Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 596 бұйрығы. Қазақстан республикасының Әділет минстрлігінде 2015 жылы 7 қыркүйекте № 12027 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.12.2020 № ҚР ДСМ-336/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 2015 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-1-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидалары, мерзімдері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2015 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      __________Т. Дүйсенова

      2015 жылғы " "

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрiнiң
2015 жылғы 6 тамыздағы
№ 596 бұйрығымен
бекітілген

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидалары, мерзімдері

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.07.2018 № МЗ-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санаттарын беру туралы куәліктерді беру және қайтарып алу қағидалары, мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 176-1-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және орта (техникалық және кәсіптік), орта арнаулы білімнен кейінгі, жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар адамдарға біліктілік санатын беру тәртібін, сондай-ақ оларды беру және біліктілік санатын беру туралы куәлікті кері қайтарып алу мерзімдерін айқындайды.

      Біліктілік санатын беру ерікті рәсім болып табылады.

      2. Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:

      1) біліктілік санатын беру туралы куәлік – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тиісті біліктілік санатының берілгенін растайтын құжат (бұдан әрі – куәлік);

      2) маман – медициналық және фармацевтикалық бiлiмi бар қызметкер;

      3) маманның үздіксіз кәсіптік даму жүйесіндегі сынақ бірлігі (бұдан әрі – СБ) – маманның кәсіптік қызметінің белгілі бір кезеңінде үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысу көлемін өлшеудің біріздендірілген шартты бірлігі;

      4) сынақ бірліктерінің жинақтау жүйесі – үміткердің соңғы бес жылда үздіксіз кәсіптік даму іс-шараларына қатысуын жинақтап есепке алу жүйесі;

      5) үміткер – нақты мамандығы бойынша біліктілік санатын беру туралы куәлікті алуға үміткер маман;

      3. Біліктілік санаты берілетін сертификаттар, сондай-ақ мамандарға 2015 жылғы 9 қазанға дейін берілген мерзімсіз сертификаттар біліктілік санаты берілетін куәлікке теңестіріледі және оларда көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін қолданылады.

2-тарау. Біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру тәртібі және мерзімдері

      4. Біліктілік санатын беру кәсіптік даярлықты бағалау және растаудың (бұдан әрі – Бағалау) оң нәтижелері негізінде жүзеге асырылады. Мамандарды бағалау Кодекстің 176-1-бабының 1-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      5. Нақты мамандық бойынша біліктілік санатын беру туралы куәлікті беруді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық департаменттері (бұдан әрі – аумақтық департаменттер) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орта (техникалық және кәсіптік), орта арнаулы білімнен кейінгі, жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін жүргізеді.

      Куәлік "Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген) бекітілген мамандықтар бойынша беріледі. 9. Құжаттар қабылдауды аумақтық департаменттер үміткердің тұратын жері бойынша "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырады.

      6. Құжаттар қабылдауды аумақтық департаменттер үміткердің тұратын жері бойынша "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырады.

      7. Үміткерлер куәлікті алуға арналған құжаттарды аумақтық департаменттерге "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы қолда бар куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты ай бұрын тапсырады.

      8. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлік беруді (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

      Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін тиісті біліктілік санатын бере отырып, 5 (бес) жыл мерзімімен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санаты берілетін маман куәлігін (бұдан әрі – куәлік) алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті; осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді; кәсіптік даярлықты бағалау және растаудың оң нәтижесінің электрондық көшірмесін; 2015 жылға дейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде бітіргендерге білімі туралы құжатының электрондық көшірмесін; соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін; соңғы 2 жыл ішіндегі үміткердің есебін (көрсеткіштерді қысқа талдамалық шолуы бар, үміткердің қалауы бойынша осы мамандық үшін анағұрлым маңызды көрсеткіштер) жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының құжаттары туралы мәліметтер: орта медициналық білімі туралы диплом, жоғары медициналық білімі туралы диплом (2015 жылдан бастап мәліметтер), Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған адамдар үшін білімі туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәлік, сондай-ақ еңбек қызметі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін бірінші немесе жоғары біліктілік санаты берілетін мерзімсіз куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті; осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді; кәсіптік даярлықты бағалау және растаудың оң нәтижесінің электрондық көшірмесін; соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін; бұрын алынған үш сертификаттың немесе біліктілік санаты берілетін куәліктердің не біліктілік санатын беру туралы бұйрықтардың электрондық көшірмелерін жібереді.

      Бірінші, жоғары біліктілік санаты берілетін мерзімсіз куәлікті алу үшін үміткер тиісті мамандықтар бойынша үш рет қатарынан бірінші, жоғары санатты алуы тиіс.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті беру ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлік беру" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарауының және куәлікті беруінің жалпы мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 8 немесе 9-тармақтарында көрсетілген құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері екі жұмыс күні ішінде ұсынылған мәліметтердің сәйкестігін тексереді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері ұсынылған мәліметтердің сәйкестігін тексергеннен кейін бір жұмыс күні ішінде өтінішті осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, оң нәтиже болған кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлікті ресімдейді және береді, не теріс нәтиже болған кезде белгіленген мерзімде куәлікті беруден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13-1. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) хабардар етеді.

      Бұл жағдайда оператор Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы хаттаманы толтырады және оған көрсетілетін қызметті берушімен бірге қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Тегі, аты немесе әкесінің аты (бар болса) өзгерген кезде тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстырғанын растайтын құжат беріледі;

      15. Бірінші, жоғары санат берілетін маманның мерзімсіз куәлігі маманның қолданыстағы сертификаттың немесе куәлігінің мерзімі аяқталуына дейін кемінде алты ай бұрын, бірақ сертификаттың немесе куәліктің қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 1 жылдан кешіктірмей беріледі.

      16. Маманның жоғары немесе бірінші санат берілетін мерзімсіз куәлікті алуы үшін қатарынан берілген санаттар арасындағы үзілістің бір жылдан аспауына жол беріледі.

      17. Жоғары санатқа өтініш берілетін куәлік маманға алдыңғы біліктілік санатын алған күннен бастап үш жылдан ерте берілмейді.

      18. Біліктілік санаты мамандарға "Біліктілік санаттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 493 бұйрығымен (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11794 болып тіркелген) бекітілген Біліктілік санаттарының тізбесіне сәйкес беріледі.

      19. Екінші біліктілік санаты жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар, өтініш берілген мамандық бойынша еңбек өтілі кемінде үш жыл, өтініш берілген санатқа Бағалаудың оң нәтижесі бар мамандарға:

      1) кемінде 120 СБ (оның ішінде негізгі 108 СБ, қосымша 12 СБ) көлемінде жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқан, жоғары білімі бар мамандар үшін екінші санатқа;

      2) кемінде 108 СБ (негізгі) көлемінде орта медициналық білімі бар мамандар үшін үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқан, орта техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар үшін екінші санатқа беріледі.

      Бірінші біліктілік санаты жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар, өтініш берілген мамандық бойынша еңбек өтілі кемінде алты жыл, өтініш берілген санатқа Бағалаудың оң нәтижесі бар мамандарға:

      1) кемінде 254 СБ (оның ішінде негізгі 216 СБ, қосымша 38 СБ) көлемінде жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқан, жоғары білімі бар мамандар үшін бірінші санатқа;

      2) кемінде 240 СБ (оның ішінде негізгі 216 СБ, қосымша 24 СБ) көлемінде орта медициналық білімі бар мамандар үшін үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқан, орта техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар үшін бірінші санатқа беріледі.

      Жоғары біліктілік санаты жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар, өтініш берілген мамандық бойынша еңбек өтілі кемінде он жыл, өтініш берілген санатқа Бағалаудың оң нәтижесі бар мамандарға:

      1) кемінде 270 СБ (оның ішінде негізгі 216 СБ, қосымша 54 СБ) көлемінде жоғары медициналық білімі бар үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқан, жоғары білімі бар мамандар үшін жоғары санатқа;

      2) кемінде 254 СБ (оның ішінде негізгі 216 СБ, қосымша 38 СБ) көлемінде орта медициналық білімі бар үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқан, орта техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарға жоғары санатқа беріледі.

      20. Біліктілік санатын беру кезінде маманның үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысу көлемі СБ қайта есептеу жүйесіне сәйкес СБ-мен (негізгі және қосымша) өлшенеді.

      Біліктілікті арттыруды үміткер біліктілігін арттыру курсынан өткен, қосымша кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын ғылыми ұйымдар және денсаулық сақтау саласындағы ұйымдарда, оның ішінде шетелдік ұйымдарда жүзеге асырады (1 апталық оқу – 54 сағат).

      Біліктілікті арттыру сағаттарын СБ-ға ауыстыруды үміткер біліктілігін арттыру курсынан өткен ғылыми ұйымдар және денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар жүзеге асырады. СБ оқытудан өткені туралы құжатта көрсетіледі.

      Іс-шараларды қосымша СБ-ға ауыстыруды осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру кезінде сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесіне сәйкес аумақтық департаменттің лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.

      21. Куәлікті алу кезінде мыналар ескеріледі:

      1) егер маман өтініш берілген мамандық бойынша соңғы екі жыл ішінде екі және одан да көп денсаулық сақтау органдары және (немесе) ұйымдарында жұмыс істесе, есеп осы органдар және (немесе) ұйымдарда істеген кезге жиынтықтап беріледі;

      мамандығы бойынша еңбек қызметінде 12 айдан артық үзіліс болған жағдайда біліктілік санаты берілетін маман куәлігін алу және есеп беру үшін үміткерлер бір жыл жұмыс істейді;

      мамандығы бойынша еңбек қызметінде 12 айдан кем үзіліс болған жағдайда үміткер өндірістік қызметтің екі жылын құрайтын жиынтықта үзіліске дейін жұмыс істеген кезеңі үшін есеп береді;

      2) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметшілер болып табылатын, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік одақтарда (бірлестіктерде) жұмыс істейтін, "қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша санат алуға үміткер адамдардың жұмыс өтіліне денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік одақтардағы жұмыс өтілі де есептеледі.

      22. Куәлік Қазақстан Республикасының аумағында аумақтық департамент басшысы оны беру туралы шешім шығарған күннен бастап бес жыл бойы қолданылады. Осы мерзім өткеннен кейін куәліктің қолданылуы тоқтатылады.

      23. Тиісті мамандық бойынша бірінші, жоғары санат берілетін куәліктің қолданылуы осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес өтініш берілген мамандық бойынша қатарынан үш рет бірінші, жоғары санатты алған және бірінші, жоғары санат берілетін мерзімсіз куәлік алған адамдар үшін мерзімсіз болып табылады.

3-тарау. Біліктілік санатын беру туралы куәлікті кері қайтарып алу тәртібі

      24. Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша куәлікті алу кезінде нақты емес ақпарат және куәлікті заңсыз беру фактілері анықталған жағдайда аумақтық департамент куәлікті кері қайтарып алады.

      25. Куәлікті кері қайтарып алу осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген фактілердың болуы туралы ақпарат анықталған немесе ол туралы ақпарат алынған сәттен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде аумақтық департаменттің бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

      26. Аумақтық департаменттер куәлікті кері қайтарып алу туралы бұйрықтың көшірмесін үміткердің жұмыс орнына жібереді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 4-тараумен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті берушінің: gov.egov.kz интернет-ресурсында орналастырылған мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына; не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 10-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің атын (бар болған кезде), берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Жеке тұлға көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Тіркеу туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушы шағымының портал арқылы қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" шағымды көрсетілетін қызметті беруші өңдеуі барысында жаңартылып тұратын шағым туралы ақпаратқа (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күн қаралады.

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мамандар үшін біліктілік
санатын беру туралы куәлікті
беру және кері қайтарып алу
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Тиісті біліктілік санаты берілетін маман куәлігі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде)) ______________________________________

      (номенклатура бойынша мамандығы)

      мамандығы бойынша _________________________________ бiлiктiлiк санаты

      беріле отырып, осы куәлікті алды.

      Куәлікті беру туралы шешiм шығарған мемлекеттiк орган басшысының

      20__ жылғы "___" ____________ № _________________ бұйрығы.

      Куәлік ___________________________________ мерзімге жарамды.

      5 жылға немесе тұрақты деп көрсету

      Тiркеу № ________________

      Берiлген күнi 20__ жылғы "___" _____________

      Басшының қолы ____________________________________

      тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде)

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мамандар үшін біліктілік
санатын беру туралы куәлікті
беру және кері қайтарып алу
қағидаларына
2-қосымша
  нысан
  ____________________________
мемлекеттік органның атауы,
басшысына
___________________________
басшысының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған кезде)
____________________________
кімнен______________________
көрсетілетін қызметті
алушының, тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған кезде)
____________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі
____________________________
тұрғылықты мекенжайы,
байланыс телефоны

Өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сізден_________________________________________________________________

      (мамандық атауы)

      мамандығы бойынша________________________біліктілік санатын беру туралы куәлік беруді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      ______________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      20__жылғы " " ______________________

      (толтырылған күні)

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мамандар үшін біліктілік
санатын беру туралы куәлікті
беру және кері қайтарып алу
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Мәліметтер нысаны

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Білімі;

      2. Диплом нөмірі;

      3. Диплом сериясы;

      4. Білім беру ұйымының толық атауы;

      5. Түскен жылы;

      6. Аяқтаған жылы;

      7. Диплом бойынша мамандығы;

      8. Диплом бойынша біліктілігі;

      9. Дипломды нострификациялау (қажет болған жағдайда);

      Өтініш берілген мамандық бойынша қайта даярлау жөніндегі куәлік туралы мәліметтер:

      10. Қайта даярлау жөніндегі куәліктің нөмірі;

      11. Қайта даярлау мамандығы;

      12. Білім беру ұйымының атауы;

      13. Оқыту көлемі сағатпен;

      14. Оқытудың басталуы;

      15. Оқытудың аяқталуы;

      Өтініш берілген мамандық бойынша санат берілген қолданыстағы маман сертификатының (куәлігінің) мәліметтері:

      16. Берілген күні;

      17. Әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды/тіркеу нөмірі;

      18. Берген орган;

      19. Сертификаттың (куәліктің) қолданылу мерзімі;

      20. Мамандығы;

      21. Біліктілік санаты;

      Қазіргі жұмыс орны туралы мәліметтер:

      22. Өтініш берілген мамандығы бойынша жұмыс өтілі;

      23. Жалпы медициналық жұмыс өтілі;

      24. Қазіргі кездегі жұмыс орны;

      25. Атқаратын лауазымы.

      Өтініш берілген мамандығы бойынша еңбек қызметі:

Қабылданған күні

Босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

бұйрық №

Бұйрықтың шығарылған күні













      Үміткердің өтініш берілген мамандығы бойынша үздіксіз кәсіптік дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуы туралы ақпарат.

      26. Соңғы 5 жыл ішінде жинақталған сынақ бірліктерінің жалпы саны (негізгі және қосымша сынақ бірліктері).

      27. Өтініш берілген мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде жинақталған негізгі сынақ бірліктерінің саны:

      1) өтініш берілген мамандық бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік туралы мәліметтер;

      2) біліктілікті арттыру туралы куәлік нөмірі;

      3) циклдің атауы;

      4) білім беретін ұйымның атауы;

      5) оқудың басталуы;

      6) оқудың аяқталуы;

      7) оқу көлемі сағатпен.

      28. Мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде жинақтаған қосымша сынақ бірліктерінің саны:

      уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар үшін санат беру кезінде сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесіне сәйкес өтініш берілген мамандығы бойынша іс-шаралардан өткенін куәландыратын құжат туралы мәліметтер (барлық іс-шараларды, оқу тақырыбының атауын, білім беретін ұйымның атауын, оқудың басталуын, оқудың аяқталуын, оқу көлемін сағатпен немесе сынақ бірліктерімен атап көрсету).

      Бастапқы есепке алу құжаттамаларының деректеріне сәйкес үміткердің өтініш берілген мамандығы бойынша статистикалық көрсеткіштері көрсетілген соңғы екі жылдағы есебі (үміткердің қалауы бойынша осы мамандық үшін ең маңызды, көрсеткіштерге қысқаша талдамалы шолу жасалған көрсеткіштер. Көлемі 1 файлдан артық болмайтын мәтіндік есеп).

      Статистикалық көрсеткіштер:

Көрсеткіштер (көлем, сапа және тиімділік индикаторлары)

20___ жыл

20___ жыл








  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мамандар үшін біліктілік
санатын беру туралы куәлікті
беру және кері қайтарып алу
қағидаларына
4-қосымша
  нысан
  ____________________________
мемлекеттік органның атауы,
____________________________
басшысына__________________
басшысының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған кезде)
____________________________
____________________________
кімнен
____________________________
көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған кезде),
____________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі
____________________________
тұрғылықты мекенжайы,
байланыс телефоны

Өтініш

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

            Сізден _____________________________ мамандығы (мамандық атауы)

      бойынша ____________________ біліктілік санатын бере отырып мерзімсіз маман

      куәлігін беруді сұраймын.

      1) __________________ мамандығы бойынша ___ жылғы "___" № _____

      сертификат (куәлік).

      2) __________________ мамандығы бойынша ____ жылғы "___" № _____

      сертификат (куәлік).

      3) ________________ мамандығы бойынша ___ жылғы "___" № ______

      сертификат (куәлік).

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      ____________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      20_ жылғы " " __ ________ (толтырылған күні)

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мамандар үшін біліктілік
санатын беру туралы куәлікті
беру және кері қайтарып алу
қағидаларына
5-қосымша
  нысан

Мәліметтер нысаны

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Біліктілік санатын бере отырып бұрын алынған үш маман сертификаты (куәлігі) туралы мәліметтер:

      № 1 сертификат (куәлік):

      1. Берілген күні;

      2. Әкімшілік құжат нөмірі жіне коды/тіркеу нөмірі;

      3. Берген орган;

      4. Сертификаттың (куәліктің) қолданылу мерзімі;

      5. Мамандығы;

      6. Біліктілік санаты;

      № 2 сертификат (куәлік):

      7. Берілген күні;

      8. Әкімшілік құжат нөмірі/тіркеу нөмірі;

      9. Берген орган;

      10. Сертификаттың (куәліктің) қолданылу мерзімі;

      11. Мамандығы;

      12. Біліктілік санаты;

      № 3 сертификат (куәлік):

      13. Берілген күні;

      14. Әкімшілік құжат нөмір/тіркеу нөмірі;

      15. Берген орган;

      16. Сертификаттың (куәліктің) қолданылу мерзімі;

      17. Мамандығы;

      18. Біліктілік санаты;

      Үміткердің үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысуы туралы ақпарат.

      19. Соңғы 5 жылда жиналған сынақ бірліктерінің жалпы саны (негізгі және қосымша сынақ бірліктері)

      20. Соңғы 5 жылда жиналған негізгі сынақ бірліктерінің саны:

      біліктілігін арттыру куәлігі туралы мәліметтер:

      өтініш берілген мамандық бойынша біліктілігін арттыру туралы куәліктің нөмірі;

      циклдың атауы;

      оқытушы ұйымның атауы;

      оқытудың басталуы;

      оқытудың аяқталуы;

      оқытудың көлемі сағатпен;

      21. Соңғы 5 жыл ішінде жиналған қосымша сынақ бірліктерінің саны:

      уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар үшін санат беру кезінде сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесіне сәйкес өтініш берілген мамандық бойынша іс-шаралардан өткенін куәландыратын құжат туралы мәліметтер (барлық іс-шараларды, оқыту тақырыбының атауын, оқытушы ұйымның атауын, оқытудың басталуын, оқытудың аяқталуын, сағаттағы немесе сынақ бірліктеріндегі оқыту көлемін атап көрсету).


  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мамандар үшін біліктілік
санатын беру туралы куәлікті
беру және кері қайтарып алу
қағидаларына
6-қосымша
  нысан

Біліктілік санатын беру кезінде сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесі

Іс-шаралар

Жоғары білімі бар мамандар үшін сынақ бірліктерінің (СБ) саны

Орта білімі бар мамандар үшін сынақ бірліктерінің (СБ) саны

1

2

3

4

Негізгі сынақ бірліктері

1

Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша біліктілікті арттыру
1 апта оқу – 54 сағат

54

54

Қосымша сынақ бірліктері

2

Сертификатпен расталған:
1) облыстық, республикалық маңызы бар қалалар
2) республикалық маңызы бар
3) халықаралық маңызы бар деңгейдегі съезд, конгресс, конференция жұмысына қатысу (тақырыбы, өткізілген жері, өткізуді ұйымдастырушы, күні)

6
10
14

6
10
14

3

Сертификатпен расталған өтініш берілген мамандық бейіні бойынша семинар, мастер-класқа, тренингке, оның ішінде қашықтық технологияларын қолдана отырып қатысу (тақырыбы, ұзақтығы, өткізілген жері, өткізуді ұйымдастырушы, күні):
1) Қазақстан Республикасында 1 күн - 6 сағат;
2) шетелде - 1 күн - 6 сағат

 
6
8

 
6
8

4

Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша монографияны жариялау (тақырыбы, авторлары, басылымы, күні немесе сайтқа сілтеме):
1) Моноавторлық/бірінші автор
2) Бірлескен авторлық

40
10

40
10

5

Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша мақаланы жариялау (тақырыбы, авторлары, басылымның атауы және №, күні немесе сайтқа сілтеме):
1) Моноавторлық / бірінші автор
2) Бірлескен авторлық

7
5

5
3

6

Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша мақаланы ғылыми басылымдарда, оның ішінде шетелдік басылымдарда жариялау (тақырыбы, авторлары, басылымның атауы және №, күні немесе сайтқа сілтеме):
1) Моноавторлық/бірінші автор
2) Бірлескен авторлық

20
15

20
15

7

Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша баяндама тезистерін, ғылыми-практикалық конференция жинақтарында* жариялау (тақырыбы, авторлары, басылымның атауы және №, күні):
1) республикалық деңгейде
2) халықаралық деңгейде автор және бірінші 3-уі ескеріледі

1 тезис = 3
1 тезис = 5

1 тезис = 3
1 тезис = 5

8

Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша әдістемелік ұсынымдарды жариялау (тақырыбы, авторлары, басылым, күні):
1) Моноавторлық/бірінші автор
2) Бірлескен авторлық

7
5

7
5

9

Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша өнертабысқа патент алу (куәліктің берілген күні және №)

20

20

10

Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша зияткерлік меншік туралы куәлік алу (куәліктің берілген күні және №)

15

15

11

Құжат берумен расталған өтініш берілген мамандық бейіні бойынша шетелде тағылымдамадан өту (жұмыс орнында оқу) (тақырыбы, ұзақтығы, өткізілген жері, күні)

1 күн = 5

1 күн = 5

12

Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс (тақырыбы, телеарна мен бағдарламаның атауы, күні):
-денсаулық сақтау мәселелеріне арналған теле және радио хабарларына қатысу

4

4

13

Құжаттамамен расталған өтініш берілген мамандық бейіні бойынша зерттеулердің/ өлшеулердің жаңа әдістемесін практикалық қызметке енгізу (енгізу актісі)

10

10

14

Мамандығы бойынша үздік атағына кәсіптік байқаулардағы номинация:
1) Республикалық деңгейде:
1-орын / 2-орын / 3-орын
2) Облыстық, республикалық деңгейдегі қалалар деңгейінде:
1-орын / 2-орын / 3-орын
3) Қалалық деңгейде
1-орын / 2-орын / 3-орын
4) Аудандық деңгейде
1-орын / 2-орын / 3-орын

30/25/20
20/15/10
15/12/8
12/8/6

30/25/20
20/15/10
15/12/8
12/8/6

15

Медицина ғылымының ғылыми атағының болуы:
1) магистр
2) Phd
3) медицина ғылымының кандидаты
4) медицина ғылымының докторы

5
10
10
20

-
-
-
-

      Ескертпе: қосымша бірліктер алу үшін СБ-ны жұмыстардың бір немесе бірнеше түрлерін бірнеше рет орындау есебінен жинау жеткілікті.

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мамандар үшін біліктілік
санатын беру туралы куәлікті
беру және кері қайтарып алу
қағидаларына
7-қосымша

      Ескерту. 7-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті беру тәсілі ( кіру каналдары)

"электрондық үкімет": www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

5 (бес) жұмыс күні.

4

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

біліктілік санатын бере отырып маман куәлігі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақының мөлшері және Қазақстан Републикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

тиісті біліктілік санатын бере отырып, 5 (бес) жыл мерзімі бар куәлікті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
нысан бойынша мәліметтер;
кәсіби даярлықты бағалаудың және растаудың оң нәтижесінің электрондық көшірмесі;
2015 жылға дейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде оқу бітіргендердің білімі туралы құжатының электрондық көшірмесі;
соңғы 5 (бес) жыл ішінде үздіксіз кәсіби дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
үміткердің соңғы 2 (екі) жыл ішіндегі есебі (үміткердің қалауы бойынша көрсеткіштердің қысқа талдамалық шолуы бар, осы мамандық үшін анағұрлым маңызды көрсеткіштер);
бірінші немесе жоғары біліктілік санатын бере отырып, мерзімсіз куәлікті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
нысан бойынша мәліметтер;
кәсіби даярлықты бағалаудың және растаудың оң нәтижесінің электрондық көшірмесі;
соңғы 5 (бес) жыл ішінде үздіксіз кәсіби дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
біліктілік санатын бере отырып, бұрын алынған үш сертификаттың немесе куәліктердің не біліктілік санатын беру туралы бұйрықтардан үзінділердің электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттары: орта медициналық білімі туралы диплом, жоғары медициналық білімі туралы диплом (2015 жылдан бастап мәліметтер), Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған адамдар үшін білімі туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәлік туралы, сондай-ақ еңбек қызметі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін, уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

9

Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары gov.еgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде нашар көретін адамдар үшін нұсқасына қолжетімді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары gov.еgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады