«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3) тармақшасына және 16-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген, 2010 жылғы 28 шілдеде № 196 (26257) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамада:
22-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай радакцияда жазылсын:
«3) әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарындағы жазбаларды «Кәсіпорындар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 77 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10075 болып тіркелген), «Үй шаруашылықтарындағы мал мен құстың, ауылшаруашылық техникасының және құрылыстардың нақты бары туралы мәліметтер» (коды 1761103, индексі 7-ж (халық), - кезеңділігі жартыжылдық) (бұдан әрі - 7-ж статистикалық нысан) және «Үй шаруашылықтарында пайдаланатын жердің бары туралы мәліметтер» (коды 1771104, индексі 7-р (халық), кезеңділігі жылдық (бұдан әрі - 7-р статистикалық нысан) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың ұсынылған статистикалық нысандарымен нақтылау;
4) Үй шаруашылықтарына бару кезінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекiтiлген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген, Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесіне сәйкес толтырылатын ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер қорындағы (бұдан әрі – АШМБ ДҚ) бар ақпаратты қолданып, әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарындағы жазбаларды нақтылау.»;
25-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтабының «1 қаңтардағы тұрғын үй жағдайлары» II-бөлімі бойынша жазбаларды ТҚТ деректерімен салыстыру жүргізіледі. Бұл салыстыруды жүргізу үшін аумақтық статистика органдары нақтылаумен қамтылған елдi мекен бойынша тұрғын үйлердің тізбесін алдын ала қалыптастырады. Кестеге (осы Әдіснамаға 5-қосымшаға) сәйкес ТҚТ жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйеден тұрғын үйлердің тізбесі қалыптастырылады. Үйдің сәйкестендіру коды бойынша ТҚТ деректерімен нақтылау кезінде жалпы және тұрғын алаңы көлемінің, тұрғын үй түрінің, тұрғын үйдің меншік түрінің, бөлмелер санының, сыртқы қабырға материалдарының, тұрғын үй-жайдың абаттандырылуының (электр, су құбыры, ыстық сумен қамтамасыз ету, кәріз, ванна, себізгі, ЖЗО-дан жылыту, жеке қондырғылардан жылыту, газ (табиғи, шеттен әкелінген), электроплита, жеке су жылытқыштардан ыстық сумен жабдықтау, пештен жылыту) сәйкестігіне жазбаларды салыстыру жүзеге асырылады.»;
Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманың 4-қосымшасы осы бұйрықтың косымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А.С. Мамытбеков _____________
2015 жылғы 8 шілдедегі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 9 шілдедегі
№ 511 бұйрығына қосымша
Әр шаруашылық бойынша есепке
алуды жүргізу және тіркеу
жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру
нысандары бойынша статистикалық
әдіснамаға 4-қосымша
Нысан
«_________________________ облысының статистика департаменті» ММ
________________________________ ауданының статистика басқармасы
Әр шаруашылық бойынша есепке алу нысандарындағы тіркеу
жазбаларының сәйкессіздігі немесе сәйкестігі туралы
АКТ
______________________ ауданының
______________________ кенті, ауылы, 20__ жылғы « ___ » ________
ауылдық округі
Біз, төменде қол қоюшылар, мемлекеттік статистика саласындағы
уәкілетті органның өкілдері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________________________________________ әкімінің қатысуымен
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы
Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының, 16-бабының және «Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011
жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының
негізінде әр шаруашылық бойынша есепке алу нысандарындағы тіркеу
жазбаларына салыстыруды жүргіздік.
Салыстыру қорытындысы бойынша мемлекеттік статистика
саласындағы уәкілетті органға әкімнің «Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 499-бабында көзделген
дәйексіз әкімшілік деректерді ұсынуының мынадай фактілері анықталды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бұзушылықтарды жою мерзімдері: осы Актіге қол қойылған күннен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Ескерту (орындалғаны туралы ақпарат 5 жұмыс күні ішінде аумақтық
статистика органына ұсынылады).
Қолдары _____________________ м.о.
_____________________
_____________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және әкімнің қолы _____
_________________________________________________________ м.о.
Ескерту (әкім қол қоюдан бас тартқан жағдайда «Қол қоюдан бас тартты»
деген жазу жазылады және күні қойылады).