Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 515 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 қыркүйекте № 12012 болып тіркелді.

      "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ең төменгі әлеуметтік стандарты бекітілсін.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А.Жонтаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Сәрінжіпов


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 6 тамыздағы
№ 515 бұйрығымен бекітілген

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің" ең
төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.

      2. Қолданыстағы ең төмен әлеуметтік стандарт негізделген Қазақстан Республикасы заңдарының тізбесі:

      1) "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

      2) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

      3) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

      4) "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:

      1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру саласындағы әлеуметтік құқықтар мен әлеуметтік кепілдіктерді іске асыру;

      2) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт жүйесінде мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт жүйесі қағидаттарын белгілеу.

      4. "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің" ең төмен әлеуметтік стандартының нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшаға сәйкес көрсетілген.

  "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің" ең төмен әлеуметтік стандартына
қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 13.07.2021 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Норманың/ нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтік құқықтық акт

Норма/норматив бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалар санаты

Норма/норматив көлемі

1

мемлекеттік білім беру ұйымдары желісінің нормативі

"Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативтін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулысы

ауылдық елді мекендегі балалар

мектеп жасындағы балалардың саны 5 және одан артық болғанда бастауыш мектептің;
41 және одан артық оқушы болғанда негізгі мектептің;
81 және одан артық оқушы болғанда орта мектептің жұмыс істеуіне кепілдік беріледі

2

Орта, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары

"Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7574 болып тіркелген)

оқушылар

сынып-жиынтыққа және әрбір білім алушыға, сынып-жиынтыққа және даму мүмкіндігі шектеулі балалардың кемшіліктері ескеріліп жеке жабдық

3

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларды орта білім беру ұйымдарында тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету нормалары

"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысы;
"Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысы

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балалар; өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер

тамақтану объектісінің меншік нысанына қарамастан, мектепте бір рет тамақтандыру нормасы

4

Ауылдық мектептердің оқушыларын тасымалдау нормалары

"Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20478 болып тіркелген).

Бастауыш мектептер, негізгі мектептер, орта мектептер жоқ ауылдық елді мекендердегі оқушылар

Метептер елді мекеннен 3 км артық қашықтықта орналасқан жағдайда және елді мекендер арасында табиғи бөгет болған жағдайда (өзендер, көлдер)

5

Орта білім беру ұйымдарын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету нормалары

"Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7876 болып тіркелген);
"Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 болып тіркелген).

оқушылар

Білім деңгейлері және оқитын сыныбына сәйкес бір оқушыға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер жиынтығы

6

Мүмкіндіктері шектеулі балалардыәлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау нормалары

"Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14995 болып тіркелген).

Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы

7

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға сауықтыру демалысын беру нормалары

"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысы

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балалар

қаладан тыс және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама

8

Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы жалпы орта білім беру ұйымына бара алмайтын білім алушыларды үйде немесе стационарлық көмек, қалпына келтіру емін және медициналық оңалтуды көрсететін ұйымдарда жеке-дара тегін оқыту нормалары

"Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11310 тіркелген)

бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алушы тұлғалар

дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы

9

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар нормалары

"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 тіркелген).

Білім алушылар

білім беру объектілеріне қойылатын талаптар, сыныптардың толымдылық нормалары және оқыту мен тәрбиелеу жағдайлары.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады