалық алуға кадаврды дайындау жөніндегі медициналық қызмет көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымына жазбаша бас тартуды жібереді.

      25. Оң қорытынды қабылдаған жағдайда қордың сараптамалық кеңесі уәкілетті органға Тізбеге енгізу туралы ұсыныспен шешім хаттамасын жібереді.

      26. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қордың сараптамалық кеңесінің ұсыныстары бар құжаттарды уәкілетті органның МЭК қарауына енгізеді.

      27. МЭК келіскен жағдайда денсаулық сақтау ұйымы уәкілетті органның бұйрығымен донорлық стационарлар тізбесіне енгізіледі.

      28. Уәкілетті орган бекіткен донорлық стационарлардың тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      29. Теріс қорытынды шығарылған жағдайда уәкілетті орган 5 жұмыс күнінің ішінде транспланттау мақсатында ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) мультиағзалық алуға кадаверды дайындау жөніндегі медициналық қызмет көрсетуге үміткер медициналық ұйымға жазбаша бас тартуды жібереді.

4-тарау. Тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру тәртібі

      30. Тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервацилау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымының құжаттарын қабылдау, қарастыру үшін қордың сараптамалық кеңесі құрылады.

      31. Тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және трапспланттау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – тіндер мен жасушалар банкі) төмендегілерге сәйкес келеді:

      1) тіндерді (тіннің бөлігін) сұйық азотта сақтаған жағдайда сақтауға арналған үй-жайлар газ анализаторының дабылы бойынша автоматты түрде қосылатын сору желдеткіші мен апатты желдеткіштің дербес жүйесімен жабдықталады;

      2) тіндер мен жасушалар банкінің электр жабдығы электр жабдығының резервтік көзінің болуын көздейді.

      32. Тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымы қордың сараптамалық кеңесіне қарауға мынадай құжаттардың тізбесі қоса тіркелген өтінімді жібереді:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (куәліктің көшірмесі);

      2) медициналық лицензияға "трансплантология" мамандығы бойынша қосымшаның көшірмесі;

      3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Тіндер мен жасушалар банкінің мамандандырылған жабдығының тізбесі;

      4) үй-жайдың болуы туралы құжаттардың көшірмесі.

      33. Өтінім Қор кеңсесіне "Қордың сараптамалық кеңесіне арналған" белгісімен, тігілген және нөмірленген түрде, түзетулерсіз және бүлінулерсіз ұсынылады, бұл ретте соңғы беті жетекшінің немесе оның сенімді тұлғасының қолымен куәландырылады және денсаулық сақтау ұйымының мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі.

      34. Өтінім:

      1) осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда;

      2) осы Қағидалардың 33-тармағына сәйкес құжаттар пакеті дұрыс ресімделмеген жағдайда қабылданбайды.

      35. Қордың сараптамалық кеңесі құжаттар пакетін келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінің ішінде қарастырады.

      36. Сараптамалық кеңес:

      3) ұсынылған құжаттардың дәйексіздігі анықталған;

      4) денсаулық сақтау ұйымы осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес келмеуген жағдайда теріс қорытынды шығарады.

      37. Теріс қорытынды шығарылған жағдайда қордың сараптамалық кеңесі 3 жұмыс күнінің ішінде тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және трапспланттау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымына жазбаша бас тартуды жібереді.

      38. Оң қорытынды қабылдаған жағдайда қордың сараптамалық кеңесі уәкілетті органға Тізбеге енгізу туралы ұсыныспен шешім хаттамасын жібереді.

      39. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қордың сараптамалық кеңесінің ұсыныстары бар құжаттарды МЭК қарауына енгізеді.

      40. МЭК келіскен жағдайда денсаулық сақтау ұйымы уәкілетті органның бұйрығымен тіндер мен жасушалар банктерінің тізбесіне енгізіледі.

      41. Уәкілетті орган бекіткен тіндер мен жасушалар банктерінің тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      42. Теріс қорытынды шығарылған жағдайда уәкілетті орган 5 жұмыс күнінің ішінде тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және трапспланттау жөніндегі қызметтер көрсетуге үміткер медициналық ұйымға жазбаша бас тартуды жібереді.

      43. Тіндер мен жасушалар банктері таратылған немесе қайта құрылған жағдайда қорды бір айдың ішінде ескертеді.

      44. Тізбе уәкілетті органмен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес бекітіледі және уәкілетті органның ресми сайтында жарияланады.

      45. Қордың сараптамалық кеңесі жылына бір рет, 1 қарашадан кешіктірмей, транспланттау орталықтарының қызметіне осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жұмысты бағалау индикаторларына сәйкестігіне талдау жүргізеді, оларды уәкілетті орган мынадай жылға арналған транспланттау орталықтарының тізбесін қалыптастыру кезінде есепке алады.

      46. Жұмысты бағалау индикаторларына сәйкес келмеген жағдайда, транспланттау орталығына ескертпе жасалады немесе ол транспланттау орталықтарының тізбесінен алынып тасталады.

      47. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасындағы трансплантологияны дамытудағы қажеттілікті есепке ала отырып, Тізбені өзгерту бойынша шешім қабылдауға құқылы.

      48. Ағзаны (ағзаның бөлігін) алу мен транспланттаудың жағымсыз нәтижесінің әрбір жағдайы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік бақылау жүргізуге жатады.

  Тіндерді (тіннің бөлігін)
(немесе) ағзаларды (ағзалардың
бөлігін) дайындау, алу,
консервациялау, сақтау,
тасымалдау және транспланттау
жөніндегі денсаулық сақтау
ұйымдарының тізбесін
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша

Транспланттау орталығының құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі

      1) консультациялық-диагностикалық бөлімше (кабинет);

      2) қабылдау бөлімшесі;

      3) клиникалық-диагностикалық зертхана;

      5) микробиологиялық зертхана;

      6) функционалдық диагностика бөлімшесі;

      7) эндоскопия бөлімшесі;

      8) эфференттік терапия бөлімшесі;

      9) сәулелік диагностикалық бөлімше;

      10) қан құю бөлімшесі (қан банкі);

      11) зарарсыздандыру бөлімшесі;

      12) анестезиология-реаниматология бөлімшесі;

      13) операциялық блок;

      14) инфекциялық бақылау кабинеті;

      15) оңалту және қалпына келтіре емдеу бөлімшесі;

      17) дәріхана;

      18) патологиялық-анатомиялық зертхана.

  Тіндерді (тіннің бөлігін)
(немесе) ағзаларды (ағзалардың
бөлігін) дайындау, алу,
консервациялау, сақтау,
тасымалдау және транспланттау
жөніндегі денсаулық сақтау
ұйымдарының тізбесін
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша

Транспланттау орталығы үшін жабдықтау тізбесі

Р/с N

Атауы

Талап етілетін саны, дн.

жүректі транспланттау үшін

1.

Гемодиализ бен гемодиафильтрацияға арналған аппарат

кемінде 2

2.

Аортаішілік баллонды контрпульсатор үшін аппарат

2

3.

Қанның центрифугалық сорғышы

кемінде 2

4.

Донорлық жүректі тасымалдау үшін аппарат

1

бауырды транспланттау үшін

5.

Байпас – айналма қанайналымына арналған аппарат

1

6.

Молекулалық-адсорбциялау-айналу жүйесі

1

өкпені транспланттау үшін

7.

Экстракорпоралдық мембраналық оксигенациялауға арналған аппарат

1

бүйрек пен ұйқы безін транспланттау үшін

8.

Лазерлік литотриптер

1

9.

Пневматикалық литотриптер

1

10.

Ригидтік фиброуретероскоппен нефроскопияға арналған жиынтық

1

11.

Иілгіш фиброуретероскоппен нефроскопияға арналған жиынтық

1

жалпы жабдық

12.

Масс-спектрометр

1

13.

4-арналық ағымды цитоспектрофлюориметр

1

14.

Көп арналы амплификатор (термоциклер)

1

15.

Блот-гибридизатор

1

16.

Нақты уақыттағы ПТР арналған көп арналы термоциклерм

1

17.

Автоматты иммуноферменттік анализатор

1

18.

Доплермен сараптама класындағы ультрадыбыстық диагностикалау аппараты

кемінде 2

19.

Компьютерлік томограф (бауыр көлемін волюметрияны-есепке ала отырып)

1

20.

Магниттік-резонанстық томограф

1

21.

Ангиограф

1

22.

Қанды тазалау және аутотрансфузиялауға арналған жүйе

2

23.

В/і ерітінділер мен қан препараттарын қыздыруға арналған аппарат

2

24.

Мобильдік рентгенографиялық жүйе

1

25.

Операциялық коагулятор

2

26.

Хирургиялық аспирациялық сорғы

2

27.

Төсек жанындағы монитор (АҚ инвазивиялық анықтаумен және газ анализаторларымен)

4

28.

Төсек жанындағы монитор (АҚ инвазивиялық анықтаумен және газ анализаторларымен)

4

29.

Дәрілік заттарды мөлшерлегіш (FM-station)

10

30.

Жылжымалы көліктік контейнер

кемінде 4

31.

Суық элементтермен изотермиялық контейнер

кемінде 5

32.

Көліктік тоңазытқыш

6

33.

Стационарлық тоңазытқыш

кемінде 2

34.

Доплермен сараптама класындағы мобильдік ультрадыбыстық аппарат

1 (+1)

35.

Қышқыл-сілтілік жағдай анализаторы

1

36.

Автоматтық режімдегі үш арналы электрокардиограф

1

37.

Жедел медициналық көмекке арналған портативті өкпені жасанды желдету аппараты

2

38.

Арнайы дабылды санитариялық көлік (арнайы жабдықталған)

кемінде 1

39.

Медициналық үстелдік таразылар

2

40.

Бинокулярлық лупалар (2,5х, 4х, 6х)

5

41.

Микрохирургиялық аспаптар жиынтығы

2

42.

Тамырлық құралдар жиынтығы

2

43.

Кавитациялық ультрадыбыстық хирургиялық аспиратор

1

44.

Балаларға арналған наркоздық аппарат

2

45.

С-доға рентгенологиялық аппарат

1

46.

Аргоноплазмалық коагулятор

1

47.

Тұтқалар жиынтығымен гармоникалық ультрадыбыстық скальпель

2

48.

Балаларға арналған операция үстеліндегі пациентті жылыту жүйесі

2

49.

Эндобейнехирургических лапароскопиялық араласуларға арналған тірек (донорлардан ағзаларды алу – бауыр, бүйрек)

1

50.

Хирургиялық аспаптар жиынтығы – миниассистент (жараны кеңейткіштер)

1

51.

Артериялық қысымды, электрокардиогрмманы, бақылау, оттегімен қанықтыру өлшемдерімен пациентті бақылауға арналған монитор

2

52.

Пациенттің құрғақ массасын анықтауға арналған таразы

1

  Тіндерді (тіннің бөлігін)
(немесе) ағзаларды (ағзалардың
бөлігін) дайындау, алу,
консервациялау, сақтау,
тасымалдау және транспланттау
жөніндегі денсаулық сақтау
ұйымдарының тізбесін
қалыптастыру қағидаларына
3-қосымша

Транспланттау орталығының мамандарына қойылатын ең төменгі біліктілік сипаттамалары

Р.с. №

Бейіні бойынша транспланттау орталығы

Біліктілік талаптары

1

Бауырды транспланттау

1) "Жалпы хирургия" (колопроктология) мамандығы бойынша маман сертификаты, трансплантология мәселелері, кадаврадан ағзаларды алу және донорлық ағзаларды тасымалдау, оның ішінде адам ағзаларын тасымалдау бойынша, бауырды транспланттау бойынша мамандандырылған жабдықтарды пайдалана отырып біліктілікті арттыру;
2) "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектер)", "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология, неонаталдық реанимация) (балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты;
3) "Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)", "Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты;
4) "Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)", "Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалдық диагностика, интервенциялық кардиология, интервенциялық аритмология) (ересектер)", "Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалдық диагностика, интервенциялық кардиология, интервенциялық аритмология) (балалар)", оның ішінде интервенциялық", "Клиникалық зертханалық диагностика", "Сәулелік диагностика", "Функционалдық диагностика", "Патологиялық анатомия (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты.
5) "Мейіргер ісі" немесе "Мейіргер ісі (мейіргер, жалпы практика мейіргері, мамандандырылған мейіргер)" мамандықтары бойынша орта біліктілік деңгейі бар маман сертификаты.

2

Бүйректі транспланттау

1) "Жалпы хирургия" (трансплантология) мамандығы бойынша маман сертификаты, трансплантология мәселелері, кадаврадан ағзаларды алу және донорлық ағзаларды тасымалдау, оның ішінде адам ағзаларын тасымалдау бойынша, бүйректі транспланттау бойынша мамандандырылған жабдықтарды пайдалана отырып біліктілікті арттыру;
2) "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектер)", "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология, неонаталдық реанимация) (балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты;
3) "Эндокринология (ересектер)", "Эндокринология (балалар)"; "Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)", "Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалдық диагностика, интервенциялық кардиология, интервенциялық аритмология) (ересектер)", "Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалдық диагностика, интервенциялық кардиология, интервенциялық аритмология) (балалар)", оның ішінде интервенциялық", "Клиникалық зертханалық диагностика", "Сәулелік диагностика", "Функционалдық диагностика", "Патологиялық анатомия (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты, мамандығы бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;
4) "Мейіргер ісі" немесе "Мейіргер ісі (мейіргер, жалпы практика мейіргері, мамандандырылған мейіргер)" мамандықтары бойынша орта біліктілік деңгейі бар маман сертификаты.

3

Жүректі транспланттау

1) "Кардиохирургия", "Жалпы хирургия" (торакалдық хирургия, трансплантология) мамандығы бойынша маман сертификаты, кадаврадан ағзаларды алу және донорлық ағзаларды тасымалдау, оның ішінде адам ағзаларын (жүректі немесе өкпені, "жүрек-өкпе" кешенін) тасымалдау бойынша, жүректі транспланттау бойынша мамандандырылған жабдықтарды пайдалана отырып біліктілікті арттыру;
2) "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектер)", "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология, неонаталдық реанимация) (балалар) мамандығы бойынша маман сертификаты;
3) "Эндокринология (ересектер)", "Эндокринология (балалар)", "Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)", "Клиникалық зертханалық диагностика", "Сәулелік диагностика", "Функционалдық диагностика", "Патологиялық анатомия (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты;
4) "Мейіргер ісі" немесе "Мейіргер ісі (мейіргер, жалпы практика мейіргері, мамандандырылған мейіргер)" мамандықтары бойынша орта біліктілік деңгейі бар маман сертификаты.

4

"Жүрек-өкпе" кешенін транспланттау

1) "Кардиохирургия", "Жалпы хирургия" (торакалдық хирургия, трансплантология) мамандығы бойынша маман сертификаты, трансплантология мәселелері, кадаврадан ағзаларды алу және донорлық ағзаларды тасымалдау, оның ішінде адам ағзаларын (жүректі немесе өкпені, немесе "жүрек-өкпе" кешенін) тасымалдау бойынша мамандандырылған жабдықтарды пайдалана отырып біліктілікті арттыру;
2) "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектер)", "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология, неонаталдық реанимация) (балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты;
3) "Кардиология" (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалдық диагностика, интервенциялық кардиология, интервенциялық аритмология) (ересектер және (или) балалар), "Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)", "Клиникалық зертханалық диагностика", "Сәулелік диагностика" "Функционалдық диагностика", "Патологиялық анатомия (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты;
4) "Мейіргер ісі" немесе "Мейіргер ісі (мейіргер, жалпы практика мейіргері, мамандандырылған мейіргер)" мамандықтары бойынша орта біліктілік деңгейі бар маман сертификаты.

5

Ұйқы безін транспланттау

1) "Жалпы хирургия" (трансплантология) мамандығы бойынша маман сертификаты, трансплантология мәселелері, кадаврадан ағзаларды алу және донорлық ағзаларды тасымалдау, оның ішінде адам ағзаларын тасымалдау бойынша, ұйқы безін транспланттау бойынша мамандандырылған жабдықтарды пайдалана отырып біліктілікті арттыру;
2) "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектер)", "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология, неонаталдық реанимация) (балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты;
3) "Эндокринология (ересектер)", "Эндокринология (балалар)", "Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)", "Клиникалық зертханалық диагностика", "Сәулелік диагностика" "Функционалдық диагностика", "Патологиялық анатомия (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты;
4) "Мейіргер ісі" немесе "Мейіргер ісі (мейіргер, жалпы практика мейіргері, мамандандырылған мейіргер)" мамандықтары бойынша орта біліктілік деңгейі бар маман сертификаты.

6

Мөлдірқабықты транспланттау

1) "Офтальмология (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты, трансплантология мәселелері, донорлық ағзаларды (тіндерді) тасымалдау, оның ішінде адам ағзаларын (тіндерін) тасымалдау бойынша мамандандырылған жабдықтарды пайдалана отырып біліктілікті арттыру, мөлдірқабықты қондыру, оның ішінде, мөлдірқабықты транспланттау бойынша оқыту;
2) "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектер)", "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология, неонаталдық реанимация) (балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты;
3) "Мейіргер ісі" немесе "Мейіргер ісі (мейіргер, жалпы практика мейіргері, мамандандырылған мейіргер" мамандықтары бойынша орта біліктілік деңгейі бар маман сертификаты.

7

Тінді транспланттау

1) "Жалпы хирургия" (трансплантология, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) мамандығы бойынша маман сертификаты, трансплантология мәселелері, кадаврадан ағзаларды алу және донорлық ағзаларды тасымалдау, оның ішінде адам тіндерін тасымалдау бойынша, тінді транспланттау бойынша мамандандырылған жабдықтарды пайдалана отырып біліктілікті арттыру;
2) "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектер)", "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология, неонаталдық реанимация) (балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты;
3) "Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)", "Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты;
4) "Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)", "Кардиология (ересектер)", "Кардиология (ересектер)", оның ішінде интервенциялық", "Травматология-ортопедия (камбустиология) (ересектер, балалар)", "Клиникалық зертханалық диагностика", "Гематология (ересектер)", "Сәулелік диагностика", "Функционалдық диагностика", "Патологиялық анатомия (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты;
5) "Мейіргер ісі" немесе "Мейіргер ісі (мейірбике/мейіргер, жалпы практика мейірбикесі/мейіргері, мамандандырылған мейірбике/мейіргер)" мамандықтары бойынша орта біліктілік деңгейі бар маман сертификаты.

  Тіндерді (тіннің бөлігін)
(немесе) ағзаларды (ағзалардың
бөлігін) дайындау, алу,
консервациялау, сақтау,
тасымалдау және транспланттау
жөніндегі денсаулық сақтау
ұйымдарының тізбесін
қалыптастыру қағидаларына
4-қосымша

Тіндер мен жасушалар банкіне арналған мамандандырылған медициналық жабдық тізбесі

Р/с N

Атауы

Талап етілетін саны (дн.)

1.

Дьюар криоқоймасы

1

2.

Бағдарламаланатын криомұздатуға арналған аппарат

1

3.

Рефрижераторлық центрифугалар

1

4.

Төмен температуралы рефрижераторлар

1

5.

Температура режимін автоматты мониторингтеумен тоңазытқыш қондырғылары

1

6.

Ағынды-сорғылы желдетуі бар ламинарлық шкаф

1

      Тіндерді (тіннің бөлігін)
(немесе) ағзаларды (ағзалардың
бөлігін) дайындау, алу,
консервациялау, сақтау,
тасымалдау және транспланттау
жөніндегі денсаулық сақтау
ұйымдарының тізбесін
қалыптастыру қағидаларына
5-қосымша

Тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесі

1. Ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау рұқсат етілген денсаулық сақтау ұйымдары

Р.с. №

Медициналық ұйымның атауы

Транспланттау *

бүйрек

бауыр

жүрек

өкпе

жүрек-өкпе

ұйқы безі

ересектерге

балаларға

ересектерге

балаларға





тірі донордан

мәйіттік донордан

тірі донордан

мәйіттік донордан

тірі донордан

мәйіттік донордан

тірі донордан

мәйіттік донордан





1

2

3*

4*

5*

6*

7*

8*

9*

10*

11*

12*

13*

14*















2. Базасында мәйіттерден транспланттау мақсатында тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу және консервациялау жүргізілетін денсаулық сақтау ұйымдары (донорлық стационарлар)

Р.с. №

Медициналық ұйымның атауы

Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (тіркеу № және беру күні)

Мекенжайы, телефондары

1

2

3

4

5






2. Тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі қызметтерді көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары (тіндер мен жасушалар банктері)

Р.с. №

Медициналық ұйымның атауы

Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (тіркеу № және беру күні)

Мекенжайы, телефоны

Тіннің (тіннің бөлігінің), жасушалардың атауы

1

2

3

4

5






      3-14-бағандарда "рұқсат етілді", "тыйым салынды" деген сөздер жазылады.

  Тіндерді (тіннің бөлігін)
(немесе) ағзаларды (ағзалардың
бөлігін) дайындау, алу,
консервациялау, сақтау,
тасымалдау және транспланттау
жөніндегі денсаулық сақтау
ұйымдарының тізбесін
қалыптастыру қағидаларына
6-қосымша

Транспланттау орталықтарының жұмыстарын бағалау индикаторлары*

Транспланттау

Саны бойынша бағалау

Сапасы бойынша бағалау

Жылына орындалған транспланттаулар саны

Бағалау нәтижесі

Реципиенттің, трансплантаттың өміршеңдігі, өлімге ұшырауы

Бағалау нәтижесі

бүйрек

Жылына 10 операциядан аз

ескертпе

Реципиенттердің бір жылдық өміршеңдігі 90% кем

ескертпе

Трансплантаттың бір жылдық өміршеңдігі 80% кем

2 жыл қатарынан 10 операциядан аз

Транспланттау орталықтарының тізімінен алып тастау

Реципиенттердің екі жылдық өміршеңдігі 85% кем.

Транспланттау орталықтарының тізімінен алып тастау

Транспланттаттың екі жылдық өміршеңдігі 75% кем

хирургиялық себептермен өлімге ұшырау операциядан кейінгі 15-30 күннің ішінде

Транспланттау орталықтарының тізімінен алып тастау

бауыр

Жылына 5 операциядан аз

Транспланттау орталықтарының тізімінен алып тастау

Реципиенттердің бір жылдық өміршеңдігі 75% кем

ескертпе

Реципиенттердің екі жылдық өміршеңдігі 65% кем

Транспланттау орталықтарының тізімінен алып тастау

жүрек

Жылына 5 операциядан аз

Транспланттау орталықтарының тізімінен алып тастау

Реципиенттердің бір жылдық өміршеңдігі 75% кем

ескертпе

жүрек-өкпе

3 жылдың ішінде операциялардың болмауы

ескертпе

Пациенттің өміршеңдігі бірінші жылда <40%

ескертпе

5 жылдың ішінде операциялардың болмауы

Транспланттау орталықтарының тізімінен алып тастау,

өкпе

Жылына 2 операциядан аз.

ескертпе

Реципиенттердің бір жылдық өміршеңдігі 50% кем

ескертпе

3 жылдың ішінде операциялардың болмауы

5 жылдың ішінде операциялардың болмауы

Транспланттау орталықтарының тізімінен алып тастау

Реципиенттердің екі жылдық өміршеңдігі 40% кем

Транспланттау орталықтарының тізімінен алып тастау

ұйқы безі

Жылына 1 операциядан аз немесе 3 жылдың ішінде операциялардың болмауы

ескертпе

Реципиенттердің бір жылдық өміршеңдігі 85% кем

ескертпе

5 жылдың ішінде операциялардың болмауы

Транспланттау орталықтарының тізімінен алып тастау

Реципиенттің екі жылдық өміршеңдігі 75% кем

Транспланттау орталықтарының тізімінен алып тастау

Кадрларды даярлау

Әрбір транспланттау орталығы жыл сайын кемінде бір трансплантологтың бейіні бойынша ұзақтылығы кемінде 216 сағатты құрайтын біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді

      * Бұл бағалау индикаторлары балалар трансплантологиясы бойынша қызмет көрсететін медициналық ұйымдарға қатысты емес.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады