"Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 15-02/655 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 қыркүйекте № 12091 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № 349 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.11.2020 № 349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________Ә. Исекешев

      2015 жылғы 7 тамыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2015 жылғы 3 тамыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ___________ В. Школьник

      2015 жылғы "_____" ____________



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 15 шілдедегі
№ 15-02/655 бұйрығымен
бекітілген

"Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.09.2018 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.08.2019 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.09.2018 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 10 (он) жұмыс күні;

      лицензияны қайта ресімдеу үшін – 3 (үш) жұмыс күні;

      лицензияның телнұсқасын беру үшін – 2 (екі) жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан уәжді бас тартады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.12.2018 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.12.2018 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.12.2018 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 554-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1)лицензия бергені үшін – 10 айлық есептік көрсеткіш;

      2) лицензияларды қайта ресімдегені үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызы;

      3) лицензияның телнұсқасын бергені үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызын құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.09.2018 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні немесе көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс уақыты графигіне сәйкес жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.12.2018 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәліметтер нысаны);

      2) лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттың электрондық көшірмесі;

      4) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтқан, бүлдірген кезде лицензия туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.12.2018 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз:

      1) осы көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрiмен айналысу;

      2) лицензиялық алымды енгізбеу;

      3) көрсетілетін қызметті алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болмауы;

      4) көрсетілетін қызметті алушының лицензия беру кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі туралы тиісті келісім беретін мемлекеттiк органнан жауаптың болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға тыйым салатын заңды күшiне енген сот шешімінің (үкiмiнiң) бар болуы;

      6) сот орындаушысы ұсынымының негiзiнде сот шешімі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға-борышкерге лицензияны беруге уақытша жол бермеу.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.09.2018 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым тиісті көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сатндартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда:

      1) жеке тұлға – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлға – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып тұрады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4-тарау. Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.12.2018 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.08.2019 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары 8 (7172) 55-59-61, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Пестицидтерді (улы
химикаттарды) өндіру
(формуляциялау), пестицидтерді
(улы химикаттарды) өткізу,
пестицидтерді (улы
химикаттарды) аэрозольдік және
фумигациялық тәсілдермен
қолдануға байланысты қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
  1-нысан

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.12.2018 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      (кімге)___________________________________________________________

                              (лицензиардың толық атауы)

      (кімнен)_________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі

      (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі

      болмаған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес

      сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауы көрсетілсін)

      жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруіңізді сұраймын

      Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________

      (почталық индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен,

      көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      Электрондық почтасы_____________________________________________

      Телефондары____________________________________________________

      Факсы__________________________________________________________

      Банктік шоты____________________________________________________

                        (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің

      мекенжайы _______________________________________________________________

      (почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ ғимараттың

      (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      ______ парақ қоса беріледі.

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;

      барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.

      Басшы _____________ __________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" ____

  2-нысан

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші

      (кімге)_________________________________________________________

                        (лицензиардың толық атауы)

      (кімнен) _______________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауы көрсетілсін)

      жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруіңізді сұраймын

      Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы

      _______________________________________________________________

      (почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың

      нөмірі)

      Электрондық почтасы____________________________________________

      Телефондары___________________________________________________

      Факсы_________________________________________________________

      Банктік шоты __________________________________________________

                        (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің

      мекенжайы ______________________________________________________________

      (почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың

      (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      ______ парақ қоса беріледі.

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;

      барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.

      Жеке тұлға ___________ ________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы " __ "____

  "Пестицидтердi (улы
химикаттарды) өндiру
(формуляциялау), пестицидтердi
(улы химикаттарды) өткiзу,
пестицидтердi (улы
химикаттарды) аэрозольдiк және
фумигациялық тәсiлдермен
қолдануға байланысты қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
  Нысан

Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау)
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк
талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

      Меншiк құқығындағы өндiрiстiк үй-жайлар және пестицидтердi (улы

      химикаттарды) сақтауға арналған қойма үй-жайларының болуы туралы

      мәліметтер:

Р/с №

Кадастрлық нөмірі

Жылжымайтын мүлік

объектісінің

мекенжайы

Меншік иесі

(құқық иеленуші)

Құқығы туындайтын негіз

1

2

3

4

5


      Жалға берілетін қойма үй-жайларының (жалға беру кезінде) болуы

      туралы мәліметтер:

Р/с №

Жалға беру шартының №

Жалға беру шартының күні

Жалға алынатын объектінің мекенжайы

Жалға беруші/орындаушы туралы мәліметтер

атауы

БСН

ЖСН

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8


      Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау) үшін

      жабдықтар туралы мәліметтер:

Р/с №

Жабдықтың атауы

Жабдыққа

арналған

паспорттың

нөмірі

Әзірлеуші зауыттың атауы

Әзірлеуші зауыттың мекенжайы

1

2

3

4

5


      Өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтердің (улы

      химикаттардың) сапасының техникалық регламенттерге, стандарттар мен

      нормативтерге сәйкестігіне бақылауды жүргізу үшін аккредиттелген

      зертхана туралы мәліметтер немесе аккредиттелген зертханамен жасалған

      шарттар:

      Аккредиттеу аттестатының нөмірі _______________________________

      Аккредиттеу әрекетінің басталу күні ___________________________

      Аккредиттеу әрекетінің аяқталу күні ___________________________

      Аккредиттеу субъектісінің атауы _______________________________

      Нормативтік талаптарға сәйкестігі (нормативтік құжаттың

      атауы)________________

      Бағалау объектілері____________________________________________

      Зертхананың қызметтерді көрсетуге арналған шарты туралы

      мәліметтер:

      Шарт нөмірі____________________________________________________

      Жасалған күні__________________________________________________

      Зертхананың толық атауы________________________________________

      БСН____________________________________________________________

      ЖСН____________________________________________________________

      Мекенжайы______________________________________________________

      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы

      заңнамасына сәйкес өтініш берушi бекiткен әр пестицидтi (улы

      химикатты) өндiруге (формуляциялауға) арналған ұйым стандартының

      болуы туралы мәліметтер:

      Ұйым стандартының түпнұсқасын ұстаушы__________________________

      Сыртқы экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімді

      жіктеу____________________

      Стандарттардың мемлекетаралық жіктегіші________________________

      Стандартты өзгерту нөмірі______________________________________

      Стандарттың белгіленуі_________________________________________

      Стандарттың атауы______________________________________________

      Ұйым стандарты әрекетінің басталу күні_________________________

      Ұйым стандарты әрекетінің аяқталу күні_________________________

      Қала___________________________________________________________

      Ұйым стандартына сәйкес өтініш берушi бекiткен пестицидтердi

      (улы химикаттарды) өндiруге (формуляциялауға) арналған технологиялық

      (өнеркәсiптiк) регламенттің болуы туралы мәліметтер:

      Құжаттың толық атауы (технологиялық регламенттің)______________

      Құжатты бекіткен адамның (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар

      болса))______________________________________________________________

      Құжаттың бекітілген күні_______________________________________

      Техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы туралы

      мәліметтер:

Р/с №

Тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

Білімі бойынша мамандығы

Лауазымы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5






Пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу жөнiндегi қызметті
жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі
туралы мәліметтер нысаны

      Меншiк құқығында пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтауға

      арналған қойма үй-жайларының болуы туралы мәліметтер:

Р/с №

Кадастрлық нөмірі

Жылжымайтын мүлік

объектісінің

мекенжайы

Меншік иесі (құқық иеленуші)

Құқығы туындайтын негіз

1

2

3

4

5


      Жалға берілетін қойма үй-жайларының (жалға беру кезінде) болуы

      туралы мәліметтер:

Р/с №

Жалға беру шартының №

Жалға беру шартының күні

Жалға алынатын объектінің мекенжайы

Жалға беруші/орындаушы туралы мәліметтер

атауы

БСН

ЖСН

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8


      Техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы туралы

      мәліметтер:

Р/с №

Тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

Білімі бойынша мамандығы

Лауазымы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5

Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық
тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын
бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

      Арнайы техника және жабдық туралы мәліметтер (тізімдеме):

Р/с №

Арнайы техника

Саны, дана

Арнайы жабдық

Саны, дана

1

2

3

4

5


      Негізгі құралдар туралы мәліметтер (тізімдеме)?

Р/с №

Негізгі құралдар

Орналасқан жері

1

2

3


      Ішкі істер органдары жол полициясының аумақтық бөлімшелері

      берген көлік құралын тіркеу туралы куәліктің болуы туралы мәліметтер:

Р/с №

Иесі (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)/заңды тұлғаның атауы)

Тіркеу №

Маркасы, моделі

Техникалық құралдарының шыққан жылы

Техникалық құралдарының санаты

(А, В, С, D, Е)

Қозғалтқыш №

1

2

3

4

5

6

7


      Кестенің жалғасы

Шасси №

Шанақ №

Түсі

Қозғалтқыш көлемі, текше метр

Рұқсат етілген ең жоғарғы масса, кг

Жүктемесіз масса, кг

Ішкі істер органдары жол полициясының аумақтық бөлімшелері берді (күні)

8

9

10

11

12

13

14


      Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган

      берген техникалық паспорттың болуы туралы мәліметтер:

Р/с №

Машинаның атауы және маркасы

Жалпы мәліметтер

Әзірлеуші зауыт

Әзірленген айы және жылы

Машинаның зауыт нөмірі

Қозғалтқыштың маркасы және нөмірі

Меншік иесі болып табылмайтын меншік иесі/ие, мекенжайы (керегін таңдау):

Нөмірлік белгі берілді

1

2

3

4

5

6

7

8


      кестенің жалғасы

Ерекше белгілері

Техникалық паспорт берілді (күні)

Сериясы

Машиналарды тіркеуге қабылдау және тіркеуден шығару

салдарынан тіркеуден шығарылды

тіркеуден шығарылған күні

Тіркеуге алынды (жаңа меншік иесінің мекенжайы)

Тіркеуге алынған күні

9

10

11

12

13

14

15

16


      кестенің жалғасы

Нөмірлік белгіні өзгерту

Нөмірлік белгіні берген күні

Белгінің сериясы және нөмірі

17

18


      Меншiк құқығында пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтауға

      арналған қойма үй-жайларының болуы туралы мәліметтер:

Р/с №

Кадастрлық нөмірі

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы

Меншік иесі (құқық иеленуші)

Құқығы туындайтын негіз

1

2

3

4

5


      Жалға берілетін қойма үй-жайларының (жалға беру кезінде) болуы

      туралы мәліметтер:

Р/с

Жалға беру шартының №

Күні

Жалға алынатын объектінің мекенжайы

Жалға беруші/орындаушы туралы мәліметтер

Толық атауы

БСН

ЖСН

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8


      Техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы туралы

      мәліметтер:

Р/с №

Тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

Білімі бойынша мамандығы

Лауазымы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5


  "Пестицидтерді (улы
химикаттарды) өндіру
(формуляциялау), пестицидтерді
(улы химикаттарды) өткізу,
пестицидтерді (улы
химикаттарды) аэрозольдік және
фумигациялық тәсілдермен
қолдануға байланысты қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша
  1-нысан

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.12.2018 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      (кімге)_________________________________________________________

                        (лицензиярдың толық атауы)

      (кімнен) _______________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі

      (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі

      болмаған жағдайда, шетелдік заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігінің бизнес

      сәйкестендіру нөмірі)

      _______________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауы)

      _________________________________________ жүзеге асыруға арналған

      20___ жылғы "___ " _________ берілген №__________

      _______________________________________________________________

      (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың нөмірі(лері),

      берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген лицензиярдың

      атауы)

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)

      (керегінің астын сызу)

      төмендегі негіздер бойынша (тиісті Х ұяшықта көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:

      1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202 Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес заңды тұлға-лицензиаттың (тиісті Х ұяшықта көрсетіңіз):

      бірігу _____________

      қайта құру _________

      қосылу _____________

      бөліп шығару _______

      бөліну _____________ жолымен қайта ұйымдастырылуы

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі _______________________

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі __________

      4) егер, лицензияның иеліктен шығарылуы Заңға 1-қосымшада көзделсе, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияның иеліктен шығаруы ___________________________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей, оның орналасқан жері мекенжайының өзгеруі _____________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың

      болуы __________________________

      7) қызмет түрі атауының өзгеруі ___________________

      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ________________

      Заңды тұлғаның мекенжайы_______________________________________

      (ел – шетелдік заңды тұлға үшін, почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      Электрондық почтасы____________________________________________

      Телефондары____________________________________________________

      Факсы__________________________________________________________

      Банктік шоты ____________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын

      объектінің мекенжайы

      _______________________________________________________________

      (почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/

      ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      ______ парақ қоса беріледі.

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;

      барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.

      Басшы _____________ ___________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" __________

  2-нысан

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдеуге арналған өтініші

      (кімге) _________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      (кімнен)________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      _______________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауы)

      жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны

      ресімдеп беруіңізді сұраймын (керегінің астын сызу)

      20___ жылғы "___" _________ берілген №__________

      _______________________________________________________________

      (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген лицензиярдың атауы жүзеге асыруға төмендегі негіздер бойынша (тиісті Х ұяшықта көрсетіңіз):

      1) жеке тұлға-лицензиат атының, әкесінің атының (бар болса), тегінің өзгеруі _______

      2) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, атауының өзгеруі_________________

      3) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, заңды мекенжайының өзгеруі

      ____________

      4) егер, лицензияның иеліктен шығарылуы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202 Қазақстан Республикасы Заңына 1-қосымшада көзделсе, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияның иеліктен шығарылуы ________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей, оның орналасқан жері мекенжайының өзгеруі ________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың

      болуы ________

      7) қызмет түрі атауының өзгеруі ____________________

      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _______________

      Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы_____________________________

      (почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/

      ғимараттың нөмірі)

      Электрондық почтасы____________________________________________

      Телефондары____________________________________________________

      Факсы__________________________________________________________

      Банктік шоты ____________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің

      мекенжайы ________________________________________________________________

      (почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/

      ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      ______ парақ қоса беріледі.

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;

      барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.

      Жеке тұлға _________ ___________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__"______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады