"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдары үшін тиісті көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы"

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 485 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 қыркүйекте № 12051 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1648 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріп отырған:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесі үшін тиісті кезекші автомобильдердің заттай нормалары;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесі үшін тиісті арнайы көлік құралдардың заттай нормалары;

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Заңнама институты" мемлекеттік мекемесі үшін тиісті кезекші автомобильдердің заттай нормалары бекітілсін.

      2. Қызметтік және кезекші автомобильдерді пайдалану "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы" және "Қазақстан Республикасы Заңнама институты" мемлекеттік мекемелерінің басшысыларының бұйрығымен бекітілген тәртіппен, белгіленген жүріс лимиті шегінде жүзеге асырылады.

      Кезекші автомобиль – жеңіл автомобиль немесе микроавтобус, немесе автобус соттар және құқық қорғау арнайы органдармен әрекеттестікке және қаржы-шаруашылық қызметке көліктік қызмет көрсетуге арналған.

      Арнайы көлік - тек сот сарапшыларының оқиға орнын қарау және сараптама жүргізу, сондай-ақ, зерттеу объектілерінің сақталу орнын қарауға жедел шығыуы үшін бағытталған, зертханалық аспаптар және құрылғылармен жарақтандырылған жылжымалы зертхана.

      3. Бекітілген заттай нормаларды іске асырыуы "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы" және "Қазақстан Республикасы Заңнама институты" мемлекеттік мекемелері үшін тиісті қаржы жылына республикалық бюджеттен көзделген қаржы шегінде жүзеге асырылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мерзімдік басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауды;

      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарыларына жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Әділет Министрі

Б. Имашев

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 7 қыркүйек



  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 485 бұйрығының
1-қосымшасы

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесі үшін тиісті кезекші автомобильдердің заттай нормалары

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 29.12.2018 № 1648 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 485 бұйрығының
2-қосымшасы

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесі үшін тиісті арнайы көлік құралдарының заттай нормалары

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 29.12.2018 № 1648 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 485 бұйрығының
3-қосымшасы

"Қазақстан Республикасының Заңнама институты" мемлекеттік мекемесі үшін тиісті кезекші автомобильдердің заттай нормалары

№ р/р

Көлік құралдарының атауы

Функционалдық мақсаты

Атауы

Кезекші автомобильдердің нормалары

Қозғалтқышының көлемі, куб.см. (автобустардан бөлек)

1 көліктің бір айдағы жүрген жолы (км)

1

2

3

4

5

6

7

1

Кезекші автомобиль

Қаржы-шаруашылық қызметіне көліктік қызмет көрсету

"Қазақстан Республикасының Заңнама институты" мемлекеттік мекемесі

2

3000 артық емес

2600


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады