БҰЙЫРАМЫН:
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 59 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 10 наурызда № 10406 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 52 (28530) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
2015 жылға «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқуға арналған мәндес мамандықтар тізбесінде*:
«6. Денсаулық сақтау және медициналық ғылымдар» деген бөлімде:
70-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
70 |
6 |
Спорттық медицина |
магистратура |
Жалпы медицина, Спорттық медицина, Травматология-ортопедия, Медициналық реабилитология, қалпына келтіре емдеу (физиотерапия, емдеу дене шынықтыруы), Токсикология, Гигиена және токсикология, Тамақтану гигиенасы, Диетология. |
».
2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Г.І. Көбенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов