"Қазақстан Репсубликасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2015 жылғы 24 шілдедегі № 632 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 қыркүйекте № 12004 болып тіркелді

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары және аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті туралы ережеде:
      Қомитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
      1101819-тармақтар алып тасталсын;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Көкшетау қаласы).»;
      212223242526272829-тармақтар алып тасталсын;
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Ақтау қаласы).»;
      31-тармақ алып тасталсын;
      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Петропавл қаласы).»;
      33-тармақ алып тасталсын.
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 150010, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Ғ. Мүсірепов көшесі, № 32 үй».
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрінің
      міндетін атқарушы
      полиция генерал-майоры                Р. Жақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады