Кепілдік міндеттемелерді (түпкілікті пайдаланушылар сертификаттарын) ресімдеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 632 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 тамызда № 11907 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 309 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.04.2023 № 309 (01.10.2023 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс) бұйрығымен.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1 тармағының 4-тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.07.2020 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Кепілдік міндеттемелерді (түпкілікті пайдаланушылар сертификаттарын) ресімдеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 14 шілде



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 632 бұйрығымен
бекітілген

Кепілдік міндеттемелерді (түпкілікті пайдаланушылар сертификаттарын) ресімдеу қағидаларын бекіту туралы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кепілдік міндеттемелерді (түпкілікті пайдаланушылар сертификаттарын) ресімдеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және кепілдік міндеттемелерін ресімдеу тәртібін айқындайды (түпкілікті пайдаланушылар сертификаттарын).

      2. "Кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификаты) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Кепілдік міндеттеме (түпкілікті пайдаланушының сертификаты) егер экспорттаушының талаптарына сәйкес тұтынушының Қазақстан Республикасына импортталған өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану жөніндегі міндеттемелерін ұсыну қажет болған жағдайда беріледі.

      4. Кепілдік міндеттеме (түпкілікті пайдаланушының сертификаты) сыртқы сауда шартына (келісімшартына) енгізілген өнімнің саны мен номенклатурасына қарамастан бір мәмілеге ресімделеді.

      5. Кепілдік міндеттемеге өзгерістер енгізуге жол берілмейді (түпкілікті пайдаланушының сертификаты).

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

      6. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамалары, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетиілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Құжаттарды қараудың және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін берудің жалпы мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері портал арқылы келіп түскен құжаттарды оларды қабылдаған күні қабылдайды және тіркейді және орындаушыны тағайындайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген болса, өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және егер ұсынылған құжаттардың толық емес екендігі анықталған жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындайды, ол көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанына порталдағы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде жіберіледі.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті берушіні тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексерген сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді, 1 (бір) жұмыс күнінің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) ресімдейді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын қызмет алушының өтініште көрсетілген электрондык поштасына жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Егер сыртқы сауда келісімінің (келісімшартының) шарттары өзгертілсе, кепілдемеде (түпкілікті пайдаланушының сертификаты) көрініс тапса, онда бұл кепілдік жаңартылуы керек.

      Құжаттарды қайта ресімдеу тәртібі кепілдік міндеттемесін беру тәртібіне (түпкілікті пайдаланушының сертификаты) ұқсас жүргізіледі.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      14. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Кепілдік міндеттемелерді
(түпкілікті пайдаланушылар
сертификаттарын) ресімдеу
қағидаларына
1-қосымша

"Кепілдік міндеттемесін беру (түпкілікті пайдаланушының сертификаты)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну әдістері

www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал).

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі

Кепілдік міндеттемесі (түпкілікті пайдаланушының сертификаты), немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу әдістері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушілер - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін - дүйсенбіден жұмаға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін өтініш берген кезде, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері өтініштер келесі жұмыс күні қабылданады).

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы "Кепілдік міндеттемесін (түпкілікті пайдаланушының сертификаты) беру" (бұдан әрі - Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған өтініш;
2) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының және түпкілікті пайдаланушының ЭЦҚ-мен куәландырылған импорттаушының (түпкілікті пайдаланушының) кепілдік міндеттемесінің электрондық көшірмесі;
3) сатып алу-сатудың сыртқы сауда шартының электрондық көшірмесі (келісімшарты) немесе өнімдердің сипаттамасын көздейтін мәміле қатысушылары арасында өзге де иеліктен шығару құжаты;
4) сату-сатып алу шартының (келісімшартының) электрондық көшірмесі немесе егер делдал көрсетілетін қызметті алушы ретінде әрекет етсе, алушы импорттаушы мен түпкілікті пайдаланушы арасында өзге де иеліктен шығару құжаты.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) өтініш беруші кепілдік міндеттемесін (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) онда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) кепілдік міндеттемесін (түпкілікті пайдаланушының сертификаты) беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) өтініш берушіге қатысты кепілдік міндеттемесін (түпкілікті пайдаланушының сертификаты) алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
4) өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып табылады, оның негізінде өтініш беруші кепілдік міндеттемесін (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызмсетті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды түрде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайы мыналарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсы - www.gov.kz/memleket/entities/miid, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы - www.gov.kz/memleket/entities/comprom, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде;
3) www.egov.kz порталында.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірі: 1414, 8-800-080-7777.

  "Кепілдік міндеттемені
(түпкілікті пайдаланушының
сертификатын) беру мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
  1-қосымша

_______________________________________________________________
(толық көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
жеке тұлғаның, жеке сәйкестендіру нөмірі, дара кәсіпкер ретінде ретінде өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу куәлігінің № – дара кәсіпкер үшін; заңды тұлғаның толық атауы, өтініш берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі, өтініш беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу куәлігінің немесе анықтаманың № – заңды тұлға үшін )
Мекенжайы ____________________________________________________
пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі, телефоны)
Кепілдік міндеттемені алуға өтініш (түпкілікті пайдаланушының сертификатын)
Кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификаты) беруіңізді сұраймын.
Қоса беріледі _ _ _ _ _ _ _ парақ.
Осымен:
көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады;
көрсетілетін қызмет алушыға қатысты, қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы сот шешімі (үкімі) заңды күшіне енген жоқ;
барлық қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады.
Өтініш беруші __________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтыру мерзімі 20 __ жылғы "___" _________

  "Кепілдік міндеттемені
(түпкілікті пайдаланушының
сертификатын) беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
  нысаны

Импорттаушының (түпкілікті пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі

1. Импорттаушы (елі, мекенжайы және телефоны) БСН (ЖСН)

2. Түпкілікті пайдаланушы (елі, мекенжайы және телефоны) БСН (ЖСН)

3. Экспорттаушы (елі және мекенжайы)

4. Өнімді орнату және (немесе) пайдалану орны

5. Өнімді орнату және (немесе) пайдалану орны

6. Өнімнің атауы және сипаттамасы

7. Бірыңғай тауар номенклатурасының он таңбалы коды
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі

8. Бақылау парақтарына арналған код

9. Сыртқы сауда келісімінің (келісімшартының) немесе өзге де иеліктен шығару құжатының нөмірі, күні

10. Өлшем бірлігі

11. Саны

12. Импорттаушы (түпкілікті пайдаланушы) 6-тармақта көрсетілген өнімді Қазақстан Республикасына импорттауға міндеттенеді. Импорттаушы (түпкілікті пайдаланушы) 6-тармақта көрсетілген өнімді 5-тармақта көрсетілген мақсаттарда пайдалануға, оны Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа заңды немесе жеке тұлғаға бермеуге және оны Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз және экспорттаушы елдің экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті органының келісімінсыз қайта экспорттамауға міндеттенеді.

13. Импорттаушы
Аты-жөні (болған жағдайда)
Лауазымы
күні

14. Түпкілікті пайдаланушы
Аты-жөні (болған жағдайда)
Лауазымы
күні

Импорттаушының кепілдік міндеттемесіне қосымша (түпкілікті пайдаланушы)

P/с №

Өнімнің атауы және сипаттамасы

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының он таңбалы коды

Бақылау тізімінің коды

Саны

Өлшем бірлігі

1

2

3

4

5

6

1.






2






3.






4.






5.






Барлығы парақ
№ парақ

Импорттаушы
Аты-жөні (болған жағдайда)
Лауазымы
күні

Түпкілікті пайдаланушы
Аты-жөні (болған жағдайда)
Лауазымы
күні

  Кепілдік міндеттемелерді
(түпкілікті пайдаланушылар
сертификаттарын) ресімдеу
қағидаларына 2-қосымша
  нысаны

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті



Комитет индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан




Нұр-Сұлтан қ.


Нұр-Сұлтан қ.




Нөмір: [Құжат нөмірі]


Берілген күні:
[Шығарылған күні] жылы






[Ұйымның атауы, заңды мекенжайы, БСН / ЖСН]







Дәлелді бас тарту


Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті Сіздің жылдың [Күнінен] бастап № [Кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды.
[Бас тарту негіздемесі]




[Қол қоюшының лауазымы]


[Қол қоюшының аты-жөні (болған жағдайда)]

  Кепілдік міндеттемелерді
(түпкілікті пайдаланушылар
сертификаттарын) ресімдеу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысаны

Кепілдік міндеттемесі (түпкілікті пайдаланушының сертификаты)

№ СЕРТИФИКАТ

1. Импорттаушы (елі, мекенжайы және телефоны) БСН (ЖСН)

2. Түпкілікті пайдаланушы (елі, мекенжайы және телефоны) БСН (ЖСН)

3. Экспорттаушы (ел, мекен-жайы)

4. Өнімнің атауы және сипаттамасы

5. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының он таңбалы коды

6. Өлшем бірлігі

7. Саны

8. Бақылау парақтарына арналған код

9. Сыртқы сауда шартының (келісімшартының) немесе өзге де иеліктен шығару құжатының нөмірі, күні

10. Осымен 4-тармақта көрсетілген өнімдер тек елдің қажеттіліктері үшін пайдаланылатындығы және экспорттаушы елдің уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз кері экспортталмайтын және тасымалданбайтындығы расталады.
Бұл құжат экспорттаушы елдің уәкілетті мемлекеттік органына қол қойылған күннен бастап алты ай ішінде ұсынылуы тиіс.

11. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті органы
Аты-жөні. (болған жағдайда)
Лауазымы
күні

Кепілдік міндеттемесіне қосымша (түпкілікті пайдаланушының сертификаты)

P/ с №

Өнімнің атауы және сипаттамасы

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының он таңбалы коды

Бақылау тізімінің коды

Саны

Өлшем бірлігі

1

2

3

4

5

6

1






2






3.






4.






5






Барлығы парақ
Парақтың №

Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті органы Аты-жөні (болған жағдайда)
күні




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады