"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2015 жылғы 26 маусымдағы № 388 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 тамызда № 11832 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
      610 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «610. Жергілікті атқарушы органдарға, қаржы агенттіктеріне бюджеттік кредиттер бойынша, сондай-ақ қарыз алушылар ретінде жергілікті атқарушы органдар түпкілікті қарыз алушыларға мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге беретін бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қоспағанда, бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі айналыс мерзімі бюджеттік кредиттің мерзіміне сәйкес келетін мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістіліктің орташа өлшемді мөлшерлемесінен төмен болмайтын шамада белгіленеді.
      Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістің орта мөлшерлік ставкасын анықтау тәртібі осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.»;
      612 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «612. Қарыз алушы банк және/немесе жергілікті атқарушы органдармен белгілеген түпкі қарыз алушыға арналған сыйақы ставкасының мөлшері агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын қоспағанда, осы Ереженің 610 тармағына сәйкес белгіленген 2 еселенген сыйақы ставкасынан аспауы тиіс.»;
      646 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «646. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мамандандырылған ұйымдар мен сенім білдірілген өкілдер (агенттер), бюджеттік кредит беру шартына сәйкес іріктеуде артықшылығы жүзеге асырылатын қаржы агенттігін және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымды қоспағанда, конкурстық негізде қарыз алушыны анықтайды.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрінің міндетін атқарушы        Р. Дәленов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 30 маусым

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы Ұлттық
      Банкі төрағасы
      _____________ Қ. Келімбетов
      2015 жылғы 2 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады