Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.06.2015 № 15-08/579 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.07.2015 № 525 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 4-тармағына және 15-бабы 1-тармағына және «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 7-бабы 1-тармағының 30) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өсімдіктер карантині бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өсімдіктер карантині бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеуден өткен соң ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ресми интернет–ресурсында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрі М.Т. Өмірияевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Премьер-Министрінің бірінші
министрі орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Өңірлік даму министрі
__________ А. Мамытбеков __________ Б. Сағынтаев
Ауыл шаруашылығы министрінің
2013 жылғы 29 сәуірдегі № 15-07/202 және
Қазақстан Республикасының
Өңірлік даму министрінің
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 01-04-03/74 НҚ бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Өсімдіктер карантині бойынша
жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы
Аумақтық инспекция атауы ____________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті ____________________________________
(№, күні)
Субъектінің атауы ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі
(ЖСН)________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Субъектінің орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
№ |
Талаптар тізбесі |
Қойылатын талаптарға сәйкес келеді |
Қойылатын талаптарға сәйкес келмейді |
Қажет етілмейді |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Қоймалық жайларды (жылына кемінде 1 рет) профилактикалық залалсыздандыру |
|||
2. |
Қоймалық, технологиялық жайларда және олардың аумағында карантинді объектілердің жоқтығы |
|||
3. |
Өндірістік жерлер мен орман және жер алқаптарының карантинді объектілер ошағының таралуының жоқтығы |
|||
4. |
Егiстiктi, аумақты, карантинге жатқызылған өнiм сақталатын қоймаларды жүйелi тексеруді жүргізгені туралы құжаттамалық растаудың болуы. |
|||
5. |
Тұқымдық және отырғызылатын материалдардың Қазақстан Республикасының фитосанитариялық талаптарына сәйкестігі |
|||
6. |
Карантинді объектілердің анықталғаны туралы өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкілетті органға (бір жұмыс күні ішінде) хабарлау |
|||
7. |
Қазақстан Республикасының карантинді аймағынан әкету кезінде рұқсат ету құжаттарының болуы |
|||
8. |
Қолданыстағы карантинге жатқызылған өнімді тексеруге/тексеріп қарауға (қажет болған жағдайда зертханалық сараптама жүргізу үшін сынама ала отырып) ұсыну |
қойылатын талаптарға сәйкес болған жағдайда «+» белгісі қойылады;
қойылатын талаптарға сәйкес болмаған жағдайда «-» белгісі қойылады;
тексеру объектісінде тізбеден талаптар болмаған жағдайда «0» белгісі қойылады.
Тексеру жүргізген өсімдіктер карантині
жөніндегі мемлекеттік инспектор __________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
мөр орыны
Талаптарды бұзушылық анықталған жағдайда нөмір мен нұсқама жасалған күн көрсетіледі
( 20___ жылғы «____» _____________ № _________)
Тексеру нәтижесімен таныстым
(келісемін/келіспеймін) __________________________________ _______
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
20__ ж. «___» _______________
Тексеру қортындылары бойынша тексерілген объекті ____________________________
(объектінің атауы)
Объектілер санатына ауыстырылады («+» белгісімен белгілеу):
жоғары тәуекел дәрежесі |
орташа тәуекел дәрежесі |
болмашы тәуекел дәрежесі |
Органның лауазымды адамдары:
_____________ ________ ____________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
_____________ _________ _____________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Орган басшысы:
__________________________________ __________ ___________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (лауазымы) (қолы)
Ауыл шаруашылығы министрінің
2013 жылғы 29 сәуірдегі № 15-07/202 және
Қазақстан Республикасының
Өңірлік даму министрінің
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 01-04-03/74 НҚ бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Өсімдіктер карантині бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы
тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері
1. Өсімдіктер карантині бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдер) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 7-бабы 1-тармағының 30) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабы 4-тармағына және 15-бабы 1-тармағына сәйкес өсімдіктер карантині саласындағы тексерілетін субъектілерді тәуекелдер дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.
2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тәуекел – карантинді объектілердің ену, орнығу немесе таралу ықтималдығы;
2) тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi – тексерiлетiн субъектiнiң тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, тексерiлетiн субъектiлердi әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы;
3) өсімдіктер карантині саласындағы тексерілетін субъектілер – карантинге жатқызылған өнімді өндірумен, дайындаумен, қайта өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
3. Тәуекелдер дәрежелері бойынша тексерілетін субъектілерге жатқызу бастапқы бөлу кезінде – объективті өлшемдердің негізінде және кейінгі бөлу кезінде – субъективті өлшемдер негізінде жүзеге асырылады.
4. Карантинге жатқызылған өнімдерді өндіру, дайындау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызметпен байланысты карантинді объектілердің ену және таралу қатеріне байланысты тәуекел дәрежелері бойынша тексерілетін субъектілерді (объектілерді) бастапқы бөлу:
1) «Карантинге жатқызылған өнім тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1170 қаулысына (бұдан әрі – қаулы) сәйкес фитосанитариялық тәуекелі жоғары өнімге жатқызылған өнімді өндірумен, дайындаумен, қайта өңдеумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын өсімдіктер карантині саласындағы тексерілетін субъектілер (объектілер) тәуекелі жоғары дәрежеге жатады;
2) қаулыға сәйкес фитосанитариялық тәуекелі төмен өнімге жатқызылған өнімді өндірумен, дайындаумен, қайта өңдеумен, сақтаумен, және өткізумен айналысатын өсімдіктер карантині саласындағы тексерілетін субъектілер тәуекелі орташа дәрежеге жатады;
3) жоспарлы тексерулердің нәтижелері бойынша анықталған өсімдіктер карантині саласындағы тексерілетін субъектілер тәуекелі болмашы дәрежеге жатады.
5. Тексерілетін субъектілерді тәуекелдер топтары бойынша кейінгі бөлу тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне сәйкес жүргізілген тексерулердің қорытындылары бойынша есептелген тексерілетін субъектілердің алған балдарының сомасына байланысты белгіленеді.
6. Анықталған талаптарға байланысты өсімдіктер карантині саласындағы тексерілетін субъектілерге (объектілерге) мынадай балдар беріледі:
1) қоймалық жайларға (жылына кемінде 1 рет) профилактикалық залалсыздандырудың жүргізілмеуі – 15 балл;
2) қоймалық, технологиялық жайларда және карантинге жатқызылған өнімді өндіру (дайындау) объектісі аумағында карантинді объектілердің болуы – 15 балл;
3) өндірістік жерлер мен орман және жер алқаптарының карантинді объектілер ошағының таралуы – 15 балл.
4) егiстiктi, аумақты, карантинге жатқызылған өнiм сақталатын қоймаларды жүйелi тексеруді жүргізуді растайтын құжаттардың болмауы – 10 балл;
5) тұқымдық және отырғызылатын материалдардың егістікке, Қазақстан Республикасының фитосанитариялық талаптарына сәйкес болмауы – 15 балл;
6) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкілетті органға карантинді объектілердің анықталғаны туралы бір жұмыс күні ішінде хабарламау - 10 балл;
7) Қазақстан Республикасының карантинді аймағынан карантинге жатқызылған өнімді әкету кезінде рұқсат ету құжаттарының (фитосанитариялық және карантиндік сертификаттар) жоқтығы – 4 балл;
8) қолданыстағы карантинге жатқызылған өнімді тексеруге/тексеріп қарауға (қажет болған жағдайда зертханалық сараптама жүргізуге сынама ала отырып) ұсынбау – 3 балл.
7. Тиісті тәуекел дәрежелері бойынша тексерілетін субъектілерді бөлу үшін пайдаланылатын нәтижелер жалпы қортындыны анықтау үшін тәуекелдер өлшемдері бойынша балдар қосылады, ол мынадай тәртіпте пайдаланылады:
1) жоғары тәуекел тобына тексерулер нәтижесінде 15 және одан жоғары балл жинаған – тексерілетін субъектілер жатқызылады;
2) орташа тәуекел тобына тексерулер нәтижесінде 10 және 14 балға дейін жинаған тексерілетін субъектілер жатқызылады;
3) болмашы тәуекел тобына тексерулер нәтижесінде 0-ден 9 балға дейін жинаған тексерілетін субъектілер жатқызылады;
4) жоғары тәуекел дәрежесіне жататын тексерілетін субъектілер тексеріс нәтижелері бойынша орташа және болмашы тәуекел дәрежесіне ауыстырылуы мүмкін;
5) орташа тәуекел дәрежесіне жататын тексерілетін субъектілер тексеріс нәтижелері бойынша жоғары және болмашы тәуекел дәрежесіне ауыстырылуы мүмкін;
6) болмашы тәуекел дәрежесіне жататын тексерілетін субъектілер тексеріс нәтижелері бойынша жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне ауыстырылуы мүмкін.
8. Тексерілетін субъектілерге бір тәуекел тобы ішінде жоспарлы тексеру өткізу үшін таңдау мынадай қағидат бойынша жүзеге асырылады:
1) анағұрлым үлкен тексерілмеген кезең;
2) жинаған балдарының анағұрлым үлкен саны.
9. Осы Өлшемдер Заңның 12-бабы 3-тармағының 2), 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.