Астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында олар сатып алатын мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын ішінара өтеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 4-1/549 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 қыркүйекте № 12015 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 4-6/1112 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2020 № 4-6/1112 (Осы бұйрық 2016 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 32-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында олар сатып алатын мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын ішінара өтеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов


      2015 жылғы 23 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев


      2015 жылғы 4 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 19 маусымдағы
№ 4-1/549 бұйрығымен
бекітілген

Астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында
олар сатып алатын мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік
тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын ішінара өтеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында олар сатып алатын мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын ішінара өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) астық өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында олар сатып алатын мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын ішінара өтеуге арналған тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетінде көзделген қаражат есебінен және шегінде астық өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында олар сатып алатын мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын ішінара өтеу тәртібін айқындайды.

      2. Астық өңдеу ұйымдарына олар сатып алатын мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығының құнын ішінара өтеуге арналған қаражат (бұдан әрі - ішінара өтеуге арналған қаражат) ұн мен нанның бағаларын тұрақтандыруға арналады.

      3. Ішінара өтеуге арналған қаражат облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы тендерлік негізде айқындаған астық өңдеу ұйымдарына төленеді.

      Астық өңдеу ұйымдарының өткізілетін астықты мақсатты пайдалану жөнінде міндеттемелер қабылдауы ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығын сату үшін астық өңдеу ұйымдарын айқындау жөніндегі тендерге қатысуға жіберудің міндетті шарты болып табылуға тиіс.

      4. Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент (бұдан әрі - агент) астық өңдеу ұйымдарымен алдын ала жүз пайыз төлем жасау шартымен "Агент пен астықты қайта өңдеу ұйымы арасындағы ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан астық жеткізу шартының үлгі нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 197 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6191 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша шарттар жасасады.

      5. Агент астық өңдеу ұйымдарына мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарының астығына алдын ала жүз пайыз төлем жасау бойынша міндеттемелерін тиісінше орындағаннан кейін оларға мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарының астығын жеткізуді жүзеге асырады.

      6. Мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығының өткізу құнына сатып алу бағасы, астықты сақтау жөніндегі шығыстар, агенттің комиссиялық сыйақысы кіреді.

      7. Ішінара өтеуге арналған қаражат мөлшері 1 тонна астықтың нарықтық бағасы мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қолжетімді баға бойынша ұн және нан өндіруді қамтамасыз ететін 1 тонна астық бағасы арасындағы айырмашылыққа сүйене отырып айқындалады.

2. Ішінара өтеуге арналған қаражатты төлеу тәртібі

      8. Ішінара өтеуге арналған қаражатты алу үшін астық өңдеу ұйымдары ай сайын, 10-күнге дейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың Ауыл шаруашылығы басқармасына:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алынған мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын ішінара өтеуге қаражат алуға арналған өтінімді (бұдан әрі - өтінім);

      2) агенттің астық өңдеу ұйымдарына астықты жеткізу актілерінің көшірмелерін, кассалық кіріс ордерлерін, банктің төлем тапсырмаларын;

      3) мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарынан астық жеткізуге агентпен жасалған шарттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

      9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың Ауыл шаруашылығы басқармасы:

      1) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың келіп түсуіне қарай, ұсынылған құжаттарды келіп түскен сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде тексереді;

      2) астық өңдеу ұйымынан осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес тізімі қоса берілген өтінім келіп түскен жағдайда, өтінімді үш жұмыс күні ішінде қайта пысықтауға қайтарады;

      3) онкүндік сайын, астық өңдеу ұйымдарына мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығының нақты өткізілген көлемі бойынша жиынтық актіні осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды және бекітеді;

      4) астық өңдеу ұйымдарына мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығының нақты өтікізілген көлемі жөніндегі бекітілген жиынтық акт бойынша оларда көрсетілген ішінара өтеуге арналған қаражаттың осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес белгіленген көлемі мен мөлшері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін анықтайды;

      5) әрбір астық өңдеу ұйымы үшін мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарының астығын өткізудің нақты белгіленген көлемінің шегінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарынан ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алынған астықтың құнын ішінара өтеуге қаражат төлеуге арналған жиынтық ведомость жасайды;

      6) астық өңдеу ұйымдары осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса тиісті өтінімді берген сәттен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, астық өңдеу ұйымдарына ішінара өтеуге арналған қаражат төлеуді қамтамасыз етеді.

      10. Астық өңдеу ұйымдарының банктік шоттарына тиесілі ішінара өтеуге арналған бюджет қаражатын аударуды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың Ауыл шаруашылығы басқармасы бюджеттік бағдарлама төлемдері бойынша дербес қаржыландыру жоспарларына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге берілетін шоттардың тізілімін 2 данада және төлеуге берілетін шоттарды ұсыну жолымен жүзеге асырады.

      11. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың Ауыл шаруашылығы басқармасы есептік айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей және тиісті жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдігіне төленген ішінара өтеуге арналған қаражаттың көлемі туралы ақпаратты ұсынады.

      12. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың Ауыл шаруашылығы басқармасы астық өңдеу ұйымдарының мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығының мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ астық өңдеу ұйымдарының мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарының астығынан өндірілген ұн бағасының шекті деңгейін сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді.

  Астықты қайта өңдеу ұйымдары
ішкі нарықты реттеу мақсатында
сатып алатын мемлекеттік өткізілетін
және мемлекеттік тұрақтандыру астық
ресурстары астығының құнын оларға
ішінара өтеу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алынған мемлекеттік
өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары
астығының құнын ішінара өтеуге қаражат алуға арналған
өтінім

      1. __________________________________________________________________

      (құрылтай құжаты)

      негізінде әрекет ететін _____________________________________________

      (астық өңдеу ұйымы)

      атынан бірінші басшы ________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда),

      лауазымы)

      осымен мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру

      ресурстарынан _________ тонна көлемде сатып алынған астықтың құнын

      ішінара өтеуге қаражат бөлуді сұрайды.

      2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы:

      ___________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      3. Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      шот-фактураның, төлем құжаттарының көшірмесі;

      нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың бар-жоғы туралы банк анықтамасы.

      Құқықтық мекенжайы және банктік деректемелері:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), қолы, мөрі (бар

      болған жағдайда))

  Астықты қайта өңдеу ұйымдары
ішкі нарықты реттеу мақсатында
сатып алатын мемлекеттік өткізілетін
және мемлекеттік тұрақтандыру астық
ресурстары астығының құнын оларға
ішінара өтеу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Бекітемін

      _________________________ Ауыл

      шаруашылығы басқармасының

      бастығы

      ______________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты

      (ол бар болған жағдайда),

      қолы, мөрі)

      20 __ жылғы "___" _________

      20 ___ жылғы "___" ____________ - 20 ___ жылғы "___" _________

      аралығындағы кезең үшін астық өңдеу ұйымдарына

      мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру

      ресурстары астығының нақты өткізілген көлемі бойынша

      жиынтық акт

Астық өңдеу ұйымының атауы

Мемлекеттік өткізілген және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарынан нақты сатып алынған астық, тонна





жыл басынан бастап

__________

кезеңі үшін

1




2




Жиыны





      __________________________________ _______________________________

      (жауапты орындаушының лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар

      болған жағдайда)

  Астықты қайта өңдеу ұйымдары
ішкі нарықты реттеу мақсатында
сатып алатын мемлекеттік өткізілетін
және мемлекеттік тұрақтандыру астық
ресурстары астығының құнын оларға
ішінара өтеу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      Бекітемін

      __________________________ Ауыл

      шаруашылығы басқармасының бастығы

      _________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болған жағдайда), қолы, мөрі)

      20 __ жылғы "___" _________

      20 ___ жылғы "___" ___________ - 20 ___ жылғы "___" _________

      аралығындағы кезең үшін мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік

      тұрақтандыру ресурстарынан ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып

      алынған астықтың құнын ішінара өтеуге қаражат

      төлеуге арналған жиынтық ведомость

Астық өңдеу ұйымының атауы

Мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарынан нақты сатып алынған астық, тонна

Жыл басынан бастап ішінара өтеуге арналған қаражаттың тиесілі сомасы, теңге

Жыл басынан бастап төленгені, теңге

Тиесілі сома қалдығы, теңге

Төлеуге жататыны, теңге





жыл басынан бастап

_______

кезеңі үшін









1








2








Жиыны









      ________________________________________ ________________________

      (жауапты орындаушысының лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты

      (ол бар болған жағдайда))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады