"Астық қабылдау кәсіпорының зерттеп-тексеру актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 15-03/313 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 4-1/737 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 қыркүйекте № 12053 болып тіркелді

      «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Астық қабылдау кәсіпорының зерттеп-тексеру актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 15-03/313 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7756 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Астық қабылдау кәсіпорнын зерттеп-тексеру актісінің нысанын бекіту туралы»;
      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған астық қабылдау кәсіпорнын зерттеп-тексеру актісінің нысаны бекітілсін.»;
      астық қабылдау кәсіпорнын зерттеп-тексеру актісінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі            А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 12 тамыздағы
№ 4-1/737 бұйрығына  
қосымша      

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 11 маусымдағы
№ 15-03/313 бұйрығымен 
бекiтiлген     

Нысан

Астық қабылдау кәсіпорнын зерттеп-тексеру актiсi

20__ жылғы «___» ___________ __________________________________
                    астық қабылдау кәсіпорнының атауы

Мынадай құрамдағы комиссия:
Төраға: Лицензиардың өкiлi___________________________________________
Комиссия мүшелерi:
Жергілікті атқарушы органның құрылымдық
бөлімшесінің маманы__________________________________________________
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi
мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық
инспекциясының (бұдан әрі – ҚР АШМ АӨК МИК АИ)
мемлекеттiк астық инспекторы_________________________________________
ҚР АШМ АӨК МИК АИ өсiмдiктердi қорғау және
карантин бойынша мемлекеттiк инспекторы______________________________
Астық қабылдау кәсіпорнының басшысы _________________________________
астық қабылдау кәсiпорнының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi және
20__ жылдың өнімінің астығын қабылдауға дайындығы мәніне тексеру
жүргізді.
Тексеру нәтижесiнде анықталғаны:

1. Ғимараттардың, құрылыстардың және жабдықтардың дайындығы

Объект

Өлшем бiрлiгi

______20__ жылғы қолда бары

Дайындығы туралы мәлiмет

Автомобиль таразылары*

дана



Астық қоймасының сыйымдылығы

мың тонна



оның iшiнде: элеваторлық

мың тонна



пайдалануға жоспарланғаны

мың тонна



оның iшiнде: қоймалық

мың тонна



пайдалануға жоспарланғаны

мың тонна



оның iшiнде тұқым сақтауға арналған қоймалық

мың тонна



Астық кептіру жабдығы

дана/тонна 1 сағатта



Астық тазалау машиналары

дана



Асфальтталған алаңдар

мың шаршы метр



Белсенді желдету жабдығы

дана



Вагон таразылары*

дана



Жылжымалы тасымалдау жабдығы

дана



Көтеру-тасымал жабдығы

дана



Сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған қондырғы

дана



Сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық

дана



Тиеу-түсіру құрылғылары

дана



* метрологиялық тексеруден өткенi туралы растама болуы тиіс

2. Зертхананың және зертхана жабдығының дайындығы*

Объект

Өлшем бiрлiгi

_____20__ жылғы, қолда бары

Дайындалғаны

Дайын емесi

Ақуыздың құрамын анықтауға арналған құрылғы

дана




Астықтың зақымданғанын анықтауға арналған оптикалық аспаптар

дана




Астық сынамаларын сақтауға арналған стелаждар

дана




Дәнді ұнтақтауға арналған диірмендер

дана




Дән маңызының құрамы мен сапасын айқындауға арналған құрылғы

дана




Елеуіштер жиынтығы

дана




Зертхана

дана




Зертханалық таразылар

дана




Кептiргiш шкафтар

дана




Құлау санын айқындауға арналған құрылғы

дана




Пурка

дана




Сынама іріктегіштер

дана




Ылғал өлшегiштер

дана




* Өлшемдердің жай-күйінің бағалаудан өткенi туралы растама болуы тиіс

3. Iс-шаралардың орындалуы

Талаптар

Орындалуы (керек емесiн сызып тастау)

Растайтын құжаттың берілу мерзiмi

Астық қоймасына меншiк құқығының болуы туралы талап

Орындалды/ орындалмады


Жылдық қаржылық есептілікке жыл сайынғы аудиторлық тексеру жүргiзу туралы талап

Орындалды/ орындалмады


Жылдық теңгерімді және пайда мен шығын туралы есептi жариялау туралы талап

Орындалды/ орындалмады


Зертханадағы өлшеудiң жай-күйiн бағалау туралы куәлiктiң болуы

Бар/жоқ


Өлшем құралдарының типiн бекiту туралы, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы және өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттардың болуы

Бар/жоқ


Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы талаптар

Орындалды/ орындалмады


Сақтау кезiнде астық қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

Орындалды/ орындалмады


Сақтауға қабылданған астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісі болған кезде астық қолхатын әрбiр ұстаушыға сапасы жоғалған немесе нашарлаған астықтың өтемі кезiнде қалыптасқан нарықтық құнының сексен пайызын кем емес мөлшерде сақтандыру төлемін франшиза шартын қолданбастан төлеудi қамтамасыз ететiн астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорына қатысуы не астық қолхаттарын және олардың бөлiктерiн ұстаушылардың алдында азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін сақтандыру туралы талап

Орындалды/ орындалмады


Фитосанитариялық қауiпсiздiк талаптары

Орындалды/ орындалмады


4. Карантиндi, зиянды және аса қауiпті зиянды организмдерден зарарсыздандыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу бойынша iс-шаралар кешенi

Объект

Өлшем бiрлiгi

Iс-шаралар

Фирманың атауы, лицензияның №__

Астық қоймалары

Шаршы метр (текше метр)



Аумағы

Шаршы метр



Сүрлем корпусы

Шаршы метр (текше метр)



Технологиялық жабдықтар

дана



5. Техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамы

Тегі, аты, бар болса әкесінің аты

Бiлiмi бойынша мамандығы

Лауазымы

Мамандығы бойынша жұмыс өтiлi





Комиссия тұжырымы

_____________________________________ астық қабылдау кәсiпорны
бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келедi/сәйкес келмейдi (керек емесiн
сызып тастау керек)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Төраға:
Лицензиардың өкiлi___________________________________________________
Комиссия мүшелерi:
Жергілікті атқарушы органның
құрылымдық бөлімшесінің маманы _____________________________________
ҚР АШМ АӨК МИК АИ мемлекеттiк
астық инспекторы ____________________________________________________
ҚР АШМ АӨК МИК АИ өсiмдiктердi
қорғау және карантин бойынша
мемлекеттiк инспекторы_______________________________________________
Астық қабылдау кәсiпорнының басшысы _________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады