Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсндағы № 784 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабы 3-тармағына және 15-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жер құқығы қатынастарына әсер ететін және жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын жер қатынастары субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жердің пайдаланылуы мен қорғалуын жер ресурстарын пайдалануға әсер ететін жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жер қатынастары субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес геодезиялық және картографиялық қызметі субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жерді пайдалану мен қорғауға тексеру парағының нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес геодезиялық және картографиялық қызметке тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың:
1) «Жерді пайдалану мен қорғау, геодезиялық және картографиялық қызметке қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2011 жылғы 28 наурыздағы № 70-ОД және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 82 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6943 болып тіркелген, 2011 жылғы 8 маусымдағы № 240-243 (26641) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
2) «Жерді пайдалану мен қорғаудың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2011 жылғы 28 наурыздағы № 71-ОД бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6944 болып тіркелген, 2011 жылғы 8 маусымдағы № 240-243 (26641) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы
__________________С. Айтпаева
2015 жылғы 23 маусым
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 23 маусымдағы
№ 444 бұйрығына
1-қосымша
Жер құқығы қатынастарына әсер ететін және жеке кәсіпкерлік
субъектілері болып табылмайтын жер қатынастары субъектілерінің
тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
1. Осы жер құқығы қатынастарына әсер ететін және жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын жер қатынастары субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жерді пайдалану мен қорғауды бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.
2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қатынастары субъектілерінің тәуекелі – жер ресурстарына зиян келтіру, оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, жер иелерінің және жер пайдаланушылардың құқығының бұзылу ықтималдылығы;
2) жерді пайдалану мен қорғауды бақылау субъектілері – жер қатынастарын реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын және жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер.
3. Жер қатынастарын реттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жерді пайдалану мен қорғауды бақылау субъектілері болып жергілікті атқарушы органдар, уәкілетті органдар және жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері табылады.
4. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша айқындау объективті және субъективті критерийлер, тәуекел дәрежесін бағалау жолымен жүзеге асырылады.
5. Тексеру субъектілері объективті критерийлер бойынша екі тәуекел тобына бөлінген:
1) жоғары тәуекел дәрежесі – облыстың, ауданның жергілікті атқарушы органдары, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, сондай-ақ олардың қала маңы ауылдық округтері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жер қатынастары бөлімдері және көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;
2) жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесі – селолық (ауылдық) округтердің жергілікті атқарушы органдары. Жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесі субъектілеріне ішінара тексерулер жүргізілмейді.
6. Жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілерге қатысты ішінара тексерулер, жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың басқа нысандары жүргізіледі.
Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған тексерілетін субъектілерге қатысты жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың басқа нысандары жүргізіледі.
7. Ішінара тексеру жүргізудің жиілігі жылына бір реттен аспауға тиіс.
8. Субъективті критерийлер мынадай ақпарат көздері негізінде айқындалады:
1) өткен тексерулер нәтижелері. Бұл ретте бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеріс парағында көрсетілген заңнама талаптары сақталмаған кезде белгіленеді;
2) бақылау субъектілеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен расталған шағымдар мен арыздардың болуы.
9. Осы критерийге 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес 8-тармақта анықталған ақпарат көздерінің негізінде субъективті критерийлер айқындалады.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект мыналарға жатады:
1) жоғары тәуекел дәрежесіне – 60-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;
2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған – 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу кезінде орындалмаған талаптардың (индикаторлардың) үлес салмағы айқындалады.
Өрескел дәрежедегі бір орындалмаған талап 100 көрсеткішіне тең.
Өрескел дәрежедегі талаптар (индикаторлар) анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткіштерін айқындау үшін елеулі және елеусіз дәрежедегі талаптардың (индикаторлардың) сомалық көрсеткіші есептеледі.
Елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіштерін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формуламен есептеледі:
з = (P2 х 100/P1) х 0,7
онда:
Pз – елеулі дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткіші;
P1– тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге ұсынылған (талдауға) елеулі дәрежедегі индикаторлардың жалпы саны;
P2 – елеулі дәрежедегі бұзылған талаптардың (индикаторлардың) саны.
Елеусіз дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіштерін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формуламен есептеледі:
Pн = (P2 х 100/P1) х 0,3
онда:
Pн – елеусіз дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткіші;
P1 – тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге (талдауға) ұсынылған елеусіз дәрежедегі индикаторлардың жалпы саны;
P2 – елеусіз дәрежедегі бұзылған талаптардың (индикаторлардың) саны.
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (УР) 0 ден 100 дейінгі шкаламен есептеледі және мына формула бойынша көрсеткіштерді қосу жолымен айқындалады:
P = Pз + Pн
онда:
P – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
Pз – елеулі дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткіші;
Pн – елеусіз дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткіші;
10. Ішінара тексерулер тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кеш емес мерзімде құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастырылатын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.
11. Ішінара тексерулердің тізімдері:
1) субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдылықтарын;
2) мемлекеттік органның тексерулерін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға түсетін жүктемелерді ескере отырып жасалады.
12. Әрбір тексерілетін субъектіге істерді тігу жүргізіледі, онда тексеруді тағайындау туралы акті, тексеру бойынша тексеру парағы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, істің қаралу уақыты мен орнын тағайындау туралы анықтама, тексеру қорытындысы туралы акт, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы, жер заңнамасының талаптарын орындау жөніндегі нұсқама тігіледі.
Жер құқығы қатынастарына әсер
ететін және жеке кәсіпкерлік
субъектілері болып табылмайтын
жер қатынастары субъектілерінің
тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне
1-қосымша
«Өткен тексерулер нәтижелері» ақпарат көзі бойынша (ауырлық
дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде
белгіленеді) субъективті критерийлері болып мыналар табылады:
№ |
Критерийлер |
Бұзушылық дәрежесі |
1. |
Жер учаскелерін немесе жер учаскелеріне жалдау құқығын елді мекендердің аумақтарын бас жоспарларға, құрылыс салу мен жоспарлау жобаларына және жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес беруі |
өрескел |
2. |
Жер учаскесіне немесе жер учаскесін жалдау құқығына жер учаскелерін аукциондық және конкурстық тәсілмен беру қолданылмайтын жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жер пайдалануға берілмеген мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беруі |
өрескел |
3. |
Жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішхаттарын (өтініштерін) қараудың белгіленген мерзімдерін сақтауы |
елеулі |
4. |
Жергілікті атқарушы органның жер комиссиясының оң қорытындысының және (немесе) бекітілген жерге орналастыру жобасының негізінде жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдауы |
өрескел |
5. |
Жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімін сақтауы |
елеулі |
6. |
Жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдау мерзімін сақтауы |
елеулі |
7. |
Жергілікті атқарушы органның тек жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдауы |
өрескел |
8. |
Жергілікті атқарушы органның заңнамалық актілерде көзделмеген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдауы |
өрескел |
9. |
Жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін жер заңнамасында көзделген нормадан артық көлемде жеке меншікке тегін беру туралы шешім қабылдауы, сондай-ақ қайталап тегін беруі |
өрескел |
10. |
Жергілікті атқарушы органның уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделмеген мақсаттар немесе мерзім үшін беру туралы шешім қабылдауы |
өрескел |
11. |
Жергілікті атқарушы органның шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдауы |
өрескел |
12. |
Жергілікті атқарушы органның өз құзыретінің шегінде, жер учаскелеріне құқықтар беру туралы шешім қабылдауы |
өрескел |
13. |
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарау мерзімін сақтауы |
елеулі |
14. |
Жерге орналастыру жобасын қарау және бекіту мерзімдерін сақтауы |
елеулі |
15. |
Сатып алу-сату немесе уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу мерзімдерін сақтауы |
елеулі |
16. |
Тұрғын үй құрылысы үшін, арнайы жер қорында жер учаскелерінің болуы туралы ақпарат беруі |
елеулі |
17. |
Жер учаскесін немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткiзу қағидаларының сақталуы: |
елеусіз |
18. |
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру тәртібін сақтауы |
елеулі |
19. |
Өткен тексерулер нәтижелері және бақылаудың басқа нысандары бойынша анықталған бұзушылықты қайталау |
елеулі |
Жер құқығы қатынастарына әсер
ететін және жеке кәсіпкерлік
субъектілері болып табылмайтын
жер қатынастары субъектілерінің
тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне
2-қосымша
«Өткен тексерулер нәтижелері» ақпарат көзі бойынша (ауырлық
дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді)
мемлекеттік мекемелер үшін субъективті критерийлері болып мыналар табылады:
№ |
Критерийлер |
Бұзушылық дәрежесі |
1. |
Аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша өтiнiшті уәкілетті органға жолдау мерзімін сақтау |
елеулі |
2. |
Егер өтініш беруші жер учаскесін мәжбүрлеп алып қойғандардың тізілімінде тұрса немесе өтініш беруші жер учаскесіне құқық беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаса уәкілетті органдарының өтініш берушіге өтінішті қараудан жазбаша бас тарту жөнінде беретін жауаптың мерзімін сақтау |
елеулі |
3. |
Аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлеу мерзімін сақтау |
елеусіз |
4. |
Аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес немесе жер учаскесін алдын ала таңдап алуды ұсынуға (объект құрылысы үшін жер учаскесі сұралған кезде) жер учаскесін Комиссия қорытындысы сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы уәкілетті органмен ұсыныстың комиссияға түскен кезінен бастап белгіленген мерзімін сақтау |
елеулі |
5. |
Жерге орналастыру жобасын дайындау үшін комиссияның оң қорытындысының бір данасын өтініш берушіге жолдау мерзімін сақтау |
елеусіз |
6. |
Жер учаскесін таңдау актісін оның ахуалдық схемасымен қоса дайындау және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорынға мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы не келісу органдарында осы жүйелер болмаған ретте қағаз жеткізгіштерде жіберу мерзімінің жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен сақталуы |
елеусіз |
7. |
Мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытындыны ұсыну мерзімінің келісу органдарымен сақталуы |
елеулі |
8. |
Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің қорытындысымен ресімделген жер учаскесіне құқық беруден бас тарту мерзімін сақтау |
елеулі |
9. |
Оң қорытындылар мен инженерлік желілерге қосылуға қойылатын техникалық талаптар келіп түскеннен кейін жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін дайындау және жіберу мерзімінің жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен сақталуы |
елеулі |
10. |
Уақытша жер пайдалану шартын дайындау үшін жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесін, жер-кадастрлық жоспар мен инженерлік желілер мен құрылыстарға косылуға қойылатын техникалық талаптарды уәкілетті органға жолдау мерзімін сақтау |
елеусіз |
11. |
Жер кодексiнің 43-бабының 2-тармағына сәйкес жер учаскесiн таңдау және жер учаскесін таңдау туралы актіні ресімдеу кейіннен жер учаскесін таңдау туралы актіні қарау және қорытынды дайындау үшiн комиссияға жіберу мерзімдерін сақтау |
елеулі |
12. |
Комиссияның қорытындысы шыққан күннен кейін жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін өтініш берушіге тапсыру мерзімін сақтау |
елеулі |
13. |
Жеке немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға бұрын жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн жеке меншiкке атқарушы органмен берілу мерзімін сақталуы |
елеулі |
Жер құқығы қатынастарына әсер
ететін және жеке кәсіпкерлік
субъектілері болып табылмайтын
жер қатынастары субъектілерінің
тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне
3-қосымша
«Бақылау субъектілеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан
келіп түскен расталған шағымдар мен арыздардың» ақпарат көзі бойынша
субъективті критерийлер болып мыналар табылады:
№ |
Критерийлер |
Бұзушылық дәрежесі |
1. |
Шағымның болуы, оны қарау кезінде бақылау субъектісі Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзған кезде жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторымен әкімшілік жауапкершілікке тартылуы |
өрескел |
2. |
Шағымның болуы, оны қарау кезінде бақылау субъектісіне жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторымен әкімшілік жауапкершілікке тартылмай, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының анықталған бұзылушылықтарын жою туралы нұсқама берілуі |
елеулі |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 23 маусымдағы
№ 444 бұйрығына
2-қосымша
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын жер ресурстарын пайдалануға
әсер ететін жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жер
қатынастары субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлері
1. Осы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын жер ресурстарын пайдалануға әсер ететін жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жер қатынастары субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жерді пайдалану мен қорғауды бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.
2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жерді пайдалану мен қорғауға, жер ресурстарын пайдалануға әсер ететін және ішінара тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін жер қатынастары субъектілерінің тәуекелі – жер ресурстарына зиян келтіру, ауыртпалық дәрежесінің салдарын ескере отырып жерге меншік және жер пайдалану құқығының бұзылу ықтималдығы.
2) жер ресурстарын пайдалануға әсер ететін тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін жер қатынастарының тексерілетін субъектілері – жер ресурстарының пайдалану жағдайына әсер ететін қызметті жүзеге асыратын, иелігінде бағалы ауыл шаруашылығы алқаптары бар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер және жер қойнауын пайдаланушылар.
3. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша айқындау объективті және субъективті критерийлер, тәуекел дәрежесін бағалау жолымен жүзеге асырылады.
4. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің объективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежелерін айқындау бағалы ауыл шаруашылығы алқаптарының көлеміне қарай, ал жер қойнауын пайдаланушыларға келісімшарттың мерзімі мен жер көлеміне байланысты жүзеге асырылады.
5. Объективті критерийлер бойынша субъектілер жоғары және жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған болып екі топқа бөлінеді:
1) жоғары тәуекел дәрежесіне мыналар: мына ауыл шаруашылығы алқаптары бар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері:
3000 гектардан астам тәлімі егістік;
50 гектардан астам суармалы егістік;
200 гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары (суармалы егістіктерден басқа);
келісімшарт (рұқсат) мерзімі он жылдан аспайтын жер қойнауын пайдаланушылар;
жер қойнауы үшін көлемі 5 гектардан астам жерлері бар жер қойнауын пайдаланушылар;
2) жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмеген тұлғалар жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесі тобына жатқызылады және оларға қатысты ішінара тексерулер жүргізілмейді.
6. Жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге қатысты ішінара тексерулер, жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың басқа нысандары жүргізіледі.
Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған тексерілетін субъектілерге қатысты жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың басқа нысандары жүргізіледі.
7. Ішінара тексеру жүргізудің жиілігі жылына бір реттен аспауға тиіс.
8. Субъективті критерийлер мынадай ақпарат көздері негізінде айқындалады:
1) өткен тексерулер нәтижелері. Бұл ретте бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеріс парағында көрсетілген заңнама талаптары сақталмаған кезде белгіленеді;
2) бақылау субъектілеріне қатысты жеке немесе заңды тұлғалардан келіп түскен расталған шағымдар мен арыздардың болуы.
9. Осы критерийге 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес 8-тармақта анықталған ақпарат көздерінің негізінде субъективті критерийлер айқындалады.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект мыналарға жатады:
1) жоғары тәуекел дәрежесіне – 60-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;
2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған – 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу кезінде орындалмаған талаптардың (индикаторлардың) үлес салмағы айқындалады.
Өрескел дәрежедегі бір орындалмаған талап 100 көрсеткішіне тең.
Өрескел дәрежедегі талаптар (индикаторлар) анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткіштерін айқындау үшін елеулі және елеусіз дәрежедегі талаптардың (индикаторлардың) сомалық көрсеткіші есептеледі.
Елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіштерін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формуламен есептеледі:
Рз = (Р2 х 100/Р1) х 0,7
онда:
Рз – елеулі дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткіші;
Р1– тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге ұсынылған (талдауға) елеулі дәрежедегі индикаторлардың жалпы саны;
Р2 – елеулі дәрежедегі бұзылған талаптардың (индикаторлардың) саны.
Елеусіз дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіштерін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формуламен есептеледі:
Рн = (Р2 х 100/Р1) х 0,3
онда:
Рн – елеусіз дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткіші;
Р1 – тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге (талдауға) ұсынылған елеусіз дәрежедегі индикаторлардың жалпы саны;
Р2 – елеусіз дәрежедегі бұзылған талаптардың (индикаторлардың) саны.
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (УР) 0 ден 100 дейінгі шкаламен есептеледі және мына формула бойынша көрсеткіштерді қосу жолымен айқындалады:
Р = Рз + Рн
онда:
Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
Рз – елеулі дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткіші;
Рн – елеусіз дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткіші;
10. Ішінара тексерулер тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кеш емес мерзімде құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастырылатын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.
11. Ішінара тексерулердің тізімдері:
1) субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдылықтарын;
2) мемлекеттік органның тексерулерін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға түсетін жүктемелерді ескере отырып жасалады.
12. Әрбір тексерілетін субъектіге істерді тігу жүргізіледі, онда тексеруді тағайындау туралы акті, тексеру бойынша тексеру парағы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, істің қаралу уақыты мен орнын тағайындау туралы анықтама, тексеру қорытындысы туралы акт, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы, жер заңнамасының талаптарын орындау жөніндегі нұсқама тігіледі.
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын
жер ресурстарын пайдалануға әсер
ететін жеке кәсіпкерлік субъектісі
болып табылатын жер қатынастары
субъектілерінің тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне
1-қосымша
«Өткен тексерулер нәтижелері» ақпарат көзі бойынша (ауырлық
дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді)
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін субъективті критерийлері
болып мыналар табылады:
№ |
Критерийлер |
Бұзушылық дәрежесі |
1. |
Жер учаскесінің нақты шекараларының белгіленуі және жерге құқық белгілейтін немесе сәйкестендіру құжаттарының болуы |
өрескел |
2. |
Жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану |
өрескел |
3. |
Уақытша пайдаланудағы мемлекеттік жерлерді қайтару және одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындау |
өрескел |
4. |
Жердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүргізу: |
елеулі |
5. |
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ұтымды пайдаланылуын айқындау үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерде мынадай құжаттардың болуы қажет: |
елеулі |
6. |
Жер учаскелері шекараларының межелiк белгiлерiн сақтау |
елеусіз |
7. |
Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар инженерлiк тұрғыда әзiрленген суармалы жерде: |
елеулі |
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын
жер ресурстарын пайдалануға әсер
ететін жеке кәсіпкерлік субъектісі
болып табылатын жер қатынастары
субъектілерінің тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне
2-қосымша
«Өткен тексерулер нәтижелері» ақпарат көзі бойынша (ауырлық
дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде
тағайындалады) жер қойнауын пайдаланушылар үшін субъективті
критерийлері болып мыналар табылады:
№ |
Критерийлер |
Бұзушылық дәрежесі |
1. |
Жер учаскелерінің нақты шекараларын белгілеу және жерге құқық белгілейтін немесе сәйкестендіру құжаттарының болуы |
өрескел |
2. |
Жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану |
өрескел |
3. |
Уақытша пайдаланудағы мемлекеттік жерлерді қайтару немесе одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау |
өрескел |
4. |
Жердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүргізу: |
елеулі |
5. |
Жер учаскелерi шекараларының межелiк белгiлерiн сақтау |
елеусіз |
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын
жер ресурстарын пайдалануға әсер
ететін жеке кәсіпкерлік субъектісі
болып табылатын жер қатынастары
субъектілерінің тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне
3-қосымша
«Бақылау субъектілеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан
келіп түскен расталған шағымдар мен арыздар» ақпарат көзі бойынша
субъективті критерийлері болып мыналар табылады:
№ |
Критерийлер |
Бұзушылық дәрежесі |
1. |
Бір немесе одан да көп шағымдардың болуы, оларды қарау кезінде Қазақстан Республикасы жер заңнамасы бұзылған жағдайда жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторымен бақылау субъектісінің әкімшілік жауапкершілікке тартылған |
өрескел |
2. |
Бір немесе оданда көп шағымдардың болуы, оларды қарау кезінде бақылау субъектісіне жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторымен әкімшілік жауапкершілікке тартылмай, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзушылықтарын жою жөніндегі нұсқама берілген |
елеулі |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 23 маусымдағы
№ 444 бұйрығына
3-қосымша
Геодезиялық және картографиялық қызметі субъектілерінің тәуекел
дәрежесін бағалау критерийлері
1. Осы Геодезиялық және картографиялық қызметі субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі және «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңдарына сәйкес геодезиялық және картографиялық қызметін мемлекеттік бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.
2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) геодезиялық және картографиялық қызметі субъектісінің тәуекелі – мемлекеттік шекара, әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы шекара сызықтарының, сондай-ақ оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, географиялық объектілері атауларының өзгеруі нәтижесінде мемлекетке зиян келтіруі мүмкін топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды өндіру кезінде деректерді және мәліметтерді бұрмалау;
2) геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы бақылау субъектілері – геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
3. Тексеру субъектілері объективті критерийлер бойынша жасалатын және іске асырылатын геодезиялық-картографиялық өнім мен мәліметтердің түріне қарай бақылау субъектілері екі топқа бөлінген:
1) жоғары тәуекел дәрежесі тобына топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізуін бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесінде, геодезиялық және картографиялық өнімнің деректер базасын жасауды, беруді, есепке алуды, сақтауды жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатқызылған;
2) жоғары тәуекел дәрежесі тобына жатқызылмаған топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізуін мемлекеттік координаттар жүйесінде емес, геодезия мен картографиялық өнімнің деректер базасын жасауды, беруді, есепке алуды, сақтауды жүзеге асыратын және «Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорына» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнына беретін мәліметтер мен деректерді ұдайы міндетті түрде беретін бақылау субъектілері жатқызылған.
4. Жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілерге қатысты ішінара тексерулер, жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың басқа нысандары жүргізіледі.
Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған тексерілетін субъектілерге қатысты жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың басқа нысандары жүргізіледі.
5. Ішінара тексеру жүргізу жиілігі жылына бір реттен аспауға тиіс.
6. Субъективті критерийлер өткен тексерулер нәтижелері негізінде айқындалады. Бұл ретте бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеріс парағында көрсетілген заңнама талаптары сақталмаған кезде белгіленеді.
7. Субъективті критерийлер бойынша геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыратын субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау осы критерийге қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
8. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект мыналарға жатады:
1) жоғары тәуекел дәрежесіне – 60-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;
2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған – 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу кезінде орындалмаған талаптардың (индикаторлардың) үлес салмағы айқындалады.
Өрескел дәрежедегі бір орындалмаған талап 100 көрсеткішіне тең.
Өрескел дәрежедегі талаптар (индикаторлар) анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткіштерін айқындау үшін елеулі және елеусіз дәрежедегі талаптардың (индикаторлардың) сомалық көрсеткіші есептеледі.
Елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіштерін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формуламен есептеледі:
Рз = (Р2 х 100/Р1) х 0,7
онда:
Рз – елеулі дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткіші;
Р1– тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге ұсынылған (талдауға) елеулі дәрежедегі индикаторлардың жалпы саны;
Р2 – елеулі дәрежедегі бұзылған талаптардың (индикаторлардың) саны.
Елеусіз дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіштерін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формуламен есептеледі:
Рн = (Р2 х 100/Р1) х 0,3
онда:
Рн – елеусіз дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткіші;
Р1 – тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге (талдауға) ұсынылған елеусіз дәрежедегі индикаторлардың жалпы саны;
Р2 – елеусіз дәрежедегі бұзылған талаптардың (индикаторлардың) саны.
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (УР) 0 ден 100 дейінгі шкаламен есептеледі және мына формула бойынша көрсеткіштерді қосу жолымен айқындалады:
Р = Рз + Рн
онда:
Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
Рз – елеулі дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткіші;
Рн – елеусіз дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткіші;
9. Ішінара тексерулер тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кеш емес мерзімде құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастырылатын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.
10. Ішінара тексерулердің тізімдері:
1) субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдылықтарын;
2) мемлекеттік органның тексерулерін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға түсетін жүктемелерді ескере отырып жасалады.
11. Әрбір тексерілетін субъектіге істерді тігу жүргізіледі, онда тексеруді тағайындау туралы акті, тексеру бойынша тексеру парағы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, істің қаралу уақыты мен орнын тағайындау туралы анықтама, тексеру қорытындысы туралы акт, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы, жер заңнамасының талаптарын орындау жөніндегі нұсқама тігіледі.
Геодезиялық және картографиялық
қызметі тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне қосымша
«Өткен тексерулер нәтижелері» (ауырлық дәрежесі төменде
көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді) ақпарат көзі
бойынша субъективті критерийлер болып мыналар табылады:
№ |
Критерийлер |
Бұзушылық дәрежесі |
1. |
Геодезиялық жұмыстар және (немесе) картографиялық жұмыстар жүргізілуінің басталуы туралы геодезия және картография саласындағы хабарламаны растаудың болуы |
өрескел |
2. |
Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, меншікті немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығының не болмаса зауыттық нөмірі көрсетілген салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар, құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызмет көрсетуге арналған шарттың болуы |
өрескел |
3. |
Штатында геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маманның болуы |
елеулі |
4. |
Аэротүсірілім жұмыстарына, егер оларды орындаған жағдайда рұқсаттың болуы |
өрескел |
5. |
Геодезиялық пунктерді қорғау туралы қағидаларды сақтау |
өрескел |
6. |
Далалық және камералдық жұмыстарды техникалық бақылау мен өнімді қабылдау жүйесінің бар болуы |
елеусіз |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 23 маусымдағы
№ 444 бұйрығына
4-қосымша
Нысан
Жерді пайдалану мен қорғау саласында тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган:____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) ЖСН, БСН_______________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы_________________________________________________
№ |
Талаптардың тізбесі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талапқа сәйкес |
Талапқа сәйкес емес |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Жер құқығы қатынастарына әсер ететін және жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын жер қатынастары субъектілері үшін |
|||||
1. |
Жер учаскелерін немесе жер учаскелеріне жалдау құқығын елді мекендердің бас жоспарларына, жоспарлау және құрылыс салу жобаларына және аймақтардың жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес беру |
||||
2. |
Жер учаскесіне немесе жер учаскесін жалдау құқығына жер учаскелерін аукциондық және конкурстық тәсілмен беру қолданылмайтын жағдайларды қоспағанда (конкурстарда, аукциондарда), мемлекеттік меншіктегі және сауда-саттықта жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскесін жалдау құқығын беру |
||||
3. |
Жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішхаттарын (өтініштерін) қараудың белгіленген мерзімдерін сақтауы |
||||
4. |
Жергілікті атқарушы органның жер комиссиясының оң қорытындысының және (немесе) бекітілген жерге орналастыру жобасының негізінде жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдауы |
||||
5. |
Жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімін сақтауы |
||||
6. |
Жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдау мерзімін сақтауы |
||||
7. |
Жергілікті атқарушы органның тек жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдауы |
||||
8. |
Жергілікті атқарушы органның заңнамалық актілерде көзделмеген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдауы |
||||
9. |
Жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін жер заңнамасында көзделген нормадан артық көлемде жеке меншікке тегін беру туралы шешім қабылдауы, сондай-ақ қайталап тегін беруі |
||||
10. |
Жергілікті атқарушы органның уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделмеген мақсаттарға немесе мерзімге беру туралы шешім қабылдауы |
||||
11. |
Жергілікті атқарушы органның шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдауы |
||||
12. |
Жергілікті атқарушы органның өз құзыретінің шегінде, жер учаскелеріне құқықтар беру туралы шешім қабылдауы |
||||
13. |
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарау мерзімін сақтауы |
||||
14. |
Жерге орналастыру жобасын қарау және бекіту мерзімдерін сақтауы |
||||
15. |
Сатып алу-сату немесе уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу мерзімдерін сақтауы |
||||
16. |
Тұрғын үй құрылысы үшін, арнайы жер қорында жер учаскелерінің болуы туралы ақпарат беруі |
||||
17. |
Жер учаскесін немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткiзу қағидаларының сақталуы: 1) жергiлiктi өкiлдi орган бекiткен тiзбеге сәйкес нақты жер учаскелерiн және жер учаскесiн жалдау құқығын анықтау; 2) сауда-саттық (аукцион, конкурс) өткiзу нысандарын, сондай-ақ аукциондық сату нысаны кезiнде сауда-саттықты өткiзу әдiсiн анықтау; 3) сауда-саттыққа шығарылатын жер учаскесiнiң және жер учаскесiн жалдау құқығының бастапқы және ең төменгi бағасын, кепiлдiк жарналардың мөлшерiн бекiтуі |
||||
18. |
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру тәртібін сақтауы |
||||
Жер қатынастарын реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер үшін |
|||||
19. |
Аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша өтiнiшті уәкілетті органға жолдау мерзімін сақтау |
||||
20. |
Егер өтініш беруші жер учаскесін мәжбүрлеп алып қойғандардың тізілімінде тұрса немесе өтініш беруші жер учаскесіне құқық беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаса уәкілетті органдарының өтініш берушіге өтінішті қараудан жазбаша бас тарту жөнінде беретін жауаптың мерзімін сақтау |
||||
21. |
Аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлеу мерзімін сақтау |
||||
22. |
Аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес немесе жер учаскесін алдын ала таңдап алуды ұсынуға (объект құрылысы үшін жер учаскесі сұралған кезде) сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы уәкілетті орган ұсынысының комиссияға түскен сәтінен бастап комиссия қорытындысын беру мерзімін сақтау |
||||
23. |
Жерге орналастыру жобасын дайындау үшін комиссияның оң қорытындысының бір данасын өтініш берушіге жолдау мерзімін сақтау |
||||
24. |
Жер учаскесін таңдау актісін оның ахуалдық схемасымен қоса дайындау және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорынға мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы не келісу органдарында осы жүйелер болмаған ретте қағаз жеткізгіштерде жіберу мерзімінің жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен сақталуы |
||||
25. |
Мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытындыны ұсыну мерзімінің келісу органдарымен сақталуы |
||||
26. |
Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің қорытындысымен ресімделген жер учаскесіне құқық беруден бас тарту мерзімін сақтау |
||||
27. |
Оң қорытындылар мен инженерлік желілерге қосылуға қойылатын техникалық талаптар келіп түскеннен кейін жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін дайындау және жіберу мерзімінің жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен сақталуы |
||||
28. |
Уақытша жер пайдалану шартын дайындау үшін жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесін, жер-кадастрлық жоспар мен инженерлік желілер мен құрылыстарға косылуға қойылатын техникалық талаптарды уәкілетті органға жолдау мерзімін сақтау |
||||
29. |
Жер кодексiнің 43-бабының 2-тармағына сәйкес жер учаскесiн таңдау және жер учаскесін таңдау туралы актіні ресімдеу, кейіннен жер учаскесін таңдау туралы актіні қарау және қорытынды дайындау үшiн комиссияға жіберу мерзімдерін сақтау |
||||
30. |
Комиссияның қорытындысы шыққан күнінен кейін жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін өтініш берушіге тапсыру мерзімін сақтау |
||||
31. |
Жеке немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға бұрын жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн жеке меншiкке атқарушы органмен берілу мерзімін сақталуы |
||||
Жер ресурстарын пайдалануға әсер ететін және жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын субъектілері үшін |
|||||
32. |
Жер учаскесінің нақты шекараларының белгіленуі және жерге құқық белгілейтін немесе сәйкестендіру құжаттарының болуы |
||||
33. |
Жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану |
||||
34. |
Уақытша пайдаланудағы мемлекеттік жерлерді уақтылы қайтару және одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындау |
||||
35. |
Жердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүргізу: |
||||
36. |
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ұтымды пайдаланылуын айқындау үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерде мынадай құжаттардың болуы қажет: |
||||
37. |
Жер учаскелері шекараларының межелiк белгiлерiн сақтау |
||||
38. |
Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар инженерлiк тұрғыда әзiрленген суармалы жерде: |
Лауазымды тұлға(лар):__________ _________ ___________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
___________ _______ ________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі, аты, әкісінің аты (ол болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің басшысы
_________________________________________________ __________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы) (қолы)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 23 маусымдағы
№ 444 бұйрығына
5-қосымша
Нысан
Геодезиялық және картографиялық қызметке тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган: ___________________________