Өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы тексеру парағының нысанын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 15-08/579 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 525 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 тамызда № 11858 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1138 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 819 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.12.2015 № 15-05/1138 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.12.2015 № 819 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. «Өсімдіктер карантині бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысанын және тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 15-07/202 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 01-04-03/74 НҚ бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 10 маусымда № 8502 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 тамыздағы № 198 (28137) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған)) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі            Ұлттық экономика министрі
      ______________ А. Мамытбеков         _______________ Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының
      Құқықтық статистика және
      арнайы есепке алу жөніндегі
      комитетінің төрағасы
      ____________ С. Айтпаева
      2015 жылғы 15 шілде

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 26 маусымдағы  
№ 15-08/579 және      
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 13 шілдедегі  
№ 525 бірлескен бұйрығына
қосымша        

Нысаны

Өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылау және
қадағалау саласындағы тексеру парағы

      Карантинге жатқызылған өнімдерді өндіруге, дайындауға, қайта
өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге байланысты қызметті
жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қатысты
_____________________________________________________________________
(Тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті топтарының
                                 атауы)
Аумақтық инспекцияның атауы__________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы акті_______________________________________
                                               (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН) БСН______________________
Орналасқан мекенжайы_________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Қойылатын талаптарға сәйкес

Қойылатын талаптарға сәйкес емес

1

2

3

4

5

6

1

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнім партиясына экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің фитосанитариялық сертификатының болуы





2

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнім партиясына қайта экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің қайта экспорттау фитосанитариялық сертификатының болуы





3

Карантинге жатқызылған өнімді сақтау немесе қайта өңдеу жүзеге асырылатын қойма үй-жайларына жыл сайынғы профилактикалық залалсыздандыруды жүргізу





4

Отырғызылатын немесе тұқымдық материалды зертханалық сараптама нәтижелері алынғанға дейін пайдалануға жол бермеу





5

Отырғызылатын немесе тұқымдық импорттық материалды зертханалық сараптама нәтижелері алынғанға дейін сақтау шарттарын сақтау





6

Қазақстан Республикасының аумағына азық-түлік, жемшөп және техникалық мақсаттарда пайдалану үшін әкелінген дәндi, дәндi-бұршақтық, майлы дақылдарды тұқымдық мақсатта пайдалануға жол бермеу





7

Қалдықтарды міндетті түрде жоя отырып, карантинге жатқызылған импорттық өнімді, сондай-ақ карантиндік аймақтардан әкелінген карантинге жатқызылған өнімді тасымалдағаннан кейін көлік құралдарына тазартуды жүргізу





8

Карантинге жатқызылған өнiмдi алып келе жатқан жолында немесе межелі пунктiнде басқа мекенжайға жіберу кезінде уәкілетті органның рұқсатының болуы





9

Карантиндік арамшөптермен қоқысталған тұқымдық немесе отырғызылатын материалды егу үшін пайдалануға жол бермеу





10

Карантиндік объектілерден бос аймақта дайындалған карантинге жатқызылған өнiмнен карантиндік объектілер таралатын аймақта дайындалған карантинге жатқызылған өнiмдi сақтауды немесе тазартуды жүзеге асыруға жол бермеу





11

Қызметі карантинге жатқызылған өнімді өндіруге, дайындауға, қайта өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге байланысты егістіктерді, аумақтарды, қоймаларды жүйелі түрде зерттеуді қамтамасыз ету





12

Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен залалданған көлік құралдарын әкелуге жол бермеу





13

Қазақстан Республикасына карантинге жатқызылған өнімді әкелуге тыйым салуларды немесе оған шектеулерді бұзуға жол бермеу





14

карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді өткізуге жол бермеу





15

Карантиндік объектілермен залалданған, карантинге жатқызылған өнімді карантиндік фитосанитариялық аймақтан әкетуге тыйым салуларды немесе шектеулерді бұзуға жол бермеу





16

Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуге уәкілетті органның рұқсатының болуы





Қойылатын талаптарға сәйкес болған жағдайда «+» белгісі қойылады;
Қойылатын талаптарға сәйкес емес болған жағдайда «-» белгісі
қойылады.

Органның лауазымды адамы (дары):
_____________   ________  ___________________________________________
  (лауазымы)     (қолы)      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
_____________   ________  ___________________________________________
  (лауазымы)     (қолы)      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Тексерілетін субъектінің басшысы:
_____________________________________________________    ____________
  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), лауазымы)           (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады