Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22004 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 26), 40-2) және 40-4) тармақшаларына, 19-бабының 1) және 2) тармақшаларына және 20, 21 және 22-баптарына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.11.2022 № ҚР ДСМ-126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату қағидалары;

      5) осы бұйрыққа 4-1-қосымшаға сәйкес "Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.11.2022 № ҚР ДСМ-126 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына
1-қосымша

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.02.2023 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 19-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 20-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және эпидемиялық мәні жоғары объектінің және қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру, қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату бойынша тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама – органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, иммундық-биологиялық, молекулалық-генетикалық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеулердің, электрмагниттік өрістер мен физикалық факторларды өлшеулердің, басқа да зерттеулер мен сынақтардың кешені, сондай-ақ жобалардың, өнімнің, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін бағалау мақсатында жобалардың сараптамасы;

      2) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін растайтын құжат;

      3) иондаушы сәулелену көзі (бұдан әрі – ИСК) – радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аппараттар немесе құрылғылар, сондай-ақ иондаушы сәуле шығаратын немесе шығаруға қабілетті электрофизикалық аппараттар немесе құрылғылар.

2-тарау. Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі

      3. "Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – объектінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

      4. Қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесі) келтірілген.

      Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (бұдан әрі – объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) алу үшін заңды немесе жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және берілетін объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды жібереді. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Объектінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы бұйрықпен бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру қағидаларына сәйкес "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметімен жиынтықта "бір өтініш" қағидаты бойынша (бұдан әрі – "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін қызмет) алуға болады.

      Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беруді растау туралы өтініш портал арқылы жіберіледі.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті келіп түскен күні тіркейді. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 4 (төрт) жұмыс күнде объектіге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі құжаттарының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. Оның нәтижелері бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісі ресімделеді.

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектіге тексеру жүргізгеннен кейін осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісінің және Объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) нысан бойынша объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны осындай алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға ол бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі туралы алдын ала хабардар етеді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы көрсетілетін қызмет аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушының хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде негіздеме беруге және алдын ала шешімге қарсылық білдіруге мүмкіндігі бар.

      Тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

      "Бір өтініш" қағидаты бойынша қызмет көрсету нәтижесі – санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды және объектіге есептік нөмір беру туралы растау не оны көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      11. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден дәлелді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анықтығын анықтау;

      2) ұсынылған деректер мен мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтердің Кодекстің 94-бабына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      12. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

3-тарау. Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі

      13. "Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

      14. Процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын жобаларға мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі) келтірілген.

      Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (бұдан әрі – жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 6-қосымшада көзделген нысан бойынша өтінішті және Жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтерді портал арқылы жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      17. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      18. Көрсетілетін қызметті алушы Жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектіге бармай-ақ 6 (алты) жұмыс күні ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді.

      19. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізгеннен кейін Жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) нысан бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны ресімдейді және береді.

      20. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны осындай алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға ол бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі туралы алдын ала хабардар етеді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы көрсетілетін қызмет аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушының хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде негіздеме беруге және алдын ала шешімге қарсылық білдіруге мүмкіндігі бар.

      Тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

      21. Жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден дәлелді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анықтығын анықтау;

      2) ұсынылған деректер мен мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтердің Кодекстің 94-бабына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      22. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      23. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

5-тарау. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтата тұру тәртібі

      24. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұру үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың орындалмауы негіз болып табылады.

      25. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұруды объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген көрсетілетін қызметті берушілер жүзеге асырады, ол халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган басшысының немесе ол болмаған кезде - оны алмастыратын адамның шешімімен ресімделеді.

      Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұру мерзімі бір айдан және алты айдан кем болмауы тиіс.

      26. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны тоқтата тұру туралы шешім шығарылған кезде көрсетілетін қызметті беруші шешім шығарылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шешімде көрсетілген мерзімге объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізеді.

      27. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтар жойылған кезде көрсетілетін қызметті алушы объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушіге объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтарды жою туралы өтініш беруге құқылы.

      28. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы бұзушылықтарды жою туралы өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тәртіппен бұзушылықтардың жойылуын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы бұзушылықтарды жою фактісін растаған кезде көрсетілетін қызметті беруші рұқсаттың қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылдайды, ол халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган басшысының немесе ол болмаған кезде – оны алмастыратын адамның шешімімен ресімделеді.

      29. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтарды жою фактісін растау негіз болып табылады.

      30. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыдан айыру "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – ӘҚБТ) көзделген тәртіппен соттың күшіне енген шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      31. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықты белгіленген мерзімде жоймау объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыдан айыру үшін негіз болып табылады.

      32. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыдан айыру туралы сот шешімі күшіне енген кезде көрсетілетін қызметті беруші күшіне енген сот шешімін алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жібереді.

      33. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу мынадай жағдайларда қосымша немесе қайталама зерттеулер (сынақтар) жүргізілмей жүзеге асырылады:

      1) құжаттағы қателерді (қателерді) анықтау;

      2) дара кәсіпкер – көрсетілетін қызметті алушыны қайта тіркеу, оның атауын немесе заңды мекенжайын өзгерту;

      3) көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның, өнімді дайындаушының атауын және (немесе) орналасқан жерін өзгерту;

      4) объектінің орналасқан жерінің мекенжайын физикалық ауыстырмай өзгерту.

      34. Осы Қағидалардың 33-тармағында көзделген жағдайларда рұқсатты қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туындаған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тиісті өзгерістер туралы растайтын құжаттармен бірге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес өтініш жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинетке" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 6-10 және 16-20-тармақтарында көзделген осыған ұқсас рәсімдерді жүзеге асырады.

      Оң қорытынды болған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдейді не теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімдерде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      35. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу бұрын берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жүргізіледі.

      36. Көрсетілетін қызметті беруші растайтын құжаттарды ұсынбаған немесе тиісінше ресімдемеген кезде осы Қағидалардың 33-тармағында көзделген негіздер бойынша бастамашылық жасалған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуден бас тартады.

      37. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган көрсетілетін қызметті берушіден күшіне енген сот шешімін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды, ол халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган басшысының немесе ол болмаған кезде – оны алмастыратын адамның шешімімен ресімделеді.

      38. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтату үшін негіз болып табылады:

      1) объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыдан айыру;

      2) рұқсат беру тәртібінің күшін жою;

      3) заңды тұлғаның қызметін тоқтату, тарату;

      4) көрсетілетін қызметті алушының объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтату туралы ерікті өтініші;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.

      Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуы тоқтатылған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушы объектілерге жүзеге асыруға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілген қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.

  Санитариялық-эпидемиологиялық
қорытындыларды беру бойынша
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің негізгі талаптарының тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері

"электрондық үкімет": www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

13 (он үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Төлемнің мөлшері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда: (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

- осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
- осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесі.
Аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының мерзімі 1 жылды құрайды.
Аккредиттелген зертханалар жүргізген өлшемдер хаттамаларының қолданылу мерзімі 3 жылды құрайды.

9

Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабының сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары gov.еgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі бар.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде нашар көретін адамдар үшін нұсқасына қолжетімді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары gov.еgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметімен бірге "бір өтініш" қағидаты бойынша алуға болады.

  Санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындыларды беру бойынша
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
басшының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
___________________________
мемлекеттік органның атауы
_________________________
___________________________
өтініш иесінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
___________________________
___________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/
бизнес сәйкестендіру нөмірі
___________________________
өтініш иесінің мекенжайы
____________________________
___________________________
өтініш иесінің байланыс
телефоны

Өтініш

      Сізден ______________________________________________________________

      (аудан, көше, үй, пәтер)

      _________________________________________________________________ ________

      бойынша орналасқан

      _________________________________________________________________________

      объектінің нысаналы мақсаты

      _________________________________________________________________________

      тексеруді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      қолы,күні, айы, жылы

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері): 1.2.

  Санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындыларды беру бойынша
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
____________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
басшысының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
____________________________
өтініш иесінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
____________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/
бизнес сәйкестендіру нөмірі
____________________________
өтініш иесінің мекенжайы
____________________________
өтініш иесінің байланыс
телефоны

Өтініш

      Сізден _________________________________________________________

      (аудан, көше, үй, пәтер)

      __________________________________________________________________

      бойынша орналасқан ________________________________________________________

      объектінің нысаналы мақсаты ________________________________________________

      тексеруді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беруді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      қолы, күні, айы, жылы

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері): 1.2.

  Санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындыларды беру бойынша
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
Форма
А4 Форматы
Формат А4

Санитариялық-эпидемиологиялық тексеріп-қарау АКТІСІ АКТ Санитарно-эпидемиологического обследования №__________

      Мен (Біз) (Мною Нами) _____________________________________________________

      лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.), (должность фамилия, имя, отчество (далее – Ф.И.О)

      __________________________________________________________________________

      мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының атауы,

      наименование органа государственного санитарно-эпидемиологического надзора),

      мыналардың: (с участием)

      __________________________________________________________________________

      тексеруге қатысқан басқа мамандарды көрсетіңіз

      (указать других специалистов, участвовавших в обследовании)

      _________________________________________ қатысуымен мамандар болғанда:

      (в присутствии)

      лауазымды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға (должность, Ф.И.О должностного лица или индивидуального предпринимателя ______________________________________________________

      басшысының лауазымы, Т.А.Ә. немесе жеке тұлғаның, лауазымы, Т.А.Ә./Ф.И.О. руководителя юридического лица или Ф.И.О. физического лица ______________________________________________

      __________________________________________________________________________

      нысанның, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы (наименование объекта, юридического лица или индивидуального предпринимателя) ____________________________ тексеру жүргізілді (проведено обследование).

      __________________________________________________________тексеру түрін көрсету (указать вид обследования)

      (начато) 20___ жылғы (года) "__"_________ __ сағат (часов) __ минутта (минут) басталды.

      Тексеру кезінде мыналар анықталды (при обследовании установлено):______________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Қорытынды (Заключение): __________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтердің (указать пункты нарушения требований санитарных правил)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптары бұзылған тармақтарды көрсетіңіз/гигиенических нормативов и иных нормативных правовых актов) __________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Қолдары (подписи) ________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының лауазымды тұлғасы (должностное лицо государственного органа санитарно-эпидемиологического надзора _______________________________________________________________________________

      басқа да қатысқан мамандар, куәгерлер/ участвовавшие другие специалисты, свидетели)

      Тексеру кезінде болдым және актінің данасын алдым (при обследовании присутствовал, и экземпляр акта получил)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      заңды тұлға өкілінің немесе жеке кәсіпкердің немесе лауазымды тұлғаның лауазымы және Т.А.Ә. (должность и Ф.И.О. представителя юридического лица или должностного лица или индивидуального предпринимателя) _____________________________________________

      Қол қоюдан бас тарту туралы белгі (отметка об отказе от подписи лица) _____________

      (окончено) 20 __ жылғы (года) "___"_______ ___ сағат (часов) ___ минутта (минут) аяқталды.

      Акт (акт составлен в) _____ данада жасалды (экземплярах)

      "___" _______ 20___жыл (год)

  Санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындыларды беру бойынша
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
5-қосымша

"Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы:
"Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділерінің нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу
Санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғаныш аймақтарының нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу
Шикізат пен өнімге нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері

барлық кіші түрлері бойынша:
"электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы: www. egov. kz (бұдан әрі-портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

барлық кіші түрлері бойынша:
10 (он) жұмыс күні.

4

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны

барлық кіші түрлері бойынша:
электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Төлемнің мөлшері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызмет берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Кіші түрлері бойынша рұқсат беру үшін:
1) қоршаған ортаға шекті жол берілетін шығарындылардың, зиянды заттардың, физикалық факторлардың шекті жол берілетін төгінділерінің нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:
осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
қоршаған ортаға зиянды заттардың, физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары, шекті жол берілетін төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі;
2) санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғау аймақтарының нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:
осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
санитариялық күзет аймағының, санитариялық-қорғау аймақтарының нормативтік құжаттамасы жобасының электрондық көшірмесі (есептік (алдын ала), белгіленген(түпкілікті) белгілеу бойынша);
3) шикізат пен өнімге нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:
осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
шикізат пен өнімге арналған нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

9

Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен мәліметтердің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары gov.еgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде нашар көретін адамдар үшін нұсқасына қолжетімді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары gov.еgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Мемлекеттік қызметті "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беру" мемлекеттік қызметімен бірге "бір өтініш" қағидаты бойынша алуға болады.

  Санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындыларды беру бойынша
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

  ____________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
басшысының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
____________________________
өтініш иесінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
____________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/
бизнес сәйкестендіру нөмірі
____________________________
өтініш иесінің мекенжайы
____________________________
өтініш иесінің байланыс
телефоны

Өтініш

      Сізден ______________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (жобаның атауы)

      жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуді және

      санитариялық- эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері): 1.2. Қолы, күні, айы, жылы

  Санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындыларды беру бойынша
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

  ___________________________
басшысының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
____________________________
мемлекеттік органның атауы
_________________________
өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
____________________________
бизнес сәйкестендіру нөмірі
____________________________
өтініш иесінің мекенжайы
___________________________
өтініш иесінің байланыс
телефоны

Өтініш

      Сізден _______________________________________санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуді, қолданылуын тоқтатуды сұраймын (қажетінің астын сызу керек) ________________________________________________________________________________

      аудан, көше, үй, пәтер мекенжайында орналасқан объектінің атауы, жобаның атауы (қажетінің астын сызу)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері): 1. 2. Қолы, күні, айы, жылы

  Санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындыларды беру бойынша
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
8-қосымша

Cанитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулер (сынақтар)

Зерттеулер (сынақтар) түрлері

Өлшеулер немесе сынама алу орны

1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

Барлық топтардың киініп-шешінетін орны, ойын бөлмесі, жатын бөлмелері, музыкалық (спорттық) кабинеттер, медициналық үй-жайлар, изолятор, бассейндер (бар болса)

Суды зерттеу:


1) орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде су құбыры жүйесінен алынатын су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер)

су тарату крандары - ғимаратта, ас блогында (бөлек блокта орналасқан кезде)

2) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде жергілікті сумен жабдықтау көздерінен алынатын ауыз су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулер)

құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату крандары

3) бар болған жағдайда жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан алынатын су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер)

екі жерде – бассейн ваннасының тайыз және терең бөліктерінде су айдыны бетінен 25-30 сантиметр (бұдан әрі – см) тереңдікте, сүзгіден кейінгі су

4) әкелінетін сумен жабдықтау кезінде ауыз су

Суды сақтауға арналған ыдыстар

Электромагниттік өрістің, электростатикалық өрістің кернеулігі

компьютерлік және мультимедиялық сыныптар (кабинеттер)

Жасанды жарықтандыру деңгейі

Ойын үй-жайлары, оқу кабинеттері, музыка, спорт залы, медициналық үй-жайлар

2. Білім беру және тәрбиелеу объектілері, білім алушылар мен тәрбиеленушілер тұратын орындар:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

Қабылдау бөлмелері, жатын бөлмелер, оқу үй-жайлары, шеберханалар, спорт және музыка залдары, медициналық кабинеттер, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар, компьютерлік сыныптар

Суды зерттеу:


1) орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде су құбырлары жүйесінен алынатын су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер)

су тарату крандары – ғимаратта, ас блогында (бөлек блокта орналасқан кезде)

2) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде жергілікті сумен жабдықтау көздерінен алынатын ауыз су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулер)

құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату крандары

3) бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулерге су

жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан (бар болса)

4) вода питьевая при привозном водоснабжении

Суды сақтауға арналған сыйымдылықтар

Физикалық факторларды зерттеу:


1) электромагниттік және электростатикалық өрістердің кернеуі, шу

компьютерлік және мультимедиялық сыныптар, кабинеттер (жұмыс орындарында)

2) жасанды жарықтандыру деңгейі

оқу үй-жайлары, зертханалар, шеберханалар, өзін-өзі дайындау бөлмелері, оқу залы, медициналық кабинет

3. Балалардың сауықтыру, санаториялық, сауықтыру объектілері, демалыс базалары, орындары:

Бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеулерге жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынатын ауыз су

ас блоктары

Бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеулерге жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынатын ауыз су

жабық жүзу бассейндері, ванналар, жағажайлар (бар болса)

паразитологиялық, бактериологиялық көрсеткіштерге

топырақ, құм

Микроклиматты зерттеу: температура (жылыту кезеңінде), салыстырмалы ылғалдылық

Жатын бөлмелер, оқу үй-жайлары, кітапхана, мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен демалуға арналған үй-жайлар, компьютерлік сыныптар, қызметтік-тұрмыстық, кір жуатын бөлме, асхана залы, буфет, физиотерапиялық кабинет, массаж кабинеті, медициналық үй-жай, спортзал, секциялық сабақтар өткізуге арналған бөлме, рекреация, вестибюль, киініп-шешінетін орын, ас үй, спорт залының киім ауыстыратын бөлмесі, үй-жайлар бассейн ваннасынан, себезгі (бар болса)

жасанды жарықтандыру деңгейі

Оқу, ойын бөлмелері мен үйірме бөлмелері, жатын бөлмелері, дене шынықтыру және бассейн залы, демалыс

Микробиологиялық, физика-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық көрсеткіштер

Емдік балшық (бар болса)

4. Балалардың сүт асүйлері:

Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

су тарату крандары – ғимаратта (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде);
құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары

5. Қоғамдық тамақтану объектілері, борттық тамақтану объектілері, көліктегі (теміржол, әуе, су және автомобиль):

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы (жылдың салқын кезеңінде)

өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары

Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

су тарату крандары - ғимаратта (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

Тоңазытқыш және технологиялық жабдықтар жұмыс істеген кезде желдету жабдығынан болатын шу (кіріктіріліп-жапсарлас салынған үй-жайларда)

желдету қондырғылары, жабдықтары орналасқан жерлерде

Жарықтандыруды өлшеу

өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары, келушілерге арналған зал

6. Тамақ өнімдерін өндіру, өңдеу объектілері:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы (жылдың суық кезеңінде)

өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары

Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

су тарату крандары – ғимаратта (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

(тұрғын ғимараттарда, кіріктірілген-жапсарлас үй-жайларда) тоңазытқыш және технологиялық жабдықтың жұмысы кезінде желдету жабдығынан шу

желдету қондырғыларын, жабдықтарды орналастыру орындары

7. Денсаулық сақтау объектілері:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

Ерекше режимдегі үй-жайлар: операциялық, емшара бөлмесі, манипуляциялық, стерилдеу бөлімшелері, жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар, босандырудан кейінгі палаталар, бокстар, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталары

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

су тарату крандары – ғимаратта (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

Жарықтандыруды өлшеу

Ерекше режимдегі үй-жайлар: операциялық, емшара, манипуляциялық, бейінді мамандардың қабылдау кабинеттері (офтальмолог, хирург, акушер-гинеколог, травматолог, стоматолог), жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталар, қан дайындау үй-жайлары

Шу деңгейі

операциялық үй-жайлар

Электрлік және магниттік өрістерді өлшеу

физиотерапиялық, диагностикалық кабинеттердегі жұмыс орындарында

Дозиметриялық өлшеулер

иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде жұмыс орындары, аралас үй-жайлар мен аумақ

8. Дәрілік заттарды дайындау объектілері:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

ассистенттік, дәріханалық ыдысты стерилдеу, дистилляциялау, өлшеп-орау орындары, асептикалық жағдайларда дәрілік нысандарды дайындау үй-жайлары, сақтау үй-жайлары

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

су тарату крандары – ғимаратта

Жарықтандыруды өлшеу

ассистенттік, дәріханалық ыдысты стерилдеу, дистилляциялау, өлшеп-орау орындары, асептикалық жағдайларда дәрілік нысандарды дайындау үй-жайлары, сақтау үй-жайлары

9. Тері және шырышты қабаттары бұзылған қызметтер көрсететін емдеу-косметологиялық объектілер, сұлулық салондары, косметологиялық орталықтар, оның ішінде татуировка және татуировка бойынша қызметтер:

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге зерттеу

су тарату крандары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде).

Жарықтандыруды өлшеу

жұмыс орындары

Электромагниттік өрістер деңгейі

солярий (бар болса)

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

жұмыс орындары

10. Өндірістік объектілер:

Микроклимат параметрлерін зерттеу

жұмыс орындары

Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеу

физикалық факторлар көзі болған кезде жұмыс орындары

Дозиметриялық өлшеулер

иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеген кезде жұмыс орындары

Жұмыс аймағы ауасының параметрлерін зерттеу

жұмыс орындары (зиянды химиялық заттардың көздері болған кезде)

11. Радиотехникалық объектілер:

Электромагниттік өрістер деңгейі

өндірістік үй-жайлар, санитариялық- қорғаныш аймағының шекарасы, құрылысты шектеу аймағы

12. Радиациялық-қауіпті объектілер:

Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеу

физикалық факторлар көзі болған кезде жұмыс орындары

Дозиметриялық өлшеулер

жұмыс орындары, жапсарлас үй-жайлар, ұйымның аумағы

13. Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар мен көлік құралдары (теміржол, су, әуе):

Микроклимат параметрлерін зерттеу (температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы)

жұмыс және жолаушылар орындары

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

конструкциясында сумен жабдықтау жүйесі көзделген көлік құралдары үшін

Физикалық факторлардың параметрлерін (шу, діріл) және иондаушы емес сәулеленуді зерттеу
физика факторлары және иондалмағансәулелену параметрлерін зерттеу

жұмыс және жолаушылар орындары

Көлік құралдары үй-жайларының ауасындағы зиянды заттарды зерттеу

жұмыс және жолаушылар орындары

Жарықтандыруды өлшеу

жұмыс және жолаушылар орындары

14. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау объектілері:

Суды зерттеу: бактериологиялық, санитариялық-химиялық және парзитологиялық зерттеулер

су алу нүктелері

Жер үсті көздеріне арналған паразитологиялық көрсеткіштерге суды зерттеу

су алу нүктелері

Суды радиологиялық зерттеу

сумен жабдықтаудың жаңа көздері үшін

15. Су объектілері (мәдени-тұрмыстық мақсаттағы), демалыс орындары:

Суды зерттеу: бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер

пайдалану орындары

Топырақты паразитологиялық зерттеулер

жағажайлар (бар болса)

16. Тамақ өнімдерін көтерме сақтау және (немесе) өткізу объектілері, химиялық заттар мен өнімдерді, агрохимикаттар мен пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалар, вакциналар мен иммунологиялық (иммундық-биологиялық) дәрілік препараттарды сақтау және тасымалдау объектілері

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

қойма үй-жайлары, жұмыс орындары

Жарықтандыруды өлшеу

жұмыс орындары

Тұрғын ғимараттарда және өзге мақсаттағы ғимараттарда орналасқан объектілер үшін шу мен дірілді өлшеу

жұмыс істеп тұрған жабдықтан, оның ішінде желдеткіш жабдықтан

Электромагниттік және сәулеленудің өзге де түрлерін зерттеу

физикалық факторлар көзі болған кезде жұмыс орындары

Зиянды заттардың құрамына жұмыс аймағының ауасын зерттеу (өнеркәсіптік үлгідегі тоңазытқыш жабдықтарын пайдаланатын объектілер үшін)

жұмыс орындары

17. Вахталық кенттер:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

тұрғын бөлмелер, демалуға арналған үй-жайлар

Жарықтандыруды өлшеу

тұрғын бөлмелер, демалуға арналған үй-жайлар

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

су тарату крандары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

18. Патогендігі I-IV топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істейтін зертханалар:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

зерттеуге арналған үй-жайлар, жұмыс орындары

Жарықтандыруды өлшеу

жұмыс орындары

Шу мен дірілді өлшеу

жұмыс істеп тұрған жабдықтан, оның ішінде желдеткіш жабдықтан

19. Спорттық- сауықтыру мақсатындағы объектілер, бассейндер, моншалар, сауналар

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

су тарату крандары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеу

жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан (бар болса)

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, 1 сағаттық ауа алмасу жиілігі

Вестибюль, киім ілетін орын, киініп-шешінетін бөлме, жуынатын бөлме, себезгі, булау бөлмесі, массаж бөлмесі, қызметкерлерге арналған тұрмыстық үй-жайлар

20. Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектілері, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, жемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) буып-түю жөніндегі жұмыс жүзеге асырылатын объектілер

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

қойма үй-жайлары, жұмыс орындары

Жарықтандыруды өлшеу

жұмыс орындары

Тұрғын ғимараттарда және өзге мақсаттағы ғимараттарда орналасқан объектілер үшін шу мен дірілді өлшеу

жұмыс істеп тұрған жабдықтан, оның ішінде желдеткіш жабдықтан

Электромагниттік және сәулеленудің өзге де түрлерін зерттеу

физикалық факторлардың көзі болған жағдайда жұмыс орындары

Зиянды заттардың құрамына жұмыс аймағының ауасын зерттеу (өнеркәсіптік үлгідегі тоңазытқыш жабдықтарын пайдаланатын объектілер үшін)

жұмыс орындары

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына
2-қосымша

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.02.2023 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 26-тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірлерді беру және олардың тізілімін жүргізу тәртібін (бұдан әрі – тізілім) айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аумақтық бөлімше – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері;

      2) есепке алу нөмірі – тамақ өнімін өндіру обектісінің қызмет түрін және нөмірін қамтитын код;

      3) өндіріс субъектісі – тамақ өнімін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

      3. Тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірі тамақ өнімін өндіру объектісі (бұдан әрі – өндіріс объектісі) қызметінің барлық кезеңіне беріледі.

      4. Есепке алу нөмірін беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өндіріс обектісінің қызмет түрін және нөмірін (бұдан әрі – нөмір) қамтитын кодқа сәйкес жүзеге асырылады.

      Қызмет түрін қамтитын код өндіріс объектісінің қызмет түрінің әріптік символынан тұрады.

      Нөмір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік кодынан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өндіріс объектісінің реттік нөмірінен тұрады.

      Өндіріс объектісінің реттік нөмірі аумақтық бөлімшеде есепке алу нөмірін беруге өтініштің тіркеу кезектілігіне сәйкес айқындалады.

      5. Есепке алу нөмірін аумақтық бөлімшелер береді.

      6. Есепке алу нөмірін беру өндіріс объектісі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес болған жағдайда жүзеге асырылады.

2-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру және олардың тізілімін жүргізу тәртібі

      7. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

      8. Қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті беру ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген.

      Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растауды алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды портал арқылы жібереді.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды объектілерге тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      13. Ұсынылған құжаттар сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген рәсімдер аяқталған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есептік нөмір беру туралы растауды ресімдейді және береді.

      Ұсынылған құжаттар және мәліметтер сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны дайындайды және жібереді.

      Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы алдын ала шешім қабылданған күннен бастап кемінде 3 (үш) жұмыс жұмыс күні бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде алдын ала шешімге қарсы пікір ұсынуға немесе айтуға құқылы.

      Тыңдау жүргізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растауды ресімдейді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.

      14. Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі істен шыққан кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ведомство мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      15. Өндіріс объектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері, өндіріс субъектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері өзгерген жағдайда осы Қағидаларға сәйкес есепке алу нөмірін беру рәсімі қайта жүргізіледі.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Заңның 25-бабының 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

3-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру және оның тізілімін жүргізу тәртібі

      17. Тізілімді ведомство осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.

      18. Ведомство растаудың алынған көшірмесінің негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде өндіріс объектісін Ведомстваның gov.egov.kz. интернет-ресурсында орналастырылатын тізілімге енгізеді.

      19. Аумақтық бөлімше өндіріс субъектісі ұсынған өндіріс объектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері, өндіріс субъектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері өзгергені туралы не қызметтің тоқтатылғаны немесе таратылғаны туралы мәліметтердің (бұдан әрі – мәліметтер) негізінде жазбаша ақпаратты мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ведомствоға жібереді.

      20. Тізілімге өзгерістерді ведомство аумақтық бөлімшеден келіп түскен жазбаша ақпарат негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде енгізеді.

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мемлекеттік бақылау мен
қадағалауға жататын тамақ
өнімін өндіру объектілеріне
есепке алу нөмірлерін беру және
олардың тізілімін жүргізу
қағидаларына
1-қосымша

Есепке алу нөмірін беру үшін өндіріс объектілерінің қызмет түрлерінің кодтары

Қызмет түрі

Код

1

Балалар сүт асүйлері

A

2

Сүт өңдеу объектілері

В

3

Ұн тарту объектілері

C

4

Ет өңдеу объектілері

D

5

Жеміс өңдеу объектілері

E

6

Құс өңдеу объектілері

F

7

Балық өңдеу объектілері

G

8

Тамақ өнімдерін өндіретін, өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтандыру объектілері

H

9

Май өнімдерін өндіру объектілері

I

10

Кондитерлік өнімдерді өндіру объектілері

J

11

Макарон өнімдерін өндіру объектілері

K

12

Алкоголь өнімін өндіру объектілері

L

13

Алкогольсіз өнімді, ыдыстарға өлшеп-құйылған ауыз суды өндіру объектілері

M

14

Өсімдіктен алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу объектілері

N

15

Арнайы тамақ өнімдерін және тамақ өнімдерінің өзге де топтарын өндіру объектілері

O

16

Чипсілерді, кептірілген нанды, жүгері таяқшаларын, казинакилерді, шемішкелерді, құрғақ таңертеңгілік асты, слайстарды, қант мақталарын, поп-корн, қуырылған жаңғақтарды өндіру объектілері

P

17

Тамақ концентраттарын және тамақ қышқылдарын өндіру объектілері

Q

18

Тағамдық және йодталған тұздарды өндіру объектілері

R

19

Қант өндіру объектілері

S

20

Нан және нан-тоқаш өнімдерін пісіру объектілері

U

21

Крахмалды-сірнелі өнімдерді, крахмал өндіру объектілері

V

22

Басқалар

W

Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) литерлік коды

код

Атауы

1

01

Астана қ.

2

0101

Алматы

3

0102

Байқоңыр

4

0103

Есіл

5

0104

Сарыарқа

6

02

Алматы қ.

7

0201

Алатау

8

0202

Алмалы

9

0203

Әуезов

10

0204

Бостандық

11

0205

Жетісу

12

0206

Медеу

13

0207

Наурызбай

14

0208

Түрксіб

15

03

Акмола обласы

16

0301

Ақкөл

17

0302

Аршалы

18

0303

Астрахан

19

0304

Атбасар

20

0305

Бұланды

21

0306

Көкшетау қ.

22

0307

Степногор қ.

23

0308

Егіндікөл

24

0309

Біржан сал

25

0310

Ерейментау

26

0311

Есіл

27

0312

Жақсы

28

0313

Жарқайың

29

0314

Зеренді

30

0315

Қорғалжын

31

0316

Сандықтау

32

0317

Целиноград

33

0318

Шортанды

34

0319

Бурабай

35

0320

Қосшы қ.

36

04

Актюбинская область

37

0401

Әйтеке би

38

0402

Алға

39

0403

Байғанин

40

0404

Ақтөбе қ.

41

0405

Ырғыз

42

0406

Қарғалы

43

0407

Мәртөк

44

0408

Мұғалжар

45

0409

Темір

46

0410

Ойыл

47

0411

Қобда

48

0412

Хромтау

49

0413

Шалқар

50

05

Алматы облысы

51

0501

Балқаш

52

0502

Еңбекші қазақ

53

0503

Жамбыл

54

0504

Іле

55

0505

Қарасай

56

0506

Райымбек

57

0507

Кеген

58

0508

Талғар

59

0509

Ұйғыр

60

0510

Қонаев қ.

61

06

Атырау облысы

62

0601

Атырау қ.

63

0602

Жылыой

64

0603

Индер

65

0604

Исатай

66

0605

Қызылқоға

67

0606

Құрманғазы

68

0607

Мақат

69

0608

Махамбет

70

07

Батыс Қазақстан облысы

71

0701

Ақжайық

72

0702

Бекейорда

73

0703

Бөрілі

74

0704

Жаңақала

75

0705

Жәнібек

76

0706

Бәйтерек

77

0707

Казталов

78

0708

Қаратөбе

79

0709

Сырым

80

0710

Тасқала

81

0711

Теректі

82

0712

Шыңғырлау

83

0713

Орал қ.

84

08

Жамбыл облысы

85

0801

Байзақ

86

0802

Жамбыл

87

0803

Жуалы

88

0804

Қордай

89

0805

Мерке

90

0806

Мойынқұм

91

0807

Т. Рысқұлов ауданы

92

0808

Сарысу

93

0809

Талас

94

0810

Шу

95

0811

Тараз қ.

96

09

Қарағанды облысы

97

0901

Абай

98

0902

Ақтоғай

99

0903

Бұхар-Жырау

100

0904

Қарқаралы

101

0905

Нұра

102

0906

Осакаров

103

0907

Шет

104

0908

Қарағанды қ.

105

0909

Балқаш қ.

106

0910

Приозерск қ.

107

0911

Саран қ.

108

0912

Теміртау қ.

109

0913

Шахтинск қ.

110

10

Қостанай облысы

111

1001

Алтынсарин

112

1002

Аманкелді

113

1003

Әулиекөл

114

1004

Денисов

115

1005

Жангелдин

116

1006

Жітіқара

117

1007

Қамысты

118

1008

Қарабалық

119

1009

Қарасу

120

1010

Қостанай

121

1011

Меңдіқара

122

1012

Науырзым

123

1013

Сарыкөл

124

1014

Бейімбет Майлин

125

1015

Ұзынкөл

126

1016

Федоров

127

1017

Қостанай қ.

128

1018

Арқалық қ.

129

1019

Лисаковск қ.

130

1020

Рудный қ.

131

11

Қызылорда облысы

132

1101

Арал

133

1102

Қазалы

134

1103

Қармақшы

135

1104

Жалағаш

136

1105

Сырдария

137

1106

Шиелі

138

1107

Жаңақорған

139

1108

Қызылорда қ.

140

1109

Байқоңыр қ.

141

12

Маңғыстау облысы

142

1201

Бейнеу

143

1202

Қарақия

144

1203

Маңғыстау

145

1204

Түпқараған

146

1205

Ақтау қ.

147

1206

Жаңаөзен қ.

148

1207

Мұнайлы

149

13

Түркістан облысы

150

1301

Арыс

151

1302

Бәйдібек

152

1303

Жетісай

153

1304

Келес

154

1305

Қазығұрт

155

1306

Мақтаарал

156

1307

Ордабасы

157

1308

Отырар

158

1309

Сайрам

159

1310

Сарыағаш

160

1311

Созақ

161

1312

Төлеби

162

1313

Түлкібас

163

1314

Шардара

164

1315

Арыс қ.

165

1316

Түркістан қ.

166

1317

Кентау қ.

167

14

Павлодар облысы

168

1401

Павлодар қ.

169

1402

Ақсу қ.

170

1403

Екібастұз қ.

171

1404

Ақтоғай

172

1405

Баянауыл

173

1406

Железин

174

1407

Ертіс

175

1408

Тереңкөл

176

1409

Аққулы

177

1410

Май

178

1411

Павлодар

179

1412

Успен

180

1413

Шарбақты

181

15

Солтүстік Қазақстан облысы

182

1501

Айыртау

183

1502

Ақжар

184

1503

Аққайың

185

1504

Есіл

186

1505

Жамбыл

187

1506

М. Жұмабаев

188

1507

Қызылжар

189

1508

Мамлют

190

1509

Ғ. Мүсірепов

191

1510

Тайынша

192

1511

Тимирязев

193

1512

Уәлиханов

194

1513

Шал ақын

195

1514

Петропавл қ.

196

16

Шығыс Қазақстан облысы

197

1601

Өскемен қ.

198

1602

Самар

199

1603

Шемонаиха

200

1604

Күршім

201

1605

Тарбағатай

202

1606

Ұлан

203

1607

Алтай

204

1608

Зайсан

205

1609

Катон-Қарағай

206

1610

Глубокое

207

1611

Риддер қ.

208

17

Шымкент қ.

209

1701

Абай

210

1702

Әл-Фараби

211

1703

Еңбекші

212

1704

Қаратау

213

18

Абай облысы

214

1801

Семей қ.

215

1802

Курчатов қ.

216

1803

Абай

217

1804

Аякөз

218

1805

Бесқарагай

219

1806

Бородулиха

220

1807

Жарма

221

1808

Көкпекті

222

1809

Үржар

223

1810

Ақсуат

224

19

Жетісу облысы

225

1901

Аксу

226

1902

Алакөл

227

1903

Ескелді

228

1904

Қаратал

229

1905

Кербұлақ

230

1906

Көксу

231

1907

Панфилов

232

1908

Сарқан

233

1909

Талдықорган қ.

234

1910

Текелі қ.

235

20

Ұлытау облысы

236

2001

Жаңаарқа

237

2002

Ұлытау

238

2003

Жезқазган қ.

239

2004

Қаражал қ.

240

2005

Сәтпаев қ.

      Ескертпе:

      Есепке алу нөмірі символдардан тұрады және мынадай құрылымы болады:

      бірінші символ – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды;

      екінші символ – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;

      үшінші символ– өндіріс объектісінің қызмет түрінің коды;

      төртінші символ – өндіріс объектісінің реттік нөмірі.

      Мысалы: С.01.O.210

      01 – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды;

      01 – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;

      O – өндіріс объектісінің қызмет түрі;

      210 – өндіріс объектісінің реттік нөмірі.

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мемлекеттік бақылау мен
қадағалауға жататын тамақ
өнімін өндіру объектілеріне
есепке алу нөмірлерін беру және
олардың тізілімін жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері

"электрондық үкімет" веб-порталы: www. egov. kz (бұдан әрі – портал) арқылы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ "бір ғимарат" қағидаты бойынша көрсетілетін

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің өндірісі объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растау не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Төлем мөлшері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда: (жөндеужұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

- осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталған электрондық құжат түріндегі өтініш;
- өндірілетін тамақ өнімі тізбесінің электрондық көшірмесі;
- эпидемиялық маңызы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының және (немесе) эпидемиялық мәні елеусіз объектінің қызметі (пайдалану) басталғаны туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама).
Санитариялық-эпидемиологиялық қортындылар туралы және хабарламалар туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы сәйкес келетін мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) ұсынылған объектінің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабына сәйкес бекітлген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен белгіленген талаптарға сәйкес еместігі.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда ескере отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары gov.еgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі болады.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде нашар көретін адамдарға арналған нұсқаға қолжетімді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: gov.еgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мемлекеттік бақылау мен
қадағалауға жататын тамақ
өнімін өндіру объектілеріне
есепке алу нөмірлерін беру және
олардың тізілімін жүргізу
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

  ____________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
басшысының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
____________________________
өтініш иесінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
____________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/
бизнес сәйкестендіру нөмірі
____________________________
өтініш иесінің мекенжайы
____________________________
өтініш иесінің байланыс
телефоны

Өтініш

      Сізден __________________________________________________________________

      (аудан, көше, үй, пәтер)

      __________________________________________________________________________

      бойынша орналасқан ________________________________________________________

                              (объектінің атауы)

      ____________________________________________________________________

      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беруді сұраймын.

      Қызмет түрі ________________________________________

      Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының нөмірі _______________________

      Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілген күн______________________________________

      Қосымша:_________________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қолы, күні, айы, жылы

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мемлекеттік бақылау мен
қадағалауға жататын тамақ
өнімін өндіру объектілеріне
есепке алу нөмірлерін беру және
олардың тізілімін жүргізу
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан/Форма

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есептік нөмір беру туралы растау/Подтверждение о присвоении учетного номера объекту производства пищевой продукции, подлежащего государственному контролю и надзору в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения

      Осы растау/Настоящее подтверждение выдано _________________________________

      __________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса), заңды

      __________________________________________________________________________

      тұлғаның аты / фамилия, имя, отчество (при наличии)

      физического __________________________________________________________ лица,

      наименование юридического лица

      __________________________________________________________________________

      бойынша қызметті жүзеге асырушы/осуществляющему деятельность по

      __________________________________________________________________________

      (қызмет түpiн көрсету/указать вид деятельности)

      __________________________________________________________________________

      тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне (атауын көрсету)/объект производства

      (изготовления) пищевой продукции (указать наименование)

      __________________________________________________________________________

      мекенжайы бойынша орналасқан (мекенжайын көрсету)/

      расположенного _________________________________________________ по адресу

      (указать адрес)

      20____ жылғы "___" ________ № ____ есептік нөмір берілгендігі жөнінде берілді/

      в том, что присвоен учетный номер ____ от "__" _____ 20__ года.

      Басшы/Руководитель ______________________________ ________________________

      (тегі аты, әкесінің аты (болған кезде)/фамилия, (қолы /подпись) имя, отчество (при наличии))

      Мөрдің орны/Место печати "___" _______ 20____ ж./г.

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мемлекеттік бақылау мен
қадағалауға жататын тамақ
өнімін өндіру объектілеріне
есепке алу нөмірлерін беру
қағидаларына
5-қосымша

Өндіріс өбъектілерінің есепке алу нөмірлерінің тізілімі

Р/с №

Өндіріс объектісінің атауы

Жеке тұлғаның/ заңды тұлғаның атауы

Өндіріс объектісінің орналасқан орны

Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісінің есепке алу нөмірі

Берілген күні

Өзге мәліметтер*

1

2

3

4

5

6

7















      Ескертпе: * өндіріс объектісі атауының және (немесе) орналасқан орнының, өндіріс субъектісінің атауы және (немесе орналасқан орны туралы, өндіріс субъектісінің қызметі тоқтатылғаны немесе таратылғаны туралы мәліметтер көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына
3-қосымша

Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.02.2023 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 22-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру және оның қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, қолданылуын тоқтату тәртібін айқындайды.

      2. Өнімді мемлекеттік тіркеуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомства) жүзеге асырады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) зерттеу (сынақ) хаттамасы – бақылаудағы тауарды зерттеу (сынау), қолданылатын әдістемелер, құралдар және зерттеу (сынау) жағдайлары, олардың нәтижелері туралы қажетті мәліметтерді қамтитын, белгіленген тәртіппен рәсімделген құжат;

      2) өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі – өнімнің (тауарлардың) ЕАЭО ТР немесе БСЭГТ-ге сәйкестігін куәландыратын және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бірыңғай нысан бойынша беретін өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжат;

      3) мемлекеттік тіркеу – өнімнің Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға (бұдан әрі – БСЭГТ) немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (бұдан әрі – ЕАЭО ТР) талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі.

      4. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті бере отырып, мемлекеттік тіркеу Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) аумағында оны өндіріске қою кезеңінде, ЕАЭО аумағына алғаш рет әкелінетін өнім үшін оны ЕАЭО аумағына әкелгенге дейін жүзеге асырылады.

      5. Өнімді мемлекеттік тіркеуге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен ЕАЭО шешімдерімен айқындалатын өнім жатады.

2-тарау. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру, қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату тәртібі

      6. "Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші):

      1) "электрондық үкімет": www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік емес акционерлік қоғамы арқылы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетеді.

      Өнімнің мемлекеттік тіркеу куәлігін ауыстыру (қайта рәсімдеу) немесе қолданылуын тоқтату Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

      7. Қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті беру ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген.

      Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті беруші арқылы алу үшін ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағында оның заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға немесе дайындаушы немесе сатушы (импорттаушы) не уәкілетті дайындаушы адам болып табылатын дара кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Мемлекеттік корпорация арқылы немесе портал арқылы Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды жібереді.

      Өнімнің БСЭГТ сәйкестігін зерттеу (сынау) және өлшеу хаттамасының қолданылу мерзімі 1 жылды құрайды.

      8. Зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулерді қосымша немесе қайта жүргізбей өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін (оған қосымшаны) ауыстыру (қайта ресімдеу) мынадай:

      1) өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінде (оған қосымшада) қателер (қате жазуларды) анықталған;

      2) өтініш иесінің ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) өзгертілген;

      3) дайындаушының ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) өзгертілген;

      4) өнімге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актіні қабылдаған, мұндай актіні қабылдау гигиеналық қауіпсіздік көрсеткіштеріне, өнім құрамына, оның қолданылу саласына өзгерістер енгізуге әкеп соқтырмайтын;

      5) өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштеріне қатысы жоқ өнімнің қосымша нысандары мен көлемін, тұтыну қаптамасы түрлерін, тауар белгілерін көрсететін мәліметтермен, сондай-ақ халықтың жекелеген топтарының өнімнің белгілі бір түрлерін қолдануына көрсетілімдер (қарсы көрсетілімдер) туралы мәліметтермен және гигиеналық маңызы жоқ мәліметтермен толықтыру қажеттілігі болған жағдайларда жүзеге асырылады.

      Өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін (оған қосымшаны) ауыстырған (қайта ресімдеген) кезде көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және бұрын берілген өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (түпнұсқа) жібереді.

      9. Өнімді дайындаушының не өтініш иесінің ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы өзгерген кезде тиісті өзгерістер туралы растайтын құжат қосымша ұсынылады.

      10. Дайындаушының (өндірушінің) шет тілдеріндегі құжаттарының аудармалары "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес расталған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады, бұл ретте қаптаманың (тығындау құралдарының) таңбалау туралы ақпараты мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жазылуы тиіс.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі не көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартылғаны туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші осындай мәліметтер болған жағдайда "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Қалыптастырылған өтініш құжаттар топтамасымен бірге көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошта байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні кеңсе арқылы оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін жауапты орындаушыға беруді жүзеге асырады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      14. Өтініш иесі құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 6 (алты) жұмыс күні ішінде объектіге бармай Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынған кезде өнімнің (тауарлардың) ЕАЭО ТР және (немесе) БСЭГТ, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген, өнімнің (тауарлардың) ЕАЭО ТР және (немесе) БСЭГТ, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізгеннен кейін оң қорытынды болған кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде рәсімдейді және береді.

      17. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны осындай алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға ол бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі туралы алдын ала хабардар етеді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы көрсетілетін қызмет аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде негіздеме беруге және алдын ала шешімге қарсылық білдіруге мүмкіндігі болады.

      Тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ресімдейді және береді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

      18. Өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беруден дәлелді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) өнімдердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, ЕАЭО ТР және (немесе) БСЭГТ талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) егер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылса, толық көлемде емес және дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттар топтамасы ұсынылса;

      3) өнімнің белгілі бір түрінің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігін белгілейтін техникалық регламентте (техникалық регламенттерде) норманың болмауы мемлекеттік тіркеу нысанында расталуы мүмкін;

      4) мүше мемлекеттің халықаралық конвенциялар мен шарттарға қосылуы шеңберінде өнімнің адам денсаулығына және оның өмір сүру ортасына өнімді дайындау, айналымы және пайдалану (пайдалану) кезінде зиянды әсер ету жағдайлары туралы жіберілетін негізделген ақпараттың уәкілетті органға түсуі;

      5) Еуразиялық экономикалық одақтың құқығында немесе мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ресімдеу және беру үшін негіздердің болмауы;

      6) өнімге және оны дайындау мен айналым шарттарына қатысты қауіпсіздік талаптарын белгілеудің мүмкін еместігі, сондай-ақ өнімде және осындай өнімнің қауіпті факторларын адамның өмір сүру ортасында айқындау және өлшеу әдістемелерінің болмауы;

      7) өнімді дайындау, оның айналымы және пайдалану (пайдалану) кезінде өнімнің адам денсаулығына және оның өмір сүру ортасына зиянды әсер ету жағдайлары туралы негізделген ақпараттың болуы.

      19. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      20. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      21. Өнімнің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігін растайтын өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ресімдеу кезінде (егер Техникалық регламентте өзгеше көзделмесе) мұндай куәлік ол берілген күннен бастап 5 (бес) жыл бойы қолданылады.

      22. Өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің күші зерттеулерден (сынақтардан) және өлшеулерден өткен өнімнің іріктелген сынамаларын (үлгілерін) дайындаған күннен бастап дайындалған өнімге қолданылады.

      23. Өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын куәліктің қолданылу мерзімі ішінде ЕАЭО кедендік аумағында айналымға шығарылған өнімге қатысты (егер Техникалық регламентте өзгеше көзделмесе) мұндай өнімді дайындаушы көздеген оның жарамдылық (сақтау) мерзімдерінің соңына дейін сатуға жол беріледі.

      БСЭГТ-на өнімінің сәйкестігін растайтын өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ресімдеу кезінде куәлік ол берілген күннен бастап өнімді дайындаудың немесе өнімді ЕАЭО кедендік аумағына әкелудің бүкіл кезеңі ішінде және ЕАЭО кедендік аумағында айналыстағы өнімді толық өткізгенге дейін (дайындаушы көздеген оның жарамдылық (сақтау) мерзімдерін ескере отырып) қолданылады.

      24. Өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін және оған қосымша (қосымшалар) қолдан жасаудан қорғауды қамтамасыз ететін қатаң есептілік бланкілеріне жатады.

      Өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ресімдеу кезінде ЕАЭО нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісі көрсетіледі, ал өнімнің сәйкестігін растайтын өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ресімдеген жағдайда БСЭГТ көрсетілмейді.

      25. Өтініш берушіден өнімді әкелуді және (немесе) дайындауды тоқтату туралы ақпарат алған кезде мемлекеттік органның ведомствосы өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      26. Мемлекеттік органның ведомствосы 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды, кейіннен өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің күшін жояды және өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінен өнім туралы мәліметтерді алып тастайды.

      Өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы шешімді қабылдау үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін және бұрын берілген өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін (түпнұсқа) жібереді.

      27. Өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешімді уәкілетті орган мынадай жағдайларда қабылдайды:

      өнімнің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      өтініш иесінен өнімді әкелуді және (немесе) дайындауды тоқтату туралы ақпарат алу;

      деректерді мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш иесі ұсынған деректердің дұрыс еместігін растайтын ақпарат алу.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      28. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің тікелей мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешімі әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  Еуразиялық экономикалық
одақтың нормативтік құқықтық
актілерінде айқындалатын
өнімді мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
1-қосымша

"Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Көрсетілетін қызметтің атауы:
"Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі:
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім үшін өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері

барлық кіші түрлер бойынша:
1) "электрондық үкімет" веб-порталы: www. egov. kz (бұдан әрі – портал);
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Барлық кіші түрлер бойынша:
портал арқылы 13 (он үш) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорация арқылы 15 (он бес) жұмыс күні.

4

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны

Барлық кіші түрлер бойынша:
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға қағаз тасығышта жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Републикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда: (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;
3) Мемлекеттік корпорацияда: өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Барлық кіші түрлер бойынша куәлікті беру үшін:
Мемлекеттік корпорация арқылы: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін:
- дайындаушы (өндіруші) куәландырған, өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың көшірмелері:
- стандарт немесе ұйымның стандарты не техникалық шарт;
- технологиялық нұсқаулық;
- рецептура;
- дайындаушының (өндіруші) дайындаған өнімінің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапа туралы куәліктің көшірмелері немесе дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
- өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш иесі куәландырған оның көшірмесі;
- өтініш иесі растаған өнім заттаңбаларының (қаптамаларының) көшірмелері немесе олардың макеттері;
- ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген үлгілерді (сынамаларды) алу актісінің түпнұсқасы;
- ЕАЭО-ның сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының түпнұсқасы;
- осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталық берген ғылыми есептің түпнұсқасы;
- осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталық берген сараптамалық қорытындының түпнұсқасы;
- жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар (сәйкестендіру үшін);
- дайындаушы парфюмерлік-косметикалық өнім құрамында наноматериалдарды пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер өлшемдері, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттерін қоса алғанда, наноматериал туралы мәліметтерді ұсыну қажет;
ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім үшін:
- дайындаушы (өндіруші) растаған, өнім дайындауға негіз болатын құжаттар көшірмелері:
- халықаралық стандарт немесе шет мемлекеттің стандарты немесе техникалық шарттар;
- ерекшеліктер;
- технологиялық нұсқаулықтар;
- рецептуралар немесе құрамы туралы мәліметтер;
- өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) не өтініш иесі растаған оның көшірмесі;
- дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: өнім дайындаушы растаған сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, сапа туралы куәліктің, еркін сату сертификатының көшірмелері, өнім дайындаушысының хатының көшірмесі (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
- өтініш иесі растаған өнім заттаңбаларының (қаптамаларының) көшірмелері және олардың макеттері;
- дайындаушы мемлекеттің аумағында өнімнің қауіпсіздігін растайтын және оның еркін айналысына рұқсат беретін дезинфекциялау (дезинсекциялау, дератизациялау) құралы дайындалған мемлекеттің құзыретті денсаулық сақтау органы (басқа орган) берген, өнімді дайындаушы растаған құжаттың көшірмесі немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің жоқтығын растайтын өнімді дайындаушының құжаттары (дезинфекциялау құралдары мемлекеттік тіркелген жағдайда);
- ЕАЭО-ның сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының түпнұсқасы;
- осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталық берген ғылыми есептің түпнұсқасы;
- осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталық берген сараптамалық қорытындының түпнұсқасы;
- ЕАЭО-ның кедендік аумағына өнім сынамаларын (үлгілерін) әкелуді растайтын құжаттардың көшірмелері;
- жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар (сәйкестендіру үшін);
- дайындаушы парфюмерлік-косметикалық өнім құрамында наноматериалдарды пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер өлшемдері, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттерін қоса алғанда, наноматериал туралы мәліметтерді ұсыну қажет.
Портал арқылы алу үшін: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, ЕАЭО-ның кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін:
- дайындаушы (өндіруші) растаған өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың электрондық көшірмелері:
- стандарт не ұйым стандарты не техникалық шарт;
- технологиялық нұсқаулық;
- рецептуралар;
- дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасының электрондық көшірмесі. Хабарлама ретінде: дайындаушы (өндіруші) растаған сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, сапа туралы куәліктің электрондық көшірмелері немесе дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
- өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжатының (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) электрондық көшірмесі (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш иесі растаған оның көшірмесі;
- өтініш иесі растаған өнім заттаңбаларының (қаптамаларының) электрондық көшірмесі және олардың макеттері;
- ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген үлгілерді (сынамаларды) алу актісінің электрондық көшірмесі;
- ЕАЭО-ның сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмелері;
- осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталық берген ғылыми есептің электрондық көшірмесі;
- осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталық берген сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі;
- дайындаушы парфюмерлік-косметикалық өнім құрамында наноматериалдарды пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер өлшемдері, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттерін қоса алғанда, наноматериал туралы мәліметтердің электрондық көшірмесін ұсыну қажет;
ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім үшін:
- дайындаушы (өндіруші) растаған өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың электрондық көшірмелері:
- халықаралық стандарт немесе шет мемлекеттің стандарты немесе техникалық шарттар;
- ерекшеліктер;
- технологиялық нұсқаулықтар;
- рецептуралар немесе құрамы туралы мәліметтер;
- өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушы (өндірушінің) құжатының (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) электрондық көшірмесі (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) не өтініш иесі растаған оның көшірмесі;
- дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасының электрондық көшірмесі. Хабарлама ретінде: өнім дайындаушы растаған сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, сапа туралы куәліктің, еркін сату сертификатының көшірмелері, өнім дайындаушысы хатының көшірмесі (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
- өтініш иесі растаған өнім заттаңбаларының (қаптамаларының) электрондық көшірмелері және олардың макеттері;
- дайындаушы мемлекеттің аумағында өнімнің қауіпсіздігін растайтын және оның еркін айналысына рұқсат беретін дезинфекциялау (дезинсекциялау, дератизациялау) құралы дайындалған мемлекеттің құзыретті денсаулық сақтау органы (басқа орган) берген, өнімді дайындаушы растаған құжаттың электрондық көшірмесі немесе (дезинфекциялау құралдары мемлекеттік тіркелген жағдайда) осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің жоқтығын растайтын өнімді дайындаушының құжаттары;
- ЕАЭО-ның сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесі;
- осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталық берген ғылыми есептің электрондық көшірмесі;
- сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі;
- ЕАЭО-ның кедендік аумағына өнім сынамаларын (үлгілерін) әкелуді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
- дайындаушы парфюмерлік-косметикалық өнім құрамында наноматериалдарды пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер өлшемдері, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттерін қоса алғанда, наноматериал туралы мәліметтердің электрондық көшірмесін ұсыну қажет.

9

Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

- тауарлар Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмеуі;
- егер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылған болса, құжаттар пакеті толық көлемде ұсынылмаса және дұрыс емес ақпарат қамтылса;
- өнімнің белгілі бір түрінің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігі мемлекеттік тіркеу нысанында расталуы мүмкін екенін белгілейтін техникалық регламентте (техникалық регламенттерде) норманың болмауы;
- уәкілетті органға мүше мемлекеттің халықаралық конвенциялар мен шарттарға қосылуы шеңберінде өнімді дайындау, айналымы және қолдану (пайдалану) кезінде өнімнің адам денсаулығына және оның тіршілік ету ортасына зиянды әсер ету жағдайлары туралы жіберілетін негізделген ақпараттың түсуі;
- Еуразиядық экономикалық одақтың құқығында немесе мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген куәлікті ресімдеу және беру үшін негіздердің болмауы;
- өнімге және оны дайындау және айналымы жағдайларына қатысты қауіпсіздік талаптарын белгілеудің мүмкін еместігі, сондай-ақ өнімде және адамның тіршілік ету ортасында осындай өнімнің қауіпті факторларын айқындау және өлшеу әдістемелерінің болмауы;
- өнімді дайындау, оның айналымы және қолдану (пайдалану) кезінде өнімнің адам денсаулығына және оның тіршілік ету ортасына зиянды әсер ету жағдайлары туралы негізделген ақпараттың болуы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары gov.еgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде нашар көретін адамдарға арналған нұсқаға қолжетімді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: gov.еgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Еуразиялық экономикалық
одақтың нормативтік құқықтық
актілерінде айқындалатын
өнімді мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
2-қосымша
  форма

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ

      __________________________________________

      (мемлекеттің уәкілетті органы – Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі)



      Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК ______ж. "___" ___________ № ________

      Өнім _____________________________________________________

      Дайындаушы __________________________________________________

      Өтініш иесі _________________________________________________

      Сәйкес келеді _________________________________________________

      Куәлік мыналар негізінде берілді _________________________________

      Жарамдылық мерзімі ___________________________________________

      ____________________________ М. О. _________ ___________________

      (басшының лауазымы       (қолы)             (Т.А.Ә.)

      (уәкілетті тұлғаның)

      Еуразиялық экономикалық

      одаққа мүше мемлекеттің

      уәкілетті органының)

      № ______

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ

      _______________________________________________________________

      (мемлекеттің уәкілетті органы – Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі)

      Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке ҚОСЫМША

      ______ж. "___" _________________ № _______________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ____________________________ М. О. _________ ___________________

      (басшының лауазымы             (қолы)       (Т.А.Ә.)

      (уәкілетті тұлғаның)

      Еуразиялық экономикалық

      одаққа мүше мемлекеттің

      уәкілетті органының)

      ___беттен ______ бет             № __________

  Санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындыларды беру бойынша
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

  ____________________________
басшының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
___________________________
мемлекеттік органның атауы
_________________________
___________________________
өтініш иесінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
___________________________
___________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/
бизнес сәйкестендіру нөмірі
___________________________
өтініш иесінің мекенжайы
____________________________
___________________________
өтініш иесінің байланыс
телефоны

Өтініш

      Сізден ___________________________________________________________________

                        (өнімнің атауы)

      __________________________________________________________________________

      мемлекеттік тіркеуді (алмастыруды, қайта ресімдеуді) тоқтатуды) қажетінің астын сызу қажет)

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      жүргізуді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері): 1.2.

      Қолы,күні, айы, жылы

  Еуразиялық экономикалық
одақтың нормативтік құқықтық
актілерінде айқындалатын
өнімді мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

  ____________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса) (бұдан әрі – Т. А.Ә.)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің "Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсынғаныңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1._____________________________________________________________________

      2._____________________________________________________________________

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      ____________________________________________ _____________

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)

      Алды: __________________________________ ______________

      Көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (қолы)

      Күні: "___" _____________ 20__ жыл

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына
4-қосымша

Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату қағидалары

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.11.2022 № ҚР ДСМ-126 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 9-бабының 40-4) тармақшасына және 21-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта рәсімдеу, тоқтату тәртібін айқындайды.

      2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) патогенді биологиялық агент – адамның, жануардың немесе өсімдіктің организмінде инфекциялық және (немесе) паразиттік процесті туғызуға қабілетті микроорганизмдер, биологиялық және өсімдік тектес улар (уыттар), гельминттер, нематодтар;

      2) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу – патогенді биологиялық агенттерді зерттеу, жою және (немесе) иммундық-биологиялық препараттарды әзірлеу мақсатында оларды бөлуге (табуға), әзірлеуге (жасауға), өндіруге (дайындауға), олардың айналымына (оның ішінде әкелуге (әкетуге), сақтауға, тасымалдауға) тікелей бағытталған патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу процестері (сатылары);

      3) режимдік комиссия – патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру мақсатында биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын комиссия.

2-тарау. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаларды беру тәртібі

      3. "Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген.

      Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны (бұдан әрі – рұқсат) алу үшін заңды тұлға немесе оның филиалы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы қағидаларға 2-қосымшада көзделген нысан бойынша өтінішті және Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтерді жібереді. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ-де бар болған кезде) арқылы және цифрлық құжаттар сервисінен көрсетілетін қызметті алушы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру жоспарланып отырған эпидемиялық мәні жоғары объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы мәліметтерді алады (ЭҮШ болған жағдайда).

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (режим комиссиясының мүшесі) Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын тексереді.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар мен мәліметтердің толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері (режимдік комиссияның мүшесі) көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар мен мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (режимдік комиссияның мүшесі) режимдік комиссияның бейінді мүшелерін тарта отырып, 4 (төрт) жұмыс күні ішінде объектіні Кодекстің 9-бабының 40-5) тармақшасына сәйкес бекітілетін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісі ресімделеді.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (режимдік комиссияның мүшесі) осы қағидалардың 9-тармағында көзделген рәсімдер жүргізілген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Тізбенің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ осы қағидалардың 9-тармағында көзделген актіні қалыптастырады, оларды қорытынды дайындау үшін режимдік комиссияның мүшелеріне жібереді.

      11. Режимдік комиссия осы қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтер келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-119 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30270 болып тіркелген) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссия (режимдік комиссия) туралы Ережеде көзделген қорытындыны дайындайды.

      12. Режимдік комиссияның оң қорытындысы болған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты ресімдейді және береді.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі рұқсат беру үшін негіз болып табылады.

      14. Рұқсат беруден дәлелді бас тартуға мыналар:

      1) рұқсат алу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынбау не дәйексіз құжаттарды және мәліметтерді ұсыну;

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) нысан бойынша берілетін эпидемиологиялық мәні жоғары объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының (бұдан әрі – санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) болмауы;

      3) біліктілік талаптарына сәйкес еместігі негізінде режимдік комиссияның теріс қорытындысы негіз болады.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші осы қағидалардың 14-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде дәлелді бас тарту туралы шешімді қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыны осындай алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ол бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі туралы алдын ала хабардар етеді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы алдын ала шешім қабылданған күннен бастап кемінде 3 (үш) жұмыс жұмыс күні бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушының хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде алдын ала шешімге негіз және пікір ұсыну мүмкіндігі болады.

      Тыңдау жүргізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші шешімді ресімдейді және береді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі істен шыққан кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Заңның 25-бабы 2)-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

3-тарау. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшалардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату тәртібі

      18. Адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқтырған, патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бұзу, егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

      19. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – ӘҚтК) көзделген тәртіппен сот шешімі күшіне енуі бойынша жүзеге асырылады.

      Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру мерзімі бір айдан кем болмауға және алты айдан аспауға тиіс.

      20. Соттың рұқсатты тоқтата тұру туралы шешімі күшіне енген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші сот шешімін алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жібереді.

      21. Көрсетілен қызметті беруші хабарлама келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде рұқсаттың қолданысын сот шешімінде көрсетілген мерзімге тоқтата тұру туралы мәліметтерді рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізеді.

      22. Рұқсатты тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтар жойылған кезде көрсетілетін қызметті алушы рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін көрсетілетін қызметті берушіге растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұзушылықтарды жою туралы өтініш беруге құқылы.

      23. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы бұзушылықтарды жою туралы өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тәртіппен бұзушылықтардың жойылғанын тексереді.

      24. Көрсетілетін қызметті алушының бұзушылықтарды жою фактісі расталған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген мерзімде рұқсаттың қолданысын қайта жаңарту туралы шешім қабылдайды, ол халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган басшысының немесе ол болмаған кезде оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді.

      25. Көрсетілетін қызметті алушының бұзушылықтарды жою фактісін растау рұқсаттың қолданысын қайта жаңарту үшін негіз болып табылады.

      26. Рұқсаттан айыру ӘҚтК-де көзделген тәртіппен сот шешімі күшіне енуі бойынша жүзеге асырылады.

      27. Рұқсаттан айыру үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықты белгіленген мерзімде жоймау;

      2) рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған, соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің денсаулық жағдайына және қоршаған ортаға қауіпті әсер ететін бұзушылықтың қайта анықталуы;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.

      28. Соттың рұқсаттан айыру туралы шешімі күішне енген кезде көрсетілетін қызметті беруші сот күшіне енген шешімін алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жібереді.

      29. Рұқсатты қайта ресімдеу объектіге тексеру жүргізбей, мынадай жағдайларда:

      1) құжатта қателер (қатемен жазулар) анықталған жағдайда;

      2) көрсетілетін қызметті алушы қайта ұйымдастырылған жағдайда;

      3) объект нақты орын ауыстырмай оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгергенде;

      4) көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғасының атауы өзгергенде;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған кезде жүзеге асырылады.

      30. Бұрын берілген рұқсатты жаңа патогенді биологиялық агенттермен толықтырған кезде рұқсатты қайта ресімдеу объектіге тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      31. Осы қағидалардың 29-тармағында көзделген жағдайларда рұқсаттарды қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы рұқсатты қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер пайда болған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде тиісі өзгерістер туралы растау құжаттатары бар осы қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өтінішті жібереді.

      32. Осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген негіз бойынша рұқсатты қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы қағидаларға 6-қосымшада көзделген нысан бойынша өтінішті және Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды жібереді. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 7-11-тармақтарында көзделген ұқсас рәсімдерді жүзеге асырады.

      Режимдік комиссияның оң қорытындысы болған кезде көрсетілетін қызметті беруші бір (1) жұмыс күні ішінде рұқсатты қайта ресімдейді не режимдік комиссияның теріс қорытындысы болған кезде көрсетілген мерзімдерде рұқсатты қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      33. Осы Қағидалардың 29 және 30-тармақтарында көзделген жағдайларда рұқсатты қайта ресімдеу бұрын берілген рұқсат туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жүргізіледі.

      34. Растаушы құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы қағидалардың 29 және 30-тармақтарында көзделген негіздер бойынша бастамалық жасалған рұқсаттарды қайта ресімдеуден бас тартады.

      35. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган көрсетілетін қызметті берушіден сот шешімін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдайды, ол халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган басшысының немесе ол болмаған кезде оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді.

      36. Рұқсаттың қолданылуын тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) рұқсаттан айыру;

      2) рұқсат беру тәртібінің күшін жою;

      3) қызметін тоқтату, заңды тұлғаны тарату;

      4) өтініш иесінің рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы өз еркімен жүгінуі;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.

      Рұқсаттың қолданылуы тоқтатылған сәттен бастап патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу бойынша қызметті жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.

  Патогенді биологиялық
агенттермен жұмыс істеуге
рұқсаттарды және оларға
қосымшаларды беру, олардың
қолданысын қайта жаңарту,
қайта ресімдеу, қолданысын
тоқтату қағидаларына
1-қосымша

"Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Көрсетілетін қызметтің атауы:
"Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру"
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі:
1. "Патогендігі І топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны алу"
2. "Патогендігі ІІ топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны алу"
3. "Патогендігі ІІІ топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны алу"
4. "Патогендігі ІV топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны алу"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері

барлық кіші түрлер бойынша:
"электрондық үкімет" веб-порталы арқылы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

барлық кіші түрлер бойынша:
13 (он үш) жұмыс күні

4

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны

барлық кіші түрлер бойынша:
электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір кіші түрі үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақының мөлшері және Қазақстан Републикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға немесе олардың филиалдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Барлық кіші түрлер бойынша рұқсатты беру үшін:
1. көрсетілетін қызметті алушы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру жоспарланып отырған объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі (қағаз жеткізгіште берілген кезде);
2. мыналарды:
- осы қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалатын зерттеулер номенклатурасын;
- материалдың қозғалыс сызбасын (ағындылығы) көрсете отырып, түсіндірме жазбанының электрондық көшірмесі.
Заңды тұлғаны немесе оның филиалын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
3. патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
4. зерттеулердің мәлімделген номенклатурасына байланысты "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 40-5) тармақшасына сәйкес бекітілген биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігі туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.
Барлық кіші түрлер бойынша рұқсатты қайта ресімдеу үшін:
1. мыналарды:
- осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалатын зерттеулер номенклатурасын;
- материалдық базаны;
- материалдың қозғалыс сызбасын (ағындылығы);
- кадрлық құрам және персоналдың кәсіптік даярлығын көрсете отырып түсіндірме жазбаның электрондық көшірмесі.
2. патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің көшірмесі.
Заңды тұлғаны немесе оның филиалын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) рұқсат алу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынбау не дәйексіз құжаттарды және мәліметтерді ұсыну;
2) эпидемиялық мәні жоғары объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы;
3) біліктілік талаптарына сәйкес келмеу негізінде режимдік комиссияның теріс қорытындысы

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары gov.egov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі болады.
4. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары интернет-ресурста көрсетілген: gov.egov.kz.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Патогенді биологиялық
агенттермен жұмыс істеуге
рұқсаттарды және оларға
қосымшаларды беру, олардың
қолданысын қайта жаңарту,
қайта ресімдеу, қолданысын
тоқтату қағидаларына
2-қосымша
  Нысаны
___________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде) басшының
____________________________
мемлекеттік органның атауы
_________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде) өтініш иесінің
____________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
____________________________
өтініш иесінің мекен-жайы
___________________________
өтініш иесінің байланыс
телефоны

Өтініш

      Сізден, тексеруді және патогендігі__________________________топтағы биологиялық
(патогендігі I; II; III; IV қажетті тобын көрсету)
агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беруді сұраймын.
Микроорганизмдердің мына түрлері бойынша:
________________________________________________________________________________
(микроорганизмдердің атауы)
_______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Мынадай:______________________________________________________жүргізу үшін
(жұмыс түрлерін көрсету: ғылыми-зерттеу, эксперименттік, өндірістік,
далалық, диагностикалық)
Мына:______________________________________ мекен-жайы бойынша орналасқан
(микробиологиялық зертхананың орналасқан жерінің мекенжайы)
объектіде _______________________________________________________________________
(объектінің атауы)
Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Қолы күні, айы, жылы
Қосымша (құжаттардың көшірмелері): 1. 2.

  Патогенді биологиялық
агенттермен жұмыс істеуге
рұқсаттарды және оларға
қосымшаларды беру, олардың
қолданысын қайта жаңарту,
қайта ресімдеу, қолданысын
тоқтату қағидаларына
3-қосымша

Нысаны

Санитариялық-эпидемиологиялық тексеріп қарау АКТІСІ АКТ Санитарно-эпидемиологического обследования №__________

      Мен (Біз)(Мною Нами)_______________________________________________________
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.),
(должность фамилия, имя, отчество (при его наличии) (далее – Ф.И.О)
________________________________________________________________________________
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының атауы, наименование
органа государственного санитарно-эпидемиологического надзора), мыналардың:
(с участием)____________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
тексеруге қатысқан басқа мамандарды көрсетіңіз (указать других специалистов,
участвовавших в обследовании)_________________________________________қатысуымен
мамандар болғанда: (в присутствии)________________________________________________
лауазымды тұлғаның (должность, Ф.И.О должностного лица___________________________
_______________________________________________________________________________
басшысының лауазымы, Т.А.Ә./Ф.И.О. руководителя юридического лица
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
__________________нысанның, заңды тұлғаның (наименование объекта, юридического лица)
_____________________________ тексеру жүргізілді (проведено обследование).
_____________________________________________________тексеру түрін көрсету
(указать вид обследования)
(начато) 20___ жылғы (года) "__"_________ __ сағат (часов) __ минутта (минут) басталды.
Тексеру кезінде мыналар анықталды (при обследовании
установлено):___________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Қорытынды (Заключение):____________________________________________________
________________________________________________________________________________
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы
Кодексінің 9-бабының 40-5) тармақшасына сәйкес патогенді биологиялық агенттермен
жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекітілген бұзу тармақтарын
көрсету (указать пункты нарушения квалификационных требований, предъявляемых к
осуществлению обращения с патогенными биологическими агентами, утверждаемых в
соответствии с подпунктом 40-5) статьи 9 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье
народа и системе здравоохранения")
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Қолдары (подписи)___________________________________________________________
________________________________________________________________________________
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының лауазымды тұлғасы
(должностное лицо государственного органа санитарно-эпидемиологического надзора_________________________________________________________________________
__________________________________басқа да қатысқан мамандар, куәгерлер/
участвовавшие другие специалисты, свидетели)
Тексеру кезінде болдым және актінің данасын алдым (при обследовании присутствовал, и
экземпляр акта получил)____________________________________________
_______________________________________________________________________________
заңды тұлға өкілінің немесе жеке кәсіпкердің (должность и Ф.И.О. представителя юридического лица или должностного лица или индивидуального предпринимателя) ________________________________________________________________________________ Қол қоюдан бас тарту туралы белгі (отметка об отказе от подписи
лица)____________________________________ (окончено) 20 __ жылғы (года)
"___"___________ ___ сағат (часов) ___ минутта (минут) аяқталды.
Акт (акт составлен в) _____ данада жасалды (экземплярах)
"___" _______ 20___жыл (год)

  Патогенді биологиялық
агенттермен жұмыс істеуге
рұқсаттарды және оларға
қосымшаларды беру, олардың
қолданысын қайта жаңарту,
қайта ресімдеу, қолданысын
тоқтату қағидаларына
4-қосымша

Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат __ (мемлекеттік қызметтің кіші түріне сәйкес патогенді топ көрсетіледі)

      ___________________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
___________________________________________________________________________
(микробиологиялық зертхананың атауы)
___________________________________________________________________________
(микробиологиялық зертхананың орналасқан жерінің мекенжайы) ғылыми-зерттеу,
эксперименттік, өндірістік, далалық, диагностикалық жұмыстарын жүргізуге берілді.
__________________________________________________________________________
керегін сызу
Микроорганизмдердің түрлері бойынша осы рұқсатқа қосымшаға сәйкес.
Мынаның негізінде: Биологиялық қауіпсіздік (режимдік қауіпсіздік) саласындағы
талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның _____ №_____қорытындысы
20____жылғы "____" ______________

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
департаментінің басшысы

  Патогенді биологиялық
агенттермен жұмыс істеуге
рұқсатқа қосымша

Микроорганизмдер тобы

Топтың түрлік құрамы

Аса қауіпті инфекциялардың қоздырғыштары

Бактериялар


Вирустар


Хламидиоз


Риккетсиялар


Уыттар


Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары

Бактериялар


Вирустар


Хламидиоз


Риккетсиялар


Уыттар


Приондар


Микроорганизмдер шығаратын уыттар


Саңырауқұлақтар


Эрлихия


Хламидиоз


Қарапайым


Гельминттер


Артроподтар


      20____жылғы "____" ______________
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті департаментінің басшысы

  Патогенді биологиялық
агенттермен жұмыс істеуге
рұқсаттарды және оларға
қосымшаларды беру, олардың
қолданысын қайта жаңарту,
қайта ресімдеу, қолданысын
тоқтату қағидаларына
5-қосымша

Нысаны
__________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде) басшының
____________________________
мемлекеттік органның атауы
_________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде) өтініш иесінің
____________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
____________________________
өтініш иесінің мекен-жайы
___________________________
өтініш иесінің байланыс
телефоны

Өтініш

      Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған берілген
қосымшаны қайта ресімдеуді сұраймын _____________________________________________
(рұқсаттың нөмірі, берілген күні, рұқсатты берген органның атауы)
мынадай (мына) негіз (негіздер) бойынша:
1) құжаттағы қателерді (қате жазуларды) анықтау
_________________________________________________________________________
2) көрсетілетін қызметті алушыны қайта ұйымдастыру
__________________________________________________________________________
3) объект нақты орын ауыстырмай оның орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту
__________________________________________________________________________
4) көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға атауының өзгеруі
__________________________________________________________________________
5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған кезде
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(заңның нормасын көрсету)
Осы арқылы мыналар:
1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларда
рұқсатты (немесе) оған қосымшаларды беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша
кез келген ақпарат жолданатыны туралы;
2) өтініш иесіне қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны туралы;
3) қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды екендігі туралы:
4) өтініш иесі лицензияны және (немесе) оған қосымшаны беру кезінде ақпараттық
жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес
деректерді пайдалануға келісетіні туралы расталады.
Қолы күні, айы, жылы
Қосымша (құжаттардың көшірмелері)

  Патогенді биологиялық
агенттермен жұмыс істеуге
рұқсаттарды және оларға
қосымшаларды беру, олардың
қолданысын қайта жаңарту,
қайта ресімдеу, қолданысын
тоқтату қағидаларына
6-қосымша

Нысаны
___________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде) басшының
____________________________
мемлекеттік органның атауы
_________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде) өтініш иесінің
____________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
____________________________
өтініш иесінің мекен-жайы
___________________________
өтініш иесінің байланыс
телефоны

Өтініш

      Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған берілген қосымшаны
қайта ресімдеуді сұраймын ________________________________________________________
(рұқсаттың нөмірі, берілген күні, рұқсатты берген органның атауы)
бұрын берілген рұқсатқа жаңа патогенді биологиялық агенттерді қосу ___________________
________________________________________________________________________________
(патогенді биологиялық агенттің атауын көрсету)
Осы арқылы мыналар:
1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларда
рұқсатты (немесе) оған қосымшаларды беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша
кез келген ақпарат жолданатыны туралы;
2) өтініш иесіне қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны туралы;
3) қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды екендігі туралы:
4) өтініш иесі лицензияны және (немесе) оған қосымшаны беру кезінде ақпараттық
жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес
деректерді пайдалануға келісетіні туралы расталады.
Қолы күні, айы, жылы
Қосымша (олар бар болған кезде құжаттардың көшірмелері)

  Патогенді биологиялық
агенттермен жұмыс істеуге
рұқсаттарды және оларға
қосымшаларды беру, олардың
қолданысын қайта жаңарту,
қайта ресімдеу, қолданысын
тоқтату қағидаларына
7-қосымша
 
Нысаны

Зертханалық зерттеулердің номенклатурасы

Зерттеу объектісі

Микроорганизмдердің атауы

Зерттеу түрлері

Зерттеу әдісі





  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына
4-1-қосымша

"Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

      Ескерту. Бұйрық 4-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.11.2022 № ҚР ДСМ-126 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 40-2) тармақшасына, 17-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) рұқсат беру бақылауы – рұқсат беру органдарының рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш иесінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруге бағытталған қызметі, сондай-ақ лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсатты иеленушілердің Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын олар берілгеннен кейін сақтауын қамтамасыз ету;

      2) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;

      3) "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      4) лицензия – лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалына қауіптіліктің жоғары деңгейімен байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат;

      5) денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер – дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау іс-шараларын жүзеге асыру, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын дайындау және сақтау бойынша қызметтер кешені;

      6) дезинфекциялау – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;

      7) дезинсекциялау – жәндіктер мен буынаяқтылардан адамды, жануарларды, үй-жайлар мен аумақты қорғау мақсатында оларды жою жөніндегі профилактикалық және қырып-жою іс-шаралар кешені;

      8) дератизациялау – кеміргіштерді жоюға немесе олардың санын азайтуға бағытталған профилактикалық және қырып-жою іс-шаралар кешені;

      9) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын дайындау – дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау іс-шараларын жүзеге асыру бойынша қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарының және (немесе) препараттарының жұмыс ерітінділерін дайындау;

      10) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген) "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларға сәйкес келетін арнайы жабдықталған объектілерде (үй-жайларда) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын ұстау.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша көрсетіледі.

2-тарау. "Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

      4. "Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген.

      Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия (бұдан әрі – лицензия) алу үшін дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10195 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен (бұдан әрі – № 3 бұйрық) бекітілген нысан бойынша өтінішті портал арқылы жібереді. Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші "Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-101 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29825 болып тіркелген) тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігі туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы және цифрлық құжаттар сервисінен олар бар болған кезде алады.

      8. Тізбенің 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын, оның ішінде осы қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мәліметтердің болуын көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін тарта отырып осы қағидалардың 8-тармағында көзделген мерзімдер аяқталған сәттен бастап (қажет болған жағдайда) 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде:

      - ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне сараптаманы жүзеге асырады;

      – әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік үй-жайларға (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжем, қармақ, жұмыс ерітінділерін дайындау үшін арнайы жабдықталған), дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектісіне (бұдан әрі – рұқсаттық бақылау объектілері) денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызмет көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттық бақылау қорытындысы ресімделеді.

      11. Рұқсат беру бақылауы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру нысанында жүзеге асырылады.

      Рұқсаттық бақылау барысында (рұқсаттық бақылау объектілеріне бару уақытында) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін, оның ішінде Тізбенің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтер бойынша тексереді.

      12. Ұсынылған құжаттар мен мәліметтер біліктілік талаптарына, сондай-ақ рұқсат беру бақылауының оң қорытындысына сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті беруші осы қағидалардың 10-тармағында көзделген рәсімдер аяқталған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде № 3 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша лицензияны ресімдейді және береді.

      Ұсынылған құжаттар мен мәліметтер, рұқсаттық бақылау объектісі біліктілік талаптарына сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі туралы хабарламаны ресімдейді және жібереді.

      Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешімі қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсы пікір ұсынуға немесе білдіруге құқылы.

      Тыңдау жүргізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші шешімді ресімдейді және береді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады, ол электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен расталады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      15. Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензияны қайта ресімдеу, рұқсат беруді бақылауды, лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды, қайта бастауды және тоқтатуды жүзеге асыру тәртібі мен шарттары "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленеді.

      Лицензияны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге № 3 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша өтінішті және Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды портал арқылы жібереді. Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұраным қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, хабарлама портал арқылы жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарайды және лицензияны қайта ресімдейді не көрсетілетін қызметті алушыға лицензияны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды көрсетілген мерзімдерде ресімдейді және жібереді.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Заңның 25-бабы 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуды.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Денсаулық сақтау саласында
дезинфекциялау,
дезинсекциялау, дератизациялау
бойынша қызметтер көрсетуге
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.07.2024 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Қызмет көрсетушінің атауы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"электрондық үкімет" www.egov.kz, www. elicense.kz (бұдан әрі – Портал) веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

лицензия беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні.

4

Қызмет көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге лицензия не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі, мынадай лицензиялық алым алынады:
1) лицензия беру үшін – 10 айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ы.

7

Қызмет көрсетушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) қызмет көрсетуші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) лицензия алу үшін:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10195 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 3 бұйрық) бекітілген нысан бойынша өтініш;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-101 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29825 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
- "электрондық үкімет" шлюзінде мәліметтер болмаған жағдайда әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік үй-жайларға (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп орау үшін арнайы жабдықталған), сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:
- № 3 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша өтініш;
- ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Републикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш иесі біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
4) өтініш иесіне қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде сот өтініш иесі-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) лицензия алу үшін өтініш иесі ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталды.

10.

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, соның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары gov.egov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебе туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
4. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары gov.egov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Денсаулық сақтау саласында
дезинфекциялау,
дезинсекциялау, дератизациялау
бойынша қызметтер көрсетуге
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысаны

Рұқсат беру бақылауының қорытындысы

      Көрсетілетін қызметті берушінің атауы:________________________________________
Рұқсат беру бақылауын жүргізген маманның деректері:
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________
Жұмыс орны, лауазымы__________________________________________________
Бақылау объектісінің деректері:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес сәйкестендіру коды немесе жеке сәйкестендіру
коды, көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті тұлғасы)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы
23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-101 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29825 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласында
дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге
лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарының (бұдан әрі – біліктілік
талаптары) барлық тармақтары бойынша ақпарат:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Рұқсат беру бақылауының қорытындысы: біліктілік талаптарына сәйкес келеді /сәйкес
келмейді
(керегінің астын сызу)
____________ __________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына
5-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 407 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11657 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 шілдеде жарияланған);

      2. "Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 420 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13585 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған);

      3. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 596 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12027 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 қазанда жарияланған);

      4. "Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 420 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 229 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13861 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 шілдеде жарияланған);

      5. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 596 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № МЗ-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17305 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 29 тамызда жарияланған);

      6. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № ҚР ДСМ-39/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20431 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 22 сәуірде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады