Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін өкілдіктердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2015 жылғы 16 шілдедегі № 11-1-2/295 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 қыркүйекте № 12026 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 11-1-4/66-1 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 23.02.2018 № 11-1-4/66-1 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 276-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін өкілдіктердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі:

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрінің
      міндетін атқарушы Р. Жошыбаев

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрінің міндетін атқарушы

      Р. Бекетаев ____________

      30 шілде 2015 жыл

  Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 16 шілдедегі
№ 11-1-2/295 бұйрығына қосымша

Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін өкілдіктердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 27.07.2016 № 11-1-2/347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2017 № 11-1-2/277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Өкілдік атауы

Өкілдікке белгіленетін шектеулер

Өкілдік персоналының мүшелері үшін белгіленетін шектеулер

1.

Армения Республикасының Елшілігі

Қосылған құн салықты (бұдан әрі - ҚҚС) қайтару қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде ғана жүргізіледі.

ҚҚС-ты қайтару жүргізілмейді.

2.

Аустрия Республикасының Елшілігі


Әкімшілік-техникалық персоналға ҚҚС-ты қайтару жүргізілмейді.

3.

Беларусь Республикасының Елшілігі


ҚҚС-ты қайтару мыналар:
дәрі-дәрмектер алудан басқа медициналық қызметтердің барлық түрлері;
сервистік-тұрмыстық қызмет көрсету (химиялық тазарту, шаштараз);
қосалқы бөлшектерден басқа, тұрмыстық және өзге де техникаларды жөндеу қызметтері;
қосалқы бөлшектерден басқа, жеке автомобильдерді жөндеу қызметі үшін жүргізілмейді.

4.

Бельгия Корольдігінің Елшілігі

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы ҚҚС-сыз 123,82 еуро.
2. ҚҚС-ты қайтару мыналар:
тамақ өнімдері;
шетел тілдері курстарына ақы төлеу;
жалға алынатын пәтерлердегі жөндеу-құрылыс жұмыстары (шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің Басшыларынан (бұдан әрі – тиісінше Өкілдік Басшысы және консулдық мекеме басшысы) басқа);
туристік агенттіктердің қызметтері;
конференциялар, семинарлар, көрмелер, жәрмеңкелер өткізу үшін алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін жүргізілмейді.

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы ҚҚС-сыз 247, 64 еуро.
2. ҚҚС-ты қайтару мыналар:
ғимарат сатып алу;
коммуналдық қызметтер (су, газ, электр қуаты, телефон, жылу);
тамақ өнімдері (сусындар, сыра, лимонад);
қонақ үйлерде, дәмханаларда, мейрамханаларда тамақтану;
қонақ үйлерде тұру бойынша көрсетілетін қызмет;
телефон қосу;
туристтік агенттіктердің қызметтері;
банк және қаржы операциялары;
жеке қолданыс заттары: асыл бұйымдар, фабрикалық темекі, аңшылық және спорт мылтықтары, өзін-өзі қорғау қарулары, телефон аппараттары, автожауапбергіштер, мотоциклдер мен оның аксессуарлары, ұшақтар, яхталар, кемелер, қайықтар, кемпингтік автокөліктер, саяхатқа арналған тіркемелер үшін жүргізілмейді.
3. ҚҚС-ты қайтару 1 дипломатқа мыналар:
спиртті ішімдіктер (22%-дан аса) - жылына 90 литр;
шарап (22%-дан төмен) - жылына 450 литр;
темекі жылына - 500 қорап үшін жүргізілмейді.
4. Жанармай үшін ҚҚС-ты қайтару төмендегідей жүргізіледі:
Өкілдіктің Басшысы үшін: бірінші автокөлік жылына - 5000 литр, екіншісіне – жылына 5000 литр;
дипломаттар үшін: бірінші автомобиль жылына - 5000 литр, екіншісі – жылына 3000 литр;
әкімшілік-техникалық персоналға қайтару жүргізілмейді.

5.

Болгария Республикасының Елшілігі

1. ҚҚС-ты қайтару тек мыналар:
қызметтік автомобильдер, мотоциклдер (жөндеусіз және қосалқы бөлшектерсіз) 1 қызметкерге 1 бірлік болған жағдайда ғана;
жиһаз;
электрқұралдары;
құрылыс материалдары мен жөндеу-құрылыс жұмыстары;
аудио, бейне, кеңсе техникасы;
күзет техникасы мен қызметтері;
телекоммуникация техникасы (құны және жөндеу);
телефон қызметтері;
коммуналдық қызметтер;
баспасөзге жазылу;
жаңадан келген дипломаттарға 20 күнге дейін қонақүй қызметтері үшін жүргізіледі.
2. ҚҚС-ты қайтару мыналар:
1 қызметтік автомобиль үшін тоқсанына 900 (750) литр бензин (дизель) үшін жүргізіледі.

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 35 АҚШ доллары.
2. ҚҚС-ты қайтару тек мыналар:
жеке автомобильдер мен мотоциклдер (жөндеусіз және қосалқы бөлшектерсіз) отбасының 1 ересек мүшесіне 1 бірлік болған жағдайда;
болудың алғашқы 12 айы кезеңіндегі жиһаз;
электр құралдары;
алғашқы орналасу кезіндегі құрылыс материалдары мен жөндеу-құрылыс жұмыстары, немесе 3 жылда 1 рет;
телекоммуникация техникасы (құны мен жөндеу);
телефон қызметтері;
коммуналдық қызметтер үшін жүргізіледі.
3. ҚҚС қайтару мыналар:
1 жеке автомобиль үшін тоқсанына 600 (450) литр бензин (дизель) үшін жүргізіледі.

6.

Бразилия Федеративтік Республикасының Елшілігі

1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек
8 – айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК).
2.Жоғарғы шегі жоқ.
3. ҚҚС-ты қайтару мыналар:
құрылыс материалдары;
үй-жайды жалдау;
персонал мүшелерінің санына тең саннан аспайтын автомобильдер;
жанар-жағар май 1 қызметтік автомобильге тоқсанына 1200 литр үшін жүргізіледі.
4.Байланыс қызметтері және электр қуаты үшін ҚҚС-ты қайтару шектеусіз жүргізіледі.

1. Төменгі шегі жоқ;
2. ҚҚС-сыз сатып алу сомасының жоғарғы шегі персоналдың 1 мүшесіне айына 500 АҚШ доллары;
3. ҚҚС қайтару:
бір отбасының 2 автомобилі үшін 3 жылда бір рет;
үй-жайды жалдау үшін;
жанар-жағар май 1 жеке меншік автомобильге тоқсанына 750 литр үшін жүргізіледі.

7.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшілігі

Бір шот-фактура бойынша төменгі шегі 8 АЕК.


8.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқармасы (бұдан әрі- БҰҰ БЖКБ)

1.Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 8 АЕК.
2.ҚҚС-ты қайтару БҰҰ БЖКБ қызметтік мақсаттарда жеке меншікке маңызды сатып алуларды жүргізетін жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

ҚҚС қайтару жүргізілмейді

9.

Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы
Германия Федеративтік Республикасының Елшілігі
 

1.Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 100 еуро.
2. ҚҚС-ты қайтару мыналар:
тамақ өнімдері;
темекі өнімдері;
қоғамдық тамақтану жүйесіндегі тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін жүргізілмейді.
3. ҚҚС қайтару мыналар:
егер бірнеше жеке, бірақ бірге табыс етілген шот-фактуралардың жалпы сомасы тоқсанына 100 еуродан асқан жағдайда, электр қуаты, газ және су;
егер, бір жеткізушіден бірнеше жеке, бірақ бірге табыс етілген шот-фактуралардың жалпы сомасы тоқсанына 100 еуродан асқан жағдайда, бензин және дизель жанармайы үшін жүргізіледі.

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 100 еуро.
2.Жоғарғы шегі - ҚҚС жалпы сомасы 1 қызметкерге жылына 1200 еуро.
3. ҚҚС-ты қайтару мыналар:
тамақ өнімдері;
темекі өнімдері;
қоғамдық тамақтандыру жүйесіндегі тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызмет үшін жүргізіледі.
4. ҚҚС қайтару мыналар:
Егер, бірнеше жеке, бірақ бірге табыс етілген шот-фактуралардың жалпы сомасы тоқсанына 100 еуродан асқан жағдайда,электр қуаты, газ және су;
Егер,бір жеткізушіден бірнеше жеке, бірақ бірге табыс етілген шот-фактуралардың жалпы сомасы тоқсанына 100 еуродан асқан жағдайда, бензин және дизель жанармайлар;
персонал мүшесіне және отбасының әр ересек мүшесіне шектеусіз екі жылда 1 рет автомобиль үшін жүргізіледі.

10.

Грек Республикасының Елшілігі

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 250 еуро (ҚҚС қоспағанда)
2. ҚҚС-ты қайтару бойынша 250 еуро болатын төменгі шегі электр қуаты және телефон/ұялы байланыс үшін шотқа қатысты емес.
3. ҚҚС қайтару сатып алынған мына тауарлар:
жиһаз, декор;
шарап, спирттік ішімдіктер;
электр тауарлары, техника;
картиналар, қыштан жасалған заттар, мүсіндер, халық өнерінің қолдан жасалған заттары, мұражайлық көшірмелер;
кеңсе жабдықтары, компьютерлер, көшіру аппараттары;
кеңсе тауарлары;
зергерлік бұйымдар, сағаттар;
күмістен жасалған заттар;
кітаптар, CD, DVD дискілер;
тазартқыш заттар;
тамақ өнімері мен ұлттық мерекелерге арналған кейтерингтер үшін жүргізіледі.
4. ҚҚС-ты қайтару көрсетілген мына қызметтер:
қонақ үйде тұруы (жаңадан келгендер үшін);
мейрамханалар;
телефон, ұялы байланыс, электр, газ;
жеке күзет;
қызметтік автомобильдергеқызмет көрсету, жөндеу;
ғимараттарды жөндеу, қайта салу;
жүк тасымалы;
автотұраққа ай сайынғы төлемақы;
Ұлттық мерекелер мен ресми сапарлар аясындағы қабылдаулар;
халықаралық көрмелерге қатысу, конференциялар ұйымдастыру үшін жүргізіледі.
5. ҚҚС-ты қайтару сатып алынған қызметтік автокөліктер үшін жүргізіледі:
олардың саны дипломатиялық өкілдік мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспайды.
6. ҚҚС қайтару мына мұқтаждар үшін сатып алынған жанармайларға:
дипломатиялық өкілдіктің қызметтік автомобиліне жанармай– 540 литр айына;
дипломатиялық өкілдіктің қызметтік үй-жайдынемесе жеке ыдыстағы жанармай бар бөлмені жылытуға арналған жанармай үшін жүргізіледі.

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 250 еуро (ҚҚС қоспағанда)
2.ҚҚС-ты қайтару бойынша 250 еуро болатын төменгі шегі электр қуаты және телефон/ұялы байланыс үшін шотқа қатысты емес.
3.ҚҚС қайтару сатып алынған мына тауарлар, киім, аяқ киім, керек-жарақтар:
жиһаз, декор;
шарап, спирттік ішімдіктер;
электр тауарлары, техника;
парфюмерия, косметика;
зергерлік бұйымдар, сағаттар;
күмістен жасалған заттар;
кітаптар, CD, DVD дискілер;
үйді тазартқыш заттар үшін жүргізіледі.
4. ҚҚС қайтару мыналар:
қонақ үйде тұруы (жаңадан келгендер үшін);
мейрамханалар қызметтері;
телефон, ұялы байланыс, электр, газ;
спорт залдар үшін;
жеке күзет үшін;
жүк тасымалы;
автотұраққа ай сайынғы төлем-ақы үшін жүргізіледі.
5. ҚҚС-ты қайтару мынадай жолмен сатып алынған автомобильдер:
дипломатиялық өкілдік басшысы сатып алған 2 бірлік көлеміндегі автомобиль;
некеде тұрған дипломат сатып алған 2 бірлік көлеміндегі автомобиль;
некеде тұрмайтын дипломат сатып алған 1 бірлік көлеміндегі автомобиль;
әкімшілік-техникалық персоналдың Қазақстанға келген келу күнінен бастап алты ай ішінде сатып алған 1 бірлік көлеміндегі автомобиль үшін жүргізіледі.
6. ҚҚС-ты қайтару мына мұқтаждар үшін сатып алынған жанармайларға қайтарылады:
Өкілдік Басшысының автомобиліне жанар май үшін – 680 литр айына;
дипломатиялық қызметкердің автомобиліне жанармай үшін - 540 литр айына;
дипломатиялық Өкілдік жеке үйді немесе пәтерді жылытуға арналып сатып алған жанармай немесе жекелеген ыдыстағы жанар-жағар майы бар бөлме үшін.

11.

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы

Бір шот-фактура бойынша төменгі шек 8 АЕК.

ҚҚС-ты қайтару жүргізілмейді

12.

Жапония Елшілігі

ҚҚС-ты қайтару мына бензин үшін жүргізіледі:
қызметтік автомобильдерге - 1 автомобильге тоқсанына 1200 литр.

ҚҚС-ты қайтару мына бензин үшін жүргізіледі:
Өкілдік басшысына – 1 автомобильге тоқсанына 1800 литр;
жеке автомобильдерге - 1 автомобильге тоқсанына 1200 литр.

13.

Израиль Мемлекетінің Елшілігі

ҚҚС-ты қайтару мыналар:
тамақ өнімдері;
әуебилеттер;
медициналық шығыстар;
сақтандыру;
білім беру қызметтері;
жанармай;
пошта қызметтері үшін жүргізілмейді.

1. ҚҚС-ты қайтару жалпы сомасының жоғарғы шегі 1 дипломаттық қызметкерге тоқсанына 125 АҚШ доллары.
2. ҚҚС-ты қайтару мыналар:
тамақ өнімдері;
әуебилеттер;
медициналық шығыстар;
сақтандыру;
білім беру қызметтері;
жанармай;
пошта қызметтері үшін жүргізілмейді.
3. Әкімшілік-техникалық персоналға акредиттелген күнінен бастап бірінші 6 айға 250 АҚШ доллары көлемінде ҚҚС-ты қайтару жүргізіледі.

14.

Индонезия Республикасының Елшілігі

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 50 АҚШ доллары (ҚҚС-ты қоса алғанда)
2. 50 АҚШ доллары болатын төменгі шек электр қуаты, телефон/ұялы байланыс үшін шотқа қатысты емес.
3. ҚҚС-ты қайтару мыналар үшін жүргізіледі:
Елшілік ғимаратын (тұрғын-жайын) және жер учаскелерін жалға алу;
сатып алынған ғимараттар (тұрғын-жайлар), жылжымалы мүлік, соның ішінде жер учаскелеріне меншік құқығы;
коммуналдық қызметтер (электрқуаты, сумен жабдықтау, телекоммуникация, ұялы байланыс, интернет және кабельдік теледидар);
ғимараттар мен тұрғын-жайлардың құрылысы бойынша көрсетілетін қызметтер;
мердігердің қызметтері;
жобалау бойынша қызметтері;
қадағалау бойынша көрсетілетін қызметтер;
ғимарат пен тұрғын-жайларға техникалық қызмет көрсету (лифт, эскалатор, автоматтық есік);
консультациялық қызметтер;
Интернет, кабельдік теледидар желісін орнату;
сату;
жанармай (бензин, дизель, мұнай);
алынған (сатып алынған) көлік құралы (автомобиль, мотоцикл);
автокөлік құралдарын жөндеу мен оларға қызмет көрсету;
қосалқы бөлшектерді, жаңа автошиналарды, автокөлік құралдарына қосымша құралдарды сатып алу;
банк қызметтері (жинақ шоттары, депозиттер, валютаны айырбастау);
жарнама қызметтері (жұмыс туралы хабарландыру, кітаптарды, брошюраларды, парақшаларды, баннерлерді, плакаттарды басып шығару);
қонақүйлер (4,5-жұлдызды) мен мейрамханалар көрсететін қызметтер;
мейрамханаларда, отельдерде (4,5-жұлдызды) банкеттерді өткізу қызметтері;
мейрамханаларда, отельдерде (4,5-жұлдызды) ұлттық мейрамдарға арналған ресми қабылдаулар банкеттерін өткізу қызметтері;
халықаралық және жергілікті ұшулар бойынша әуебилеттерін сатып алу;
әуежай терминалын қолданғаны үшін көрсетілетін қызметтер;
оққағаларлар көрсететін қызметтер;
кеңсе жабдықтары;
тамақ өнімдері (ет, көкөніс, жемістер, консервіленген өнімдер, өсімдік майы, күріш, қант, кофе, шай);
ресми костюмдер/галстуктар;
туфли/сандалийлер;
спирттік ішімдіктер (виски, шарап, сыра);
шылымдар мен сигаралар;
электр-тұрмыстық техника және жабдықтар (теледидар, компьютер, сканер, принтер, фотокөшірме машинасы, факс, тасымалдауыш компьютер, цифрлік камера, бейнекамера, GPS навигатор, Ipod, ұялы телефон, кір жуу машинасы, USB жинақтауыштар/сыртқы қатты дискілер, үй кинотеатры, шаңсорғыш, микротолқынды пеш, блендер, шырын сыққыш, тоңазытқыш, мұздатқыш камерасы және осыған ұқсас жабдық, электр пеші, кондиционер, фен, электр үтігі, сужылытқыш, кофе-машинасы, бейнеойындар, PS, PSP, GameBoy, Nintendo, электрондық музыкалық аспаптар, аудио жүйе, үстіңгі проектор, спорттық жабдық (жүгіру жолы), металіздеуіш, телефон және аспаптары, бейнебақылау жүйесі, дабылбергіш, қоңырау, қауіпсіздік жабдығы мен құралдары, калькулятор және соған ұқсас жабдық, келудің электр машинасы, Hi-Fi стерео, радио-магнитофон);
кеңсе жиһазы (үстелдер мен орындықтар, асхана гарнитуры, диван және кресло, кереует, шамдар, шкафтар);
сәндік бұйымдар;
асхана құралдары мен пышақ бұйымдарының жинағы;
паластар мен кілемдер;
шығармашылық және сурет өнері заттары;
тазарту заттары;
су сүзгіш;
кеңсе тауарлары (қағаз, қаламдар, қарындашар, түзеткіш, степлер, папкалар);
кітаптар, журналдар, газеттер, күнделіктер, таблоидтар;
сейфтер.

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 50 АҚШ доллары (ҚҚС-ты қоса алғанда)
2. 50 АҚШ доллары болатын төменгі шек электр қуаты, телефон/ұялы байланыс үшін шотқа қатысты емес.
3. ҚҚС-ты қайтару мыналар үшін жүргізіледі:
Елшілік ғимараты мен тұрғын-жайын (Елшінің және дипломаттардың резиденциясын) және жер учаскелерін жалға алу;
сатып алынған ғимараттар (тұрғын-жайлар), жылжымалы мүлік, соның ішінде жер учаскелеріне меншік құқығы;
коммуналдық қызметтер (электр қуаты, сумен жабдықтау, телекоммуникация, ұялы байланыс, интернет және кабельдік теледидар);
ғимараттар мен тұрғын-жайлардың құрылысы бойынша көрсетілетін қызметтер;
мердігердің қызметтері;
жобалау бойынша қызметтері;
қадағалау бойынша көрсетілетін қызметтер;
ғимарат пен тұрғын-жайларға техникалық қызмет көрсету (лифт, эскалатор, автоматтық есік);
консультациялық қызметтер;
Интернет, кабельдік теледидар желісін орнату;
сату;
жанармай (бензин, дизель, мұнай);
алынған (сатып алынған) көлік құралы (автомобиль, мотоцикл);
автокөлік құралдарын жөндеу мен оларға қызмет көрсету;
қосалқы бөлшектерді, жаңа автошиналарды, автокөлік құралдарына қосымша құралдарды сатып алу;
банк қызметтері (жинақ шоттары, депозиттер, валютаны айырбастау);
жарнама қызметтері (жұмыс туралы хабарландыру, кітаптарды, брошюраларды, парақшаларды, баннерлерді, плакаттарды басып шығару);
қонақүйлер (4,5-жұлдызды) мен мейрамханалар көрсететін қызметтер;
мейрамханаларда, отельдерде (4,5-жұлдызды) банкеттерді өткізу қызметтері;
мейрамханаларда, отельдерде (4,5-жұлдызды) ұлттық мейрамдарға арналған ресми қабылдаулар банкеттерін өткізу қызметтері;
халықаралық және жергілікті ұшулар бойынша әуебилеттерін сатып алу;
әуежай терминалын қолданғаны үшін көрсетілетін қызметтер;
оққағаларлар көрсететін қызметтер;
кеңсе жабдықтары;
тамақ өнімдері (ет, көкөніс, жемістер, консервіленген өнімдер, өсімдік майы, күріш, қант, кофе, шай);
ресми костюмдер/галстуктар;
туфли/сандалийлер;
спирттік ішімдіктер (виски, шарап, сыра);
шылымдар мен сигаралар;
электр-тұрмыстық техника және жабдықтар (теледидар, компьютер, сканер, принтер, фотокөшірме машинасы, факс, тасымалдауыш компьютер, цифрлік камера, бейнекамера, GPS навигатор, Ipod, ұялы телефон, кір жуу машинасы, USB жинақтауыштар/сыртқы қатты дискілер, үй кинотеатры, шаңсорғыш, микротолқынды пеш, блендер, шырын сыққыш, тоңазытқыш, мұздатқыш камерасы және осыған ұқсас жабдық, электр пеші, кондиционер, фен, электр үтігі, сужылытқыш, кофе-машинасы, бейнеойындар, PS, PSP, GameBoy, Nintendo, электрондық музыкалық аспаптар, аудио жүйе, үстіңгі проектор, спорттық жабдық (жүгіру жолы), металіздеуіш, телефон және оның аспаптары, бейнебақылау жүйесі, дабылбергіш, қоңырау, қауіпсіздік жабдығы мен құралдары, калькулятор және соған ұқсас жабдық, келудің электр машинасы, Hi-Fi стерео, радио-магнитофон);
кеңсе жиһазы (үстелдер мен орындықтар, асхана гарнитуры, диван және кресло, кереует, шамдар, шкафтар);
сәндік бұйымдар;
асхана құралдары мен пышақ бұйымдарының жинағы;
паластар мен кілемдер;
шығармашылық және сурет өнері заттары;
тазарту заттары;
су сүзгіш;
кеңсе тауарлары (қағаз, қаламдар, қарындашар, түзеткіш, степлер, папкалар);
кітаптар, журналдар, газеттер, күнделіктер, таблоидтар;
сейфтер.
 

15.

Иордания Хашимиттік Корольдігінің Елшілігі

Бір шот-фактура бойынша төменгі шек 8 АЕК.

ҚҚС-ты қайтару тек дипломатиялық персонал және олардың жұбайлары үшін жүргізіледі.

16.

Ирак Республикасының Елшілігі


ҚҚС-ты қайтару дипломатиялық персоналдың екі қызметкеріне ғана жүргізіледі.

17.

Испания Корольдігінің Елшілігі

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 301 еуро.
2. ҚҚС-ты қайтару мыналар:
жөндеу-құрылыс жұмыстары мен құрылыс материалдары үшін жүргізіледі, сатып алудың жалпы сомасының бір шот-фактура бойынша төменгі шек- 751 еуро;
кеңсе тауарлары, сатып алудың жалпы сомасының бір шот-фактура бойынша төменгі шегі - 300 еуро;
бензин 1 көлікке тоқсанына 1200 литр.

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 240 еуро.
2.Сатып алудың жалпы сомасына бір шот-фактура бойынша жоғарғы шегі 1 отбасына тоқсанына 9 015 еуро.
3. ҚҚС-ты қайтару мыналар:
жөндеу-құрылыс жұмыстары мен құрылыс материалдары үшін жүргізіледі, сатып алудың жалпы сомасының бір шот-фактура бойынша төменгі шегі - 751 еуро;
кеңсе тауарлары, сатып алудың жалпы сомасының бір шот-фактура бойынша төменгі шегі - 300 еуро;
бензин 1 көлікке тоқсанына 1200 литр.

18.

Италия Республикасының Елшілігі

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 310 еуро.
2.ҚҚС-ты қайтару мыналар:
басқа ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға пайдалануға берілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін жүргізілмейді.

1.Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 310 еуро.
2.ҚҚС-ты қайтару мыналар:
басқа ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға пайдалануға берілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін жүргізілмейді.

19.

Канада Елшілігі

1. Өкілдікке ҚҚС қайтару, егер Қазақстан Республикасы аумағында ресми түрде сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, ҚҚС-ты қоса алғанда әрбір шот-фактураның сомасы 150 канадалық доллардан асатын болса, жүргізіледі.
Осы шектеулер мыналар:
байланыс қызметтері;
электр қуаты;
су;
газ және басқа да коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеуге қатысты емес.
2. ҚҚС-ты қайтару:
өкiлдiктер мен ресми резиденциялардың штаттық қызметкері басшылық ететiн өкiлдiктердiң пайдалануына бөлінген, сатып алынған жылжымайтын мүлiктер;
келісім-шарт негiзінде құрылыс-монтаждау жұмыстары мен қызметтер;
өкiлдiк тiкелей сатып алған құрылыс материалдары үшін жүргізіледі.

1. Бірге тұратын олардың жұбайларын қоса алғанда, дипломатиялық және персонал мүшелеріне ҚҚС-ты қайтару, егер ҚҚС-ты қоса алғанда Қазақстан Республикасы аумағында жеке және отбасылық пайдалану үшiн сатып алынған тауарлардың, көрсетілген қызметтердің, орындалған жұмыстардың, әр жеке шот-фактурада 100 канадалық доллардан асып кетсе, жүргізіледі.
Осы шектеулер мыналар:
байланыс қызметтері;
электр қуаты;
су;
газ және басқа да коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеуге қатысты емес.

20.

Қатар Мемлекетінің Елшілігі

Бір шот-фактура бойынша төменгі шегі – 8 АЕК


21.

Корея Республикасының Елшілігі
Корея Республикасының
Бас Консулдығы
(Алматы қ.)

ҚҚС-тың дипломатқа арналған бензин үшін қайтарылуы: айына бір қызметтік көлік үшін 600 литр.

1. ҚҚС қайтару тек дипломатиялық персоналға жүргізіледі.
2. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 47 АҚШ доллары. 
3. ҚҚС жалпы сомасының жоғарғы шегі 1 отбасына жылына 950 АҚШ доллары.
4. ҚҚС-тың дипломатқа арналған бензин үшін қайтарылуы: айына бір қызметтік көлік үшін 400 литр.
5. ҚҚС-ты қайтару:
электр қуаты, газ үшін жүргізілмейді.

22.

Қытай Халық Республикасының Елшілігі
Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы (Алматы қ.)
Қытай Халық Республикасы Елшілігінің Сауда-экономикалық бөлімі

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 100 АҚШ доллары.
2. ҚҚС-ты қайтару:
су;
электр қуаты;
тұрмыстық газ;
жылу;
жөндеу жұмыстары үшін шектеусіз жүргізіледі.
3. ҚҚС-ты қайтару келесі жағдайларда жүргізілмейді:
егер тауар құны айқын түрде жоғарылатылған немесе тауар саны айқын түрде асырылған болса;
егер тауарлар, жұмыстар, қызметтер басқа мекемелер мен жеке тұлғаларға пайдалануға берілген болса.

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 100 АҚШ доллары.
2. ҚҚС-ты қайтару:
су;
электр қуаты;
тұрмыстық газ;
жылу;
жөндеу жұмыстары үшін шектеусіз жүргізіледі.
3. ҚҚС-ты қайтару келесі жағдайларда жүргізілмейді;
егер тауар құны айқын түрде жоғарылатылған немесе тауар саны айқын түрде асырылған болса;
егер тауарлар, жұмыстар, қызметтер басқа мекемелер мен жеке тұлғаларға пайдалануға берілген болса.

23.

Латвия Республикасының Елшілігі

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 240 АҚШ доллары.
2. ҚҚС қайтару:
телекоммуникация қызметтері;
үй-жай жалдау;
коммуналдық қызметтер;
күзет қызметтері;
көлік құралдарына арналған жанармайы үшін шектеусіз.
3. Персонал мүшесі санына тең көлік құралдары үшін ҚҚС қайтару үш жылда бір рет жүргізіледі.

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 67 АҚШ доллары.
2. ҚҚС қайтару:
телекоммуникация қызметтері;
автокөлік құралдары үшін жанармай үшін шектеусіз.
3. ҚҚС қайтару:
әкімшілік-техникалық персоналға аккредиттеудің тек алғашқы 4 айы ішінде жүргізіледі.
4. ҚҚС-ты қайтару персонал мүшесіне 1 көлік құралы үшін, үш жылда бір рет жүргізіледі.

24.

Ливан Республикасының Елшілігі

Сатып алудың бір шот – фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 200 АҚШ доллары.

1.Сатып алудың бір шот – фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 200 АҚШ доллары.
2. ҚҚС қайтару:
тұрақты (стационарлы) телефонның байланыс қызметтері үшін;
тұрғын үйді жалға алу үшін;
коммуналдық қызметтер үшін (су және электр қуаты);
автокөліктер, олардың қосалқы бөлшектері және күтімі үшін;
электрондық техника үшін;
кеңсе жабдықтары үшін;
тұрмыстық техника үшін (асханалық техниканы қоспағанда);
киім және аяқ киім үшін;
автокөлікті жалға алу үшін;
зергерлік бұйымдар үшін жүргізіледі.
3. Әкімшілік-техникалық персоналға ҚҚС-ты қайтару жүргізілмейді.

25.

Литва Республикасының Елшілігі 
Алматы қаласындағы Литва Республикасының Бас консулдығы

1.Сатып алудың бір шот – фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 8 АЕК.
2. ҚҚС қайтару келесілер үшін шектеусіз жүргізіледі:
коммуналдық қызметтер (жылу, электр қуаты, су, газ);
байланыс қызметтері;
пайдалану қызметтері;
автокөлік жанармайы;
мемлекеттің ұлттық күні құрметіне, Өкілдік басшысының келу/кетуіне, Қазақстандық ресми қонақтарға арналған қабылдауларды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетулер мен азық-түлік тағамдары.
3. ҚҚС қайтару:
өнер туындылары;
антикварлық және коллекциялық заттар;
қару-жарақ, оқ-дәрі және олардың бөлшектері;
азық-түліктер мен оларға қатысты қызметтер;
өңделген темекі;
фармацевтика және медициналық көмек өнімдері;
туристік қызметтер;
спорт тауарлары мен оларға байланысты қызметтер;
бос уақытқа арналған қызмет көрсетулер;
жолаушылар тасымалы үшін жүргізілмейді.

1.Сатып алудың бір шот – фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 8 АЕК.
2. ҚҚС қайтару:
коммуналдық қызметтер (жылу, электр қуаты, су, газ);
байланыс қызметтері;
пайдалану қызметтері;
өнер туындылары;
антикварлық және коллекциялық заттар;
қару-жарақ, оқ-дәрі және олардың бөлшектері;
азық-түліктер мен оларға қатысты қызмет көрсетулер;
өңделген темекі;
фармацевтика және медициналық көмек өнімдері;
туристік қызметтер;
спорт тауарлары мен оларға байланысты қызмет көрсетулер;
бос уақытқа арналған қызмет көрсетулер;
жолаушылар тасымалы үшін жүргізілмейді.

26.

Мажарстан Елшілігі
Мажарстанның Бас консулдығы (Алматы қ.)

1. ҚҚС қайтару: әуе және темір жол билеттері;
қабылдауға қатысушылар саны 10 адамнан кем болған жағдайда мейрамхана шоттарын төлеу үшін жүргізілмейді.

1. Бір шот-фактура бойынша ҚҚС жалпы сомасының төменгі шегі 2,8 АҚШ доллары.
2. ҚҚС жалпы сомасының жоғарғы шегі – отбасының 1 мүшесіне жылына 1630 АҚШ доллары.
3. ҚҚС қайтару:
бензин - 1 отбасы мүшесіне жылына 2000 литр;
спирттік ішімдіктер 1 қызметкерге жылына 105 литр үшін жүргізіледі.
4. ҚҚС қайтару:
әуе- және темір жол билеттері;
антиквариат заттары;
бейнелеу өнері заттары;
қабылдауға қатысушылар саны 10 адамнан кем емес болған жағдайда мейрамхана шоттарын төлеу үшін жүргізілмейді.

27.

Малайзия Елшілігі


Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 26 АҚШ доллары.

28.

Нидерланды Корольдігінің Елшілігі

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 225 еуро.
2. ҚҚС-ты қайтару:
қызметкерлер санына тең автокөліктер саны;
көрсетілген барлық қызметтер;
азық-түлік үшін жүргізіледі.
3. Бензин үшін ҚҚС қайтару:
Өкілдіктің 5 автокөлігіне дейін тоқсанына 1500 литр, қалғандарына тоқсанына 900 литр бойынша жүргізіледі.

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 225 еуро.
2. ҚҚС қайтару:
көрсетілген қызметтер;
азық-түлік үшін жүргізілмейді.
3. ҚҚС қайтару:
1 отбасына 2 автокөлік;
темекі - 1 қызметкерге тоқсанына 150 пачка;
алкоголь (22%-дан жоғары): Өкілдік Басшысы үшін жылына - 90 литр, дипломаттар үшін тоқсанына - 60 литр, әкімшілік-техникалық персонал үшін жылына - 30 литр;
Өкілдік басшысына арналған бензин үшін: бірінші автокөлікке тоқсанына - 900 литр, екіншісіне - тоқсанына 600 литр, дипломаттар үшін: бірінші автокөлікке тоқсанына - 900 литр, екіншісіне - тоқсанына -600 литр, әкімшілік -техникалық персонал үшін: бірінші автокөлікке тоқсанына - 600 литр, екіншісін - тоқсанына 300 литр үшін жүргізіледі.

29.

Норвегия Корольдігінің Елшілігі

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша жалпы сомасының төменгі шегі 8 АЕК (ҚҚС қоса алғанда).
2. ҚҚС қайтару келесі сатып алынған қызметтерге, жұмыстарға және тауарларға жүргізіледі:
коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтері – шектеусіз;
өндірістік мақсаттағы барлық тауарлар, жұмыстар, ғимарат пен іргелес аумақты күту үшін қажетті қызметтер;
кеңсе жабдығы;
интерьер заттары;
полиграфиялық жұмыстар;
автомобильдік шиналар мен дискілер;
жылжымайтын мүлік пен автомобильдерге арналған тұрақты жалға алу;
автомобильдер;
автомобильдерге арналған жанармай;
үй-жайды жылытуға арналған жанармай;
дипломатиялық өкілдіктің жаңа ғимаратының құрылысы;
дипломатиялық өкілдік Басшысының жаңа ғимаратының құрылысы;
электр қуаты, байланыс қызметі, күзет. Тек өкілдік Басшысы Резиденциясының сигнализация және қауіпсіздік жүйесі үшін – шектеусіз;
3. ҚҚС:
азық-түлік;
киім;
алкоголь;
темекі өнімдері;
тұрмыстық химия;
музыкалық аспаптар үшін қайтарылмайды.

1. ҚҚС қайтару әкімшілік-техникалық персоналға жүргізілмейді.
2. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 100 АҚШ доллары.
3. ҚҚС қайтару келесі сатып алынған қызметтерге, жұмыстарға және тауарларға жүргізіледі:
электротұрмыстық тауарлар;
компьютерлер;
видео-аудиожазбалар;
интерьер заттары;
музыкалық аспаптар;
визиткалар;
тұрғын-жайды жылытуға арналған жанар май;
автомобиль шиналары мен дискілер;
автомобильдер;
автомобильге арналған жанармай;
электрқуат, байланыс қызметі, күзет. Сигнализация және қауіпсіздік жүйесі тек өкілдік Басшысының Резиденциясы үшін – шектеусіз;
4. ҚҚС қайтарылмайды:
азық-түліктер;
киім;
алкоголь;
темекі өнімдері;
тұрмыстық химия.

30.

Оңтүстік Африка Республикасының Елшілігі


1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 40 АҚШ доллары.
2. ҚҚС қайтару тек болу мерзімінің соңғы 3 айына ғана жүргізіледі.
3. ҚҚС қайтару автокөліктер үшін:
дипломаттарға шектеусіз;
әкімшілік-техникалық персоналға алғашқы 6 айға жүргізіледі.

31.

Сербия Республикасының Елшілігі
 

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша жалпы сомасының төменгі шегі 8 АЕК.
2. ҚҚС қайтару:
байланыс қызметі;
электр қуаты;
су;
газ және өзге де коммуналдық қызметтер үшін жүргізілмейді.


32.

Словакия Республикасының Елшілігі

1. ҚҚС жалпы сомасының жоғарғы шегі жылына 99 340 еуро.
2. ҚҚС қайтару:
3 автокөлік үшін, екі жылда 1 рет шектеусіз;
сатып алынған қызмет түрлері;
жөндеу-құрылыс жұмыстары үшін жүргізіледі.
3. ҚҚС қайтару:
жанармай, 1 автокөлікке жылына 4 000 литр үшін жүргізіледі.

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 33 еуро.
2. ҚҚС жалпы сомасының жоғарғы шегі жылына:
Өкілдік Басшысы үшін 3320 еуро;
Консул үшін 3320 еуро;
дипломатиялық персонал үшін 2650 еуро;
әкімшілік-техникалық персонал үшін 2000 еуро.
3. ҚҚС қайтару:
персоналдың 1 мүшесіне 1 автокөлік үшін, 2 жылда 1 рет шектеусіз;
жанармай - 1 автокөлікке жылына 3 200 литр үшін жүргізіледі.

33.

Таиланд Корольдігінің Елшілігі

Сатып алудың бір шот-фактура бойынша жалпы сомасының төменгі шегі 170 АҚШ доллары.

Қайтарылмайды.

34.

Түркия Республикасының Елшілігі
Ақтау қаласындағы Түркия Республикасының Бас консулдығы
Алматы қаласындағы Түркия Республикасының Бас консулдығы


Сатып алудың жалпы сомасының жоғарғы шегі 1 қызметкерге жылына 30 000 еуро.

35.

Украина Елшілігі

ҚҚС қайтару:
қызметтік және тұрғын үй-жайларды жалға алу төлемі;
қонақ үйлерде тұру бойынша көрсетілетін қызметтер;
конференция, семинар, көрме, жәрмеңке өткізу үшін алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін жүргізілмейді.

1.Сатып алудың ҚҚС-сыз жалпы сомасының бір шот-фактура бойынша төменгі шегі 20 АҚШ доллары.
2. ҚҚС қайтару:
қызметтік және тұрғын үй-жайларды жалға алу төлемі;
қонақ үйлерде тұру бойынша көрсетілетін қызметтер;
конференция, семинар, көрме, жәрмеңке өткізу үшін алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін жүргізілмейді.

36.

Үндістан Республикасының Елшілігі

ҚҚС қайтару тек Астана қаласының аумағында алынған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін ғана жүргізіледі.

1. Тауар сатып алу кезінде 1 чектің төменгі шегі ҚҚС-сыз 35 АҚШ доллары.
2. ҚҚС қайтару тек Астана қаласының аумағында алынған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін ғана жүргізіледі.
3. 2009 жылдың 3 ақпанынан бастап әкімшілік-техникалық персоналға көрсетілген қызметтер үшін ҚҚС қайтару жүргізілмейді.

37.

Финляндия Республикасының Елшілігі

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша жалпы сомасының төменгі шегі 170 еуро (ҚҚС-ты қоса есептегенде).
2. Электр қуаты, телефон байланысы, сумен жабдықтау және отынға қатысты сатып алулардың жалпы сомасы жылдың бір тоқсанында кемі 170 еуроны құраған кезде ҚҚС қайтарылады.

1. ҚҚС қайтару дипломатиялық персоналға жататын адамдарға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне ғана жүргізіледі.
2. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша жалпы сомасының төменгі шегі 170 еуро (ҚҚС-ты қоса есептегенде).
3. Электр қуаты, телефон байланысы, сумен жабдықтау және отынға қатысты сатып алулардың жалпы сомасы жылдың бір тоқсанында кемі 170 еуроны құраған кезде ҚҚС қайтарылады.

38.

Француз Республикасының Елшілігі

1. Сатып алудың ҚҚС-сыз жалпы сомасының бір шот-фактура бойынша төменгі шегі 150 еуро (1 дүкенде жасалған бірдей операциялар мен сатып алулар біріктірілуі мүмкін).
2. ҚҚС қайтару:
- жеке пайдалануға арналған бұйымдар (үй техникасы, фотоаппараттар, камералар);
- қонақ күту бойынша қызметтер үшін жүргізілмейді.

ҚҚС қайтару жүргізілмейді.

39.

Халықаралық қаржы корпорациясы

1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек 8АЕК.
2. Халықаралық қаржы корпорациясының 1956 жылғы 20 шілдедегі келісімі баптарында көрсетілмеген операциялар мен мәмілелер үшін қосылған құн салығы қайтарылмайды.

ҚҚС қайтару жүргізілмейді.

40.

Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым

1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек 8 АЕК.
2. ҚҚС қайтару тек ресми мақсатта елеулі мөлшерде алынған тауарлар үшін ғана жүргізіледі.

ҚҚС қайтару жүргізілмейді.

41.

Швейцария Конфедерациясының Елшілігі
Алматы қаласындағы Швейцария Конфедерациясының Бас консулдығы

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 90 АҚШ доллары.
2. ҚҚС қайтару:
коммуналдық қызметтер;
бензин;
телефон қызметтері үшін шектеусіз жүргізіледі.

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 90 АҚШ доллары.
2. ҚҚС қайтару:
коммуналдық қызметтер;
бензин;
телефон қызметтері үшін шектеусіз жүргізіледі.
3. ҚҚС қайтару әкімшілік-техникалық персоналға жүргізілмейді.

42.

Эстония Республикасының Елшілігі

1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 8 АЕК.
2. ҚҚС (АЕК 8 төменгі шегі мөлшерінен тәуелсіз):
байланыс қызметтері үшін;
электр қуаты үшін;
су үшін;
газ және басқа да коммуналдық қызметтер үшін шектеусіз қайтарылады.
3. Қосылған құн салығы:
азық-түлік үшін;
бұрын қолдануда болған тауарлар үшін қайтарылмайды.
4. Жоғарғы шегі жоқ.

1. Төменгі шегі жоқ.
2. Қосылған құн салығы:
азық-түлік үшін;
пайдаланылған тауарлар үшін қайтарылмайды.
3. Жоғарғы шегі жоқ.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады