Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізілетін мәліметтердің тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 365 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 тамызда № 11880 болып тіркелді. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 25 тамыздағы № 1302 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 25.08.2018 № 1302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 9-1-бабы 16-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізілетін мәліметтердің тiзбесi бекiтілсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның заңмен белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Имашев


  Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2015 жылғы 30 маусымдағы
№ 365 бұйрығымен бекітілген

Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың
мемлекеттік тізіліміне енгізілетін мәліметтердің тiзбесi

Келіп түскен күні

Тіркелген күні

Автордың немесе авторлардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Құқық-иеленуші

Мекен-жайы

Туындының атауы

Бланктің №

Шығыс құжаттың №

1

2

3

4

5

6

7

8

9











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады