"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 78 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 467 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 тамызда № 11950 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы № 25 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 12.01.2017 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңның 9-1-бабы 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы "Әділет органдары туралы" Заңның 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 78 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік Реестрінде № 10342 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 6 наурызында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Регламентінде:

       82-тармақты келесі редакцияда жазылсын:

      "82. № 840 Қағидалардың 19-1-тармағының талаптарына сәйкес Министрліктің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмыстарының жоспарында белгіленген, оларды Министрлікке ұсыну мерзіміне дейін 1 ай бұрын Заңнама департаментіне және облыстардың Астана мен Алматы қалаларының әділет департаменттеріне келісуге жіберіледі".

      2. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі

Министр

Б. Имашев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады