Агент пен астықты қайта өңдеу ұйымы арасындағы ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан астық жеткізу шартының үлгі нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 197 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 28 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6191 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 4-6/1112 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2020 № 4-6/1112 (Осы бұйрық 2016 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлiктiк қауiпсiздiгi мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген агент пен астықты қайта өңдеу ұйымы арасындағы ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан астық жеткізу шартының үлгі нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Күрішбаев


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 26 наурыздағы
№ 197 бұйрығымен бекітілген

      Үлгі нысаны

Агент пен астықты қайта өңдеу ұйымы арасындағы ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан астық жеткізу шарты

      ___________ қ. ____ жыл "___" _________

      ___________________________________, бұдан әрi "Сатушы" деп аталатын, __________________ негiзiнде әрекет ететiн, __________________ тұлғасында, бір жағынан, және _________________ бұдан әрі "Сатып алушы" деп аталатын, __________________ негiзiнде әрекет ететiн, _______________ тұлғасында, екінші жағынан, бұдан әрі бiрлесiп "Тараптар" деп аталатындар, мына төмендегі туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

1. Шарттың мәнi

      1.1. Мемлекеттiк сатылатын және/немесе мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарының астығын (бұдан әрі – жеткізілетін астық) астықты қайта өңдеу мекемелеріне мақсатты пайдалану үшін жеткізу осы шарттың мәнi болып табылады.

2. Өзара есеп-айырысудың тәртібі мен шарттары

      2.1. Жеткізілетін астықтың 1 тонна есептелген нақты салмағының бағасы ҚҚС қосқанда __________(жазба түрде) теңгені құрайды.

      2.2. Жеткізілетін астықтың көлемі ________ тоннаны құрайды, сапалық көрсеткіштері ҚР СТ (ГОСТ) _______ белгіленген норманың шегінде.

      2.3. Астықтың жалпы құны ___________(жазба түрде) теңгені құрайды.

      2.4. Жеткізілетін астыққа төлем теңгемен жүргізіледі және Сатып алушымен Шартты жасасқан кезеңнен бастап _____ (банктік) күнде Шарттың 6-бөлімінде көрсетілген Сатушының есеп-шотына жалпы құнын алдын-ала төлеу арқылы жүзеге асырылады.

      2.5. Шарт бойынша астықты сату астық қолхатында Сатып алушы пайдасына беру жазбаларын жасау арқылы жүзеге асырылады.

      Астыққа меншік құқығын Сатып алушы Сатып алушыға астық қолхаты және оның куәліктері бойынша құқығын беруді куәлік ететін астық қолхатында беру жазбаларын жасау мезгілінен бастап ие болады.

3. Тараптардың міндеттері

      3.1. Сатушы міндеттенеді:

      1) астықты Шарттың 2-бөлімінде көрсетілген көлемде және сапалық көрсеткіштерімен жеткізуге;

      2) Шарттың 2.4-тармағында көзделген тәртіппен Сатып алушымен алдын-ала төлем жүзеге асырылғаннан кейін бес жұмыс күннің ішінде астық қолхатында беру жазбаларын жасауға және жеткізілетін астыққа есеп шот фактурасын беруге;

      3) астық қабылдау кәсіпорнына қабылдаған күнінен бастап астық қолхаты бойынша құқықты Сатып алушыға берген сәтке дейінгі жеткізілетін астықты сақтау жөніндегі шығындарды төлеуге.

      3.2. Шарт бойынша Сатушының міндеттемелері астық қолхатында беру жазбалары жасалған сәттен бастап толық орындалған болып есептеледі.

      3.3. Сатып алушы міндеттенеді:

      1) Шарттың 2.4-тармағына сәйкес жеткізілетін астықтың жалпы құнын төлеуге;

      2) астық қолхатында Сатушы индоссамент жасаған күні индоссамент жасауға;

      3) астықты ___________________ облысы (республикалық маңызды қала, астана) аймағында сатылатын нан бұйымдарын өндіру мақсатында ұнға өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін пайдалануға;

      4) облыстың (республикалық маңызды қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына астықты мақсатты пайдалану туралы мәліметтерді, растайтын құжаттарды қосып, тапсыруға;

      5) Сатушымен астық қолхатында беру жазбасы жасалған кейін жеткізілетін астықты сақтау, тиеу, тасымалдаумен байланысты барлық шығындарды өтеуге.

4. Дауларды қарау тәртiбi

      4.1. Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер серіктестік келіссөздер арқылы шешіледі.

      4.2. Туындаған даулар мен келіспеушіліктер бойынша келiсiмге қол жетпесе даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен сотта қаралуға жатады.

5. Басқа да жағдайлар

      5.1. Шарт Тараптармен қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Тараптармен өздерінің міндеттерін толық орындағанша қолданылады.

      5.2. Барлық өзгертулермен толықтырулар тек қана жазбаша түрде рәсімденіп және Тараптардың уәкілетті өкілдерімен қол қойылған жағдайда жарамды болып есептеледі.

      5.3. Тараптардың әрқайсысы азаматтық заңнамамен қарастырылған жағдайларда бір бағыттық тәртіппен Шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

      5.4. Шартпен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары қолданылады.

      5.5. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілінде бірдей заң күші бар екі данада, әр Тарап үшін бір данадан құрылған.

6. Тараптардың деректемелерi мен қолдары

      Сатушы Сатып алушы

      ________________ ________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады