БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 515 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12012 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ең төмен әлеуметтік стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 31 наурыздағы № 60 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 515 бұйрығымен бекітілген |
"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің" ең төмен әлеуметтік стандарты
1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі.
2. Қолданыстағы ең төмен әлеуметтік стандарт негізделген Қазақстан Республикасы заңдарының тізбесі:
1) "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
3) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
4) "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:
1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру саласындағы әлеуметтік құқықтар мен әлеуметтік кепілдіктерді іске асыру;
2) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері жүйесінде мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері жүйесінде қағидаттарды белгілеу.
4. "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің" ең төмен әлеуметтік стандартының нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшаға сәйкес көрсетілген.
"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің" ең төмен әлеуметтік стандартына қосымша |
№ | Норма/нормативтің атауы | Норманы/нормативті реттейтін нормативтік құқықтық акт | Норма/норматив бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалар санаты | Норма/норматив көлемі |
1. | мемлекеттік білім беру ұйымдары желісінің нормативі | "Халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 185 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27968 болып тіркелген) | ауылдық елді мекендегі балалар |
мектеп жасындағы балалардың саны 5 және одан артық болғанда бастауыш мектептің; |
2. | орта, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары |
"Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7574 болып тіркелген); | оқушылар | сынып-жиынтыққа және әрбір білім алушыға, сынып-жиынтыққа арнайы жабдық және даму мүмкіндігі шектеулі балалардың кемшіліктері ескеріліп жеке жабдық |
3. |
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайлардың салдарынан |
"Білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысы; | мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балалар; өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер | тамақтану объектісінің меншік нысанына қарамастан, мектепте бір рет тамақтандыру нормасы |
4. | ауылдық мектептердің оқушыларын тасымалдау нормалары |
"Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" | бастауыш мектептер, негізгі мектептер, орта мектептер жоқ ауылдық елді мекендердегі оқушылар | мектептер елді мекеннен 3 километрден артық қашықтықта орналасқан жағдайда және елді мекендер арасында табиғи бөгет (өзендер, көлдер) болған жағдайда |
5. | орта білім беру ұйымдарын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету нормалары |
"Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7876 болып тіркелген); | оқушылар | білім деңгейлері және оқитын сыныбына сәйкес бір оқушыға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер жиынтығы |
6. | мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау нормалары | "Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) | даму мүмкіндіктері шектеулі балалар | Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы |
7. | мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға сауықтыру демалысын беру нормалары | "Білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысы | мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балалар | қаладан тыс және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама |
8. | денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы жалпы орта білім беру ұйымына бара алмайтын білім алушыларды үйде немесе стационарлық көмек, қалпына келтіру емін және медициналық оңалтуды көрсететін ұйымдарда жеке-дара тегін оқыту нормалары | "Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № ҚР ДСМ-34 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27505 болып тіркелген) | бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алушы тұлғалар | дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы |
9. | санитариялық-эпидемиологиялық талаптар нормалары | "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) | мектеп оқушылары | білім беру объектілеріне қойылатын талаптар, сыныптардың толымдылық нормалары және оқыту мен тәрбиелеу жағдайлары |